Жаңалықтар

Анкеталық әдіс

Анкеталық әдіс - қоғамдық тұрмыс пен әлеуметтік жағдайды зерттеудің нақтылы социологиялык эдісінін бірі. Анкеталық әдіс көпшіліктің белгілі бір мәселеге қатысын немесе пікірін анықтау үшін қолданылады. Анкеталық әдістің екі түрі бар: 1) интервью-анкета (анкеталарды белгілі бір адам арқылы таратып, ондағы сұрақтарға жауап алу); 2) сырттай сұрастыру (сұраққа жауап берушілер анкеталарды интервью алушылардың қатысуынсыз толтырады). Анкеталық қолдануда сұрақ қоюдың бірнеше түрі болады. 1) Дихотомиялық сұрақ (жауап берушілерден "ия", "солай", "жоқ", "олай емес" т.б. сөздердің астын сызу немесе тұсына белгі қою арқылы өзінің пікірін білдіру талап етіледі). 2) Жабық анкета (сұраққа беретін жауаптардың бірнеше нұсқалары тізіледі де, жауап беруші солардың бірін белгілеу арқылы өз пікірін білдіреді). 3) Ашық анкета (жауаптын мазмұнына ешбір шек қойылмайды) - неғұрлым мазмұнды, толық мәлімет алудын тиімді жолы. Анкеталық әдіс қолданылғанда жауап берушілердің аты-жөніне ерекше мән беріледі. Егер бұл шарт дұрыс орындалса, зерттеуде қажетті мәліметтің алынуы қамтамасыз етіледі. Анкеталық әдіс арқылы жиналған мағлұматтарды талдау кезінде алынған мәліметтердің объективтік шындыққа сәйкестігіне көп мән беріледі. Сондықтан зерттеуге тиісті әлеуметтік топтардың бір типті болуын мұқият қадағалаған жөн. Ол үшін анкеталарды таратпастан бүрын зерттелетін объектінің (әлеуметтік топ, ұжым т.б.) белгілі бір қоғам құрамындағы алатын орнын анықтау қажет және сұрақтардың қисынды болуы, соңғы сұрақтар алдыңғы сұрақтармен ұштасып, объектінің мәнін тереңірек қамтуы тиіс. Нақтылы социологиялық зерттеулерді жүргізгенде, анкеталарды қанша адамға тарату керек екендігі, зерттеудің мақсаты мен міндетіне қарай адамдарды сұрыптау, олардың білім дәрежесін, әлеуметтік күйін т.б. жағдайларын алдын ала анықтау, осыған байланысты анкеталар таратылатын адамдарды топтарға бөлу мәселелерін ғылыми тұрғыдан шешу қажет. Анкеталық әдіс қолданылғанда, синтетик, (жинақтау), демограф, (халық құрамын зерттеу) әдістер қажетіне қарай пайдаланылады. Ғылыми зерттеу практикасында анкеталық әдіс дербес қолданылмайды. Бүл әдіс нақтылы социолог, зерттеулердің басқа әдістерімен тығыз байланысты болғандықтан, соларды бірге пайдаланудың нәтижесінде ғана объектінің жан-жақты зерттелуі қамтамасыз етіледі. Анкеталық әдіс -психологияда адамның психикалык ерекшеліктерін зерттеуде пайдаланылатын әдістердің бірі. Мұнда кісі бұрын жазылып қойылған сұрақтарға жазбаша, кейде ауызекі жауап қайырады. Осы әдіспен әртүрлі таптың, ұжымның психикалық өзгешеліктері (талап, тілегі, қызығуы, талғамы т.б.) зерттеледі. Мысалы студенттердің қандай кітаптарды құмартып оқитындығын, олардың сүйікті жазушылары мен артистері кім екендігін т.б. осы тәріздес мәселелерді Анкеталық әдіспен анықтауға болады. Ондағы сұрақтар шұбалаңқы келмей, қысқа, түсінікті тұжырымдалып жалпы саны 5-8-ден аспауы тиіс. Алынған материалдың нәтижесі статистикалық талдаудан өткізіледі де, ондағы үлкен цифрларға қарай қорытынды жасалады. Мәселен, бес жүз адамнын төрт жүзі "Абай" романын оқыдық деп жазса, бұдан оқырмандардың 80%-нын осы кітаппен таныс екендігін, бұл шығарманың көпшілік сүйіп оқитын кітапға айналғанын аңғаруға болады. Анкеталық әдіс 19 ғ- дың 80-ші жылдарынан бастап педагокикалық және әлеуметтік психологиялық зерттеулерінде қолданылып келеді. Негізгі кемшілігі - адам кейде шын көңілдегісін жазып бере бермейді, не оны қағаз жүзінде дұрыс көрсете алмайды. Адамның жан дүниесінің сырын жете білу үшін байқау, әңгімелесу, эксперимент әдістерін қосарластыра пайдаланған жөн.  
04.12.2012 09:42 19219

Анкеталық әдіс - қоғамдық тұрмыс пен әлеуметтік жағдайды зерттеудің нақтылы социологиялык эдісінін бірі. Анкеталық әдіс көпшіліктің белгілі бір мәселеге қатысын немесе пікірін анықтау үшін қолданылады.
Анкеталық әдістің екі түрі бар: 1) интервью-анкета (анкеталарды белгілі бір адам арқылы таратып, ондағы сұрақтарға жауап алу); 2) сырттай сұрастыру (сұраққа жауап берушілер анкеталарды интервью алушылардың қатысуынсыз толтырады).

Анкеталық қолдануда сұрақ қоюдың бірнеше түрі болады. 1) Дихотомиялық сұрақ (жауап берушілерден "ия", "солай", "жоқ", "олай емес" т.б. сөздердің астын сызу немесе тұсына белгі қою арқылы өзінің пікірін білдіру талап етіледі). 2) Жабық анкета (сұраққа беретін жауаптардың бірнеше нұсқалары тізіледі де, жауап беруші солардың бірін белгілеу арқылы өз пікірін білдіреді). 3) Ашық анкета (жауаптын мазмұнына ешбір шек қойылмайды) - неғұрлым мазмұнды, толық мәлімет алудын тиімді жолы.

Анкеталық әдіс қолданылғанда жауап берушілердің аты-жөніне ерекше мән беріледі. Егер бұл шарт дұрыс орындалса, зерттеуде қажетті мәліметтің алынуы қамтамасыз етіледі. Анкеталық әдіс арқылы жиналған мағлұматтарды талдау кезінде алынған мәліметтердің объективтік шындыққа сәйкестігіне көп мән беріледі. Сондықтан зерттеуге тиісті әлеуметтік топтардың бір типті болуын мұқият қадағалаған жөн. Ол үшін анкеталарды таратпастан бүрын зерттелетін объектінің (әлеуметтік топ, ұжым т.б.) белгілі бір қоғам құрамындағы алатын орнын анықтау қажет және сұрақтардың қисынды болуы, соңғы сұрақтар алдыңғы сұрақтармен ұштасып, объектінің мәнін тереңірек қамтуы тиіс.

Нақтылы социологиялық зерттеулерді жүргізгенде, анкеталарды қанша адамға тарату керек екендігі, зерттеудің мақсаты мен міндетіне қарай адамдарды сұрыптау, олардың білім дәрежесін, әлеуметтік күйін т.б. жағдайларын алдын ала анықтау, осыған байланысты анкеталар таратылатын адамдарды топтарға бөлу мәселелерін ғылыми тұрғыдан шешу қажет.

Анкеталық әдіс қолданылғанда, синтетик, (жинақтау), демограф, (халық құрамын зерттеу) әдістер қажетіне қарай пайдаланылады. Ғылыми зерттеу практикасында анкеталық әдіс дербес қолданылмайды. Бүл әдіс нақтылы социолог, зерттеулердің басқа әдістерімен тығыз байланысты болғандықтан, соларды бірге пайдаланудың нәтижесінде ғана объектінің жан-жақты зерттелуі қамтамасыз етіледі.

Анкеталық әдіс -психологияда адамның психикалык ерекшеліктерін зерттеуде пайдаланылатын әдістердің бірі. Мұнда кісі бұрын жазылып қойылған сұрақтарға жазбаша, кейде ауызекі жауап қайырады. Осы әдіспен әртүрлі таптың, ұжымның психикалық өзгешеліктері (талап, тілегі, қызығуы, талғамы т.б.) зерттеледі. Мысалы студенттердің қандай кітаптарды құмартып оқитындығын, олардың сүйікті жазушылары мен артистері кім екендігін т.б. осы тәріздес мәселелерді Анкеталық әдіспен анықтауға болады. Ондағы сұрақтар шұбалаңқы келмей, қысқа, түсінікті тұжырымдалып жалпы саны 5-8-ден аспауы тиіс.

Алынған материалдың нәтижесі статистикалық талдаудан өткізіледі де, ондағы үлкен цифрларға қарай қорытынды жасалады. Мәселен, бес жүз адамнын төрт жүзі "Абай" романын оқыдық деп жазса, бұдан оқырмандардың 80%-нын осы кітаппен таныс екендігін, бұл шығарманың көпшілік сүйіп оқитын кітапға айналғанын аңғаруға болады.

Анкеталық әдіс 19 ғ- дың 80-ші жылдарынан бастап педагокикалық және әлеуметтік психологиялық зерттеулерінде қолданылып келеді. Негізгі кемшілігі - адам кейде шын көңілдегісін жазып бере бермейді, не оны қағаз жүзінде дұрыс көрсете алмайды. Адамның жан дүниесінің сырын жете білу үшін байқау, әңгімелесу, эксперимент әдістерін қосарластыра пайдаланған жөн.
 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға