Жаңалықтар

Миф

Миф – 1) көне аңыз, әңгіме; 2) тарихи-мәдени сананың ерекше күйі. Ежелгі М-тер мен аңыздар алғашқы адамдар тіршілігінің маңызды бөлігі болып, олардың рәміздік (символдық) мазмұны арқылы адам қоршаған ортаны игеріп, жете түсінді. Мұнда поэзия мен алғашқы білімнің, дін мен әдептің, өнер мен өмірлік тәжірибенің ерекше бірлігі орын алды. Алғаш рет М. философиясын Дж.Вико (1668 – 1744) ұсынды. Ол М. қиял ойыны ретінде қалыптасады деген пікірде болды. Кейін 19 ғ-дың ортасынан бастап М. этногр. материал ретінде зерттеле бастады. Ағылшын мәдениеттанушысы Э.Б. Тайлор (1832 – 1917) “Алғашқы қауымдық мәдениет” атты еңбегінде М-тер мен діни нанымдар негізінде анимизм жатады деп жазады. Г.Спенсер (1820 – 1903) М. – таным құралдары мен мүмкіндігінің шектеулілігінен туындаған құбылыстардың сырын қате түсіну (түсіндіру) деп санады. Дж.Фрезер үшін М. – магиялық әрекетті ақылға салып, әдеби тіл арқылы пайымдау. Психол. мектеп пен оның өкілдері (В.Вунд, Л.Леви-Брюль, З.Фрейд, К.Юнг) М-тік шығармалар негізінде алғашқы қауым адамының дүниені қабылдау ерекшеліктері жатыр, ол бір нәрседен туындаған сезімдерді, эмоцияларды сол құбылыстың немесе нәрсенің өзіне тән қасиеті ретінде қабылдады деп санайды. 20 ғ-дағы әлеум. антропологияда Б.Малиновский (1884 – 1942) мен К.Леви-Строс (1908) теорияларының ықпалы жоғары болды. Малиновскийдің пікірінше, М. – құбылыстың түсіндірмесі, яғни теория емес, шындық ретінде пайымдалған сенімнің көрінісі. Леви-Стросс жеке М-ті емес, олардың жиынтығын таңбалық модельдендіруші жүйе ретінде қарастырады. Тайлор М-тердің мынадай түрлерін атап көрсетеді: а) филос. немесе түсіндірмелік М-тер; ә) нақтылы, бірақ бұрмаланған деректерге сүйенген М-тер; б) тарихи және аңыз тұлғалар туралы М-тер; в) фантастик. және метафор. М-тер; г) әлеум.-саяси және тұрмыстық М-тер. Космогон. М-тердің басты тақырыбы – “киелі тарих”, дүниенің, адамның, т.б. жаратылуы. Әдетте, М-те жаратылыс уақыты киелі сипатқа ие болып, үлгі ретінде құрметтеледі. М-те әрбір объект, әрбір іс-қимыл басқа объектілермен, іс-қимылдармен ұштасып жатады. М-тік бейнелер субстанц. сипатта, нақты, шынайы нәрселер ретінде қабылданады. М-ке метафоралық тән емес, өйткені М. бәрін шындық ретінде бейнелейді. Тек кейіннен М-тің тілдік құрылымында метафор. ерекшелік қабылданды. М. архаик. сана үстемдік еткен дәуірде пайда болғанымен, кейінгі мәдениеттерде де сақталып қалды. М-тік уақыт туралы сөз еткенде оның жазусыз мәдениетпен бітісе қалыптасқанын ескеру қажет. өжымдық тәжірибе мен әдет-ғұрыпты арқау еткен қоғамның қуатты болжау мәдениеті болуы шарт. Бұл табиғатты, әсіресе аспан шырақтарын бақылауды міндетті түрде ынталандыра отырып, соған сәйкес теор. танымның өркендеуіне әкелді. Кейін М-тік дүниетанымды дін мен философия ығыстырды. Бірақ ол уақыт ағынында жоғалып кетпей, көмескі сана мен архетиптік жадынан орын алды. Қазақтың арғы ата-тектерінің дүниені М-тік тұрғыдан түсінуі әлемдік үлгілермен сабақтас. Көк Тәңірі, Жер-Су мен өмай ананы айтпағанның өзінде, түркі халықтарының арғы ата-тек туралы түсініктері тарихтың алыс қойнауларында қалыптаса бастаған. Көк бөрі туралы аңыздар, сондай-ақ көркем шығармаларда бейнеленген тотемдер М-тің әсерлі белгілері саналады. Дәстүрлі қазақ мәдениетінде тотемдік ұғымдар сақталғанымен, олардың нақтылы көріністері өзгерді. М-тік уақытты басқа типтер ауыстырған соң да тотемдік түсініктер халық жадында архетиптік қызметін атқарып, басқа рәміздер мен таңбаларға айналды. Мыс., жаугершілік және бостандық үшін күрес заманында Көкбөрі қайсарлыққа шақырған рәміздік рөл атқарған. Әдеб.: Марғұлан Ә., Ежелгі жыр, аңыздар. А., 1985; Лосев А., Философия. Мифология. Культура, М., 1991; Каракузова Ж., Хасанов М., Космос казахской культуры, А., 1993; Ыбыраев Ш., Қазақ мифтері, А., 2003; Философия және мәдениеттану, А., 2004. Т. ұабитов
04.12.2012 09:27 9212

Миф – 1) көне аңыз, әңгіме; 2) тарихи-мәдени сананың ерекше күйі. Ежелгі М-тер мен аңыздар алғашқы адамдар тіршілігінің маңызды бөлігі болып, олардың рәміздік (символдық) мазмұны арқылы адам қоршаған ортаны игеріп, жете түсінді. Мұнда поэзия мен алғашқы білімнің, дін мен әдептің, өнер мен өмірлік тәжірибенің ерекше бірлігі орын алды. Алғаш рет М. философиясын Дж.Вико (1668 – 1744) ұсынды. Ол М. қиял ойыны ретінде қалыптасады деген пікірде болды. Кейін 19 ғ-дың ортасынан бастап М. этногр. материал ретінде зерттеле бастады. Ағылшын мәдениеттанушысы Э.Б. Тайлор (1832 – 1917) “Алғашқы қауымдық мәдениет” атты еңбегінде М-тер мен діни нанымдар негізінде анимизм жатады деп жазады. Г.Спенсер (1820 – 1903) М. – таным құралдары мен мүмкіндігінің шектеулілігінен туындаған құбылыстардың сырын қате түсіну (түсіндіру) деп санады. Дж.Фрезер үшін М. – магиялық әрекетті ақылға салып, әдеби тіл арқылы пайымдау. Психол. мектеп пен оның өкілдері (В.Вунд, Л.Леви-Брюль, З.Фрейд, К.Юнг) М-тік шығармалар негізінде алғашқы қауым адамының дүниені қабылдау ерекшеліктері жатыр, ол бір нәрседен туындаған сезімдерді, эмоцияларды сол құбылыстың немесе нәрсенің өзіне тән қасиеті ретінде қабылдады деп санайды. 20 ғ-дағы әлеум. антропологияда Б.Малиновский (1884 – 1942) мен К.Леви-Строс (1908) теорияларының ықпалы жоғары болды. Малиновскийдің пікірінше, М. – құбылыстың түсіндірмесі, яғни теория емес, шындық ретінде пайымдалған сенімнің көрінісі. Леви-Стросс жеке М-ті емес, олардың жиынтығын таңбалық модельдендіруші жүйе ретінде қарастырады. Тайлор М-тердің мынадай түрлерін атап көрсетеді: а) филос. немесе түсіндірмелік М-тер; ә) нақтылы, бірақ бұрмаланған деректерге сүйенген М-тер; б) тарихи және аңыз тұлғалар туралы М-тер; в) фантастик. және метафор. М-тер; г) әлеум.-саяси және тұрмыстық М-тер. Космогон. М-тердің басты тақырыбы – “киелі тарих”, дүниенің, адамның, т.б. жаратылуы. Әдетте, М-те жаратылыс уақыты киелі сипатқа ие болып, үлгі ретінде құрметтеледі. М-те әрбір объект, әрбір іс-қимыл басқа объектілермен, іс-қимылдармен ұштасып жатады. М-тік бейнелер субстанц. сипатта, нақты, шынайы нәрселер ретінде қабылданады. М-ке метафоралық тән емес, өйткені М. бәрін шындық ретінде бейнелейді. Тек кейіннен М-тің тілдік құрылымында метафор. ерекшелік қабылданды. М. архаик. сана үстемдік еткен дәуірде пайда болғанымен, кейінгі мәдениеттерде де сақталып қалды. М-тік уақыт туралы сөз еткенде оның жазусыз мәдениетпен бітісе қалыптасқанын ескеру қажет. өжымдық тәжірибе мен әдет-ғұрыпты арқау еткен қоғамның қуатты болжау мәдениеті болуы шарт. Бұл табиғатты, әсіресе аспан шырақтарын бақылауды міндетті түрде ынталандыра отырып, соған сәйкес теор. танымның өркендеуіне әкелді. Кейін М-тік дүниетанымды дін мен философия ығыстырды. Бірақ ол уақыт ағынында жоғалып кетпей, көмескі сана мен архетиптік жадынан орын алды. Қазақтың арғы ата-тектерінің дүниені М-тік тұрғыдан түсінуі әлемдік үлгілермен сабақтас. Көк Тәңірі, Жер-Су мен өмай ананы айтпағанның өзінде, түркі халықтарының арғы ата-тек туралы түсініктері тарихтың алыс қойнауларында қалыптаса бастаған. Көк бөрі туралы аңыздар, сондай-ақ көркем шығармаларда бейнеленген тотемдер М-тің әсерлі белгілері саналады. Дәстүрлі қазақ мәдениетінде тотемдік ұғымдар сақталғанымен, олардың нақтылы көріністері өзгерді. М-тік уақытты басқа типтер ауыстырған соң да тотемдік түсініктер халық жадында архетиптік қызметін атқарып, басқа рәміздер мен таңбаларға айналды. Мыс., жаугершілік және бостандық үшін күрес заманында Көкбөрі қайсарлыққа шақырған рәміздік рөл атқарған.
Әдеб.: Марғұлан Ә., Ежелгі жыр, аңыздар. А., 1985; Лосев А., Философия. Мифология. Культура, М., 1991; Каракузова Ж., Хасанов М., Космос казахской культуры, А., 1993; Ыбыраев Ш., Қазақ мифтері, А., 2003; Философия және мәдениеттану, А., 2004.
Т. ұабитов

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға