Болымсыз сөйлемдер
04.12.2012 09:40
27246
Сөйлемдердің грамматикалық сипаты жағынан болымды, болымсыз болып бөлінетіні қазақ тіл білімінде ертеден аталып келеді. Бірақ сөйлемдердің тілдің түрлі стильдік тарамдарындағы құрылу ерекшелігі арнайы сараланып айтылмайды. Осылай болғандықтан болымсыз сөйлемдердің грамматикалық көріністері, оның грамма-тикалық типтерінің жұмсалу ерекшеліктері тасада қалып жүр.
Бұл тарау болымсыз сөйлемдердің құрылу ерекшелігін ашуға арналады.
Сөйлемдер мағынасына, формасына қарап өзара болымды, болымсыз болып сараланьш бөлінеді. Сөйлемдердің бұл түрлері болымды, болымсыз пікірді білдірудің формасы ретінде қалыптасқан. Сондықтан да аталған сөйлемдердің мазмұны болымды, болымсыз пікірлер болып саналады.
Болымды пікір затқа белгілі бір сапа тән, қатысты екені жөнінде қалыптасады.
— Шойын — металл.
Болымсыз пікір затқа белгілі бір сапа тән емес, қатысты емес екені жөнінде қалыптасады: Ағаш металл емес.
Логика ғылымы пікірді түрлі жақтан топтап бөледі. Пікірдің болымды, болымсыз болуы оның сапалық көрінісі деп есептеледі.
Логикадағы пікірді топтау принципінің тіл ғылымына да қатысы бар.
Тіл ғылымында сөйлемдердің болымды, болымсыз түрлерін көп ғалымдар модальдықтың көрінісі деп түсіндіріп келді. Қазақ тіл білімінде, сол сияқты түркология да, басқа индоеуропа тілдерін зерттеушілердің еңбектерінде де сөйлемдердің болымды, болымсыз болып бөлінуін дербес грамматикалық-семантикалық дәрежедегі бөлініс деп түсіндіреді. Болымды, болымсыз сөйлемдер өзара грамматикалық ерекшеліктері арқылы ажырайды. Болымсыз сөйлем болымды сөйлемнің формаларының негізінде жасалады. Болымдылық, болымсыздық форма баяндауыштардың тұлғасы арқылы көрінеді. Өйткені болымды және болымсыз пікір субъект пен предикаттық сапаның қатынасына байланысты: Көше кең, көше кең емес. Сөйлемнің құрамында болымсыздық мағыналы сөз бастауыш, толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш қызметінде жұмсала береді. Бірақ бұндай сөйлемдер болымсыз қатарына жатпайды. Өйткені олар ілгергі талапқа сай емес, яғни субъект зат пен предикат сапаның қатынасың білдірмейді.
Жиылған жұрт егістікті бойлай жүгіріп ұзақ уақыт балғын жылтанқа тоймай қарасады (С. Ж.) • Үйқы емес, ояу емес бір сәттер болады (А. Нүрманов). Азат емес қоғамнан азат азамат шықпайды (Ә. Қекілбаев).
Болымсыз сөйлемнің грамматикалық белгісі негізінен баяндауыш мүше тұлғасынан көрінеді.- А. Н. Кононовтың «болымсыздық мағына баяндауыштың бойынан табылады деуі» ' сондықтан болуға тиіс. Сөйлемге болымсыз мағына беретін баяндауыш мүше ерекше амалдармен жасалады. Бұл баяндауышты құрауға морфологиялық амалдармен қатар тек синтаксис аясында жұмсалатын амалдар қатысады. Морфологиялық амал деп отырғанымыз етістіктің -ма, -ме тұлғалы болымсыз түрі, синтаксистік амалдар деп атайтынымыз емес, жоқ сияқты көмекші сөздердің қатысуы. Баяндауыш қызметіне түскен сөз тек өзінің морфологиялық сипатының шегінде қалып қоймайды, синтаксиске тән амалдарды қабылдап өрісін кеңейтеді. Мысалы, есімше сөз баяндауыш ретінде тек келмеген, алмаған тәрізді морфологиялық тұлғада ғана жұмсалып қоймайды, алған жоқ, алған емес тәрізді болып синтаксистік форма алады. Осының өзі сездің морфологиялық формасы мен оның баяндауыштық қызметінің ылғи тепе-тең түсе бермейтінін байқатады.
Болымсыздық мағына беретін амалдар өзара сараланып жұмсалады. Олардың жұмсалуы баяндауыш қызметіндегі сөздің лексикалық-грамматикалық сипатына, баяндауыштық мағынаға тәуелді. Бұл жайлар болымсыз мағыналы баяндауыштардың жасалуын даралап атағанда байқатылады.
Болымсыз сөйлем — болымсыз пікірді білдіретін форма. Бірақ бұл екеуі ылғи тепе-тең келе бермейді. Осыған бір дәлел ретінде келмейді емес, алған жоқ емес сияқты баяндауыштық формаларды атауға болады. Болымсыз мағынадағы сөзді тағы болымсыз ету — тілде белгілі коммуникативтік талап бойынша ғана пайда болатын формалар.
Болымсыз пікір тек болымсыз формалы сөйлемге баламаланып қоймайды. Болымсыз пікір формасы жағынан болымды болып келген сөйлемдер арқылы да көріне береді. Осындай болымсыз мағынаны білді.ретін форманың бірі — риторикалық сұрақ ретіндегі сөйлемдер. Мысалы, Тоқтарбай айтқанға көне ме, жүріп кетті. Бұл мысалда Тоқтарбай көне ме деген болымды сөйлем, болымсыз мағынаны білдіріп тұр. Осы сияқты болым-сыз сөйлемнің де болымды пікірді білдіретін форма ретінде жұмсалатыны болады. Мысалы, Сонда көрген жоқ па сені. Бұл сөйлем риторикалық түрде айтылған болымды пікірді білдіріп тұр. Болымсыз пікір мен тілдік амалдардың арақатынасының осылай күрделенуі әсіресе ауызекі сөйлеу тіліне тән. Оған себеп сөйлеу тілініқ коммуникативтік ерекшелігі. Сөйлеу тілі сөзді экспрессивті етіп түрлендіріп құрауға талпынады. Осы талаптар болымсыз сөйлемнің грамматикалық құрылысынан да көрінеді. Сөйлеу тілі барлық стильдерге ортақ грамматикалық формаларды, конструкциялық схемаларды пайдаланумен қатар, тек өзіне тән синтаксистік формалар, конструкциялар құрайды.
Баяндауыштың болымсыз формасы болымсыз етістіктен (келмеді, келмеген) немесе есім, есімше сөздер мен жоқ, емес сөздерін тіркестіру арқылы жасалады: үлкен емес, көрген жоқ, көрген емес, алатын емес т. б. Баяндауыштың болымсыз түрін жасауда жоқ, емес белгілі талғаммен жұмсалады. Оны болымсыз баяндауыштардың жасалуын, қызметін атағанда байқауға болады.
Болымсыз баяндауыштардың жасалуы.
1. Етістіктердің болымсыз формасы арқылы жасалады. Сен ақталма, бүлдіріп жүрген сен (Б. М.).
Есімшенің болымсыз түрі баяндауыш ретінде сирек жұмсалады. Оның тарихи себебі бар.
Су бұл кемерден аспаған. Үй алқа-салқа: терезесі салынбаған, есігі қапталмаған
2. Болымсыз баяндауыш -ған, -ген тұлғалы есімше—
жоқ құрамында жасалады: келген жоқ, көрген жоқ.
Бұл баяндауыштың жақтық мағынасы екі түрде көрінеді. Бір амалы — тәуелдік жалғауы. Тәуелдік жалғауы негізгі компонент — есімшеге жалғанады: көргенім жоқ, келгенім жоқ. Бірақ тәуелдік жалғау бұл типті баяндауыштың жақтық мағынасын білдіру үшін тек I жақ көлемінде жұмсалады. Жақтык. мағынаны білдіру үшін жұмсалатын негізгі форма — жіктік жалғаулар: көрген жопын, көрген жоқсың, көрген жоқ.
Есімше сөздің болымсыз тұлғасын тудыратыы морфологиялық амалы бар: көрмеген.
Бұдан бөлек арнаулы баяндауыштық форманың (көрген жоқ) жасалуы о баста сөйлеу тәсілдерін түрлендіру талабынан туған: көргенім жоқ — көргенім бар.
Есімше жоқ, бар сөздерімен предикативтік катынасқа түсіп пердикативтік іс-әрекетті білдірудің бір амалын құрап жұмсалған. Кейін көргенім жоқ типті тіркестер түгелдей баяндауыштық формаға ауысып кетті. Соның нәтижесінде олар жіктік жалғауларды қабылдай алатын болды. Көргенім бар типті тіркестер сөз тіркесі ретіндегі сапасын әлі де жоғалтқан жоқ.
3. Өткен шақ есімше мен емес сөзінін бірігуі арқылы
жасалған баяндауыштық форманы даралап атау қа-
жет: естіген емес, айтқан емеспін т. т. Болымсыз баян-
дауыштын бұл түрі -ған -жоқ типті баяндауыштан ерек-
ше жұмсалады. Ол іс-әрекеттің болмағанын ерекше жі-
гермен нандырып айту үшін жұмсалады.
Емхананы осы жасқа келгелі көрген емеспін, естіген де емеспін (Қ. Н.)-
4. -тын, -тін тұлғалы есімшеден жасалып, іс-әрекетті
заттың тұрақты, қалыпты сапасы, қасиеті ретінде атай-
тын баяндауыштан болымсыз форма -ма, -ме жұрнағы
арқылы жасалады: сөйлемейтін, іздемейтін.
Ол өтірікке жүрмейтін.
5. -тын, -тін тұлғалы есімшеден жасалып іс-әрекет-
тін потенциялық қалпын білдіретін баяндауыштардың болымсыз формасы емес сөзінің қатысуымен жасалады: келетін-келетін емес, ашатын-ашатын емес.
Біздің үйдегі қайның безеріп жолайтын емес (Б. М.). Біз бұл жерде -тын, -тін тұлғалы есімшенің екі түрлі мағынада жұмсалғанын көріп отырмыз. Осыдан байқай-тынымыз — бір морфологиялық тұлға синтаксистік форма ретінде келгенде әр тұста ерекше, өз алдына дербес ережеге бағынады.
6. Есім сөздерден болған баяндауыштардың болым-
сыз түрі емес көмекші етістігінің қатысуымен жұмса-
лады: үлкен емес, тыс емес т. б.
...Жар тік емес, жатаған (X. Ес.).
7. Болымсыз баяндауыш ретінде жоқ сөзі дара жұм-
салады. Ілгеріде аталған болымсыз баяндауыш форма-
лары субъект пен предикативтік сапаның арасында бай-
ланыстың, қатыстың жоғын білдірсе, жоқ субъекттің
болмысқа қатысын (бар-жоктығын) білдіреді.
Омбылайтын қалың қар жоқ.
8. Тілімізде тек жоқ сөзінен болымсыз сөйлем кұра-
лып жұмсалатыны бар. Бұл толық кұрамдағы сөйлемнің
орнына жүретін эллипсис сөйлем және ол көбіне диа-
логта екінші, жауап реплика ретінде жұмсалады.
— Бәйгеге қосып көрдің бе?
— Жоқ (Ә. Н.).
Бұл мысалдағы жоқ Бәйгеге қосып көргенім жоқ деген толық құрамдағы жауаптың орнын басып тұр.
Эллипсис сөйлемнің тек екінші репликада жұмсалуының жөні бар. Өйткені ол ілгергі сөйлемнің мағынасы арқылы өз мағынасын конкреттеп көрсете алады. Көп жағдайда жауап алғаш эллипсис сөйлем арқылы қайтарылады да, соңынан ол толық құрамда конкреттеледі.
— Саған да көңілсіз болмайтын шығар.
— Жоқ, маған көңілді емес, мен қызық көре алмай-
мын (Б. М.).
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Кристаллография
Келесі жаңалық
Ақтөбе облысында оқушылар төрт жыл күткен мектеп ашылды