Жаңалықтар

Әзери стиль

  Әзери стиль - Ирандағы орта ғасырлардағы сәулет өнерінің бір стилі. "Әзери" сәулет стилі екі кезеңге бөлінеді. Бірінші кезең Әзірбайжанда Хулагу мен оның орынбасары билік құрып, Марағе қаласы астана болған кезінде қалыптасты. Екінші кезең Әмір Темір заманында Самарқандтың астана болып таңдалынып алынған кезінде қалыптасты. Бұл тарихи кезеңнің сәулет өнеріне әсер еткен ерекшеліктері бар. Мысалы, құрылыс салудағы жылдамдық, жұмыс күшінің көп болуы және оның артылып жатуы кейбір ғимараттардың көзге ұрып тұрған қателіктермен салынуына себеп болды. Бұл кезеңде кейбір билеушілер жолдың бағытын ауыстырып отырған, осы себептен кейбір қалалар құлдырап, ал кейбіреулері абадтандырылды. Бұл жағдай "Әзери" сәулет стилінде өте тартымды әралуандықты тудырды. Әзірбайжан аймағының сәулет өнері маңыздылығы жағынан Иран сәулет стилінің алдыңғы қатарында тұр. Өйткені Парсы, Әзери және Исфахан сәулет стильдері сол аймақтан бастау алып, Иранның түкпір-түкпіріне таралды. Арий тайпасының бір бөлігі Аран тауларын басып өтіп, Иранға қарай бағыт алып, Әзірбайжан жерін басып өткен кезде онда ағаштан жасалған бағаналары бар верандалар, үлкен жертөлелер мен әдемі сарайларды көрді. Олар жаңа жерде орналасқаннан кейін құрылыс салуда Әзери стилін қолданған. Бұл стиль Ахеменидтер дәуірінің сарайлары мен үйлерін салуда көптеп пайдаланылды. Сәулет өнері тарихына шолу жасай келіп, Әзірбайжан сәулет өнерінің Исфахан сәулет өнеріне әсер еткендігін көруге болады. Өйткені Сефевидтер кезінде Сефевид шахтары өз құрылыстарында Әзірбайжанның Марағе және Бұнаб қалаларында кең таралған бағанды ағаш үйлерді салу стилінен үлгі алып, Исфаханды осы стиль түрінің көрмесіне айналдырды. Әрине, Исфахан стилі жайлы келесі бағдарламаларымызда көбірек тоқталатын боламыз. "Әзери" стилінде Әзірбайжан сәулетшілерінің барлық ерекшеліктері толықтай көрініс тапқан. Осы ерекшеліктердің бірі осы дәуірде айрықша байқалатын қосқабырғалы күмбез салу болып табылады   Тарихы   Хорезмшах билеушілерінің өмір сүріп, билік құрған орны болған "Тұпрақ" қамалының басты бөлігі көп бөлмелі екі қабаттан тұрған. Орталық бөлмелер әдемі мүсіндер және суреттермен безендірілген. Бұл бөлмелер сарайдың арнайы қонақтарын қабылдайтын орындары болған. Мүсіндердің маңызды ерекшелігі - олардың түрлі түсті болуы. Жанама залдар, бөлмелер мен дәліздер әртүрлі суреттермен безендірілген. Бізге жеткен мүсіндердің ішінде көңіл аударуға тұрарлық бірнеше туынды бар. Олардың бірі - жеміс көтерген әйелдің мүсіні, екіншісі – арфа тартып отырған екі адамның мүсіні. Еуропалық өнердің әсерімен жасалынған бұл мүсіндердің басқа мүсіндерден ерекше айырмашылығы бар. Х.қ.ж.с.б. 7 ғасырдың басында моңғолдар Иранның абадтандырылған жеріне шабуыл жасады. Олар қырып-жойып, талан-таражға салғаннан кейін бұл жерді сөнген қабірстанға айналдырды. Моңғолдардың шабуылынан қашқан бұқаралық бір дәруіштен "не көрдің" деп сұрапты. Ол: "Келді, отқа орады, қырып-жойды да кете барды", -деп жауап беріпті. Дәруіштің сөзіне керісінше моңғолдар Ираннан кете қойған жоқ. Бірнеше уақыт өткеннен кейін сол қанқұйлы жаугершілердің ұрпақтары басқа да басқыншылар секілді Иранның мәдениеті мен салт-дәстүріне бой ұсынды және олардың көбі Ислам дінін қабылдады. "Илханиан" деп аталатын олардың бір тармағы Иранның бұрынғы патшалары сияқты таққа отырып, тәж кию рәсімін өткізді. Олар шатырда тұруды қойып, өмір сүру үшін көптеген сарайлар мен қамалдар салды. Бірақ Илханиан билігі кезінде Иранның мәдениеті мен өнерінің бесігі болып табылатын Хорасан аймағында қалаларды қайта қалпына келтіретін сәулетшілер мен өнер иелері жетіспеді. Қуанышқа орай, Иранның оңтүстігі мен батысында моңғолдар шабуылынан қашқан сәулетшілер мен өнер адамдары Иранның мәдениеті мен өнерін қайта жандандыруға кірісті. Моңғолдың алғашқы илханы Хулагухан Бағдад халифатын құлатты. Ол Марағе қаласын өзінің елордасы ретінде таңдап алды және өзінің ирандық уәзірі данышпан Ходже Насер ад-Дин Тусидің бағыт-бағдар беруімен Иранның мәдениеті мен өнерін қайта жандандыруға кірісті. Осы жолда өткен замандардағы өнер тәсілдері Иранның оңтүстік және батысында таралған сәулет өнері және қала салу өнерінің ерекшеліктерімен араласып кетті. Осы стильдер тайталасында Әзірбайжан сәулет өнері басымдылық танытып, "Әзери" (әзірбайжандық) стилі пайда болды. Иранның астанасы Марағе қаласынан Тебризге, одан Занджанның маңындағы Сұлтание қаласына ауыстырылды. Осы қалалардың барлығы Иранның солтүстік-батысында, яғни Әзірбайжан аймағында орналасқан. Аз уақыт ішінде жаңа салынған Сұлтание қаласы абадтандырылу және әсемдігі жағынан сол замандағы қалалардың алдыңғы қатарына шықты. Бірақ табиғи жағынан қолайлы жер болмағандықтан, қалай тез абадтандырылды, солай тез қирап қалды. Илханиан заманында моңғол шапқыншылығының қирандыларын түзетуге көптеген әрекеттер жасалды. Біртіндеп көптеген қалаларда қирандылардың үстіне әдемі мешіттер, медреселер мен керуен сарайлар салынды. Аббас Экбаль сынды кейбір зерттеушілердің пікірінше, бұрын шектеулі болған Иран мен Қытайдың байланысы Илхандықтар кезінде шарықтау шегіне жетті. Бұл байланыс Иранның барлық өнер түрлері, әсіресе сәулет өнеріне өте күшті әсер етті. Мысалы, Қытайдың құрылыс жобасы мен формасына еліктеу, кафель салуда ашық көк түсті, ал күмбезді көмкеруде көк түсті пайдалану, ғимараттар мен мұнаралардың шатырын моңғолдардың киіз үйінің төбесіне ұқсатып салу кең таралды. Осы тарихи кезеңде ғимараттардың сырты шикі немесе кептірілген кірпіш және біртектес тастармен өрілген. Ал ғимараттардың іші кейде кірпіш пен алебастрдың бір қабат қабығымен жабылған. Біртіндеп ғимараттардың көбінде кірпіштің орнына нақышталған керамикалық жапсырмалар мен әшекейленген кафельдер пайдаланыла бастады. Кірпіш пен кафельді араластыра пайдалану және алебастрдың үстіне сурет салу кең таралды. Осы дәуірдің ерекшеліктерінің бірі сәулет құрылыстарының жобасын жасауда геометриялық өлшемдерді пайдалану болып табылады. Басқа дәуірлердегі стильдерге қарағанда "Әзери" стилінде жобаның әралуандығы көбірек байқалады. Сондай-ақ осы стильде бұрын соңды болмаған өте үлкен көлемдегі құрылыстар салынды. Мысалы, Сұлтание мұнарасы мен Әлишах мешіті.
04.12.2012 09:28 4293

 

Әзери стиль - Ирандағы орта ғасырлардағы сәулет өнерінің бір стилі. "Әзери" сәулет стилі екі кезеңге бөлінеді. Бірінші кезең Әзірбайжанда Хулагу мен оның орынбасары билік құрып, Марағе қаласы астана болған кезінде қалыптасты. Екінші кезең Әмір Темір заманында Самарқандтың астана болып таңдалынып алынған кезінде қалыптасты.

Бұл тарихи кезеңнің сәулет өнеріне әсер еткен ерекшеліктері бар. Мысалы, құрылыс салудағы жылдамдық, жұмыс күшінің көп болуы және оның артылып жатуы кейбір ғимараттардың көзге ұрып тұрған қателіктермен салынуына себеп болды. Бұл кезеңде кейбір билеушілер жолдың бағытын ауыстырып отырған, осы себептен кейбір қалалар құлдырап, ал кейбіреулері абадтандырылды. Бұл жағдай "Әзери" сәулет стилінде өте тартымды әралуандықты тудырды.

Әзірбайжан аймағының сәулет өнері маңыздылығы жағынан Иран сәулет стилінің алдыңғы қатарында тұр. Өйткені Парсы, Әзери және Исфахан сәулет стильдері сол аймақтан бастау алып, Иранның түкпір-түкпіріне таралды.

Арий тайпасының бір бөлігі Аран тауларын басып өтіп, Иранға қарай бағыт алып, Әзірбайжан жерін басып өткен кезде онда ағаштан жасалған бағаналары бар верандалар, үлкен жертөлелер мен әдемі сарайларды көрді. Олар жаңа жерде орналасқаннан кейін құрылыс салуда Әзери стилін қолданған. Бұл стиль Ахеменидтер дәуірінің сарайлары мен үйлерін салуда көптеп пайдаланылды.

Сәулет өнері тарихына шолу жасай келіп, Әзірбайжан сәулет өнерінің Исфахан сәулет өнеріне әсер еткендігін көруге болады. Өйткені Сефевидтер кезінде Сефевид шахтары өз құрылыстарында Әзірбайжанның Марағе және Бұнаб қалаларында кең таралған бағанды ағаш үйлерді салу стилінен үлгі алып, Исфаханды осы стиль түрінің көрмесіне айналдырды. Әрине, Исфахан стилі жайлы келесі бағдарламаларымызда көбірек тоқталатын боламыз.

"Әзери" стилінде Әзірбайжан сәулетшілерінің барлық ерекшеліктері толықтай көрініс тапқан. Осы ерекшеліктердің бірі осы дәуірде айрықша байқалатын қосқабырғалы күмбез салу болып табылады

 

Тарихы

 

Хорезмшах билеушілерінің өмір сүріп, билік құрған орны болған "Тұпрақ" қамалының басты бөлігі көп бөлмелі екі қабаттан тұрған. Орталық бөлмелер әдемі мүсіндер және суреттермен безендірілген. Бұл бөлмелер сарайдың арнайы қонақтарын қабылдайтын орындары болған. Мүсіндердің маңызды ерекшелігі - олардың түрлі түсті болуы. Жанама залдар, бөлмелер мен дәліздер әртүрлі суреттермен безендірілген. Бізге жеткен мүсіндердің ішінде көңіл аударуға тұрарлық бірнеше туынды бар. Олардың бірі - жеміс көтерген әйелдің мүсіні, екіншісі – арфа тартып отырған екі адамның мүсіні. Еуропалық өнердің әсерімен жасалынған бұл мүсіндердің басқа мүсіндерден ерекше айырмашылығы бар.

Х.қ.ж.с.б. 7 ғасырдың басында моңғолдар Иранның абадтандырылған жеріне шабуыл жасады. Олар қырып-жойып, талан-таражға салғаннан кейін бұл жерді сөнген қабірстанға айналдырды. Моңғолдардың шабуылынан қашқан бұқаралық бір дәруіштен "не көрдің" деп сұрапты. Ол: "Келді, отқа орады, қырып-жойды да кете барды", -деп жауап беріпті.

Дәруіштің сөзіне керісінше моңғолдар Ираннан кете қойған жоқ. Бірнеше уақыт өткеннен кейін сол қанқұйлы жаугершілердің ұрпақтары басқа да басқыншылар секілді Иранның мәдениеті мен салт-дәстүріне бой ұсынды және олардың көбі Ислам дінін қабылдады. "Илханиан" деп аталатын олардың бір тармағы Иранның бұрынғы патшалары сияқты таққа отырып, тәж кию рәсімін өткізді. Олар шатырда тұруды қойып, өмір сүру үшін көптеген сарайлар мен қамалдар салды.

Бірақ Илханиан билігі кезінде Иранның мәдениеті мен өнерінің бесігі болып табылатын Хорасан аймағында қалаларды қайта қалпына келтіретін сәулетшілер мен өнер иелері жетіспеді. Қуанышқа орай, Иранның оңтүстігі мен батысында моңғолдар шабуылынан қашқан сәулетшілер мен өнер адамдары Иранның мәдениеті мен өнерін қайта жандандыруға кірісті.

Моңғолдың алғашқы илханы Хулагухан Бағдад халифатын құлатты. Ол Марағе қаласын өзінің елордасы ретінде таңдап алды және өзінің ирандық уәзірі данышпан Ходже Насер ад-Дин Тусидің бағыт-бағдар беруімен Иранның мәдениеті мен өнерін қайта жандандыруға кірісті. Осы жолда өткен замандардағы өнер тәсілдері Иранның оңтүстік және батысында таралған сәулет өнері және қала салу өнерінің ерекшеліктерімен араласып кетті. Осы стильдер тайталасында Әзірбайжан сәулет өнері басымдылық танытып, "Әзери" (әзірбайжандық) стилі пайда болды. Иранның астанасы Марағе қаласынан Тебризге, одан Занджанның маңындағы Сұлтание қаласына ауыстырылды. Осы қалалардың барлығы Иранның солтүстік-батысында, яғни Әзірбайжан аймағында орналасқан. Аз уақыт ішінде жаңа салынған Сұлтание қаласы абадтандырылу және әсемдігі жағынан сол замандағы қалалардың алдыңғы қатарына шықты. Бірақ табиғи жағынан қолайлы жер болмағандықтан, қалай тез абадтандырылды, солай тез қирап қалды. Илханиан заманында моңғол шапқыншылығының қирандыларын түзетуге көптеген әрекеттер жасалды. Біртіндеп көптеген қалаларда қирандылардың үстіне әдемі мешіттер, медреселер мен керуен сарайлар салынды.

Аббас Экбаль сынды кейбір зерттеушілердің пікірінше, бұрын шектеулі болған Иран мен Қытайдың байланысы Илхандықтар кезінде шарықтау шегіне жетті. Бұл байланыс Иранның барлық өнер түрлері, әсіресе сәулет өнеріне өте күшті әсер етті. Мысалы, Қытайдың құрылыс жобасы мен формасына еліктеу, кафель салуда ашық көк түсті, ал күмбезді көмкеруде көк түсті пайдалану, ғимараттар мен мұнаралардың шатырын моңғолдардың киіз үйінің төбесіне ұқсатып салу кең таралды. Осы тарихи кезеңде ғимараттардың сырты шикі немесе кептірілген кірпіш және біртектес тастармен өрілген. Ал ғимараттардың іші кейде кірпіш пен алебастрдың бір қабат қабығымен жабылған. Біртіндеп ғимараттардың көбінде кірпіштің орнына нақышталған керамикалық жапсырмалар мен әшекейленген кафельдер пайдаланыла бастады. Кірпіш пен кафельді араластыра пайдалану және алебастрдың үстіне сурет салу кең таралды. Осы дәуірдің ерекшеліктерінің бірі сәулет құрылыстарының жобасын жасауда геометриялық өлшемдерді пайдалану болып табылады. Басқа дәуірлердегі стильдерге қарағанда "Әзери" стилінде жобаның әралуандығы көбірек байқалады. Сондай-ақ осы стильде бұрын соңды болмаған өте үлкен көлемдегі құрылыстар салынды. Мысалы, Сұлтание мұнарасы мен Әлишах мешіті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға