Жаңалықтар

Амал

  Амал - әр жылдың он екі айындағы табиғат құбылыстарына байланысты халықтық қағидаларда қалыптасқан болжамдардың атаулары мен реттері. Жылдың әр айлары мен тоқсанында болатын ауа райындағы және табиғат өзгерістері мен құбылыстарын назарына ұстап, бекітіп ұдайы қадағалап, болжап және оны күнілгері хабарлап тұратын есепшілер болды. Әсіресе,малшы қауым үшін тоғыс есебінің шаруашылық маңызы үлкен болды. Осы есепке сүйене отырып, малшылар әр айдағы амалдардың қалай өтетінін шамалап отырды. Амалдар наурыз айынан басталады. Жыл аяғында, яғни наурыз айының 17-21 күндері аралығында болатын жауын-шашынды, суық, әрі лайсаң мезгіл бесқонақтан қатты сақтанып отырған. Самарқанның көк тасы жібитін күн деп Наурыз айының 22-ін айтады. Бүл күні Шығыс күнтізбесі бойынша жаңа жыл басталады. Осы күні шығыста күн жылып, жер жібіп, ашық, шуақты мезгілдер басталады. Жаңа айдың туатынына дейінгі бір-екі күн мен «кеміген» айдың аспаннан екі күндік жоқ болып кету мерзімін қазақ өліара дейді. Осы арқылы алдағы айға болжам жасалады. Наурыз айының соңғы күндерінде жыл құстары да ұшып келе бастайды, аралас қарлы жаңбыр,суық жел тұрады. Мұны ел құс қанаты деп атап амалға жатқызған. Көктемде көкек айында қар күрт еріп, жер лайсаң болған кезеңді аласапыран деп атайды. Көкек айының орта кезінен кейін алғаш найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жер бусанады. Осы сәттердегі найзағайдың жарқылын халық «Қызырдың қамшысы шартылдады, қыс кетті» деп есептейді. Көкектің соңғы күндерінде 2-3 күнге созылатын суық жел соғып, тобылғы жарған амалдары басталады. Бұл «тобылғы бүршік жарған» яғни өсімдіктер тамыр жайды, алғашқы көк шыға бастаған кез дегенді білдіреді. Мамыр айының алғашқы онкүндігінде дала (су) құстары балапанын шығара бастайды. Халық тілінде қызыл жұмыртқа деп аталатын амалда 1-2 күнге созылатын суық болады. Мамыр айының аяғында болатын суық желді Құралайдың салқыны амалы кезінде желге қарсы киік өз құралайларын (баласын) аяқтандырып, өргізеді (киік көптігіне қарамай, 2-3 күн ішінде түгелдей төлдеп болады). Мамыр айының ортасына қарай Үркер аспанда мүлде көрінбей кетуін «Үркер батты деп жер қызады» дейді халық есепшілері. Маусымның 24-де Үркер таң ата батыстан көрінеді де, содан шілде айында 40 күнге созылатын ыстық басталады. Осы аптапты күндерге орай халық арасында қырық күн шілде» деп атаған. Үркердің толғағы аталатын амал мал-жанға жайлы кезең жаздың орта кезінде басталады. Бұл кезде жер құрғап, шөп буыны қатып, сарғая бастайды. Тамыз айының ортасында ауа райы салқын тартып, қою бұлт пайда болып, алғашқы құз нышаны біліне бастайды. Осы кезеңді Таразының тууы деп атайды. «Таразы туса - таң суыр» деген сөз орамы осындайдан шыққан. Қыркүйек айының ортасында салқын басталады, жаңбыр жауады, түнде шөп басына шық түседі, бірақ күндіз шуақты күндер де болады. Мүндай жылы мезгілдерді мизам шуақ деп атайды. Яғни қыркүйектің соңғы онкүндігінде құз келеді, суықты күндер, жауын басталады. Бұл сүмбіленің тууы деген амал Қараша айындағы құс оңтүстікке қайта бастайтын уақыт қараша қаздың қайтуы деген амал. Бұл кезде солтүстікте алғашқы қар түсіп, күн суытады. Желтоқсанның басында болатын алғашқы аязды жұрт қырбастың қызылы амалы дейді және қатты аязды суықтар болады. Желтоқсанның соңғы онкүндігінде қазақ даласында қатты боран соғады. Дәл осы кезде киік текесі келеге түсетіндіктен бұл кезең теке бұрқылдақ амалы деп аталып кеткен. Халықтың айтуында күннің таласуы дейтін кезең қаңтардың алғашқы күніне сәйкес келеді. Бұл кезде де ауа райы өзгереді, қар жауады, яғни сырғыма жүреді. Қаңтардың соңғы күндерінде қыс күшіне енеді, сақылдаған сары аяздар болатын кезді қазақтар қысқы шілде деп атаған. Ақпан айының қысы да ақырып келгенде ат құлағы көрінбейтін борандар күш алады. Ай аяғындағы сырғақ пен қатты боранды күндерде қасқырдың арланы мен қаншығы жұптасады. Бөрісырғақ амалы келеді дейтіні сондықтан (сырғақ деп бұршақтан кіші мұзды қар түйіршіктерін айтады). Есепшілер жыл сайын белгілі бір уақытта қайталап отыратын ауа райындағы құбылыстарды (жауын-шашын, жел, боран, ыстық, суық т.б.) амалдың қай кезде болатынын тоғыс есебі бойынша анықтап отырған (толығырақ қ. Үркер тоғысы). Киіктің матауы деген амал он жеті тоғысқа (қыркүйектің аяғы, қазанның басына) сәйкес келеді. Бұл кезде киіктің (ақбөкен, қарақұйрық, киік т.б.) текесі үйірге төседі. Елік құралай лағын апрельдің басында өтетін 5-10 күндік салқында өргізеді. Құралайдың салқыны үш тоғысқа сәйкес келеді. Он бес тоғыста (қазанның аяғы, қарашаның басында) өтетін жауын-шашынды 5-10 күндік амалды есепшілер бұғының мойын жуар амалы деп атаған. Бұл кезде бұғы маралмен насай-топыр (үйірге түседі) құрады. Таутекенің тауешкімен, құлжаның арқармен үйірге түсетін кезінде - он үш тоғыста (қарашаның аяғы) өтетін амал - теке бұрқақ (бұрқылдақ). Қаңтардың қарлы бораны он бір тоғыста (желтоқсан) өтетін амалдан соң, тоғыз тоғыста (қаңтар) өтетін аязды күндерді ай мүйізді алты күн немесе ақпан-тоқпанның (дақпанның) аязы деген амал ға жатқызады. Бес тоғыстың бет жуары деген сөз орамы бес тоғыстағы (наурыз) амалдың (жауын-шашынды 5-10 күн) шаруаға жайлы екенін білдіреді. Кей жерлерде бес тоғыстан соң он күнде өтетін амалды отамалы ойылған қыс деп атайды. Есепшілердің айтуынша, отамалының: «Қара жерге келсем, қар әкелемін, қарға келсем, қар әкетемін», — дейтін серті бар. Отамалы қара жерге келсе, жайсыздау болып, боранды, жауын-шашынды күн көп болады. Сөйтіп, амалдар дәстүрлі күнқайыру жүйесінің сан ғасырлық халықтық тәжірибенің тезінен өткен өзіндік принциптері мен нормалары (тәсілдері) бар ең мәнді әлементтері болып табылады.
04.12.2012 08:55 8143

 

Амал - әр жылдың он екі айындағы табиғат құбылыстарына байланысты халықтық қағидаларда қалыптасқан болжамдардың атаулары мен реттері. Жылдың әр айлары мен тоқсанында болатын ауа райындағы және табиғат өзгерістері мен құбылыстарын назарына ұстап, бекітіп ұдайы қадағалап, болжап және оны күнілгері хабарлап тұратын есепшілер болды. Әсіресе,малшы қауым үшін тоғыс есебінің шаруашылық маңызы үлкен болды. Осы есепке сүйене отырып, малшылар әр айдағы амалдардың қалай өтетінін шамалап отырды.

Амалдар наурыз айынан басталады. Жыл аяғында, яғни наурыз айының 17-21 күндері аралығында болатын жауын-шашынды, суық, әрі лайсаң мезгіл бесқонақтан қатты сақтанып отырған. Самарқанның көк тасы жібитін күн деп Наурыз айының 22-ін айтады. Бүл күні Шығыс күнтізбесі бойынша жаңа жыл басталады. Осы күні шығыста күн жылып, жер жібіп, ашық, шуақты мезгілдер басталады. Жаңа айдың туатынына дейінгі бір-екі күн мен «кеміген» айдың аспаннан екі күндік жоқ болып кету мерзімін қазақ өліара дейді. Осы арқылы алдағы айға болжам жасалады. Наурыз айының соңғы күндерінде жыл құстары да ұшып келе бастайды, аралас қарлы жаңбыр,суық жел тұрады. Мұны ел құс қанаты деп атап амалға жатқызған. Көктемде көкек айында қар күрт еріп, жер лайсаң болған кезеңді аласапыран деп атайды. Көкек айының орта кезінен кейін алғаш найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жер бусанады. Осы сәттердегі найзағайдың жарқылын халық «Қызырдың қамшысы шартылдады, қыс кетті» деп есептейді. Көкектің соңғы күндерінде 2-3 күнге созылатын суық жел соғып, тобылғы жарған амалдары басталады. Бұл «тобылғы бүршік жарған» яғни өсімдіктер тамыр жайды, алғашқы көк шыға бастаған кез дегенді білдіреді. Мамыр айының алғашқы онкүндігінде дала (су) құстары балапанын шығара бастайды. Халық тілінде қызыл жұмыртқа деп аталатын амалда 1-2 күнге созылатын суық болады. Мамыр айының аяғында болатын суық желді Құралайдың салқыны амалы кезінде желге қарсы киік өз құралайларын (баласын) аяқтандырып, өргізеді (киік көптігіне қарамай, 2-3 күн ішінде түгелдей төлдеп болады). Мамыр айының ортасына қарай Үркер аспанда мүлде көрінбей кетуін «Үркер батты деп жер қызады» дейді халық есепшілері. Маусымның 24-де Үркер таң ата батыстан көрінеді де, содан шілде айында 40 күнге созылатын ыстық басталады. Осы аптапты күндерге орай халық арасында қырық күн шілде» деп атаған. Үркердің толғағы аталатын амал мал-жанға жайлы кезең жаздың орта кезінде басталады. Бұл кезде жер құрғап, шөп буыны қатып, сарғая бастайды. Тамыз айының ортасында ауа райы салқын тартып, қою бұлт пайда болып, алғашқы құз нышаны біліне бастайды. Осы кезеңді Таразының тууы деп атайды. «Таразы туса - таң суыр» деген сөз орамы осындайдан шыққан. Қыркүйек айының ортасында салқын басталады, жаңбыр жауады, түнде шөп басына шық түседі, бірақ күндіз шуақты күндер де болады. Мүндай жылы мезгілдерді мизам шуақ деп атайды. Яғни қыркүйектің соңғы онкүндігінде құз келеді, суықты күндер, жауын басталады. Бұл сүмбіленің тууы деген амал Қараша айындағы құс оңтүстікке қайта бастайтын уақыт қараша қаздың қайтуы деген амал. Бұл кезде солтүстікте алғашқы қар түсіп, күн суытады. Желтоқсанның басында болатын алғашқы аязды жұрт қырбастың қызылы амалы дейді және қатты аязды суықтар болады. Желтоқсанның соңғы онкүндігінде қазақ даласында қатты боран соғады. Дәл осы кезде киік текесі келеге түсетіндіктен бұл кезең теке бұрқылдақ амалы деп аталып кеткен. Халықтың айтуында күннің таласуы дейтін кезең қаңтардың алғашқы күніне сәйкес келеді. Бұл кезде де ауа райы өзгереді, қар жауады, яғни сырғыма жүреді. Қаңтардың соңғы күндерінде қыс күшіне енеді, сақылдаған сары аяздар болатын кезді қазақтар қысқы шілде деп атаған. Ақпан айының қысы да ақырып келгенде ат құлағы көрінбейтін борандар күш алады. Ай аяғындағы сырғақ пен қатты боранды күндерде қасқырдың арланы мен қаншығы жұптасады. Бөрісырғақ амалы келеді дейтіні сондықтан (сырғақ деп бұршақтан кіші мұзды қар түйіршіктерін айтады). Есепшілер жыл сайын белгілі бір уақытта қайталап отыратын ауа райындағы құбылыстарды (жауын-шашын, жел, боран, ыстық, суық т.б.) амалдың қай кезде болатынын тоғыс есебі бойынша анықтап отырған (толығырақ қ. Үркер тоғысы). Киіктің матауы деген амал он жеті тоғысқа (қыркүйектің аяғы, қазанның басына) сәйкес келеді. Бұл кезде киіктің (ақбөкен, қарақұйрық, киік т.б.) текесі үйірге төседі. Елік құралай лағын апрельдің басында өтетін 5-10 күндік салқында өргізеді. Құралайдың салқыны үш тоғысқа сәйкес келеді. Он бес тоғыста (қазанның аяғы, қарашаның басында) өтетін жауын-шашынды 5-10 күндік амалды есепшілер бұғының мойын жуар амалы деп атаған. Бұл кезде бұғы маралмен насай-топыр (үйірге түседі) құрады. Таутекенің тауешкімен, құлжаның арқармен үйірге түсетін кезінде - он үш тоғыста (қарашаның аяғы) өтетін амал - теке бұрқақ (бұрқылдақ). Қаңтардың қарлы бораны он бір тоғыста (желтоқсан) өтетін амалдан соң, тоғыз тоғыста (қаңтар) өтетін аязды күндерді ай мүйізді алты күн немесе ақпан-тоқпанның (дақпанның) аязы деген амал ға жатқызады.

Бес тоғыстың бет жуары деген сөз орамы бес тоғыстағы (наурыз) амалдың (жауын-шашынды 5-10 күн) шаруаға жайлы екенін білдіреді. Кей жерлерде бес тоғыстан соң он күнде өтетін амалды отамалы ойылған қыс деп атайды. Есепшілердің айтуынша, отамалының: «Қара жерге келсем, қар әкелемін, қарға келсем, қар әкетемін», — дейтін серті бар. Отамалы қара жерге келсе, жайсыздау болып, боранды, жауын-шашынды күн көп болады. Сөйтіп, амалдар дәстүрлі күнқайыру жүйесінің сан ғасырлық халықтық тәжірибенің тезінен өткен өзіндік принциптері мен нормалары (тәсілдері) бар ең мәнді әлементтері болып табылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға