Жаңалықтар

Табыс септіктегі сөзді менгеріп тіркес кұрайтын — сабақты етістіктер

Табыс септіктегі сөзді менгеріп тіркес кұрайтын — сабақты етістіктер: үйді жуды, терезені ашты. Салт етістіктер өзгелік етіс формасына ауысқанда, олар да табыс септік сөзді меңгере алатын болады: ойна — баланы ойнатты, толды — шелекті толтырды, қанды — сусынын қандырды. «Табыс септіктегі зат есім — етістік» болып құралған сөз тіркестері объектілік катынасты білдіреді, яғни бағыныңқы сөз қимылдың, іс-әрекеттің объектісі болған затты атайды. Сонымен, аталған сөз тіркесі объект — затпен қимылдың арақатынасын білдіреді. Объектілік қатынасты білдіруге зат есім сөздің табыс септік формасы бейімделген. Бұл қызмет — осы форманың үлесі. Дегенмен санаулы етістік сөздердің тіркесінде объектілік қатынас барыс, шығыс септік тұлғалары арқылы да немесе шылау арқылы да білдіріле алады. Айтжанды ұрысты — Айтжанға ұрысты. Не айтуды білмеді — не айтуға білмеді. Қолын ұстады — қолынан ұстады; етегін басты — етегінен басты. Тура объектілік қатынасқа түсетін сөздің табыс, шығыс септік формаларында меңгеріліп, етістікпен тіркесуі мына жағдайға байланысты. Объект қамтылу мөлшері жағынан бейтарап аталса, ол сөз табыс септік формасында тіркеседі: қолын ұстады. Объект түгел қамтылмай, мөлшермен қамтылғанын атау қажет болғанда, ол сөз шығыс септік тұлғасында меңгерілді: қолынан ұстады, нанынан берді т. т. Ұрысты сөзі тура объектіні табыс, барыс септікте бірдей меңгереді. Екі түрлі меңгерілу ұрысты сөзінің табиғатына байланысты. Сабақты етістік ретінде ол объектілік қатынастағы сөздің табыс септікте тіркесуін талап етеді. Екінші жағынан, семантикалық жүйені қуғанда ол кісінің психикалық күйін білдіретін етістіктер тобына жатады: күлді, ренжіді, сүйсінді, қуанды т. т. Бұлардың көбі салт етістіктер. Бұларға қатысты объект жанама толықтауыш ретінде байланысады:   күлді балаға ренжіді сүйсінді Осы топқа қатыстылығының арқасында, солардың грамматикалық сипатына жуықтау аркылы ұрысты объекті сөзді екі түрлі меңгеруге ие болып тұр: балага ұрысты— баланы ұрысты. Осы сияқты мін, ас сөздері де объект ретіндегі компонентті екі тұлғада меңгереді: атқа мінді, атты мінді; таудан асты, тауды асты. Мінді сөзі көпшілік объект ретіңдегі сөзді тек барыс септік формасында меңгереді: поезға мінді, самолетке мінді. Ат, өгіз, бие, тай сияқты сөздердің табыс септік формасында меңгерілуі—ерекшелік. Бұл тіркестіру ерекшелігі аталған заттардың тура объект ретінде қамти алынады деген ұғымға байланысты қалыптасқан болу керек. Осы сияқты таудан асты, тауды асты деген варианттардың негізгісі — таудан асты. Осы мағыналас өтті де объектілік қатынастағы сөзді шығыс септік формасында ғана меңгереді: көпірден өтті, өткелден өтті.  
04.12.2012 09:01 6682

Табыс септіктегі сөзді менгеріп тіркес кұрайтын — сабақты етістіктер: үйді жуды, терезені ашты. Салт етістіктер өзгелік етіс формасына ауысқанда, олар да табыс септік сөзді меңгере алатын болады: ойна — баланы ойнатты, толды — шелекті толтырды, қанды — сусынын қандырды.

«Табыс септіктегі зат есім — етістік» болып құралған сөз тіркестері объектілік катынасты білдіреді, яғни бағыныңқы сөз қимылдың, іс-әрекеттің объектісі болған затты атайды. Сонымен, аталған сөз тіркесі объект — затпен қимылдың арақатынасын білдіреді.

Объектілік қатынасты білдіруге зат есім сөздің табыс септік формасы бейімделген. Бұл қызмет — осы форманың үлесі. Дегенмен санаулы етістік сөздердің тіркесінде объектілік қатынас барыс, шығыс септік тұлғалары арқылы да немесе шылау арқылы да білдіріле алады.

Айтжанды ұрысты — Айтжанға ұрысты. Не айтуды білмеді — не айтуға білмеді.

Қолын ұстады — қолынан ұстады; етегін басты — етегінен басты.

Тура объектілік қатынасқа түсетін сөздің табыс, шығыс септік формаларында меңгеріліп, етістікпен тіркесуі мына жағдайға байланысты. Объект қамтылу мөлшері жағынан бейтарап аталса, ол сөз табыс септік формасында тіркеседі: қолын ұстады. Объект түгел қамтылмай, мөлшермен қамтылғанын атау қажет болғанда, ол сөз шығыс септік тұлғасында меңгерілді: қолынан ұстады, нанынан берді т. т.

Ұрысты сөзі тура объектіні табыс, барыс септікте бірдей меңгереді. Екі түрлі меңгерілу ұрысты сөзінің табиғатына байланысты. Сабақты етістік ретінде ол объектілік қатынастағы сөздің табыс септікте тіркесуін талап етеді. Екінші жағынан, семантикалық жүйені қуғанда ол кісінің психикалық күйін білдіретін етістіктер тобына жатады: күлді, ренжіді, сүйсінді, қуанды т. т. Бұлардың көбі салт етістіктер. Бұларға қатысты объект жанама толықтауыш ретінде байланысады:
 
күлді
балаға
ренжіді
сүйсінді

Осы топқа қатыстылығының арқасында, солардың грамматикалық сипатына жуықтау аркылы ұрысты объекті сөзді екі түрлі меңгеруге ие болып тұр: балага ұрысты— баланы ұрысты.

Осы сияқты мін, ас сөздері де объект ретіндегі компонентті екі тұлғада меңгереді: атқа мінді, атты мінді; таудан асты, тауды асты.

Мінді сөзі көпшілік объект ретіңдегі сөзді тек барыс септік формасында меңгереді: поезға мінді, самолетке мінді. Ат, өгіз, бие, тай сияқты сөздердің табыс септік формасында меңгерілуі—ерекшелік. Бұл тіркестіру ерекшелігі аталған заттардың тура объект ретінде қамти алынады деген ұғымға байланысты қалыптасқан болу керек.
Осы сияқты таудан асты, тауды асты деген варианттардың негізгісі — таудан асты. Осы мағыналас өтті де объектілік қатынастағы сөзді шығыс септік формасында ғана меңгереді: көпірден өтті, өткелден өтті.
 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға