Жаңалықтар

Болашақ

  Болашақ — Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Болашақ» халықаралық стипендиясы. 1993 жылғы 5 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қаулысымен «Болашақ» халықаралық стипендиясы тағайындалды. Бұл бастама дарынды жастарға келешекте өздерінің жинақтаған тәжірибелерін мемлекет игілігіне пайдалану үшін шетелде сапалы білім алуға көмектесу идеясына негізделген. 1994 жылы бір топ қазақстандық студенттер тұңғыш рет шетелдік жоғары оқу орындарына жіберілді. 1994 жылдан бастап 2004 жыл ішінде «Болашақ» бағдарламасы аясында барлығы 785 студент әлемнің 13 елінде білім алды. Стипендия қызметте табысты өсудің, түлектердің кәсіби мамандануының кепілі іспеттес. Бұның дәлелі ретінде бағдарламаның көптеген түлектері мемлекеттік қызметте, мемлекеттік және халықаралық ұйымдарда, акционерлік құрылымдарда жауапты қызметтерді атқарып, мемлекеттік және халықаралық жобаларға қатысып, еліміздің дамуына өз үлестерін қосуда. Мемлекет басшысының 2005 жылғы халыққа Жолдауында айтылған «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлерінің санын арттыру жөніндегі бастамасын іске асыру мақсатында ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясына конкурс өткізуді ұйымдастыру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 сәуірдегі № 301 қаулысымен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы құрылды. Сонымен қатар 2005 жылдан бастап «Болашақ» бағдарламасы бойынша мамандарды даярлау жыл сайын Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін Басым мамандықтар тізбесіне қатаң сәйкестікте жүргізіледі. 2005, 2006 және 2007 жылдардағы «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін басым мамандықтар тізбесін әзірлеуде мемлекетті дамыту басымдықтары мен төмендегі стратегиялық құжаттарда көрсетілген экономиканың белгілі бір салаларында білікті мамандарға қажеттілігі ескерілді: Қазақстан Республикасын индустриалдық-инновациялық дамытудың 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы; Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы; Қазақстан Республикасында денсаулық сақтауды реформалау және дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы; Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы; Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы; Мәдениет саласын дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы; Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы; Қазақстан Республикасында «электронды үкіметті» қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы; Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі көлік стратегиясы. Сондай-ақ 2005 жылы шетелде оқуға арналған елдер тізімі өсіп, үміткерлер АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Ресей, Австралия, Австрия, Венгрия, Дания, Жаңа Зеландия, Жапония, Израиль, Испания, Италия, Канада, Қытай, Малайзия, Нидерланды, Норвегия, Оңтүстік Корея, Польша, Сингапур, Финляндия, Франция, Чехия, Швеция, Швейцарияға сияқты елдер арасынан өзіне ыңғайлысын таңдайтын болды. 2007 жылы елдер мен ЖОО-лар тізімі толықтырылды. Қазіргі кезде үміткерлер әлемдегі 32 елдің алдыңғы қатарлы 630 оқу орындарында оқи алады. Бүгінгі таңда стипендияны іске асыруда магистрлік және докторлық бағдарламаларға, сондай-ақ біздің ел үшін анағұрлым қажетті болып табылатын техникалық және медициналық бейіндегі мамандарды дайындауға ерекше көңіл бөлінеді. Үміткерлер санының өскеніне қарамастан, «Болашақ» бағдарламасының негізгі қағидаттары бастапқы қалпында қалып отыр. Олар: үміткерлерді дайындаудың жоғары деңгейі; елімізде және одан тыс жерлерде бағдарламаның оң бейнесін сақтап қалу; конкурстық іріктеуді ашықтық және әділдік қағидаттары бойынша өткізу; стипендия иегерлерін әлемнің үздік университеттеріне жіберу.  
04.12.2012 09:35 4859

 

Болашақ — Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Болашақ» халықаралық стипендиясы.
1993 жылғы 5 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қаулысымен «Болашақ» халықаралық стипендиясы тағайындалды. Бұл бастама дарынды жастарға келешекте өздерінің жинақтаған тәжірибелерін мемлекет игілігіне пайдалану үшін шетелде сапалы білім алуға көмектесу идеясына негізделген. 1994 жылы бір топ қазақстандық студенттер тұңғыш рет шетелдік жоғары оқу орындарына жіберілді.
1994 жылдан бастап 2004 жыл ішінде «Болашақ» бағдарламасы аясында барлығы 785 студент әлемнің 13 елінде білім алды. Стипендия қызметте табысты өсудің, түлектердің кәсіби мамандануының кепілі іспеттес. Бұның дәлелі ретінде бағдарламаның көптеген түлектері мемлекеттік қызметте, мемлекеттік және халықаралық ұйымдарда, акционерлік құрылымдарда жауапты қызметтерді атқарып, мемлекеттік және халықаралық жобаларға қатысып, еліміздің дамуына өз үлестерін қосуда.
Мемлекет басшысының 2005 жылғы халыққа Жолдауында айтылған «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлерінің санын арттыру жөніндегі бастамасын іске асыру мақсатында ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясына конкурс өткізуді ұйымдастыру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 сәуірдегі № 301 қаулысымен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы құрылды.
Сонымен қатар 2005 жылдан бастап «Болашақ» бағдарламасы бойынша мамандарды даярлау жыл сайын Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін Басым мамандықтар тізбесіне қатаң сәйкестікте жүргізіледі. 2005, 2006 және 2007 жылдардағы «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін басым мамандықтар тізбесін әзірлеуде мемлекетті дамыту басымдықтары мен төмендегі стратегиялық құжаттарда көрсетілген экономиканың белгілі бір салаларында білікті мамандарға қажеттілігі ескерілді:
Қазақстан Республикасын индустриалдық-инновациялық дамытудың 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы;
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;
Қазақстан Республикасында денсаулық сақтауды реформалау және дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;
Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;
Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;
Мәдениет саласын дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы;
Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;
Қазақстан Республикасында «электронды үкіметті» қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі көлік стратегиясы.
Сондай-ақ 2005 жылы шетелде оқуға арналған елдер тізімі өсіп, үміткерлер АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Ресей, Австралия, Австрия, Венгрия, Дания, Жаңа Зеландия, Жапония, Израиль, Испания, Италия, Канада, Қытай, Малайзия, Нидерланды, Норвегия, Оңтүстік Корея, Польша, Сингапур, Финляндия, Франция, Чехия, Швеция, Швейцарияға сияқты елдер арасынан өзіне ыңғайлысын таңдайтын болды.
2007 жылы елдер мен ЖОО-лар тізімі толықтырылды. Қазіргі кезде үміткерлер әлемдегі 32 елдің алдыңғы қатарлы 630 оқу орындарында оқи алады. Бүгінгі таңда стипендияны іске асыруда магистрлік және докторлық бағдарламаларға, сондай-ақ біздің ел үшін анағұрлым қажетті болып табылатын техникалық және медициналық бейіндегі мамандарды дайындауға ерекше көңіл бөлінеді.
Үміткерлер санының өскеніне қарамастан, «Болашақ» бағдарламасының негізгі қағидаттары бастапқы қалпында қалып отыр. Олар:
үміткерлерді дайындаудың жоғары деңгейі;
елімізде және одан тыс жерлерде бағдарламаның оң бейнесін сақтап қалу;
конкурстық іріктеуді ашықтық және әділдік қағидаттары бойынша өткізу;
стипендия иегерлерін әлемнің үздік университеттеріне жіберу.
 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға