Жаңалықтар

Криминология

Криминология (лат. crіmen/crіmіnіs – қылмыс + гр. logos – cөз, ұғым, ілім) – қылмысты, оның себептерін, қылмыскердің жеке басын зерттейтін, сондай-ақ оның алдын алу шараларын жасайтын ғылым. К. қылмыстылықты адамдардың мінез-құлқында қордаланатын қоғамға қауіпті, қылмыстық заңның талаптарына қайшы келетін құбылыс ретінде зерттейді. Қылмыстың ахуалын, құрылымын, серпінін, аумақтық бөлінімін сипаттайтын сандық әрі сапалық көрсеткіштерді айқындау мен ғыл. саралау мәселелері қылмыстылықты зерттеуде қамтылады. К. қылмыстылық туралы мәліметтерді бүтіндей де, сондай-ақ қылмыстың жекелеген түрлері мен топтары бойынша және жекелеген мәселелері (мыс., кәмелетке толмағандардың қылмысы, қайталанбалы қылмыс, топтық қылмыс) бойынша да зерттейді. Сондай-ақ К. қылмыстылықтың себептерін, яғни жалпы қылмыстылықтың өршуіне және нақты қылмыстардың жасалуына әсер ететін әлеум. факторлар, құбылыстар мен үдерістерді қараумен де шұғылданады. К. қылмыстылықты және онымен байланысты құбылыстарды әлеум.-құқықтық шындық ретінде зерделейді. Ол қылмыстылықты, қылмыскердің жеке басын зерттеуге неғұрлым ауқымды да дәйекті социол. тұрғыдан келеді. Бұл орайда оның қылмыстық құқық ғылымынан өзгешелігі бар. Қылмыстық құқық ғылымы социол. әдісті қолданғанымен, онда, негізінен, заң нормаларын, қылмыстық құқықтың қылмыс, жаза туралы ережелерін талдауға баса назар аударылады. К-лық танымның тағы бір ерекшелігі сол, онда осы ғылым зерделейтін әлеум.-құқықтық құбылыстардың себептерін түсіндіруге көбірек ден қойылады. К-да, сондай-ақ қылмыстылыққа қарсы күресте оның алдын алу міндеті бірінші орынға қойылады. Сайып келгенде, аталмыш және басқа заң ғылымдарынан өзгеше түрде К. қылмыстылықтың алдын алудың, оны болдырмаудың құқықтық шараларын ғана емес, сонымен бірге әлеум.-экон., мәдени-тәрбиелік, т.б. шараларын да әзірлеуге қатысады. К-лық зерттеу әдістемесінде жалпы ғыл. тәсілдер де (нысанды логика, анализ бен синтез, индукция мен дедукция, ұқсастыру, үлгілеу, т.б.), социол. таным тәсілдері де (сауалдама, сұхбаттасу, сынақтама, құжаттарды зерделеу, қадағалау, эксперимент жүргізу сияқты әлеум.-құқықтық ақпарат алу әдістері) қамтылады. К-лық зерттеулерде статист. талдау және, ең алдымен, қылмыстық статистика тәсілдері маңызды рөл атқарады. Демек, К. құқықтық ғылымның мәліметтерін, сондай-ақ социология ғылымының, философияның, экономиканың, әлеум. психологияның, педагогиканың ережелерін пайдаланатын кешенді пән болып табылады.    
04.12.2012 09:28 11107

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға