Жаңалықтар

Крак де Шевалье

Крак де Шевалье немесе Крак де л'Оспиталь (араб.: قلعة الحصن‎, фр. Krak des Chevaliers, фр. Krak de l'Hospital) — госпитальерлер қамалы, Сирияда ливанның Триполиынан шығысқа қарай 650 метрлік қырдың қиясында, Антиохиядан Бейрутке апаратын жолдан және Жерорта теңізінен алыс емес жерде. Ең жақын сириялық қала — Хомс —қамалдың шығысына қарай 65 шақырымда. Әлемдегі госпитальерлерден сақталҒан ҚамалдардыҢ біріов в мире. 2006 жылы Салах ад-Дин бекінісімен бірге қамал ЮНЕСКО Әлемдік мұра тізіміне қосылды. Қамал тарихы Арабтар деректері бойынша 1031 жылы қамалды Алеппо әмірі күрттер гарнизоны билеген. Ол кезде қамал Хасн әл-Акрад («Күрд қамалы») аталған. Атына байланысты франктар қамалды Крат (фр. Le Krat), кейінірек араб «карак» (қамал, бекініс) сөзіне ұқсас Крак (фр. Le Krak) деп атап кетті. 1099 жылы Крест жорықтары кезінде қамалды Раймунд IV (Тулуза графы) жаулап алады, бірақ олар қамалды тастап ары қарай жорықтарын әл-Құдысқа қарай жалғастырады. 1110 жылы қамалды қайтадан Танкред бағындырды, Галилея князі, ал 1142 жылы Раймунд II, Триполи графы Крак де Шевальені ықтимал Мосул мен Алеппо түркілер басшысы Занги ибн Ақ-Соңқырдың гарнизоны шабуылдарынан қорғау үшін госпитальерлер орденіне берді. Госпитальерлер қамалды қайта қалпы келтіріп, әрі көптеген қосымша бөлмелер салып, қамалды крест жорықшылары үшін Қасиетті жердегі ең мықты бекінісіне айналдырады. Қамал айналасында қалыңдығы 3-тен 30 метрге дейін барлау мұнарасын орнатты, оның бірінде госпитальерлердің Ұлы Магистрі тұрған. Сыртқы қабырға шеңбері ішінде алаң арқылы ішкі бөлмелерге — зал, кіші шіркеу (кейінірек оны мұсылмандар мешітке айналдырған) және 120 ұзын қоймаларға кіруге болған. Басқа қоймалық бөлмелер қамал тұрған жартастар ішінде жасырылған, осының арқасында Крак де Шевалье ұзақ уақыт қоршауларға төтеп бере алған. XII ғасыр соңы—XIII ғасырларда бірнеше жер сілкіністер қамалды аздап бүлдіргендіктен оны қайта қалпына келтіруге тура келген. Крак де Шевалье шынымен де алынбайтын қамал болған. Оны талай рет қоршауға алған, бірақ барлығы да сәтсіз. 1188 жылы қамал алдында атақты Салахаддиннің армиясы да тұрды. Сол қоршауда арабтарға кастеланды тұтқындап алады. Салахаддин жауынгерлері оны қамал керегесіне әкеліп өз гарнизонына қамал қақпасын ашқызуды талап етеді. Кастелан басында арбша қамалды беруге бұйрық беріп, бірақ сосын француз тілінде соңғы адам қалғанша күресуге бұйрық береді. Крак де Шевальені тек қулықпен ғана алынған, Бейбарыс сұлтан қамалға Триполи графы берілсін деген бұйрық айтылған жалған хат жіберіп қамалды сәуірдің 8 1271 жылы басып алады. 1272 жылы тоғызыншы крест жорығында ағылшын патшасы Эдуард I қамалды көріп қайран қалады, сондықтан ол Кракты үлгі ретінде алып Англия мен Уэльсте қамалдар салады. Аравия Лоуренсы тамызда 1909 жылы көргенде оны «әлемдегі ең керемет қамал болар» деген еді. 2003 жылы ресей «Баязет» телесериялы түсіріледі  по одноимённому роману Валентина Пикуля.
04.12.2012 09:22 3340

Крак де Шевалье немесе Крак де л'Оспиталь (араб.: قلعة الحصن‎, фр. Krak des Chevaliers, фр. Krak de l'Hospital) — госпитальерлер қамалы, Сирияда ливанның Триполиынан шығысқа қарай 650 метрлік қырдың қиясында, Антиохиядан Бейрутке апаратын жолдан және Жерорта теңізінен алыс емес жерде. Ең жақын сириялық қала — Хомс —қамалдың шығысына қарай 65 шақырымда.

Әлемдегі госпитальерлерден сақталҒан ҚамалдардыҢ біріов в мире. 2006 жылы Салах ад-Дин бекінісімен бірге қамал ЮНЕСКО Әлемдік мұра тізіміне қосылды.

Қамал тарихы

Арабтар деректері бойынша 1031 жылы қамалды Алеппо әмірі күрттер гарнизоны билеген. Ол кезде қамал Хасн әл-Акрад («Күрд қамалы») аталған. Атына байланысты франктар қамалды Крат (фр. Le Krat), кейінірек араб «карак» (қамал, бекініс) сөзіне ұқсас Крак (фр. Le Krak) деп атап кетті. 1099 жылы Крест жорықтары кезінде қамалды Раймунд IV (Тулуза графы) жаулап алады, бірақ олар қамалды тастап ары қарай жорықтарын әл-Құдысқа қарай жалғастырады.

1110 жылы қамалды қайтадан Танкред бағындырды, Галилея князі, ал 1142 жылы Раймунд II, Триполи графы Крак де Шевальені ықтимал Мосул мен Алеппо түркілер басшысы Занги ибн Ақ-Соңқырдың гарнизоны шабуылдарынан қорғау үшін госпитальерлер орденіне берді.

Госпитальерлер қамалды қайта қалпы келтіріп, әрі көптеген қосымша бөлмелер салып, қамалды крест жорықшылары үшін Қасиетті жердегі ең мықты бекінісіне айналдырады. Қамал айналасында қалыңдығы 3-тен 30 метрге дейін барлау мұнарасын орнатты, оның бірінде госпитальерлердің Ұлы Магистрі тұрған. Сыртқы қабырға шеңбері ішінде алаң арқылы ішкі бөлмелерге — зал, кіші шіркеу (кейінірек оны мұсылмандар мешітке айналдырған) және 120 ұзын қоймаларға кіруге болған. Басқа қоймалық бөлмелер қамал тұрған жартастар ішінде жасырылған, осының арқасында Крак де Шевалье ұзақ уақыт қоршауларға төтеп бере алған. XII ғасыр соңы—XIII ғасырларда бірнеше жер сілкіністер қамалды аздап бүлдіргендіктен оны қайта қалпына келтіруге тура келген.

Крак де Шевалье шынымен де алынбайтын қамал болған. Оны талай рет қоршауға алған, бірақ барлығы да сәтсіз. 1188 жылы қамал алдында атақты Салахаддиннің армиясы да тұрды. Сол қоршауда арабтарға кастеланды тұтқындап алады. Салахаддин жауынгерлері оны қамал керегесіне әкеліп өз гарнизонына қамал қақпасын ашқызуды талап етеді. Кастелан басында арбша қамалды беруге бұйрық беріп, бірақ сосын француз тілінде соңғы адам қалғанша күресуге бұйрық береді.

Крак де Шевальені тек қулықпен ғана алынған, Бейбарыс сұлтан қамалға Триполи графы берілсін деген бұйрық айтылған жалған хат жіберіп қамалды сәуірдің 8 1271 жылы басып алады.

1272 жылы тоғызыншы крест жорығында ағылшын патшасы Эдуард I қамалды көріп қайран қалады, сондықтан ол Кракты үлгі ретінде алып Англия мен Уэльсте қамалдар салады.

Аравия Лоуренсы тамызда 1909 жылы көргенде оны «әлемдегі ең керемет қамал болар» деген еді.

2003 жылы ресей «Баязет» телесериялы түсіріледі  по одноимённому роману Валентина Пикуля.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға