Жаңалықтар

Минералдар синтезі

Минералдар синтезі – жеке элементтерден немесе химиялық қосылыстардан минералды, монокристалдарды жасанды жолмен алу процесі. М. с-мен алғаш рет орта ғасыр ғалымдары (алхимиктер) шұғылданды. Итальян ғалымы Специаның 1904 ж. кварцты, француз ғалымы Вернейльдің 1905 ж. лағылды (рубинді) жасанды жолмен алуы нәтижесінде М. с. алғашқы тәжірибелік нәтижелер берді. Вернейльдің әдісі бойынша 1912 ж. Швейцарияда сағат өндірісінің мұқтажын қамтамасыз ету үшін тех. лағыл жасау қолға алынды. Электртехника, радиотехника, дәл аспаптар, т.б. өндіріс салаларының тех. кристалдарды көптеп қажет еткен талаптарына сәйкес тиісті минералдарды өндірістік масштабта синтездеу 19 ғ-дың 40 – 50 ж. тез дамыды. М. с. өндірістің дамыған саласына айналуына байланысты АҚШ, Жапония, т.б. елдерде жасанды жолмен алынған слюда, кварц, алмас, лағыл, рутил, шпинель, кальцит, асбест, александрит, сапфир, т.б. минералдардың өнімі мыңдаған тоннамен есептелетін болды. Синтет. минералдардың табиғи минералдардан артықшылығына оның жоғ. сапасы мен бағасының табиғи минералдардан арзандығы (2 – 40 есе) т.б. жатады. Өндіріс көбіне ерекше таза, ірі монокристалдарды қажет етеді. Монокристалдар қанық ерітінділерді суыту немесе суалту, буларды қойылту, газбен тасымалдау, балқымалар мен ерітінділерді кристалдау, түрлі гидротермальдық тәсілдер арқылы алынады. Оптик. кварц, зүбәржат (изумруд), лағыл сияқты бағалы минералдардың монокристалдарын алу үшін әдейі дайындалған бастапқы гидротермальдық ерітінді қалың қабырғалы болат ыдыстарда (автоклавтарда) жоғары темп-ра мен қысымда кристалданады. Монокристалдар алу тәсілдерін табу мен гидротермальдық синтез теориясын жасауға бағытталған жан-жақты зерттеулер Қазақстанда акад. Қ.Сәтбаевтың басшылығымен 1963 ж. Геол. ғылымдар ин-тының тәжірибелік минералогия секторында жүргізілді. Гидротермальдық синтез әдісі бойынша Қазақстан ғалымдары касситерит, алунит, валериит, малахит, кубанит, т.б. минералдардың монокристалдарын алғаш рет алды. Бұл зерттеулер аталған минералдардың кристалдану процестерінің физ.-хим., термодинамик. параметрлерін синтезделген минералдардың табиғи түрлері кездесетін кендердің түзілу жолын дәлірек айқындауға мүмкіндік берді. Жаңа табылған гамма-радиоактивтік индикатор әдісін тәжірибеде қолдану гидротермальдық жағдайлардың жоғары, темп-ралары мен қысымдарында өтетін еру, массасының орын ауыстыруы, заттардың кристалдануы сияқты процестердің кинетикасын дәлірек зерттеуге мүмкіндік берді. Бұл М. с-нің гидротермальдық теориясының негізін жасауға қосқан үлес болды.
04.12.2012 09:12 6029

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға