Жаңалықтар

Инчхон

Инчхон Ел   Корея Республикасы Статусы    метрополиялық қала Координатасы    Координаттар: 37°27′50″ с. е. 126°38′55″ ш. б. (G) (O) (Я) 37°27′50″ с. е. 126°38′55″ ш. б. (G) (O) (Я) Құрылған уақыты    1883 Бұрынғы атауы    Чемульпо кор. Жер аумағы    1,029.43 км² Ресми тілі    корей тілі Тұрғыны    2 728 431 адам (2011) Тығыздығы    2689 адам/км² Ұлттық құрамы    корейлер Уақыт белдеуі    UTC+9 Ресми сайты    сілтеме   Ортаққордағы санаты: Инчхон Инчхон (кор., бұрыңғы атауы Чемульпо, кор., ағылш. Incheon) — Корея Республикасының Корей топаралындағы портты қала. Сеулдің Аванпортты Сары теңіздегі Канхваман шығанағында орналасқан. Инхчон халық саны бойынша Корей қалаларының ішінде Сеул мен Пусаннан кейінгі үшінші орындағы қала. Инчхон елдің транспорттық дәлізі, қалада үлкен порт топаралдың батыс жағалауында орналасқан, сонымен қоса елдегі ең үлкен әуежай Инчхонда. XXI ғасырда қала халықаралық бизнестік орталыққа айналуда, қала төңірегінде футуристік жоғары технологиялық жоба New Songdo City салынуда, онда елдегі ең биік ғимарат Northeast Asia Trade Tower (305 м) орналасқан. Инчхон порты Ханган өзенінің ағысына ыңғайлы Пусан портынан кейінгі екінші үлкен порт болуда. Порт 1883 жылы Чемульпо (кор.) деген атпен құрылған және халқы 4700 адам ғана болған. Қазір қаланың халқы серпінді өсіп қала халқы 2,5 миллионнан асқан. Инчхон шетел инвестицияларын тарту үшін еркін экономикалық аймақ (ЕЭА) мәртебесін қалайды. Кореяда бұрыннан екі ЕЭА (екіншісі Пусан-Чинхэ) бар. Қала өзін қаржы орталығына айналуды мақсат етіп қойған. Инчхон Сеулден кейінгі «екінші корей астанасы» деп жиі аталады. Инчхон Кореяның тәуелсіз әкімшілік-аумақтық бірлігі және басты қалаларының бірі. Тарихы Қала орынына неолит дәуірінде адамдар қоныстана бастаған. IV ғасырдың соңынан бастап орта ғасырлар бойы Кореяның басты сауда орталығы болды. XIX аяғында Кореяның бірден-бір және бірінші халықаралық саудада ашық порты болды. Инчхон Кёнгидо провинциясының құрамында болды. 1981 1-маусымнан бастап орталыққа тікелей бағыну (қазір метрополиялық қала) мәртебесін алды. 1950 жылы корей соғысында мұнда Инхчон десентық операциясы жүргізілді. Экономикасы XXI ғасырдың басында — бұл үлкен айлақты қалада күшті өнеркәсіптік орталықта машинажасау, кемежасау, мұнайөңдеу, химия, болат құю, электротехника, тігін, ұн тарту өнеркәсібі дамыды. Қалада сонымен қоса әйнек және фарфоро-фаянс бұйымдары өнеркәсібі дамыған.
04.12.2012 09:32 3967

Инчхон
Ел   Корея Республикасы
Статусы    метрополиялық қала
Координатасы    Координаттар: 37°27′50″ с. е. 126°38′55″ ш. б. (G) (O) (Я)
37°27′50″ с. е. 126°38′55″ ш. б. (G) (O) (Я)
Құрылған уақыты    1883
Бұрынғы атауы    Чемульпо кор.
Жер аумағы    1,029.43 км²
Ресми тілі    корей тілі
Тұрғыны    2 728 431 адам (2011)
Тығыздығы    2689 адам/км²
Ұлттық құрамы    корейлер
Уақыт белдеуі    UTC+9
Ресми сайты    сілтеме
 
Ортаққордағы санаты: Инчхон
Инчхон (кор., бұрыңғы атауы Чемульпо, кор., ағылш. Incheon) — Корея Республикасының Корей топаралындағы портты қала. Сеулдің Аванпортты Сары теңіздегі Канхваман шығанағында орналасқан. Инхчон халық саны бойынша Корей қалаларының ішінде Сеул мен Пусаннан кейінгі үшінші орындағы қала. Инчхон елдің транспорттық дәлізі, қалада үлкен порт топаралдың батыс жағалауында орналасқан, сонымен қоса елдегі ең үлкен әуежай Инчхонда. XXI ғасырда қала халықаралық бизнестік орталыққа айналуда, қала төңірегінде футуристік жоғары технологиялық жоба New Songdo City салынуда, онда елдегі ең биік ғимарат Northeast Asia Trade Tower (305 м) орналасқан.

Инчхон порты Ханган өзенінің ағысына ыңғайлы Пусан портынан кейінгі екінші үлкен порт болуда. Порт 1883 жылы Чемульпо (кор.) деген атпен құрылған және халқы 4700 адам ғана болған. Қазір қаланың халқы серпінді өсіп қала халқы 2,5 миллионнан асқан. Инчхон шетел инвестицияларын тарту үшін еркін экономикалық аймақ (ЕЭА) мәртебесін қалайды. Кореяда бұрыннан екі ЕЭА (екіншісі Пусан-Чинхэ) бар. Қала өзін қаржы орталығына айналуды мақсат етіп қойған.

Инчхон Сеулден кейінгі «екінші корей астанасы» деп жиі аталады. Инчхон Кореяның тәуелсіз әкімшілік-аумақтық бірлігі және басты қалаларының бірі.
Тарихы

Қала орынына неолит дәуірінде адамдар қоныстана бастаған. IV ғасырдың соңынан бастап орта ғасырлар бойы Кореяның басты сауда орталығы болды. XIX аяғында Кореяның бірден-бір және бірінші халықаралық саудада ашық порты болды. Инчхон Кёнгидо провинциясының құрамында болды. 1981 1-маусымнан бастап орталыққа тікелей бағыну (қазір метрополиялық қала) мәртебесін алды.

1950 жылы корей соғысында мұнда Инхчон десентық операциясы жүргізілді.
Экономикасы

XXI ғасырдың басында — бұл үлкен айлақты қалада күшті өнеркәсіптік орталықта машинажасау, кемежасау, мұнайөңдеу, химия, болат құю, электротехника, тігін, ұн тарту өнеркәсібі дамыды. Қалада сонымен қоса әйнек және фарфоро-фаянс бұйымдары өнеркәсібі дамыған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға