Жаңалықтар

Крест жорықтары

Крест жорықтары Крест жорықтарының себептері VII ғасыр ислам дінінің өрлеп, христиан дінінің дағдарысқа ұшырау кезеңі болды. Келесі екі жүзжылдықта Батыстағы өмірдің барлық саласына Рим папасының жоғарғы билігі орнады. Мұндай тоталитарлық (жойқын) билік христиан әлемінің дағдарысын онан сайын күшейтті. Ислам беделінің өсуі христиандықтың көзіне шыққан сүйелдей болды. Батыс ислам өктемдігінің етек алуын қаламады. Бірақ бір ортақ мақсаттың болмауы христиандардың мұсылмандар әлеміне қарсы бірігуін тежеп қалды. Батыстың бірде-бір елі мұсылмандар қол астына көшкен жерлерге басып кірген жоқ. Тек дінбасылары ғана киелі жерге қажылыққа баратын діндарларды қолдарына қару алып, мұсылмандарды Иерусалимнен қуып шығуға шақырып жатты. Шіркеу - Шығысқа жорықты ұйымдастырушы Ислам әлеміне қарсы жорыққа аттануды II Урбан папа бастады. Ол 1095 жылы Клермон қаласында (Франдия) шіркеу жиынында мыңдаған дінбасылар мен халықтың алдында сөз сөйледі. Халықты Византияның түрік салжұқтарына қарсы күресіне көмектесуге, Иса табыты жатқан Иерусалимді мұсылмандардан азат етуге шақырды. Папа бұл жорыққа катысқандардың барлық күнәсі кешіріледі, шайқаста қаза тапқандар о дүниеде пейішке барып, рақатқа бөленеді деп жариялады. Папа киелі жердің байлығы мен құнарлылығы туралы да еске салды. II Урбанның қаһарлы сөзі жиынға қатысушыларға ерекше әсер етті. Олар тізерлеп отырып, Құдай табытын азат ету үшін өмірлерін аямайтыны туралы ант берді. «Құдай осыны қалайды» деп айқайлап жүріп, сол жерде маталардан крест қиып алып, оны киімдеріне тіге бастады. Бұл христиан жауларына қарсы жорыққа аттанушының белгісі болды. Кедейлердің Шығысқа жорығы Шіркеу крест жорықшыларына көптеген жеңілдік жасады. Олар қарыздарын төлеуден босатылды, олардың дүние-мүліктері мен отбасылары шіркеу камқорлығына алынды. Папаның Шығыс елдерінің шұрайлы жері туралы, онда кедейлердің тез байып кететіні туралы үндеуі кедейлер арасында рақат өмірге бөлену үмітін қоздырды. Осындай уағыздың нәтижесінде, 1096 жылдың көктемінде Франция мен Германияның ондаған мың кедей шаруалары «қажылық жорыққа» аттанды. Аш-жалаңаш кедейлер жолдарындағы венгрлердің, болгарлар мен гректердің жерлерінен өтіп бара жатып, жергілікті халықтардың азық-түлік, мал-мүліктерін тартып алды, тонаушылыққа ұшыратты, қарсыласқандарын өлтіріп, зорлық-зомбылық жасады. 1096 жылы қазан айында салжұқ түріктерінің әскері Кіші Азияға басып кірген кресшілерді толық дерлік қырып жіберді. Діни ерлік жасап, байлыққа батуды аңсаған батыстың кедей шаруалары мен рыцарьлары осылай сәтсіздікке ұшырады. Осы бірінші крест жорығы кезінде Батыс Еуропа елдерінің феодалдары бастаған, жақсы қаруланған әскері Шығыста қырылып жатқан кедейлерге көмекке аттанды. 1097 жылдың басында Константинопольге келіп жеткен кресшілер өздерін дөрекі ұстады: жергілікті халықты тонап, ұлттық дәстүрлерін мазақ етті. Шығыс Рим императоры алдап-арбап, пара беріп, кресшілер жасақтарын әрең дегенде Кіші Азияға жөнелтіп салды.  
04.12.2012 09:25 56094

Крест жорықтары
Крест жорықтарының себептері
VII ғасыр ислам дінінің өрлеп, христиан дінінің дағдарысқа ұшырау кезеңі болды. Келесі екі жүзжылдықта Батыстағы өмірдің барлық саласына Рим папасының жоғарғы билігі орнады. Мұндай тоталитарлық (жойқын) билік христиан әлемінің дағдарысын онан сайын күшейтті. Ислам беделінің өсуі христиандықтың көзіне шыққан сүйелдей болды. Батыс ислам өктемдігінің етек алуын қаламады. Бірақ бір ортақ мақсаттың болмауы христиандардың мұсылмандар әлеміне қарсы бірігуін тежеп қалды. Батыстың бірде-бір елі мұсылмандар қол астына көшкен жерлерге басып кірген жоқ. Тек дінбасылары ғана киелі жерге қажылыққа баратын діндарларды қолдарына қару алып, мұсылмандарды Иерусалимнен қуып шығуға шақырып жатты.
Шіркеу - Шығысқа жорықты ұйымдастырушы
Ислам әлеміне қарсы жорыққа аттануды II Урбан папа бастады. Ол 1095 жылы Клермон қаласында (Франдия) шіркеу жиынында мыңдаған дінбасылар мен халықтың алдында сөз сөйледі. Халықты Византияның түрік салжұқтарына қарсы күресіне көмектесуге, Иса табыты жатқан Иерусалимді мұсылмандардан азат етуге шақырды. Папа бұл жорыққа катысқандардың барлық күнәсі кешіріледі, шайқаста қаза тапқандар о дүниеде пейішке барып, рақатқа бөленеді деп жариялады. Папа киелі жердің байлығы мен құнарлылығы туралы да еске салды. II Урбанның қаһарлы сөзі жиынға қатысушыларға ерекше әсер етті. Олар тізерлеп отырып, Құдай табытын азат ету үшін өмірлерін аямайтыны туралы ант берді. «Құдай осыны қалайды» деп айқайлап жүріп, сол жерде маталардан крест қиып алып, оны киімдеріне тіге бастады. Бұл христиан жауларына қарсы жорыққа аттанушының белгісі болды.
Кедейлердің Шығысқа жорығы
Шіркеу крест жорықшыларына көптеген жеңілдік жасады. Олар қарыздарын төлеуден босатылды, олардың дүние-мүліктері мен отбасылары шіркеу камқорлығына алынды. Папаның Шығыс елдерінің шұрайлы жері туралы, онда кедейлердің тез байып кететіні туралы үндеуі кедейлер арасында рақат өмірге бөлену үмітін қоздырды. Осындай уағыздың нәтижесінде, 1096 жылдың көктемінде Франция мен Германияның ондаған мың кедей шаруалары «қажылық жорыққа» аттанды. Аш-жалаңаш кедейлер жолдарындағы венгрлердің, болгарлар мен гректердің жерлерінен өтіп бара жатып, жергілікті халықтардың азық-түлік, мал-мүліктерін тартып алды, тонаушылыққа ұшыратты, қарсыласқандарын өлтіріп, зорлық-зомбылық жасады.
1096 жылы қазан айында салжұқ түріктерінің әскері Кіші Азияға басып кірген кресшілерді толық дерлік қырып жіберді. Діни ерлік жасап, байлыққа батуды аңсаған батыстың кедей шаруалары мен рыцарьлары осылай сәтсіздікке ұшырады.
Осы бірінші крест жорығы кезінде Батыс Еуропа елдерінің феодалдары бастаған, жақсы қаруланған әскері Шығыста қырылып жатқан кедейлерге көмекке аттанды. 1097 жылдың басында Константинопольге келіп жеткен кресшілер өздерін дөрекі ұстады: жергілікті халықты тонап, ұлттық дәстүрлерін мазақ етті. Шығыс Рим императоры алдап-арбап, пара беріп, кресшілер жасақтарын әрең дегенде Кіші Азияға жөнелтіп салды.
 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға