Жаңалықтар

Сыршыл әнші

  ҒАБИДЕН МҰСТАФИН Сыршыл әнші Халықтың ән қазынасының бізге ұқыптылықпен жетуі алдымен әншіге байланысты. Біреуден естігенін не үйренгенін сол қалпында жеткізушіні міндетін толық орындады дей алмаймыз. Нашар жеткізуші жақсы әнді қор етеді. Егер ол нағыз өнер иесі болса, әнді айтып қана қоймай, өңдеп, шыңдап, жұтынтып жеткізеді. Қазақ ССР халық артисі Жүсіпбек Елебеков — қандай әнді орындамасын, тыңдаушысына жұтынтып жеткізетін, өз жанын қосып, байыта түсетін өте шебер әнші. Оның әншілік, орындаушылық қасиеті сан қырлы. Әнді өзі шығарғандай көркейтіп, түрлендіріп әкетеді. Ол құр жаттай салмайды. Әнге асқан жауапкершілікпен, творчестволықпен қарайды. Жарасты нақышына келтіріп, өң беріп тек өзіне тән мәнермен айтады. Салған әнін өзінше түсініп, сыннан өткізетініне бір мысал келтірейін. 1942 жылы Жүсіпбек, Елубай тағы бірнеше артист бар, бәріміз Калинин майданында болып қайттық. Бір жерде Рамазан Елебаевқа кездестік. Қазақстаннан келген адамдар өнер көрсетіп болған соң полк командирі енді біздің де жігіттерді тыңдап көріңіздер деді. Рамазан Төлеген Тоқтаровқа арнап шығарған әнін гормонға қосып орындап берді. Ән «Жас қабыр басында» деп аталады. Концерттен кейін: «Бұл әнді айтуға болмайды. Жоқтау тәрізді. Жасық, жылауық ән екен. Ауыл арасында айтылатын зарлы әнге ұқсас. Бізге көтеріңкі, жігерлі әндер керек» дедім. Арада бірер күн өтті. Жүсіпбек, Елубай үшеуміз блиндажда демалып жатқанбыз. Жүсіпбек домбыра шертіп отырған. Әлдебір жағымды әуенді естігендей болдым. Жүсіпбек айтатын әндердің көбін бұрыннан білетінмін. Мына ән ұнап барады. —Мен естімеген тәуір нәрсе екен мынауың. Тартшы,— дедім. —Рас, тәуір ме?— деді. —Тартшы,— деп тағы да қолқаладым. Жүсіпбек сол арада күліп жіберді. «Бұл кеше өзің айтпа деген Рамазан шығарған ән емес пе»— деді. Әннің әуелде ұнамай, кейін құлаққа жағымды естілуінің екі сыры бар еді. Мен әуелде әнді текстімен қоса естіген болатынмын. Сөздері жоқтау, күйіну сарынында боп, ұйқасы онша келіспеді. Әннің де жетімсіздігі бар. Жүсіпбек осы әнді сыннан өткізіп, өңдеп домбыраға салып алыпты. —Олай болса бұл әнді аяқсыз тастамау керек. Жаңадан текст жазу керек шығар,— дедім. —Бұл тамаша ән болғалы тұр. Ендеше текст жазып бер,— деп Жүсіпбек маған жабысты. Екеуміз біраз күн бірлесіп жұмыс істедік. Мен текст жазам. Жүсіпбек әнге салады. Сөзді ән ырғағына лайықтау үшін кей жерін қайта - қайта өңдейміз. Рамазан Елебаевтың сөзін мен жазған «Жас қазақ» әні, кейін Жүсіпбектің орындауымен көпшілікке тарады. Жүсіпбек әнге бар сезімін билетіп, балқи отырып, түгелдей беріліп айтатын нәзік, сыршыл әнші. Қазақ әндерінің табиғатын, байлығын терең түсініп, дәл жеткізеді. Көп адамға ұнайтыны содан болар. Жүсіпбек басқаға ұқсамайтын, өнерін ел таныған, үлкен талант иесі. 1968  
04.12.2012 09:17 6892

 

ҒАБИДЕН МҰСТАФИН

Сыршыл әнші

Халықтың ән қазынасының бізге ұқыптылықпен жетуі алдымен әншіге байланысты. Біреуден естігенін не үйренгенін сол қалпында жеткізушіні міндетін толық орындады дей алмаймыз. Нашар жеткізуші жақсы әнді қор етеді. Егер ол нағыз өнер иесі болса, әнді айтып қана қоймай, өңдеп, шыңдап, жұтынтып жеткізеді. Қазақ ССР халық артисі Жүсіпбек Елебеков — қандай әнді орындамасын, тыңдаушысына жұтынтып жеткізетін, өз жанын қосып, байыта түсетін өте шебер әнші. Оның әншілік, орындаушылық қасиеті сан қырлы. Әнді өзі шығарғандай көркейтіп, түрлендіріп әкетеді. Ол құр жаттай салмайды. Әнге асқан жауапкершілікпен, творчестволықпен қарайды. Жарасты нақышына келтіріп, өң беріп тек өзіне тән мәнермен айтады. Салған әнін өзінше түсініп, сыннан өткізетініне бір мысал келтірейін.

1942 жылы Жүсіпбек, Елубай тағы бірнеше артист бар, бәріміз Калинин майданында болып қайттық. Бір жерде Рамазан Елебаевқа кездестік. Қазақстаннан келген адамдар өнер көрсетіп болған соң полк командирі енді біздің де жігіттерді тыңдап көріңіздер деді. Рамазан Төлеген Тоқтаровқа арнап шығарған әнін гормонға қосып орындап берді.

Ән «Жас қабыр басында» деп аталады. Концерттен кейін: «Бұл әнді айтуға болмайды. Жоқтау тәрізді. Жасық, жылауық ән екен. Ауыл арасында айтылатын зарлы әнге ұқсас. Бізге көтеріңкі, жігерлі әндер керек» дедім.

Арада бірер күн өтті. Жүсіпбек, Елубай үшеуміз блиндажда демалып жатқанбыз. Жүсіпбек домбыра шертіп отырған. Әлдебір жағымды әуенді естігендей болдым. Жүсіпбек айтатын әндердің көбін бұрыннан білетінмін. Мына ән ұнап барады.

—Мен естімеген тәуір нәрсе екен мынауың. Тартшы,— дедім.

—Рас, тәуір ме?— деді.

—Тартшы,— деп тағы да қолқаладым. Жүсіпбек сол арада күліп жіберді. «Бұл кеше өзің айтпа деген Рамазан шығарған ән емес пе»— деді.

Әннің әуелде ұнамай, кейін құлаққа жағымды естілуінің екі сыры бар еді. Мен әуелде әнді текстімен қоса естіген болатынмын. Сөздері жоқтау, күйіну сарынында боп, ұйқасы онша келіспеді. Әннің де жетімсіздігі бар. Жүсіпбек осы әнді сыннан өткізіп, өңдеп домбыраға салып алыпты.

—Олай болса бұл әнді аяқсыз тастамау керек. Жаңадан текст жазу керек шығар,— дедім.

—Бұл тамаша ән болғалы тұр. Ендеше текст жазып бер,— деп Жүсіпбек маған жабысты. Екеуміз біраз күн бірлесіп жұмыс істедік. Мен текст жазам. Жүсіпбек әнге салады. Сөзді ән ырғағына лайықтау үшін кей жерін қайта - қайта өңдейміз. Рамазан Елебаевтың сөзін мен жазған «Жас қазақ» әні, кейін Жүсіпбектің орындауымен көпшілікке тарады.

Жүсіпбек әнге бар сезімін билетіп, балқи отырып, түгелдей беріліп айтатын нәзік, сыршыл әнші. Қазақ әндерінің табиғатын, байлығын терең түсініп, дәл жеткізеді. Көп адамға ұнайтыны содан болар. Жүсіпбек басқаға ұқсамайтын, өнерін ел таныған, үлкен талант иесі.

1968

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға