Жаңалықтар

Таңбалы

«Таңбалы» тарихи-мәдени және табиғи мемлекеттік қорық-мұражайы — Алматы облысы Жамбыл ауданында орналасқан. Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1052 Қаулысымен 2003 жылдың қазан айының 14 жұлдызыңда Мемлекеттік мекеме Алматы облысында «Таңбалы» Мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы ұйымдастырылды. Таңбалы қорық-мұражайы Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Алматы қаласынан 170 км солтүстік-батыста, Қарабастау кентінен солтүстік-батысқа қарай 4 км жерде орналасқан. Таңбалы қорық-мұражайының жалпы ауданы 3800 га құрайды, ал Визит-орталығы үшін 24 га жер берілген. Таңбалы шатқалының аумағында жүзден астам әр түрлі уақыттағы ескерткіштер — қола дәуірінен біздің заманымызға дейінгі 14—13 ғасырдың ортасынан 19—20 ғасырлардың дейінгі аралықты қамтыған қоныстар, молалар, ертедегі тас қашалған орындар, петроглифтер және табыну ғимараттары (құрбан шалынатын жерлер) орналасқан. Олардың бәрі бірігіп үш мың жыл бойы біздің еліміздің көптеген ертедегі және қазіргі кездегі халықтарының тарихын нақтылы көрсететін археологиялық кешен құрайды. Кешеннің барлық кезеңдердегі негізі жартастарында 3000 жуық петроглифтер (1—5 топ) сақталған каньон болып табылады. Ертедегі петроглифтер белгілі бір бағытқа ғана бағдарланған жазықтықтарға ойып жасалған. Аңғарда каньоннның әрбір жартасының алдында қола дәуірінің барлық суреттері күрделі композицияларға дәйектілікпен біріге отырып, бір мезілде көрінетін жер бар. Таңбалы петроглифтер галереясы өзіндегі қола дәуірінің тайпаларының ертедегі мифологиясы негізіндегі көркем хикаяны нақтылы түрде көрсетеді. Қола дәуіріндегі Таңбалының көптеген петроглифтері Орталық Азияның жартастағы өнеріндегі бірегейі. Физикалық-географиялық жағдайы: Таңбалы шатқалы Балхаш көлі және Шу өзенінің су сағасы бассейінін бөлетін, Шу-Іле тауларының оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан және Солтүстік Тянь-Шань провинциясының жазықтық-тау бөктері, шөлді-далалы аймағының құрамына кіреді. Таңбалы қорық — мұражайының ең көрікті жері шатқалдың сағасында түзілген шағын каньон болып табылады. Мұнда аңғардың таң қаларлық иілімінде жартас беткейлері жабық кеңістіктің елесін жасай отырып, көрерменді тығыз қоршап алады. Таңбалы қорық — мұражайының аумағында өзінің алғашқы қалпын сақтаған жабайы жануарлар — қасқырлар, түлкілер, қояндар, тасбақалар, жыландар, сондай-ақ көптеген құстар, соның ішінде жыртқыш- дала қыраны, бөктергі, сұңқар-ителгі мекендейді. Таңбалы археологиялық кешенінің аумағында Шу-Іле тауларында ғана кездесетін, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген — Регель қызғалдағы, Кушакевич юнонасы және арнайы қорғауға мұқтаж басқа сирек кездесетін және реликті эндемикалық өсімдіктері бар ботаникалық бірлестіктер сақталған аймақтар бар. Одан басқа, жерді жырту және мал бағу нәтижесінде аймақтағы осындай ландшафтың көптеген басқа телімдері бүлінсе де, ескерткіш аумағында өзіне тән өсімдігімен бірге Тянь-Шаньның тау бөктеріндегі шөлге тән ландшафтының бүлінбеген телімдері сақталған. Таңбалы Орта Азиядағы жартастағы өнердің ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік Мұралар Тізіміне енгізілген бірінші ескерткіш. Қазақстанның көп ғасырлық тарихындағы Таңбалының мәнділігі, мұнда қола дәуірінің суретшілері алғаш рет құдайға антропоморфтық кескін бере отырып, оның көріп білуге болатын бейнесін жасауында. Таңбалының әлемдік мәні сондай, мұнда адам ашық аспан астында Күн Ордасын жасай отырып, ландшафтың табиғи өзгешелігімен өзінің шығармашылық даналығын біріктіре білген. Петроглифтердің орналасқан жері Таңбалы шатқалы тек Орта Азия шеңберінде ғана емес, ғаламдық көлемдегі ең маңыздылардың бірі болып табылады. Бұл зерттеліп жатқан және қорғалатын адамзаттың тарихи-мәдени мұрасы болып табылатын осы кешенге аялы қатынасқа себепші болады. Таңбалы шатқалының петроглифтерін зерттеу петроглифтердің тарихи-мәдени және палеоэкологиялық мағыналы мәтінін қайта құру үшін негізгі базаны қамтамасыз етеді. Таңбалының ертедегі петроглифтері ертедегі адамның қоршаған әлемді кеңістіктік көру және қабылдауын көрсете отырып, ап-анық сұлулыққа ие. Осы жартастағы суреттер біздің санамызға әсер ете отырып, ғасырлар арқылы сәлемдеме түрінде бізге жеткендей. Таңбалы ордасының феномені петроглифтердің бейнелеу қатарларының белгілі құрылымдарының болуында, мұнда қола дәуіріндегі петроглифтердің жүйесіз емес, белгілі дәйектілікпен орналасатындығын және белгілі экспозициядағы ғана жазықтықты алып жатқандығын бақылаймыз. 2003 ж. 19 желтоқсанда ЮНЕСКО-Норвегия-Қазақстанның «Менеджмент, консервация және Таңбалының жартастағы өнер ескерткіштерін таныстыру» жобасын іске асыру туралы Қазақстан Үкіметі және ЮНЕСКО арасында Келісімге қол қойды. 2004 жылдың басында Таңбалыны ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік Мұралар Тізіміне енгізу үшін қажетті құжаттамаларды дайындау үдерісі аяқталу кезеңіне кірді. 2004 ж. 30 маусымда Таңбалы археологиялық Ландшафтының Петроглифтері ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік Мұралар Тізіміне енгізілді. 2005 ж. 19 қыркүйекте ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік Мұралар Тізіміне «Таңбалы археологиялық ландшафтының петроглифтерін» Қазақстандық номинациясын енгізу туралы СЕРТИФИКАТТЫ ЮНЕСКО-ның Бас директоры Койчиро МАЦУУРАның қазақстандық делегацияға тапсыруының салтанатты рәсімі өтті.  
04.12.2012 09:42 3452

«Таңбалы» тарихи-мәдени және табиғи мемлекеттік қорық-мұражайы — Алматы облысы Жамбыл ауданында орналасқан.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1052 Қаулысымен 2003 жылдың қазан айының 14 жұлдызыңда Мемлекеттік мекеме Алматы облысында «Таңбалы» Мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы ұйымдастырылды.

Таңбалы қорық-мұражайы Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Алматы қаласынан 170 км солтүстік-батыста, Қарабастау кентінен солтүстік-батысқа қарай 4 км жерде орналасқан.

Таңбалы қорық-мұражайының жалпы ауданы 3800 га құрайды, ал Визит-орталығы үшін 24 га жер берілген.

Таңбалы шатқалының аумағында жүзден астам әр түрлі уақыттағы ескерткіштер — қола дәуірінен біздің заманымызға дейінгі 14—13 ғасырдың ортасынан 19—20 ғасырлардың дейінгі аралықты қамтыған қоныстар, молалар, ертедегі тас қашалған орындар, петроглифтер және табыну ғимараттары (құрбан шалынатын жерлер) орналасқан. Олардың бәрі бірігіп үш мың жыл бойы біздің еліміздің көптеген ертедегі және қазіргі кездегі халықтарының тарихын нақтылы көрсететін археологиялық кешен құрайды. Кешеннің барлық кезеңдердегі негізі жартастарында 3000 жуық петроглифтер (1—5 топ) сақталған каньон болып табылады. Ертедегі петроглифтер белгілі бір бағытқа ғана бағдарланған жазықтықтарға ойып жасалған. Аңғарда каньоннның әрбір жартасының алдында қола дәуірінің барлық суреттері күрделі композицияларға дәйектілікпен біріге отырып, бір мезілде көрінетін жер бар. Таңбалы петроглифтер галереясы өзіндегі қола дәуірінің тайпаларының ертедегі мифологиясы негізіндегі көркем хикаяны нақтылы түрде көрсетеді. Қола дәуіріндегі Таңбалының көптеген петроглифтері Орталық Азияның жартастағы өнеріндегі бірегейі.

Физикалық-географиялық жағдайы:

Таңбалы шатқалы Балхаш көлі және Шу өзенінің су сағасы бассейінін бөлетін, Шу-Іле тауларының оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан және Солтүстік Тянь-Шань провинциясының жазықтық-тау бөктері, шөлді-далалы аймағының құрамына кіреді.

Таңбалы қорық — мұражайының ең көрікті жері шатқалдың сағасында түзілген шағын каньон болып табылады. Мұнда аңғардың таң қаларлық иілімінде жартас беткейлері жабық кеңістіктің елесін жасай отырып, көрерменді тығыз қоршап алады.

Таңбалы қорық — мұражайының аумағында өзінің алғашқы қалпын сақтаған жабайы жануарлар — қасқырлар, түлкілер, қояндар, тасбақалар, жыландар, сондай-ақ көптеген құстар, соның ішінде жыртқыш- дала қыраны, бөктергі, сұңқар-ителгі мекендейді.

Таңбалы археологиялық кешенінің аумағында Шу-Іле тауларында ғана кездесетін, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген — Регель қызғалдағы, Кушакевич юнонасы және арнайы қорғауға мұқтаж басқа сирек кездесетін және реликті эндемикалық өсімдіктері бар ботаникалық бірлестіктер сақталған аймақтар бар. Одан басқа, жерді жырту және мал бағу нәтижесінде аймақтағы осындай ландшафтың көптеген басқа телімдері бүлінсе де, ескерткіш аумағында өзіне тән өсімдігімен бірге Тянь-Шаньның тау бөктеріндегі шөлге тән ландшафтының бүлінбеген телімдері сақталған.

Таңбалы Орта Азиядағы жартастағы өнердің ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік Мұралар Тізіміне енгізілген бірінші ескерткіш.

Қазақстанның көп ғасырлық тарихындағы Таңбалының мәнділігі, мұнда қола дәуірінің суретшілері алғаш рет құдайға антропоморфтық кескін бере отырып, оның көріп білуге болатын бейнесін жасауында. Таңбалының әлемдік мәні сондай, мұнда адам ашық аспан астында Күн Ордасын жасай отырып, ландшафтың табиғи өзгешелігімен өзінің шығармашылық даналығын біріктіре білген.

Петроглифтердің орналасқан жері Таңбалы шатқалы тек Орта Азия шеңберінде ғана емес, ғаламдық көлемдегі ең маңыздылардың бірі болып табылады. Бұл зерттеліп жатқан және қорғалатын адамзаттың тарихи-мәдени мұрасы болып табылатын осы кешенге аялы қатынасқа себепші болады. Таңбалы шатқалының петроглифтерін зерттеу петроглифтердің тарихи-мәдени және палеоэкологиялық мағыналы мәтінін қайта құру үшін негізгі базаны қамтамасыз етеді. Таңбалының ертедегі петроглифтері ертедегі адамның қоршаған әлемді кеңістіктік көру және қабылдауын көрсете отырып, ап-анық сұлулыққа ие. Осы жартастағы суреттер біздің санамызға әсер ете отырып, ғасырлар арқылы сәлемдеме түрінде бізге жеткендей. Таңбалы ордасының феномені петроглифтердің бейнелеу қатарларының белгілі құрылымдарының болуында, мұнда қола дәуіріндегі петроглифтердің жүйесіз емес, белгілі дәйектілікпен орналасатындығын және белгілі экспозициядағы ғана жазықтықты алып жатқандығын бақылаймыз.

2003 ж. 19 желтоқсанда ЮНЕСКО-Норвегия-Қазақстанның «Менеджмент, консервация және Таңбалының жартастағы өнер ескерткіштерін таныстыру» жобасын іске асыру туралы Қазақстан Үкіметі және ЮНЕСКО арасында Келісімге қол қойды.

2004 жылдың басында Таңбалыны ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік Мұралар Тізіміне енгізу үшін қажетті құжаттамаларды дайындау үдерісі аяқталу кезеңіне кірді.

2004 ж. 30 маусымда Таңбалы археологиялық Ландшафтының Петроглифтері ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік Мұралар Тізіміне енгізілді.

2005 ж. 19 қыркүйекте ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік Мұралар Тізіміне «Таңбалы археологиялық ландшафтының петроглифтерін» Қазақстандық номинациясын енгізу туралы СЕРТИФИКАТТЫ ЮНЕСКО-ның Бас директоры Койчиро МАЦУУРАның қазақстандық делегацияға тапсыруының салтанатты рәсімі өтті.
 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға