Жаңалықтар

Иммунитет

Иммунитет (латынша іm-munіtas – босап шығу, арылу, құтылу). Биологияда – организмнің антигендік қасиеттері бар жұқпалы және жұқпалы емес бөгде заттарды, жұқпалы аурулар қоздырғышын немесе олар бөліп шығаратын кейбір улы заттарды қабылдамаушылық қасиеті және оларға қарсы тұру қабілеті. Иммунитет – көрінісі мен механизмі бойынша әрқилы болып келетін жалпы жоғары сатыдағы организмдерге (адамдар, жануарлар, өсімдіктер) ортақ биологиялық қасиет. Организмнің бұл қасиеті оның жеке басының тіршілік ортасына бейімделу ерекшеліктерімен тікелей байланысты. Иммунитет кезінде организмде аса күрделі биологиялық процестер жүріп, организмнің қорғаныштық қасиеті арта түседі. Соның нәтижесінде түрлі зиянды микроорганизмдерді, олардың уларын, т.б. бөгде заттарды ыдыратып, бейтараптап жойып жіберетін қабілеті күшейеді. Иммунитет - ағзаның ауру тудыратын агенттерді олардың тіршілік ету өнімдерін, сондай-ақ генетикалық табиғаты басқа заттарды қабылдамаушылығы. Иммунитеттің қалыптасуына тұтас жүйе ретінде бүкіл организм қатысады, өйткені оның қорғану механизмі бір-біріне байланысты, әрі нейрогуморальды реттеу жағдайында әрекет етеді. Қорғаушы заттар, антидене Организмнің зиянды микробтар енуіне қарсы тұра алатын ерекше бейімделушілігін организмнің табиғи төзімділігі (резистенттілігі) деп атайды. Бұған организмнің кез келген бөгде заттарға қарсы тұрып оларды жоюға қатысатын тері эпителийінің механикалық қасиеті, сонымен бірге ауру қоздыратын микробтарды жойып жіберетін бактериоцидтік заттар бөлуі, асқазан сөлінің микроб жойғыш қасиеті, шырышты қабаттардың, лимфобездердің қорғаныс қабілеті, көз жасының, сілекейдің микробтарға қарсы әсер ету қасиеті, қан сарысуының құрамында болатын қорғаушы заттар – фагоциттер, лизоцим, бактериолизин, т.б. жатады. Бұлар иммунитеттің жалпы әсер етуші факторларына жатады. Өйткені олар дені сау адамдар мен жануарлардың барлығында әр түрлі мөлшерде тұрақты түрде болады. Ал организмге зиянды микробтар (олардың улы заттары) түскенде оларды тікелей жоюға қатысатын белок, яғни табиғаты, қорғаушылық қабілеттілігі өте күшті арнайы заттар – антиденелер (иммундық глобулиндер) түзіледі. Олар көк бауыр, бауыр, сүйек кемігі, т.б. ұлпаларында өндіріліп, қан арқылы барлық организмге тарайды. Мұндай антиденелер қандай затқа қарсы пайда болса, соны ғана жоюға қатысады. Олар иммунитеттің арнаулы факторларына жатады. Президенттік иммунитет Президенттік иммунитет – мемлекет басшысы өзінің міндетін атқарып тұрған кезінде тұтқындалмайтынын, қамауға алынбайтынын, сот алдында жауапқа тартылмайтынын білдіреді. Президенттік иммунитет тек Конституцияда көзделген ерекше тәртіппен қызметтен кетірілгенде ғана (импичмент, қызметтен босатылу, т.б.) алынып тасталады. Бұдан кейін президент сот тәртібімен қудалануы мүмкін (АҚШ, Бразилия, Венесуэла), не мүлде қудаланбайды (Чехия). Францияда және кейбір басқа да елдерде президент тек мемлекеттік опасыздық жасаған жағдайда ғана парламенттің шешімімен арнаулы сотқа беріледі. Қазақстанда, Конституцияда көзделгеніндей, ел Президентіне, оның абыройы мен ар-намысына ешкімнің тиісуіне болмайды . Жасанды және туа пайда болған иммунитет, иммунитеттеу Кейбір жануарлар мен адамның қанында организмді жұқпалы аурудан қорғайтын заттар іштен туа пайда болады, ондай иммунитетті туа пайда болған иммунитет деп атайды. Бұл қасиет тұқым қуалайды. Туған күнінен бастап, өзінің барлық тіршілік ету кезеңдерінде түзілетін организмнің қарсы тұру қабілеттілігін жүре пайда болатын иммунитет деп атайды. Ол табиғи және жасанды деп екіге бөлінеді (екеуі де белсенді және енжар болып ажыратылады). Бұл иммунитеттің табиғи жолмен түзілген белсенді түрі жұқпалы аурулармен науқастанып тұрғаннан кейін пайда болады. Әдетте, ол ұзақ мерзімге созылады, кейбір жағдайда өмір бойына сақталады. Мысалы, адамдар шешек, қызылша, т.б. жұқпалы аурулармен бір рет ауырып тұрса, екінші рет қайталап ауырмайды. Ал табиғи иммунитеттің енжар түрі нәрестеге құрсақта жатқанда бала жолдасы (плацента) арқылы, ал туғаннан кейін анасының сүтімен беріледі. Мұндай иммунитет ұзаққа созылмайды, сәби 1 жасқа келгенше сақталуы мүмкін. Ауруды болдырмау үшін алдын ала егудің немесе биологиялық препараттар енгізудің нәтижесінде түзілген иммунитет жасанды иммунитет деп аталады. Егер де ондай иммунитет вакцина егуден кейін пайда болса – белсенді, ал дайын иммунды қан сарысуын құйғанда пайда болса – енжар иммунитет дейді. Жасанды жолмен, яғни егудің нәтижесінде құралған белсенді иммунитет енжар түріне қарағанда, ұзағырақ (6 айдан бірнеше жылға дейін) сақталады. Мысалы, шешек ауруына, қызылша, туберкулез, сіреспе, күл, т.б. ауруларға қарсы егу. Ал сарысу енгізгеннен кейін пайда болатын енжар иммунитеттің 2 – 3 аптадан 1 айға дейін ғана тиімділігі бар.
04.12.2012 09:16 14987

Иммунитет (латынша іm-munіtas – босап шығу, арылу, құтылу).
Биологияда – организмнің антигендік қасиеттері бар жұқпалы және жұқпалы емес бөгде заттарды, жұқпалы аурулар қоздырғышын немесе олар бөліп шығаратын кейбір улы заттарды қабылдамаушылық қасиеті және оларға қарсы тұру қабілеті. Иммунитет – көрінісі мен механизмі бойынша әрқилы болып келетін жалпы жоғары сатыдағы организмдерге (адамдар, жануарлар, өсімдіктер) ортақ биологиялық қасиет. Организмнің бұл қасиеті оның жеке басының тіршілік ортасына бейімделу ерекшеліктерімен тікелей байланысты. Иммунитет кезінде организмде аса күрделі биологиялық процестер жүріп, организмнің қорғаныштық қасиеті арта түседі. Соның нәтижесінде түрлі зиянды микроорганизмдерді, олардың уларын, т.б. бөгде заттарды ыдыратып, бейтараптап жойып жіберетін қабілеті күшейеді.
Иммунитет - ағзаның ауру тудыратын агенттерді олардың тіршілік ету өнімдерін, сондай-ақ генетикалық табиғаты басқа заттарды қабылдамаушылығы. Иммунитеттің қалыптасуына тұтас жүйе ретінде бүкіл организм қатысады, өйткені оның қорғану механизмі бір-біріне байланысты, әрі нейрогуморальды реттеу жағдайында әрекет етеді.
Қорғаушы заттар, антидене
Организмнің зиянды микробтар енуіне қарсы тұра алатын ерекше бейімделушілігін организмнің табиғи төзімділігі (резистенттілігі) деп атайды. Бұған организмнің кез келген бөгде заттарға қарсы тұрып оларды жоюға қатысатын тері эпителийінің механикалық қасиеті, сонымен бірге ауру қоздыратын микробтарды жойып жіберетін бактериоцидтік заттар бөлуі, асқазан сөлінің микроб жойғыш қасиеті, шырышты қабаттардың, лимфобездердің қорғаныс қабілеті, көз жасының, сілекейдің микробтарға қарсы әсер ету қасиеті, қан сарысуының құрамында болатын қорғаушы заттар – фагоциттер, лизоцим, бактериолизин, т.б. жатады. Бұлар иммунитеттің жалпы әсер етуші факторларына жатады. Өйткені олар дені сау адамдар мен жануарлардың барлығында әр түрлі мөлшерде тұрақты түрде болады. Ал организмге зиянды микробтар (олардың улы заттары) түскенде оларды тікелей жоюға қатысатын белок, яғни табиғаты, қорғаушылық қабілеттілігі өте күшті арнайы заттар – антиденелер (иммундық глобулиндер) түзіледі. Олар көк бауыр, бауыр, сүйек кемігі, т.б. ұлпаларында өндіріліп, қан арқылы барлық организмге тарайды. Мұндай антиденелер қандай затқа қарсы пайда болса, соны ғана жоюға қатысады. Олар иммунитеттің арнаулы факторларына жатады.
Президенттік иммунитет
Президенттік иммунитет – мемлекет басшысы өзінің міндетін атқарып тұрған кезінде тұтқындалмайтынын, қамауға алынбайтынын, сот алдында жауапқа тартылмайтынын білдіреді. Президенттік иммунитет тек Конституцияда көзделген ерекше тәртіппен қызметтен кетірілгенде ғана (импичмент, қызметтен босатылу, т.б.) алынып тасталады. Бұдан кейін президент сот тәртібімен қудалануы мүмкін (АҚШ, Бразилия, Венесуэла), не мүлде қудаланбайды (Чехия). Францияда және кейбір басқа да елдерде президент тек мемлекеттік опасыздық жасаған жағдайда ғана парламенттің шешімімен арнаулы сотқа беріледі. Қазақстанда, Конституцияда көзделгеніндей, ел Президентіне, оның абыройы мен ар-намысына ешкімнің тиісуіне болмайды .
Жасанды және туа пайда болған иммунитет, иммунитеттеу
Кейбір жануарлар мен адамның қанында организмді жұқпалы аурудан қорғайтын заттар іштен туа пайда болады, ондай иммунитетті туа пайда болған иммунитет деп атайды. Бұл қасиет тұқым қуалайды. Туған күнінен бастап, өзінің барлық тіршілік ету кезеңдерінде түзілетін организмнің қарсы тұру қабілеттілігін жүре пайда болатын иммунитет деп атайды. Ол табиғи және жасанды деп екіге бөлінеді (екеуі де белсенді және енжар болып ажыратылады). Бұл иммунитеттің табиғи жолмен түзілген белсенді түрі жұқпалы аурулармен науқастанып тұрғаннан кейін пайда болады. Әдетте, ол ұзақ мерзімге созылады, кейбір жағдайда өмір бойына сақталады. Мысалы, адамдар шешек, қызылша, т.б. жұқпалы аурулармен бір рет ауырып тұрса, екінші рет қайталап ауырмайды. Ал табиғи иммунитеттің енжар түрі нәрестеге құрсақта жатқанда бала жолдасы (плацента) арқылы, ал туғаннан кейін анасының сүтімен беріледі. Мұндай иммунитет ұзаққа созылмайды, сәби 1 жасқа келгенше сақталуы мүмкін.
Ауруды болдырмау үшін алдын ала егудің немесе биологиялық препараттар енгізудің нәтижесінде түзілген иммунитет жасанды иммунитет деп аталады. Егер де ондай иммунитет вакцина егуден кейін пайда болса – белсенді, ал дайын иммунды қан сарысуын құйғанда пайда болса – енжар иммунитет дейді. Жасанды жолмен, яғни егудің нәтижесінде құралған белсенді иммунитет енжар түріне қарағанда, ұзағырақ (6 айдан бірнеше жылға дейін) сақталады. Мысалы, шешек ауруына, қызылша, туберкулез, сіреспе, күл, т.б. ауруларға қарсы егу. Ал сарысу енгізгеннен кейін пайда болатын енжар иммунитеттің 2 – 3 аптадан 1 айға дейін ғана тиімділігі бар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға