Жаңалықтар

Ангола

   Ангола Республикасы – Африканың оңтүстік-батысындағы мемлекет, президенттік республика. Заң қабылдаушы органы – Ұлттық Ассамблея. Атқарушы билік үкімет қолында. Жер көлемі 1246,7 мың км2,  халқы 16 млн. адам (2007). Астанасы – Луанда. Ірі қалалары: Бенгела, Уамбо, Лубанго, Маланже, Кабинда. Әкімшілік жағынан 18 провинцияға бөлінеді. Олар батуконго және батыс банту этникалық топтарына бөлінеді. Мемлекеттік тілі – португал тілі. Халықтың 80%-дан астамы христиан дініне сиынады. Ангола аумағының басым бөлігі үстіртті, таулы келеді. Теңіз жағалауы ойпатты (ені 100 км-дей). Климаты – экваторлық муссондық және тропиктік пассаттық. Қаңтар айының орташа температурасы 20Ә – 25ӘС. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 1000 – 1500 мм., теңіз жағалауында 250 мм. Үлкен өзендері: Кванго, Касаи, Кунене, Кванза. Таулы үстірттің солтүстігін қалың орман, ал оңтүстігін қуаңшылықта жапырағы түсіп қалатын сирек бұталы саванна (ағаш пен бұта өсетін шөл дала) алып жатыр, батыс беткейінде мәңгі жасыл тропиктік ағаштар өседі. Анголаның ежелгі және орта ғасырлардағы тарихы толық зерттелмеген. 15 – 17 ғасырларда мұнда Гола-ан-Данго, Конго, Луанда аталатын мемлекеттер болған. Ангола 15 ғасырда португалдықтардың отарына айналды. Төрт жүз жылға созылған құл сату жүйесі Анголаны әбден қансыратты. Миллиондаған Ангола азаматтары Америка, Еуропаға сатылды. Ангола Африкадағы ең артта қалған елдердің қатарында болды. 1961 ж. ақпанда Луанда қаласында Анголаны азат ету жолындағы бүкілхалықтық қозғалыс ұйымы (МПЛА) қарулы көтеріліс бастады. Ангола халқы қарулы соғысының Португалияның басқа отарлары – Гвинея-Бисау мен Мозамбиктегі азаттық соғыстарымен байланыса әрекет етуі отаршылардың күшін әлсіретті. 1975 ж. 11 қарашада Ангола патриоттары елдің ұлттық тәуелсіздігін жариялады. Ангола – аграрлы ел. Өнеркәсібі нашар дамыған. Кофе, жүгері, қант, арахис, копра, мақта сияқты ауыл шаруашылық өнімдері өсіріледі. Оңтүстік аудандарда мал шаруашылығы дамыған. Сыртқы саудада кофе мен алмас ерекше орын алады. Анголаның жер қойнауы кенге бай (мұнай, алмас, кварц, мәрмәр, мыс, темір). Мұнай айыру, цемент зауыттары, балық-консерві  және мата тоқу кәсіпорындары бар. Ел экономикасында шетел капиталы (АҚШ, Португалия, Германия) басым.
04.12.2012 09:31 8629

 

 Ангола Республикасы – Африканың оңтүстік-батысындағы мемлекет, президенттік республика. Заң қабылдаушы органы – Ұлттық Ассамблея. Атқарушы билік үкімет қолында. Жер көлемі 1246,7 мың км2,  халқы 16 млн. адам (2007). Астанасы – Луанда. Ірі қалалары: Бенгела, Уамбо, Лубанго, Маланже, Кабинда. Әкімшілік жағынан 18 провинцияға бөлінеді. Олар батуконго және батыс банту этникалық топтарына бөлінеді. Мемлекеттік тілі – португал тілі. Халықтың 80%-дан астамы христиан дініне сиынады.

Ангола аумағының басым бөлігі үстіртті, таулы келеді. Теңіз жағалауы ойпатты (ені 100 км-дей). Климаты – экваторлық муссондық және тропиктік пассаттық. Қаңтар айының орташа температурасы 20Ә – 25ӘС. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 1000 – 1500 мм., теңіз жағалауында 250 мм. Үлкен өзендері: Кванго, Касаи, Кунене, Кванза. Таулы үстірттің солтүстігін қалың орман, ал оңтүстігін қуаңшылықта жапырағы түсіп қалатын сирек бұталы саванна (ағаш пен бұта өсетін шөл дала) алып жатыр, батыс беткейінде мәңгі жасыл тропиктік ағаштар өседі.

Анголаның ежелгі және орта ғасырлардағы тарихы толық зерттелмеген. 15 – 17 ғасырларда мұнда Гола-ан-Данго, Конго, Луанда аталатын мемлекеттер болған. Ангола 15 ғасырда португалдықтардың отарына айналды. Төрт жүз жылға созылған құл сату жүйесі Анголаны әбден қансыратты. Миллиондаған Ангола азаматтары Америка, Еуропаға сатылды. Ангола Африкадағы ең артта қалған елдердің қатарында болды. 1961 ж. ақпанда Луанда қаласында Анголаны азат ету жолындағы бүкілхалықтық қозғалыс ұйымы (МПЛА) қарулы көтеріліс бастады. Ангола халқы қарулы соғысының Португалияның басқа отарлары – Гвинея-Бисау мен Мозамбиктегі азаттық соғыстарымен байланыса әрекет етуі отаршылардың күшін әлсіретті. 1975 ж. 11 қарашада Ангола патриоттары елдің ұлттық тәуелсіздігін жариялады.

Ангола – аграрлы ел. Өнеркәсібі нашар дамыған. Кофе, жүгері, қант, арахис, копра, мақта сияқты ауыл шаруашылық өнімдері өсіріледі. Оңтүстік аудандарда мал шаруашылығы дамыған. Сыртқы саудада кофе мен алмас ерекше орын алады. Анголаның жер қойнауы кенге бай (мұнай, алмас, кварц, мәрмәр, мыс, темір). Мұнай айыру, цемент зауыттары, балық-консерві  және мата тоқу кәсіпорындары бар. Ел экономикасында шетел капиталы (АҚШ, Португалия, Германия) басым.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға