Жаңалықтар

Қазақстан Республикасының Бірінші Президентінің музейі

Қазақстан Республикасының Бірінші Президентінің музейі   Қазақстан Республикасының Бірінші Президентінің музейі — Қазақстанның қазіргі заман тарихы музейі болып табылады. Ол тәуелсіз Қазақстаннның егеменді ел болып қалыптасуының кескін-келбетін мемлекет басшысының сан қырлы қызметі арқылы бейнелейді.   Аз ғана мерзім ішінде (2004ж.28 тамыз) музей кешенді ғылыми-зерттеу, ағарту және мәдени орталыққа айналды. Музейдің Қазақстан Республикасы Президентінің бұрынғы резиденциясында орналасуы және оның ішкі көрінісі мен жиһаздарының бұрынғы қалпында сақталып қалуы ізденіс идеялары мен экспозиция шешімін табуда, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі мен егемендігінің тарихын толық көрсетуде өз үйлесімін, үндестігін табуға мүмкіндік туғызып отыр.   Тарихы   Осы резиденцияда Мемлекет басшысы жеті жыл қызмет істеген(1997-2004жж.). Ғимарат астананың көшуіне байланысты 1997 жылдың желтоқсан айында салынған.   Алғашқы келушілерді музей 2005 жылдың наурыз айында қабылдаған. Ғылыми концепция тұрғысынан экспозиция тақырыбын анықтау және ғылыми-зерттеу бағыттарын құру кезеңі, 2007-2008 жылдар музей үшін маңызды болды. Тәуелсіздік тарихына қатысты материалдарды бірізді, реттілікпен қалыптастыру барысында экспозициялық көрсетілім логикасына қол жетті.   Музей қоры хронологиялық және тақырыптық жағынан - еліміздің егемендік жолындағы тарихын, ішкі және сыртқы саясатымыздың негізгі бағыттарын, аймақтық және ғаламдық деңгейдегі өзара ықпалдасу бастамаларын көрсетеді. Мәдениеттану тұрғысынан алғандағы экспонаттар - әлем халықтарының материалдық және рухани мәдениетінің артефактілері және ұлттық психология, салт-дәстүрмен танысу нысаны ретінде қызығушылық тудырады. Тарихи деректер мемлекет тағдырындағы бетбұрыс кезеңде халық көшбасшысының рөлінің еліміз үшін қаншалықты маңызды болғанын көрсетеді. Қазақстанның жаңа заман тарихының басталу кезеңі Н.Ә.Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты. Еліміздің Президенті биліктің бейнесі ғана емес, мемлекет болуымыздың нышаны.   Экспозицияларды қалыптастыру және жаңғырту барысында алғашқы күндерден бастап жинақтау жұмыстары жүргізіліп, Алматы, Қарағанды облыстарына, Украинаға ғылыми-ізденіс экспедицияларын ұйымдастыру қолға алынды. Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолы бүкіл елдің тарихымен тығыз байланысты болғандықтан, тарихи байланыстар мен оқиғалар жөніндегі материалдарды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.   Музей коллекциялары   Музей коллекциялары қазіргі Қазақстанның тарихы мен мәдениетін әлемдік даму тұрғысынан тануға мүмкіндік береді, себебі музей қорының негізін егеменді елдің құрылуы мен дамуының негізгі кезеңдерін қамтитын құжаттар, фото-бейне материалдар құрайды. Мемлекет Басшысының жеке кітапханасы музейдің үш залында орналасқан, ол 12700 сақтам бірлігін құрайды. Коллекция ғылыми қызығушылық туғызатын және ақпараттық құндылығы жоғары, полиграфиялық безендірілу тұрғысынан бірегей болып келетін отандық және шетелдік басылымдардан тұрады.   Коллекциялар қорының байлығына, өзіндік ерекшеліктеріне әлемнің кез келген музейі қызыға да қызғана қарайды десек артық айтқандық емес. Көптеген музейге қойылған жұмыстардың жасалуы, қайталанбайтындығы, бірегейлігі, шебердің өзіндік қолтаңбасын көрсетіп тұрады. Мұражайға әлемдік және дәстүрлі дін өкілдері съезінің делегаттары тарту еткен сыйлықтар кешені қойылған.   Шығыс елдерінің сәндік-қолтаңбалы өнерінің нақышты теріден, сүйектен және тастан жасалған дүниелері, сувенирлері, ыдыстары осы елдердің өзіндік қалыптасқан салт-дәстүрінен хабар береді. Ресейдің көркемөнер кәсібі, Азия елдерінің түрлі аймақтары шеберлерінің күмістен соғылған заттары, еуропалық фарфор, атақты чех хрусталі - қор коллекциясын құрайды. Бұлар тұрақты тақырыптық экспозиция ретінді қойылған, бірақ уақытша жылжымалы көрме ретінде көрсетуге болатын мүмкіншілігі де бар. Дәрімен атылатын және суық қарулардың нұсқалары, оларды тағып жүру дәстүрі, қолдану және сыйға тарту жөнінде зерттелген бай материалмен және жасалу шеберлігімен таныстырады.   Қазақстан Республикасының Президентінің бірегей марапат коллекциясы тұрақты экспозициялар қатарына қойылған. Коллекция геральдика (елтаңбатану), фалеристика (марапат пен таңбаларды зерттейтін ғылым саласы) дәстүрі жөнінен ғана емес, олардың тарихы, ел тарихы мен марапаттар жөнінен мол хабар береді.   Музей коллекциялары облыстық, аймақтық мұражайларға көрмеге шығарылып тұрады. «Мәдениет арқылы сұхбат» атты халықаралық жоба қазақстандық көрмелерді әлем халықтарының материалдық және рухани мәдениетімен таныстырады. Келуші қауымның пайдалануы үшін музей барлық бағытта жасалып жатырған жұмыстар жүнінде ғылыми жинақтан бастап, монография, көрме каталогтары, буклеттермен қамтамасыз етіледі.
04.12.2012 09:01 4450

Қазақстан Республикасының Бірінші Президентінің музейі

 

Қазақстан Республикасының Бірінші Президентінің музейі — Қазақстанның қазіргі заман тарихы музейі болып табылады. Ол тәуелсіз Қазақстаннның егеменді ел болып қалыптасуының кескін-келбетін мемлекет басшысының сан қырлы қызметі арқылы бейнелейді.

 

Аз ғана мерзім ішінде (2004ж.28 тамыз) музей кешенді ғылыми-зерттеу, ағарту және мәдени орталыққа айналды. Музейдің Қазақстан Республикасы Президентінің бұрынғы резиденциясында орналасуы және оның ішкі көрінісі мен жиһаздарының бұрынғы қалпында сақталып қалуы ізденіс идеялары мен экспозиция шешімін табуда, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі мен егемендігінің тарихын толық көрсетуде өз үйлесімін, үндестігін табуға мүмкіндік туғызып отыр.

 

Тарихы

 

Осы резиденцияда Мемлекет басшысы жеті жыл қызмет істеген(1997-2004жж.). Ғимарат астананың көшуіне байланысты 1997 жылдың желтоқсан айында салынған.

 

Алғашқы келушілерді музей 2005 жылдың наурыз айында қабылдаған. Ғылыми концепция тұрғысынан экспозиция тақырыбын анықтау және ғылыми-зерттеу бағыттарын құру кезеңі, 2007-2008 жылдар музей үшін маңызды болды. Тәуелсіздік тарихына қатысты материалдарды бірізді, реттілікпен қалыптастыру барысында экспозициялық көрсетілім логикасына қол жетті.

 

Музей қоры хронологиялық және тақырыптық жағынан - еліміздің егемендік жолындағы тарихын, ішкі және сыртқы саясатымыздың негізгі бағыттарын, аймақтық және ғаламдық деңгейдегі өзара ықпалдасу бастамаларын көрсетеді. Мәдениеттану тұрғысынан алғандағы экспонаттар - әлем халықтарының материалдық және рухани мәдениетінің артефактілері және ұлттық психология, салт-дәстүрмен танысу нысаны ретінде қызығушылық тудырады. Тарихи деректер мемлекет тағдырындағы бетбұрыс кезеңде халық көшбасшысының рөлінің еліміз үшін қаншалықты маңызды болғанын көрсетеді. Қазақстанның жаңа заман тарихының басталу кезеңі Н.Ә.Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты. Еліміздің Президенті биліктің бейнесі ғана емес, мемлекет болуымыздың нышаны.

 

Экспозицияларды қалыптастыру және жаңғырту барысында алғашқы күндерден бастап жинақтау жұмыстары жүргізіліп, Алматы, Қарағанды облыстарына, Украинаға ғылыми-ізденіс экспедицияларын ұйымдастыру қолға алынды. Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолы бүкіл елдің тарихымен тығыз байланысты болғандықтан, тарихи байланыстар мен оқиғалар жөніндегі материалдарды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

 

Музей коллекциялары

 

Музей коллекциялары қазіргі Қазақстанның тарихы мен мәдениетін әлемдік даму тұрғысынан тануға мүмкіндік береді, себебі музей қорының негізін егеменді елдің құрылуы мен дамуының негізгі кезеңдерін қамтитын құжаттар, фото-бейне материалдар құрайды. Мемлекет Басшысының жеке кітапханасы музейдің үш залында орналасқан, ол 12700 сақтам бірлігін құрайды. Коллекция ғылыми қызығушылық туғызатын және ақпараттық құндылығы жоғары, полиграфиялық безендірілу тұрғысынан бірегей болып келетін отандық және шетелдік басылымдардан тұрады.

 

Коллекциялар қорының байлығына, өзіндік ерекшеліктеріне әлемнің кез келген музейі қызыға да қызғана қарайды десек артық айтқандық емес. Көптеген музейге қойылған жұмыстардың жасалуы, қайталанбайтындығы, бірегейлігі, шебердің өзіндік қолтаңбасын көрсетіп тұрады. Мұражайға әлемдік және дәстүрлі дін өкілдері съезінің делегаттары тарту еткен сыйлықтар кешені қойылған.

 

Шығыс елдерінің сәндік-қолтаңбалы өнерінің нақышты теріден, сүйектен және тастан жасалған дүниелері, сувенирлері, ыдыстары осы елдердің өзіндік қалыптасқан салт-дәстүрінен хабар береді. Ресейдің көркемөнер кәсібі, Азия елдерінің түрлі аймақтары шеберлерінің күмістен соғылған заттары, еуропалық фарфор, атақты чех хрусталі - қор коллекциясын құрайды. Бұлар тұрақты тақырыптық экспозиция ретінді қойылған, бірақ уақытша жылжымалы көрме ретінде көрсетуге болатын мүмкіншілігі де бар. Дәрімен атылатын және суық қарулардың нұсқалары, оларды тағып жүру дәстүрі, қолдану және сыйға тарту жөнінде зерттелген бай материалмен және жасалу шеберлігімен таныстырады.

 

Қазақстан Республикасының Президентінің бірегей марапат коллекциясы тұрақты экспозициялар қатарына қойылған. Коллекция геральдика (елтаңбатану), фалеристика (марапат пен таңбаларды зерттейтін ғылым саласы) дәстүрі жөнінен ғана емес, олардың тарихы, ел тарихы мен марапаттар жөнінен мол хабар береді.

 

Музей коллекциялары облыстық, аймақтық мұражайларға көрмеге шығарылып тұрады. «Мәдениет арқылы сұхбат» атты халықаралық жоба қазақстандық көрмелерді әлем халықтарының материалдық және рухани мәдениетімен таныстырады. Келуші қауымның пайдалануы үшін музей барлық бағытта жасалып жатырған жұмыстар жүнінде ғылыми жинақтан бастап, монография, көрме каталогтары, буклеттермен қамтамасыз етіледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға