Жаңалықтар

Үнді халқының ұлы перзенті

  БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ (мақала) «Социалистік Қазақстан», 7май 1961 жыл, №107 Үнді халқының ұлы перзенті Бүгін үнді халқының ардақты перзенті, ұлы жазушы, асқан суреткер, ағартушы әрі қоғам қайраткері Рабиндранат Тагордың туғанына жүз жыл толды. Ол- өзінің дарқан талантын, бай дарынын өз халқының азаттығы мен бақыты үшін сарп еткен ұлы күрескер. Әдеби еңбегі, суретшілік қызметі, публицистикасы, өмірдегі белсенді қайраткерлігі арқылы Рабиндранат Тагор өз халқының рухани өмірін, тұрмысын, салт - санасын, әдет - ғұрпын, қуанышын, мұң - мұқтажын бүкіл әлемге таныту үшін көп еңбек сіңірді. Рабиндранат Тагор аса көрнекті гуманист еді. Ол соғыс атаулыны, фашизмді жан- тәнімен жек көрді. 1930 жылы Рабиндранат Тагор Совет Одағына келді. Сол кезден бастап өмірінің ақырына дейін ол біздің елдің айнымас досы болып қалды. Соғысқа лағынет айтқан гуманист Тагор Совет Одағының бейбітшілікті қорғаушы ұлы күш екенін көрді. Совет Одағынан оралған соң Тагор «Россия туралы хаттар» атты публицистикалық кітап жазды. «Россия туралы хаттардағы» империализм мен отаршылдыққа қарсы үннің пәрменділігі сонша - бұл кітапты ағылшын тіліне аударуға тыйым салынды. Ал, оны бенгал тілінде басып шығарғаны үшін редакцияға ағылшынның отаршыл өкіметі айып салды. Тагор шығармаларының басты тақырыбы - Үндістанның, оның қаналған халқының өмірі, отаршылардың озбырлығынан туған жоқшылық пен ашаршылық еді. Тагор дарыны жан-жақты: ол философ әрі суретші, композитор әрі тіл маманы, драматург әрі педагог, прозаик әм ақын, сыншы және қоғам қайраткері болды. Тагор 12 роман мен повесть, 50 өлеңдер жинағын, жүзден аса әңгімелер жинағын, жүзден аса әңгіме, 30 пьеса, 200 сын мақала жазып қалдырды. Оның өзі салған жүздеген суреті бар. Сол суреттердің 1930 жылы Москвада және Парижде өткізілген көрмелері үлкен табысқа ие болды. Тагор творчествосы тек Үндістанның ғана емес, бүкіл дүниежүзі халықтарының, гуманизм идеяларын, халықаралық ынтымақты жақтаған адамдардың бәрінің де аса ұлы мәдени жеңісі болып табылады. Қазақ халқы Тагор есімімен бұрыннан таныс. Тагордың орыс тілінде жарық көрген 12 томдық шығармалар жинағы Қазақстанда да кеңінен тарады. Қазақ тілінде ұлы жазушының үш томдығының басылуы - оның шығармасына деген құштарлықтың айғағы. Қазір қазақ тілінде Тагор шығармаларының бес томдығы баспаға дайындалып жатыр. Оның творчествосы қазақшаға бұдан былай да аударыла бермек. *∙*∙*∙ Рабиндранат Тагор 1861 жылы 7 май күні Калькутта қаласында дүниеге келді. Тагор өмірбаяны қайшылыққа толы. Ол бірқатар тарихи жағдайлардың әсерімен ұзақ уақыт діни идеялардың шырмауында болып келді. Бұл Тагордың өсу және қалыптасу дәуірі еді. Ол азап шегіп, қиыншылықта өсті. Ол үнді халқын қанап отырған отаршылдық үстемдікке қанымен қас болды, бірақ ағылшын отаршылдарынан халықты құтқару жолы оған көбінесе айқын емес еді. Бұл қайшылық - Тагор өмірінің ең ірі трагедиясы. Рабиндранат ең алдымен Шығыс семинариясында, одан кейін орталау мектепте оқыды. Ол жеті - сегіз жасында - ақ өз бетінше шығарма жазып, жаттыға бастады. Бұдан әрі ол Бенгал академиясына (орта мектеп типтес оқу орны) түсіп оқиды. Бірақ мұнан алған білімінің пайдасы шамалы болды. Тагор жоғары оқу орнын бітірген кісі болмаса да, оның білімі энциклопедиялық білім еді. «Жастық шағымның бір ұлы ләззаты», - деп жазды ол кейін, - «біздің үйде болған әдебиетшілер мен артистерден алған әсерім». Тагордың алғашқы өлеңдері мен мақалалары «Гьян - анкур» журналында басылды. 1877 жылдан бастап жас Тагор өзінің ағасы шығарған «Бхароти» журналының ең көрнекті қызметкерлерінің бірі болады. 1883 жылы оның ортағасырлық Үндістан өмірінен жазған тұңғыш романы - «Боутхакуранир Хат» және әйгілі пьесасы - «Саяқ» жарыққа шықты. Бұл пьесада автор тақуалықты, абстракциялық ойға кетуді, дүниеге енжар көзқарасты сынап, адам өмірін ардақтап, оның жер үстіндегі қуаныш атаулының бәріне праволы екенін дәлелдейді. Тагордың «Ой» атты мақалалар жинағы мен «Таңғы жырлар» атты өлеңдер жинағы да осы тақырыпқа арналған. Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары Тагор сақа жазушы санатына қосылып, өресі кең ірі қоғам қайраткері дәрежесіне жетеді, оның шығармаларының тақырыбы байи түседі. Ол енді қысқа әңгімелер жанрына көп көңіл бөледі. Көп уақыт деревняда тұрып, қарапайым халықтың өмірімен жете танысады, олардың мұң - мұқтажын, жоқшылық өмірін, правосыздық халін көреді. Міне, осы көргендерінің бәрі көркем сөзбен суреттеліп, оның қысқа әңгімелерінен орын алады. Бұл әңгімелерінде Тагор қарапайым адамдардың арман - тілегін, олардың қанаушыларға, отаршылдарға деген өшпенділігі мен ыза - кегін, билеп - төстеуші чиновниктердің, помещиктердің, ағылшын отаршылдарының зымияндығын, қаталдығын, жауыздығын бейнелейді Тагор дүниеқорлықты, алыпсатар кәсіпті, адам жанын жаралайтын жаман қылықтардың бәрін әшкерелейді. Сонымен бірге ол ортағасырлық феодализмнің қалдықтарын, әсіресе касталық дәстүрді ызалы мысқылмен сынап, дін басыларының бет пердесін сыпырады. Ескінің шырмауында көбірек қалып келе жатқан үнді әйелдері еді. Өзінің әңгімелерінде Тагор соларға көп көңіл бөледі. Тагор үнді әдебиетінде бірінші болып бұқараны жырлайды, «кішкентай адамды» өз шығармасының жағымды кейіпкері етіп алады, оның адалдығын, жомарттығын, адамгершілігін паш етеді. Тагор шығармалары Үндістан халықтары әдебиетіне үлкен әсерін тигізді. Оның шығармаларындағы гуманизм, реализм, сыншыл бағыт сияқты басты қасиеттер үнді әдебиетінде сыншыл реализмнің туып, қалыптасуына баға жеткізгісіз жағдай жасады. 1901-1902 жылдары Тагор өзінің әлеуметтік - психологиялық тұңғыш романдарын жазады. Оның «Көзге түскен қиыршық» және «Күйреу» атты романдары - бенгал әдебиетінде осы жанрдың негізін қалаған шығармалар. «Күйреу» атты романы жаңа өмір мен ескіліктің қалдықтары арасындағы тартысты бейнелейді. «Көзге түскен қиыршық» романында феодалдық дәуірден қалған әдет - ғұрып шырмауына түскен жесір әйелдің тағдырын баяндайды. Тагордың «Джанаганамана» атты өлеңі қазір Үндістан республикасының мемлекеттік гимніне айналды. Ал, оның «Горан» деген атпен шыққан романы отаршылдық, құлдыққа қарсы асқақ ызалы үн көтерген аса құнды шығарма болды. 1910 жылдары жазушының есімі ел - елге тарап, әлемге әйгілі бола бастайды. 1913 жылы «Гитанджали» атты өлеңдер жинағы ағылшын тіліне аударылғаннан кейін, оның шығармалары басқа тілдерде де шыға бастады. Тек 1914 жылдың өзінде «Гитанджали» орыс тілінде төрт рет басылып шықты. 1913 жылы Калькутта университеті Тагорға әдебиет докторы атағын берді. Дүниежүзілік бірінші империалистік соғыс жылдары Тагор көркем шығармалар жазумен бірге, қоғамдық және педагогтік жұмыстарын да қызу жүргізеді. 1915 жылы Жапония мен Америка Құрама Штаттарына барып лекция оқиды, адамзат тарихында Үндістанның мәні зор екенін мәлімдейді. Ол феодалдық қалдықтармен бірге капиталистта цивилизацияның қатігездігін де сынайды. Жапонияда болған кезде ол жапон билеп-төстеушілерінің Қытайға жасап отырған агрессиялық саясатын батыл айыптайды. Жиырмасыншы жылдары Тагор жасы келіп қалғанына қарамастан, дүниежүзінің барлық ірі елдерін аралап шықты. Барлық елдердегі прогресшіл топтары оны ұлы үнді халқының өкілі ретінде зор құрметпен қарсы алды. Отызыншы жылдары Тагор көптеген саяси лирикалы өлеңдер жазып, үнді әдебиетінде бұл жанрдың да негізін қалаушы болды. Бұл өлеңдер де ұдайы өршіп, үдеп бара жатқан ұлт - азаттық қозғалыс жырланбай қалған жоқ. 1938 жылы Тагор жапон жазушысы Нагутиге жолдаған әйгілі хатын жазады, онда халық өмірінен қол үзген мәдени қайраткерлерді, «өнер - өнер үшін» теориясын жақтаушыларды қатаң сынап, мәдениет қайраткерлерін фашизмге қарсы күреске шақырады. 1941 жылы апрель айында жазған «Цивилизация дағдарысы» атты мақаласы оның публицистикалық қызметінің ерекше бір қорытындысы сияқты еді. Онда ол: «Тағдырдың доңғалағы жуық арада ағылшындарды Үндістаннан тайып тұруға мәжбүр етеді, бірақ олар өз артына не қалдырып кетпек? Олардың 200 жыл бойы билеп - төстеуінен кейін тымырсық батпақ пен қоқыстың дариясы ғана қалады», - деп жазып, Британ империализміне әділетті айып тағады, қарғыс таңбасын салады. Өмірінің соңғы кезінде ол төсек тартып жатып та қалам толғаудан бір танбайды, ол не жазса да, халқына азаттық пен бақыт тілеп, шұғыласы мен мейірімі мол шығар күнді, атар таңды аңсайды. Гитлершіл Германия Совет Одағына шабуыл жасаған кезде ауыр халде жатқан Тагор өзінің жақындарынан совет - герман майданынан келген ақпарларды оқып беруді өтініп, совет халқының фашизмді жеңіп шығатынына зор сенім білдіреді. Рабиндранат Тагор 1941 жылы 7 август күні дүние салды. Ол үнді әдебиетінің тарихындағы тұтас бір дәуірді алып жатыр. Оның шығармаларын бүкіл әлем халықтары оқиды. Соның ішінде совет оқушыларына оның есімі өте - мөте қымбат. Бүгін ұлы жазушының туғанына жүз жыл толуын бүкіл прогресшіл адам баласы атап өтуде. Рабиндранат Тагор - өшпес мұра қалдырған, есімі мәңгілікке қалатын асқан дарын иелерінің бірі.    
04.12.2012 09:26 7484

 

БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ

(мақала)

«Социалистік Қазақстан»,

7май 1961 жыл, №107

Үнді халқының ұлы перзенті

Бүгін үнді халқының ардақты перзенті, ұлы жазушы, асқан суреткер, ағартушы әрі қоғам қайраткері Рабиндранат Тагордың туғанына жүз жыл толды.

Ол- өзінің дарқан талантын, бай дарынын өз халқының азаттығы мен бақыты үшін сарп еткен ұлы күрескер. Әдеби еңбегі, суретшілік қызметі, публицистикасы, өмірдегі белсенді қайраткерлігі арқылы Рабиндранат Тагор өз халқының рухани өмірін, тұрмысын, салт - санасын, әдет - ғұрпын, қуанышын, мұң - мұқтажын бүкіл әлемге таныту үшін көп еңбек сіңірді. Рабиндранат Тагор аса көрнекті гуманист еді. Ол соғыс атаулыны, фашизмді жан- тәнімен жек көрді.

1930 жылы Рабиндранат Тагор Совет Одағына келді. Сол кезден бастап өмірінің ақырына дейін ол біздің елдің айнымас досы болып қалды. Соғысқа лағынет айтқан гуманист Тагор Совет Одағының бейбітшілікті қорғаушы ұлы күш екенін көрді.

Совет Одағынан оралған соң Тагор «Россия туралы хаттар» атты публицистикалық кітап жазды. «Россия туралы хаттардағы» империализм мен отаршылдыққа қарсы үннің пәрменділігі сонша - бұл кітапты ағылшын тіліне аударуға тыйым салынды. Ал, оны бенгал тілінде басып шығарғаны үшін редакцияға ағылшынның отаршыл өкіметі айып салды.

Тагор шығармаларының басты тақырыбы - Үндістанның, оның қаналған халқының өмірі, отаршылардың озбырлығынан туған жоқшылық пен ашаршылық еді. Тагор дарыны жан-жақты: ол философ әрі суретші, композитор әрі тіл маманы, драматург әрі педагог, прозаик әм ақын, сыншы және қоғам қайраткері болды.

Тагор 12 роман мен повесть, 50 өлеңдер жинағын, жүзден аса әңгімелер жинағын, жүзден аса әңгіме, 30 пьеса, 200 сын мақала жазып қалдырды. Оның өзі салған жүздеген суреті бар. Сол суреттердің 1930 жылы Москвада және Парижде өткізілген көрмелері үлкен табысқа ие болды.

Тагор творчествосы тек Үндістанның ғана емес, бүкіл дүниежүзі халықтарының, гуманизм идеяларын, халықаралық ынтымақты жақтаған адамдардың бәрінің де аса ұлы мәдени жеңісі болып табылады.

Қазақ халқы Тагор есімімен бұрыннан таныс. Тагордың орыс тілінде жарық көрген 12 томдық шығармалар жинағы Қазақстанда да кеңінен тарады. Қазақ тілінде ұлы жазушының үш томдығының басылуы - оның шығармасына деген құштарлықтың айғағы. Қазір қазақ тілінде Тагор шығармаларының бес томдығы баспаға дайындалып жатыр. Оның творчествосы қазақшаға бұдан былай да аударыла бермек.

*∙*∙*∙

Рабиндранат Тагор 1861 жылы 7 май күні Калькутта қаласында дүниеге келді. Тагор өмірбаяны қайшылыққа толы. Ол бірқатар тарихи жағдайлардың әсерімен ұзақ уақыт діни идеялардың шырмауында болып келді. Бұл Тагордың өсу және қалыптасу дәуірі еді. Ол азап шегіп, қиыншылықта өсті. Ол үнді халқын қанап отырған отаршылдық үстемдікке қанымен қас болды, бірақ ағылшын отаршылдарынан халықты құтқару жолы оған көбінесе айқын емес еді. Бұл қайшылық - Тагор өмірінің ең ірі трагедиясы.

Рабиндранат ең алдымен Шығыс семинариясында, одан кейін орталау мектепте оқыды. Ол жеті - сегіз жасында - ақ өз бетінше шығарма жазып, жаттыға бастады. Бұдан әрі ол Бенгал академиясына (орта мектеп типтес оқу орны) түсіп оқиды. Бірақ мұнан алған білімінің пайдасы шамалы болды. Тагор жоғары оқу орнын бітірген кісі болмаса да, оның білімі энциклопедиялық білім еді. «Жастық шағымның бір ұлы ләззаты», - деп жазды ол кейін, - «біздің үйде болған әдебиетшілер мен артистерден алған әсерім».

Тагордың алғашқы өлеңдері мен мақалалары «Гьян - анкур» журналында басылды. 1877 жылдан бастап жас Тагор өзінің ағасы шығарған «Бхароти» журналының ең көрнекті қызметкерлерінің бірі болады.

1883 жылы оның ортағасырлық Үндістан өмірінен жазған тұңғыш романы - «Боутхакуранир Хат» және әйгілі пьесасы - «Саяқ» жарыққа шықты. Бұл пьесада автор тақуалықты, абстракциялық ойға кетуді, дүниеге енжар көзқарасты сынап, адам өмірін ардақтап, оның жер үстіндегі қуаныш атаулының бәріне праволы екенін дәлелдейді. Тагордың «Ой» атты мақалалар жинағы мен «Таңғы жырлар» атты өлеңдер жинағы да осы тақырыпқа арналған.

Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары Тагор сақа жазушы санатына қосылып, өресі кең ірі қоғам қайраткері дәрежесіне жетеді, оның шығармаларының тақырыбы байи түседі. Ол енді қысқа әңгімелер жанрына көп көңіл бөледі. Көп уақыт деревняда тұрып, қарапайым халықтың өмірімен жете танысады, олардың мұң - мұқтажын, жоқшылық өмірін, правосыздық халін көреді. Міне, осы көргендерінің бәрі көркем сөзбен суреттеліп, оның қысқа әңгімелерінен орын алады.

Бұл әңгімелерінде Тагор қарапайым адамдардың арман - тілегін, олардың қанаушыларға, отаршылдарға деген өшпенділігі мен ыза - кегін, билеп - төстеуші чиновниктердің, помещиктердің, ағылшын отаршылдарының зымияндығын, қаталдығын, жауыздығын бейнелейді Тагор дүниеқорлықты, алыпсатар кәсіпті, адам жанын жаралайтын жаман қылықтардың бәрін әшкерелейді. Сонымен бірге ол ортағасырлық феодализмнің қалдықтарын, әсіресе касталық дәстүрді ызалы мысқылмен сынап, дін басыларының бет пердесін сыпырады.

Ескінің шырмауында көбірек қалып келе жатқан үнді әйелдері еді. Өзінің әңгімелерінде Тагор соларға көп көңіл бөледі. Тагор үнді әдебиетінде бірінші болып бұқараны жырлайды, «кішкентай адамды» өз шығармасының жағымды кейіпкері етіп алады, оның адалдығын, жомарттығын, адамгершілігін паш етеді.

Тагор шығармалары Үндістан халықтары әдебиетіне үлкен әсерін тигізді. Оның шығармаларындағы гуманизм, реализм, сыншыл бағыт сияқты басты қасиеттер үнді әдебиетінде сыншыл реализмнің туып, қалыптасуына баға жеткізгісіз жағдай жасады.

1901-1902 жылдары Тагор өзінің әлеуметтік - психологиялық тұңғыш романдарын жазады. Оның «Көзге түскен қиыршық» және «Күйреу» атты романдары - бенгал әдебиетінде осы жанрдың негізін қалаған шығармалар. «Күйреу» атты романы жаңа өмір мен ескіліктің қалдықтары арасындағы тартысты бейнелейді. «Көзге түскен қиыршық» романында феодалдық дәуірден қалған әдет - ғұрып шырмауына түскен жесір әйелдің тағдырын баяндайды.

Тагордың «Джанаганамана» атты өлеңі қазір Үндістан республикасының мемлекеттік гимніне айналды. Ал, оның «Горан» деген атпен шыққан романы отаршылдық, құлдыққа қарсы асқақ ызалы үн көтерген аса құнды шығарма болды.

1910 жылдары жазушының есімі ел - елге тарап, әлемге әйгілі бола бастайды. 1913 жылы «Гитанджали» атты өлеңдер жинағы ағылшын тіліне аударылғаннан кейін, оның шығармалары басқа тілдерде де шыға бастады. Тек 1914 жылдың өзінде «Гитанджали» орыс тілінде төрт рет басылып шықты. 1913 жылы Калькутта университеті Тагорға әдебиет докторы атағын берді.

Дүниежүзілік бірінші империалистік соғыс жылдары Тагор көркем шығармалар жазумен бірге, қоғамдық және педагогтік жұмыстарын да қызу жүргізеді. 1915 жылы Жапония мен Америка Құрама Штаттарына барып лекция оқиды, адамзат тарихында Үндістанның мәні зор екенін мәлімдейді. Ол феодалдық қалдықтармен бірге капиталистта цивилизацияның қатігездігін де сынайды. Жапонияда болған кезде ол жапон билеп-төстеушілерінің Қытайға жасап отырған агрессиялық саясатын батыл айыптайды.

Жиырмасыншы жылдары Тагор жасы келіп қалғанына қарамастан, дүниежүзінің барлық ірі елдерін аралап шықты. Барлық елдердегі прогресшіл топтары оны ұлы үнді халқының өкілі ретінде зор құрметпен қарсы алды.

Отызыншы жылдары Тагор көптеген саяси лирикалы өлеңдер жазып, үнді әдебиетінде бұл жанрдың да негізін қалаушы болды. Бұл өлеңдер де ұдайы өршіп, үдеп бара жатқан ұлт - азаттық қозғалыс жырланбай қалған жоқ.

1938 жылы Тагор жапон жазушысы Нагутиге жолдаған әйгілі хатын жазады, онда халық өмірінен қол үзген мәдени қайраткерлерді, «өнер - өнер үшін» теориясын жақтаушыларды қатаң сынап, мәдениет қайраткерлерін фашизмге қарсы күреске шақырады.

1941 жылы апрель айында жазған «Цивилизация дағдарысы» атты мақаласы оның публицистикалық қызметінің ерекше бір қорытындысы сияқты еді. Онда ол: «Тағдырдың доңғалағы жуық арада ағылшындарды Үндістаннан тайып тұруға мәжбүр етеді, бірақ олар өз артына не қалдырып кетпек? Олардың 200 жыл бойы билеп - төстеуінен кейін тымырсық батпақ пен қоқыстың дариясы ғана қалады», - деп жазып, Британ империализміне әділетті айып тағады, қарғыс таңбасын салады.

Өмірінің соңғы кезінде ол төсек тартып жатып та қалам толғаудан бір танбайды, ол не жазса да, халқына азаттық пен бақыт тілеп, шұғыласы мен мейірімі мол шығар күнді, атар таңды аңсайды.

Гитлершіл Германия Совет Одағына шабуыл жасаған кезде ауыр халде жатқан Тагор өзінің жақындарынан совет - герман майданынан келген ақпарларды оқып беруді өтініп, совет халқының фашизмді жеңіп шығатынына зор сенім білдіреді.

Рабиндранат Тагор 1941 жылы 7 август күні дүние салды. Ол үнді әдебиетінің тарихындағы тұтас бір дәуірді алып жатыр. Оның шығармаларын бүкіл әлем халықтары оқиды. Соның ішінде совет оқушыларына оның есімі өте - мөте қымбат.

Бүгін ұлы жазушының туғанына жүз жыл толуын бүкіл прогресшіл адам баласы атап өтуде.

Рабиндранат Тагор - өшпес мұра қалдырған, есімі мәңгілікке қалатын асқан дарын иелерінің бірі.

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға