Бидай
04.12.2012 09:19
47877
БИДАЙ – астық тұқымдасына жататын аса маңызды дәнді дақыл. Қазақстанда 6 түрі (Еділ Б-ы, Польша Б-ы, көже Б., жұмсақ Б., қатты Б., көбен Б.) өседі, жабайы түрлері сирек кездеседі. Биікт. 40 – 130 см, тамыр жүйесі – шашақты, тарамдалған. Сабағы қуыс, жұмыр, жапырағы таспа тәрізді, сағағы сабағын орай орналасқан. Гүлшоғыры – күрделі масақ, оның қынабында 2 масақша қабыршағынан тұратын масақтар орналасқан, ал олардың аралығында 3 – 5 гүлдері болады. Масақтың пішіні ұршық тәрізді, түсі ақ, қызғылт, кейде қара, ішінде қылтанағы болады. Тұқымы – ұзына бойына тартылған сызаты бар, беті жылтыр дән. Қазақстанда негізінен жұмсақ және қатты Б. өсіріледі. Жұмсақ Б-дың (T. ae»tіvum) масағы да жұмсақ, дәні жұмыр әрі жылтыр, сабағы қуыс. Оның ұнынан көбіне нан пісіріледі, ол нәрлі және жоғары сапалы болып саналады, құрамында 16%-дай белок болады, жылтырлығы 70%, дән уызы серпімді әрі созылмалы келеді. Жұмсақ Б. Қазақстанда егіс аумағының негізгі бөлігін алып жатыр. Әсіресе, Қазақстанның Батыс, Орт., Шығыс аудандарында өсетін жұмсақ Б. өте құнды болып есептеледі. Қатты Б-дың (T. durum) дәні ірі, сопақша, жылтыр. Оның дәнінде 24% белок бар, ұнының сапасы жоғары, одан кеспе және макарон жасайды. Қазақстанның климаты қуаң жерлерде өсетін қатты Б. ұнының сапасы өте жоғары болады. Жұмсақ және қатты Б-лардың жаздық және күздік сорттары бар. Жаздық бидай көктемде, күздік бидай күзде егіледі. Күздік бидайдың тұқымы 1 – 2ӘС жылылықта, 7 – 9 күнде көктеп шығады, 12 – 14ӘС жылылықта бітік шығады.. Сол қалпымен қар астында қыстап, көктемде өсіп дән салып, жазда піскен соң орылып жиналады. Күздік бидай түптену және сабақтану кезеңінде, дәні толыға бастаған кезінде ылғалды көп мөлшерде қажет етеді әрі топырақтың құнарлылығын қалайды. Көктемгі қуаңшылық оның өнімінің азаюына әсер етеді, дәні солыңқы болады. Сондықтан қыста қар тоқтату жұмыстарын жүргізу керек. Күздік Б. көбінесе оңт. облыстарда өсіріледі. Әсіресе, қызғылт қоңыр, құнарлы, саздау топырақтарда, тың жерлерде жақсы өседі. Тұқым себу мөлшері мен мерзімі әр аймақтың ауа райына, топырағына байланысты. Қазақстанда жаздық Б-дың көп тараған сорттарына ерте пісетін «Қазақстан-15», «Қазақстан-19», «Қазақстан-25», «Қарабалықтық-90», «Лютесценс-32», «Саратовтық-29», т.б. жатады. Қазақстанда Б-дың 29 сорты аудандастырылған. Б. – негізгі азық-түліктік дақыл. Б-дың дәнінен жарма, ұнынан нан, макарон, кеспе жасайды, кондитер өнеркәсібінде кеңінен пайдаланады. Оның дәні, кебегі, сабаны құнарлы мал азығы, құрама жем өнеркәсібінің шикізаты. Б. сұрыптаумен Ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталығына қарасты Қазақ егін шаруашылығы ғыл.-зерт. ин-ты, Ботаника және фитоинтродукция ин-ты, ҚазҰУ, Қазақ мемл. аграрлық ун-ті, аймақтық тәжірибе ст-лары шұғылданады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Аналогия
Келесі жаңалық
Павлодарда қария шаңғымен мұз астына түсіп кетті