Жаңалықтар

Сұрыпталған сөздер

  ҒАБИДЕН МҰСТАФИН Сұрыпталған сөздер «Өнер алды — қызыл тіл». Тіл қаруы — сөз, сөз қаруы — ой. Ақылды ой, алғыр сөз адамның ең жоғары қасиеті. Күн шалмас қараңғы көңілді сөз шалады, күн жылытпас сұм жүректі сөз жылыта алады. Жел өтпеске сөз өтеді, жер көтергенді ой көтереді. Асыл сөз —наркескен қылыштай, жасық сөз — өтпес пышақтай. Қымбат дүние қолға түсе бермейді, қымбат сөз ауызға түсе бермейді. Асыл сөзге өлім жоқ. Адамшылық деген ұлы сөзді айта бергеннен көрсете берген жақсырақ. Сипалақтап көп сөйлегенше, аз сөйле де дәл айт. Шешендік — көп сөзділікте емес, тапқырлықта. Әншейінде ауыз жаппас, керегінде жақ ашпас, жақ ашса дәл баспас сылдыр шешендер бар. Әдебиет — өмір айнасы, ішті, сыртты бірдей көрсететін Жақсы әдебиет — түзу айна, жаман әдебиет — қисық айна. Әдебиет адам өнерінің ішіндегі ең ұзақ жасайтындарының бірі. Әдебиетке ғылым, білім, тәжірибеден бұрын талант керек. Әдебиетті жасайтын ой мен тіл. Жолдас көп. Кім қаншаға баратыны жол айрығында көрінеді. Отты су сөндіреді, махаббат отын опасыз сөндіреді. Сөнген отты қайта жағуға болады, сөнген махаббатты қайта жағуға болмайды. Адамдар жаманын жасырып, жақсысын бетке ұстайды. Жақсысын көріп жаманын көрмеген алданады. Арман дегеннің таудайы, түймедейі бар. Өзіңнің түймедейің басқаның тауындай көрінбесін. Бақ — кейде тауып, кейде ауып қонады. Ауып қонса есіртеді, тауып қонса есейтеді. Біреулер айлакерді де ақылды, десіп жүр. Айла айуанда да бар, ақыл тек адамда. Оқы, оқы дейміз, тоқымаса оқу не керек? Адам адам дейміз, адамшылығы болмаса адам не керек? Өзіңе тілемеген жамандықты басқаға да тілеме. Өзіңе тілеген жақсылықты басқадан қызғанба. Тар лашықта кең пейіл, кең дүниеде тар пейіл бола береді. Тap пейілге—дүние тар, кең пейілге — лашық та кең. Ата-ана қадірін білмеген — халық қадірін біле алмас. Халық қадірін білмеген—ата-ана қадірін біле алмас. Сиыр сипағанды, жаман адам қадірді білмейді. Қол қысқа, ой ұзын, арман биік. Қол ұзын болса әгәр, құтылмас еді-ау арман деген бәтшағар. Құлқын қозғамаса жата бермексің, құлқын қозғаса жарғақ құлақ жастыққа тимейді. Бұл құлдықтан босанғанда ғана адам адамшылық сатысына көтеріледі. Өз мүддеңді көп мүддесінен жоғары қойсаң, өзің ғана бишарасың. Көп мүддесін жоғары ұстасаң, көп те сені жоғары көтереді. Дене дерті өзіңді, мінез дерті басқаны қинайды. Сыртын беріп, ішін бермесе ол, ішінде шұбар жылан жатса. Сырты сұлуды айтқанша, іші сұлуды айт. Сырты сұлуға көз қызығады, іші сұлуға жүрек қызығады. Өз қайғысы жоқтай-ақ басқаның қайғысына ортақ — ақ көңілді айт. Менде ғана болғанша елде болсын. Елде болса маған да жетеді, менде болса елге қалай жетеді,— дейтін кең пейілді айт. «Алтау ала болса — ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса төбедегі келеді» деп отыратын ынтымақ құмарды айт. Мен-менсіген ісік кеуде шаттауық қысса жіптіктей болады. Дарбаза ауыз, орақ тіл — ауыз күйсе тыншығады. Мешкей қарын тояды, мешкей нәпсі тоймайды. Сырттан кіжінген найзалы жаудан, іштен аңдыған кездікті дұшпан қауіпті. Көз соқырынан көңіл соқыры жаман. Көз көре алмағанды көңіл көреді, көңіл көре алмағанды көз көре алмайды. Қисық ағашқа тез, қисық қылыққа сын бар. Ажалдан ешкім құтылмас, қайғыдан да құтылған емес. Осыған күні бұрын көндіккен адам күні жеткенде шалдықпай көтереді. Асқанға аспан да аласа, тойғанға тоқты еті топырақ. Әр нәрсе сынарында өзінен мықтыға соқтығады. Тасыған өзен арнасынан асады, жерді көгертеді, тасыған көңіл таудан да асады, елді жирентеді. Ақпа құлаққа айтқан сөз — құмға құйған судай, құйма құлаққа айтқан сөз — гүлге құйған судай. Дарақы мырзалықтан сарабдал сараңдықтың өзі артық. Есерсоқ батырдан есті қорқақ артық. Айуанның ұясын жыртқыш, адамның ұясын азғын бұзады. Арсыз көңіл адамды ит етеді. Ақыл, айла итті адамдай етеді. Көңіл — арсыз, нәпсі — мешкей, жетегіне жүре берсең қатарсың сеспей. Сиыр қашты, бұзаулады, бұқа кетті бетімен. Кейбір әке дегендер тең-ау осы бұқамен. Қамшы дағы етте, тіл дағы жүректе қалады. Бір үйез жылқыны бір бүгелек, бір семьяны бір беймаза күйзелтеді. Арам ыдыста адал ас, арам көңілде таза махаббат тұрмайды. Дүниеде көбірек тұрғың келсе, өзіңді өзің бапта, кеткің келсе былапытта. Ашу қысса ақырасың, қайғы басса аһ ұрасың, қорықсаң бас ұрасың, қуансаң шарқ ұрасың. Енді неңді жасырасың? Әулие дегенім — аңқау елдегі арамза молда екен. Шешен дегенім — тұлдыры жоқ, көпіршіген көп сөзді тілмәр екен. Батыр дегенім — долы қатын алдында дірілдеген пенде екен. Көсем дегенім — көш жөнекей кездескен, сырты мығым, іші осал көз алдаған біреу болды. Төрде отырған осы әулие, шешен, батыр, көсем дегендерім Ленин кіріп келгенде ығыса-ығыса босағаға барады. Адаммын десең — құрыса торғайлық панаң болсын, болмаса адамдығы екі талай. Бойы биік, көлеңкесі шағын, бойы аласа, көлеңкесі көлемді ағаштар бар. Адам да сол сияқты. Бойың биік болғанша, ойың биік болсын, көлеңкең шағын болғанша, бойың шағын болсын. Аққу айдын көлде жүзеді, ару айдын көңілде жүзеді. Қыран шексіз көкте жүзеді, ер теңіз-ойда жүзеді. Балаң жақсы болса — қызығың, жаман болса — қайғың. Жаман баланы табудан құтылу қиын. Өз мініңді көруден, басқаның мінін көру оңай. «Жақсы бол» деп әркім айтады, «жаман бол» деп ешкім айтпайды. Жаман сонда да бола береді. Адал дән егумен шығады, арам шөп өзі шығады. Жамандық арам шөп сияқты, жұлмаса өседі, егіннің өнімін кеседі. Сондықтан егін мен арам шөп, жақсылық пен жамандық өмір бойы отаса алмай келеді. Совет азаматы атану — мақтан. Тек соны кірлеуден сақтан. Халық көзі қырағы: ұрлық жасырын — сонда да оны көреді; ұрлық жасырын — сонда да оны көреді; жердің тыққан асылын, тауып қолға береді; арам кеуде ішінде аузын буған сан қалта, оны да тауып төгеді. Елді алдаймын дейтіндер, түбінде өзі алданады. Екі шақар кездессе, жұдырықтары шекеде ойнайды. Екі дәукес кездессе, алқымдары іспей қоймайды. Екі долы кездессе. дамбалдары суланбай қоймайды. Күйгелектің күні қыста да ыстық, жайбасардың күні жазда да салқын. Күйгелек пен жайбасар жолға шығыпты. Әңгімелесіп келеді. К ү й г е л е к: Аузыңнан бір сөздің шығуы бір шыбыштың лақтауындай екен. Жайбасар: Сен байталша шаптыра сөйлейді екенсің. Күйгелек: Күн бұлттанды! Жүріңкірейік, жауып кетер. Ж а й б а с а р: Талай бұлттанатын, тарқайтын, жетерміз, ат қинамайық. Күйгелек: Ат қиналса қиналсын, ішім жарылмасын,—деді де тұра жөнелді. Жайбасар: Ішімді жармай-ақ, атымды қинамай-ақ мен де жетермін,— деп қала беріпті. Адамға бәрі керек, солардың ішінен үшеуін ғана таңда десе, менің таңдайтыным: денсаулық, айнымас жолдас, суымас махаббат. Көңіл көкте, көз көкжиекте. Көк шолақпен тепеңдеп, келем қашан жетем деп. Ешкімнің өлгісі келмейді, өлмесе дүниеге сыймайды, сонда да өлмеу — арман.  
04.12.2012 09:09 16446

 

ҒАБИДЕН МҰСТАФИН

Сұрыпталған сөздер

«Өнер алды — қызыл тіл». Тіл қаруы — сөз, сөз қаруы — ой. Ақылды ой, алғыр сөз адамның ең жоғары қасиеті.

Күн шалмас қараңғы көңілді сөз шалады, күн жылытпас сұм жүректі сөз жылыта алады.

Жел өтпеске сөз өтеді, жер көтергенді ой көтереді.

Асыл сөз —наркескен қылыштай, жасық сөз — өтпес пышақтай.

Қымбат дүние қолға түсе бермейді, қымбат сөз ауызға түсе бермейді.

Асыл сөзге өлім жоқ.

Адамшылық деген ұлы сөзді айта бергеннен көрсете берген жақсырақ.

Сипалақтап көп сөйлегенше, аз сөйле де дәл айт.

Шешендік — көп сөзділікте емес, тапқырлықта.

Әншейінде ауыз жаппас, керегінде жақ ашпас, жақ ашса дәл баспас сылдыр шешендер бар.

Әдебиет — өмір айнасы, ішті, сыртты бірдей көрсететін

Жақсы әдебиет — түзу айна, жаман әдебиет — қисық айна.

Әдебиет адам өнерінің ішіндегі ең ұзақ жасайтындарының бірі.

Әдебиетке ғылым, білім, тәжірибеден бұрын талант керек.

Әдебиетті жасайтын ой мен тіл.

Жолдас көп. Кім қаншаға баратыны жол айрығында көрінеді.

Отты су сөндіреді, махаббат отын опасыз сөндіреді.

Сөнген отты қайта жағуға болады, сөнген махаббатты қайта жағуға болмайды.

Адамдар жаманын жасырып, жақсысын бетке ұстайды. Жақсысын көріп жаманын көрмеген алданады.

Арман дегеннің таудайы, түймедейі бар. Өзіңнің түймедейің басқаның тауындай көрінбесін.

Бақ — кейде тауып, кейде ауып қонады. Ауып қонса есіртеді, тауып қонса есейтеді.

Біреулер айлакерді де ақылды, десіп жүр. Айла айуанда да бар, ақыл тек адамда.

Оқы, оқы дейміз, тоқымаса оқу не керек? Адам адам дейміз, адамшылығы болмаса адам не керек?

Өзіңе тілемеген жамандықты басқаға да тілеме. Өзіңе тілеген жақсылықты басқадан қызғанба.

Тар лашықта кең пейіл, кең дүниеде тар пейіл бола береді. Тap пейілге—дүние тар, кең пейілге — лашық та кең.

Ата-ана қадірін білмеген — халық қадірін біле алмас.

Халық қадірін білмеген—ата-ана қадірін біле алмас.

Сиыр сипағанды, жаман адам қадірді білмейді.

Қол қысқа, ой ұзын, арман биік. Қол ұзын болса әгәр, құтылмас еді-ау арман деген бәтшағар.

Құлқын қозғамаса жата бермексің, құлқын қозғаса жарғақ құлақ жастыққа тимейді. Бұл құлдықтан босанғанда ғана адам адамшылық сатысына көтеріледі.

Өз мүддеңді көп мүддесінен жоғары қойсаң, өзің ғана бишарасың. Көп мүддесін жоғары ұстасаң, көп те сені жоғары көтереді.

Дене дерті өзіңді, мінез дерті басқаны қинайды.

Сыртын беріп, ішін бермесе ол, ішінде шұбар жылан жатса.

Сырты сұлуды айтқанша, іші сұлуды айт. Сырты сұлуға көз қызығады, іші сұлуға жүрек қызығады.

Өз қайғысы жоқтай-ақ басқаның қайғысына ортақ — ақ көңілді айт.

Менде ғана болғанша елде болсын.

Елде болса маған да жетеді, менде болса елге қалай жетеді,— дейтін кең пейілді айт.

«Алтау ала болса — ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса төбедегі келеді» деп отыратын ынтымақ құмарды айт.

Мен-менсіген ісік кеуде шаттауық қысса жіптіктей болады. Дарбаза ауыз, орақ тіл — ауыз күйсе тыншығады.

Мешкей қарын тояды, мешкей нәпсі тоймайды.

Сырттан кіжінген найзалы жаудан, іштен аңдыған кездікті дұшпан қауіпті.

Көз соқырынан көңіл соқыры жаман. Көз көре алмағанды көңіл көреді, көңіл көре алмағанды көз көре алмайды.

Қисық ағашқа тез, қисық қылыққа сын бар.

Ажалдан ешкім құтылмас, қайғыдан да құтылған емес.

Осыған күні бұрын көндіккен адам күні жеткенде шалдықпай көтереді.

Асқанға аспан да аласа, тойғанға тоқты еті топырақ.

Әр нәрсе сынарында өзінен мықтыға соқтығады.

Тасыған өзен арнасынан асады, жерді көгертеді, тасыған көңіл таудан да асады, елді жирентеді.

Ақпа құлаққа айтқан сөз — құмға құйған судай, құйма құлаққа айтқан сөз — гүлге құйған судай.

Дарақы мырзалықтан сарабдал сараңдықтың өзі артық.

Есерсоқ батырдан есті қорқақ артық.

Айуанның ұясын жыртқыш, адамның ұясын азғын бұзады.

Арсыз көңіл адамды ит етеді. Ақыл, айла итті адамдай етеді.

Көңіл — арсыз, нәпсі — мешкей, жетегіне жүре берсең қатарсың сеспей.

Сиыр қашты, бұзаулады, бұқа кетті бетімен. Кейбір әке дегендер тең-ау осы бұқамен.

Қамшы дағы етте, тіл дағы жүректе қалады.

Бір үйез жылқыны бір бүгелек, бір семьяны бір беймаза күйзелтеді.

Арам ыдыста адал ас, арам көңілде таза махаббат тұрмайды.

Дүниеде көбірек тұрғың келсе, өзіңді өзің бапта, кеткің келсе былапытта.

Ашу қысса ақырасың, қайғы басса аһ ұрасың, қорықсаң бас ұрасың, қуансаң шарқ ұрасың. Енді неңді жасырасың?

Әулие дегенім — аңқау елдегі арамза молда екен. Шешен дегенім — тұлдыры жоқ, көпіршіген көп сөзді тілмәр екен. Батыр дегенім — долы қатын алдында дірілдеген пенде екен. Көсем дегенім — көш жөнекей кездескен, сырты мығым, іші осал көз алдаған біреу болды. Төрде отырған осы әулие, шешен, батыр, көсем дегендерім Ленин кіріп келгенде ығыса-ығыса босағаға барады.

Адаммын десең — құрыса торғайлық панаң болсын, болмаса адамдығы екі талай.

Бойы биік, көлеңкесі шағын, бойы аласа, көлеңкесі көлемді ағаштар бар. Адам да сол сияқты. Бойың биік болғанша, ойың биік болсын, көлеңкең шағын болғанша, бойың шағын болсын.

Аққу айдын көлде жүзеді, ару айдын көңілде жүзеді.

Қыран шексіз көкте жүзеді, ер теңіз-ойда жүзеді.

Балаң жақсы болса — қызығың, жаман болса — қайғың.

Жаман баланы табудан құтылу қиын.

Өз мініңді көруден, басқаның мінін көру оңай.

«Жақсы бол» деп әркім айтады, «жаман бол» деп ешкім айтпайды. Жаман сонда да бола береді. Адал дән егумен шығады, арам шөп өзі шығады. Жамандық арам шөп сияқты, жұлмаса өседі, егіннің өнімін кеседі. Сондықтан егін мен арам шөп, жақсылық пен жамандық өмір бойы отаса алмай келеді.

Совет азаматы атану — мақтан. Тек соны кірлеуден сақтан.

Халық көзі қырағы: ұрлық жасырын — сонда да оны көреді; ұрлық жасырын — сонда да оны көреді; жердің тыққан асылын, тауып қолға береді; арам кеуде ішінде аузын буған сан қалта, оны да тауып төгеді. Елді алдаймын дейтіндер, түбінде өзі алданады.

Екі шақар кездессе, жұдырықтары шекеде ойнайды.

Екі дәукес кездессе, алқымдары іспей қоймайды.

Екі долы кездессе. дамбалдары суланбай қоймайды.

Күйгелектің күні қыста да ыстық, жайбасардың күні жазда да салқын.

Күйгелек пен жайбасар жолға шығыпты. Әңгімелесіп келеді.

К ү й г е л е к: Аузыңнан бір сөздің шығуы бір шыбыштың лақтауындай екен.

Жайбасар: Сен байталша шаптыра сөйлейді екенсің.

Күйгелек: Күн бұлттанды! Жүріңкірейік, жауып кетер.

Ж а й б а с а р: Талай бұлттанатын, тарқайтын, жетерміз, ат қинамайық.

Күйгелек: Ат қиналса қиналсын, ішім жарылмасын,—деді де тұра жөнелді.

Жайбасар: Ішімді жармай-ақ, атымды қинамай-ақ мен де жетермін,— деп қала беріпті.

Адамға бәрі керек, солардың ішінен үшеуін ғана таңда десе, менің таңдайтыным: денсаулық, айнымас жолдас, суымас махаббат.

Көңіл көкте, көз көкжиекте. Көк шолақпен тепеңдеп, келем қашан жетем деп.

Ешкімнің өлгісі келмейді, өлмесе дүниеге сыймайды, сонда да өлмеу — арман.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға