Жаңалықтар

Самұрық-Қазына

    «Самұрық-Қазына» ұлттық әл ауқат қоры – Қазақстандағы мемлекетке тиесілі холдинг. Холдингтің басты екі функциясы бар. Біріншіден, ол мемлекетке тиесілі компаниялар мен активтерді біріктіреді. Екіншіден – мемлекетті индустрияландыруға бағытталған ірі жобаларды іске асыратын басты институт. Қазіргі уақытта «Самұрық-Қазына» мемлекеттегі ірі компаниялардың басым бөлігінің акционері болып табылады. Тарихы. Холдинг құрылғанға дейін ол Самұрық және Қазына деген екі бөлек компания болды. Самұрық мемлекеттік активтерді ұстайтын холдинг болса, Қазына тұрақты даму қоры елдің индустрияландырылуына бағытталған жобаларды іске асыруға жауапты болатын.  «Самұрық-Қазына» ұлттық әл ауқат қоры» акционерлік қоғамы «Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығына және «Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы №962 қаулысына сәйкес «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамы мен «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі акционерлік қоғамын біріктіру жолымен құрылған.  Құрылғаннан бері холдинг Астана қаласында локомотивтер құрастыратын зауыт салу, Дайын тоқыма бұйымдарын шығаратын өндіріс және «Қазақтелеком» телекоммуникация желілерін Next Generation Network (NGN) технологиясына көшіру сияқты жобаларды іске асырды. Сонымен қатар холдинг өз штаты мен оған қарасты компанияларда жұмыс тиімділігін арттыруға арналған шаралар жүргізіп жатыр. «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасы – Тимур Асқарұлы Құлыбаев Қордың негізгі мақсаты. Ұзақ мерзімді құндылықтарды күшейту және әлемдік нарықта бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін ұлттық даму институттарының, ұлттық компаниялар мен басқа да заңды тұлғалардың меншікті тиесілі акциялар пакеттерін (қатысу үлестерін) басқару. Қор қызметінің негізгі қағидаттары: # Қордың жалғыз акционері ретінде мемлекеттің мүдделерін сақтау ;  # Қордың және оның компаниялары қызметінің ашықтығы, тиімділігі және икемділігі;  # шешімдер қабылдауда және оларды іске асыруда жүйелілік және шұғылдық;  #жауаптылық және есептілікте болу Қор қызметінің негізгі бағыттары: # ұлттық экономиканы жаңғыртуға және әртараптандыруға жәрдемдесу;  # елдің экономикасын тұрақтандыруға жәрдемдесу;  # компаниялар қызметінің тиімділігін арттыру. Қордың негізгі міндеттері: # өңірлік, ұлттық және халықаралық ауқымдағы инвестициялық жобаларды әзірлеу және оның іске асырылуын қамтамасыз ету ;  # Қордың компаниялары топтарының қолданыстағы активтерін қолдау және жаңғырту ;  # өңірлерді дамытуға және әлеуметтік жобаларды іске асыруға жәрдемдесу ;  # отандық тауар өндірушілерді, отандық тауарлар мен қызметтерді қолдау  Қаралатын міндеттер  шеңберінде  Қор мынадай функцияларды жүзеге асырады: • өздігінен және (немесе) компаниялардың қатысуымен, сондай-ақ жарғылық капиталдарына қатысу және қарыздар беру арқылы стратегиялық және (немесе) отандық инвесторлармен бірлесіп, өңірлік, ұлттық және халықаралық ауқымдардағы, оның ішінде экономиканың шынайы секторындағы инвестициялық жобаларды әзірлеу немесе (және) іске асыру, және (немесе) қаржыландыру;  • «Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» бағдарламасын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша өзге бағдарламалар мен жоспарларды іске асыру жөніндегі оператордың функциясын орындау;  • экономиканың жаңа секторларын игеру және елден және де шетелден экономикалық жағынан тиімді активтер сатып алу; • Қазақстан аумағында жобаларды асырудың негізгі басым бағыты болып табылатын инвестициялық және инновациялық жобаларды компаниялардың іске асыруы кезіндегі үйлестірілген және белсенді инвестициялық саясатты қамтамасыз ету;  • отандық және шетелдік, мемлекеттік және жеке инвестицияларды тарту және экономиканың әртүрлі саласына инновациялар енгізу; • капиталдың дүниежүзілік және отандық нарығында капиталды теңгерімделген қарызға беруді жүзеге асыру; • шағын және орта бизнестің жобаларын қаржыландыру; • компаниялардың топтары шеңберінде қаржы-инвестициялық құралдарының тиімді кешенді жүйесін құру; • өңіраралық экономикалық байланыстарды, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында жобаларды іске асыру арқылы дамыту; • әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар арқылы өңірлерді серпінді дамытуды қамтамасыз ету. Қор мынадай функцияларды да орындайды: • Қазақстан Республикасы Үкіметінің тұрақтандыру бағдарламаларына қатысу; • екінші деңгейлі банктерден жарияланған дауыс беруші акцияларды сатып алу; • әлеуметтік-экономкалық дамуды қолдау мақсатында екінші деңгейлі банктерде негіздемелі қаражатты орналастыру, оның ішінде құрылыс объектілерін аяқтау, шағын және орта бизнес субъектілерін және агроөнеркәсіптік кешенді қаржыландыру; • ипотекалық кредит беру нарығын және тұрғын үй құрылыс жинақ ақшасы жүйесін дамытуға жәрдемдесу;  • Қордың және компаниялардың қазақстандық тауар өндірушілерден тауарлар мен қызметтерді сатып алуында отандық маңызын ұлғайту, компаниялар импорттық жабдықты үлкен көлемде сатып алуды жүзеге асырған кезде өндірістің, жинау, жөндеу бойынша жұмыстардың және оларға қызмет көрсетудің Қазақстанда оқшауландыруын қамтамасыз ету бойынша тетіктерді көздейтін Қордың және компаниялардың сатып алуды жүзеге асыру тәртібін анықтау, бекіту және жүзеге асыру; • «Стресті активтер қоры» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін сенімгерлік жүйемен басқаруды жүзеге асыру.   Қордың қызметі мынадай принциптерге 1) Қордың жалғыз акционері ретіндегі мемлекеттің мүдделерін сақтауға; 2) Қор мен компаниялар қызметінің ашықтығына, тиімділігіне және икемділігіне; 3) шешімдерді қабылдау мен оларды іске асырудағы жүйелілік пен жеделдікке; 4)жауапкершілік пен есеп берушілікке; 5) заңдылыққа негізделеді Қордың нормативтік құқықтық базасы: Ұлттық әл-ауқат қорының қызметі «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен және басқа да бірқатар заңнамалық және заңға тәуелді актілермен реттеледі. Заңға сәйкес Қор қызметінің негізгі мақсаттары мыналар болып табылады: 1) ел экономикасының орнықты дамуын қамтамасыз етуге жәрдемдесу; 2) экономиканы жаңғырту мен әртараптандыруға жәрдемдесу; 3) компаниялар қызметінің тиімділігін арттыру. Заң Қордың алдына мынадай міндеттер қояды:  1) қазақстандық экономиканы әртараптандыру бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысу; 2) ұлттық, салааралық және өңірлік ауқымдағы инвестициялық стратегиялық жобаларды әзірлеу және іске асыру; 3) Қазақстан Республикасының экономикасына инвести¬циялар тартуға жәрдемдесу; 4) кәсіпкерлік қызметті дамытуға қолайлы жағдайларды мемлекеттік және жекеше мүдделерді шоғырландыру арқылы қамтамасыз етуге қатысу, сондай-ақ тиісті өңірдің әлеуметтік жобаларын іске асыру есебінен халықтың өмір сүру деңгейін өсіруге жәрдемдесу және өңірлердегі іскерлік және инвестициялық белсенділікті өсіруге жәрдемдесу; 5) бәсекелестікке қабілетті қазақстандық тауар өндірушілерді құруға және дамытуға жәрдемдесу;  6) тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілермен өзара іс-қимыл жасау арқылы қазақстандық үлесті қамтамасыз етуге жәрдемдесу; 7) компаниялардың бәсекелестікке қабілеттілігін оларды кор¬поративтік басқаруды жетілдіру арқылы арттыру. Стратегиясы: «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы №827 Жарлығын орындау үшін «Самұрық-Қазына» АҚ 2011-2020 жылдарға арналған даму стратегиясы (бұдан әрі – Даму стратегиясы) әзірленді. Стратегия Қазақстан Республикасын үдемелі индустриалдық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, Қазақстан Республикасы дамуының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарын, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2010-2015 жылдарға арналған болжамын қоса алғанда, елдің стратегиялық және бағдарламалық құжаттары ескеріле отырып әзірленді. Қордың Даму стратегиясы Қор Директорлар кеңесінің 2010 жылғы 16 қарашадағы шешімімен мақұлданды, жақын уақытта оны Қордың Жалғыз акционері ретінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуі жоспарлануда. Даму стратегиясына сәйкес Қордың миссиясы – Қор компанияларының ұзақ мерзімді құнын арттыру арқылы ұлттық әл-ауқаттың өсуіне жәрдемдесу және ұлттық экономиканы әртараптандыруға және жаңғыртуға жәрдемдесу болып табылады. 2020 жылға қарай Қордың көрінісі – Қазақстанның экономикасында негізгі рөл атқаратын, Қордың компанияларынан «ұлттық чемпиондарды» қалыптастырған, елдің тұрақты дамуының негізі болып табылатын және ұқсас салалық бейіндегі аса ірі шетелдік компаниялармен бәсекелесуге қабілетті басқарушы холдинг.  Өз миссиясын жүзеге асыру үшін Қор мынадай екі стратегиялық бағытты белгіледі: • елдің тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін экономиканы әртараптандыруға және жаңғыртуға жәрдемдесу;  • компаниялар қызметінің тиімділігін арттыру. • Бірінші стратегиялық бағыттың шеңберіндегі мақсат Қордың мақсаты жаңа өндірістік және инфрақұрылымдық активтер жасау және қолданыстағыларын жаңғырту болып табылады. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттер іске асырылатын болады: • бар активтерді жаңғырту;  • өнеркәсіптегі қосылған құнды ұлғайтуды қамтамасыз ететін жобаларды қаржыландыру және/немесе іске асыру;  • инфрақұрылымды дамытуды қамтамасыз ететін жобаларды қаржыландыру және/немесе іске асыру. Екінші стратегиялық бағыттың шеңберіндегі мақсат Қор компаниялары қызметінің тиімділігін арттыру болып табылады. Осы мақсатты іске асыру үшін мынадай міндеттер орындалатын болады: • активтердің мақсатты құрылымын қалыптастыру;  • Қызмет нәтижелері мониторингінің бірыңғай жүйесін енгізу;  • тәуекелдерді басқарудың және борышты басқарудың бірыңғай жүйесін енгізу;  • бірыңғай технологиялық және инновациялық саясатты іске асыру;  • корпоративтік басқаруды жетілдіру;  • қазақстандық қамтуды арттыру;  • бірыңғай кадр саясатын іске асыру;  Әр стратегиялық бағыт шеңберінде мақсаттардың мониторингісі мен орындалуын бақылау мақсатында қызметтің негізгі көрсеткіштері анықталды. Қордың Даму стратегиясын іске асырудағы табыс Қордың компаниялары тобы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің үйлесімді және тиімді өзара іс-қимылына байланысты болады. Халықаралық ынтымақтастық департаментінің қызметі: «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның халықаралық ынтымақтастық департаменті Қазақстан Республикасы Үкіметі жұмысының басым бағыттарына сәйкес қызмет атқарады. Қордың көптеген шетелдік серіктестермен бірлескен жобалары бар. Ресеймен және ТМД елдерінің көпшілігімен, Үндістанмен, Қытаймен және Азияның басқа да елдерімен, Еуропамен, АҚШ-пен, Канадамен және Парсы шығанағындағы елдермен бірлесіп жұмыс жасайды. Ресеймен және ТМД елдерімен ынтымақтастығы: Ресей Федерациясымен (РФ) ынтымақтастығы, ынтымақтастықтың басым бағыттарының бірі бола отырып, келесі негізгі бағыттар бойынша жүргізіледі: мұнай транзиті, құбыр өткізгіштік транспорт, Каспий теңізінің қайраңын игеру, газ саласы, Каспий маңы газ құбырлары құрылысының жобалары, қазіргі газтранспорттық  жүйесін қайта құру және Орталық Азия аймақтарына табиғи газ тасымалдау үшін жаңа күштер тауып қосу. Каспий құбырөткізгіштік консорциумы қазіргі таңда Қазақстан мұнайының экспорттық жеткізілуінің ірі бағыты болып табылады. Республика аумағындағы ірі мұнай-газ жобасының бірі болып табылатын Карачаган жобасы даму үстінде. Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы 2008-2011 жылдардағы экономикалық ынтымақтастық жобасына арналған іс-шаралар жобасына сәйкес қойылған тапсырмаларды іске асыру шеңберінде Қор тарапынан бірлескен еншілес қор жасау бойынша жұмыстар жүргізілді.  Ресей Федерациясымен екіжақты ынтымақтастық, сонымен қатар коммуникация шеңберінде пошта қызметінде, теміржол қатынасында, энергетикалық және әскери-өнеркәсіптік салалары бойынша жүзеге асырылады. Азия елдерімен ынтымақтастық: 2009 жылы 23-26 қаңтарда ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Үндістанға ресми іссапармен  барған болатын. Мемлекет басшысының қатысуымен өткен бизнес-форумда қазақстандық және үндістандық компаниялардың арасында келісімге қол қою салтанаты өтіп, үндістандық компанияларды Қазақстан Республикасына инвестиция ретінде тарту жөніндегі мәселелер қаралды. Іссапар барысында энергетика, мұнай және газ, телекоммуникация, өнеркәсіп және әскери-техникалық ынтымақтастық саласында ынтымақтасу мәселелері талқыланды. «Казатомпром» ұлттық компаниясы» АҚ ядролық отын циклінде NPCIL-мен бірге ынтымақтасу туралы Меморандумға қол қоюға ниет танытты, сондай-ақ «Сәтпаев» жобасы бойынша «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мен «ONGC Videsh Limited” арасындағы ұстанымдар туралы келісімге қол қою жоспарлануда. Қытай Халық Республикасымен серіктестік экономиканың шикізаттық және шикізаттық емес секторы ретінде ынтымақтасу бағдарламасы бойынша жүргізіледі. Инвестициялық жобалар жүйрік пойызға арналған Астана-Алматы теміржол құрылысын, «Кеңқияқ-Құмкөл» аймағындағы екінші кезекті «Қазақстан-Қытай» мұнай құбырларын және «Қазақстан-Қытай» газ құбырларын пайдалануға кірісуді қамтиды. ҚР-ҚХР ынтымақтастық жобасы аясында «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ және «KEGOC» АҚ 2007 жылдан бастап Қытайдың ТВЕА корпорациясымен бірлескен трансформатор және басқа да электротехникалық өнімдерді Қазақстан инжиниринг зауыттарында өндіруді ұйымдастыру бойынша ынтымақтасады. АҚШ-пен ынтымақтастығы: Инвестиция саласы бойынша АҚШ Қазақстан Республикасының басты стратегиялық серіктестерінің бірі болып табылады. Американың Exxon Mobil, Chevron, ConocoPhillips, Halliburton және басқа да компаниялары «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясымен мұнай-газ саласында белсенді түрде ынтымақтасып, «Қашаған», «Блок Н», «Тенгиз», «Қарашығанақ», КТК сынды ірі жобалардың қатысушысы болып саналады. Microsoft және Cisco компаниялары Астанада ақпараттық технологиялар және ақпараттық технологияларды дамыту саласында Қормен екіжақты ынтымақтастық мүмкіндіктердің презентациясын өткізген.  Еуропа елдерімен ынтымақтастық: Қордың Германия Федеративті Республикасымен ынтымақтастығы мұнай газ өнеркәсібі, телекоммуникация, электроэнергетика, агроөнеркәсіп, инновациялық технология, сақтандыру және сауда  бағыттары бойынша даму үстінде. 2009 жылы мемлекет басшысының Германияға іссапары кезінде ұйымдастырылған Германиядағы Қазақстан жылының ашылу салтанаты өткен Қазақстан-герман экономикалық форумына «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ы қатысқан. Парсы шығанағындағы елдермен ынтымақтастық:   Иран Ислам республикасымен ынтымақтастық барлау, мұнай алу және тасымалдау саласы бойынша жүзеге асырылады. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ «Атырау облысында бірінші мұнайхимиялық кешен» жобасы және «КонокоФиллипс» пен «Мубадала Девелопмент Компани» компаниялармен бірлескен «Н» жобасы бойынша қызметтерді іске асырады.  «Самұрық-Қазына» ұлттық әл ауқат қорының еншілес компаниялары: «Самұрық-Қазына» холдингіне қырықтан астам ұйым кіреді. Солардың ішіндегі компаниялардың көбісі 1990 жылдары құрылса, басқалары әлемдік қаржылық дағдарысқа байланысты пайда болған. Холдинг 2010 жылдың 4 мамырына қарай келесідей активтерге ие болған: Назар аударыңыз: Активтер бойынша ақпарат 2008 жылдың аяғына қарай белгілі болған сандар. Сандар мың теңге ретінде көрсетілген. Алайда, "АҚШ доллары" тұрған жерлерде сандар АҚШ доллары бірлігінде көрсетілген. Жаңа Функциялары: 2009 жылы басталған экономикалық дағдарыс Қазақстан басшылығынан дағдарысқа төтеп беретін бағдарламаны талап етті. Бағдарламаны қабылданғаннан кейін оны орындауды үкіметке емес, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл ауқат қорына орындауға тапсырды. Қазіргі уақытта холдингтің келесідей функциялары бар: • Қаржы секторын тұрақтандыру  • Жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды шешу  • Шағын және орта бизнесті қолдау  • Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту  • Инновациялық, индустриалдық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру  Сын. «Самұрық-Қазына» қорына байланысты айтылатын басты сын оның жабықтығы мен жұмысының тиімсіздігі болып табылады. Түрлі бағдарламалар мен жобалардың қабылдануына қарамастан, Қазақстан экономикасындағы диверсификациялау үрдісі әлі де төмен. Қыруар қаржы жіберіліп жатса да, айтарлықтай жетістік көрінбейді.  Standard & Poor's фондтың ашықтығын 100-ден 24 баллға бағалап, оның жабықтығын дәлелдеп берді.  Сарапшы клубы. «Сарапшы» клубы – Қордың қызметіне қатысты барынша маңызды проблемалар мен әлеуметтік-экономикалық үдерістерді талқылауға арналған ақпараттық және талдамалық алаң.  Клуб «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының төрағасы Тимур Құлыбаевтың бастамасы бойынша құрылған. Пікірталас клубының шеңберінде белгілі саясаттанушы Нұрлан Ерімбетов саясаткерлермен және ғалымдармен, мемлекеттік аппарат өкілдерімен және сарапшылармен, публицисттермен және бизнесмендермен пікір алысады.  Клуб жұмысының қағидаттары: *ашықтық,  *құзыреттілік,  *әділдік,  *ақиқатты іздеу,  *жақындасу *ымыралық. Шақырылған бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері көкейтесті мәселелерді тиімді шешуге бағытталған маңызды пікірталастардың куәсі болып қана қоймай, сонымен бірге оған қатысушыларға сұрақтар да бере алады.      
04.12.2012 08:47 7584

 

 
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл ауқат қоры – Қазақстандағы мемлекетке тиесілі холдинг. Холдингтің басты екі функциясы бар. Біріншіден, ол мемлекетке тиесілі компаниялар мен активтерді біріктіреді. Екіншіден – мемлекетті индустрияландыруға бағытталған ірі жобаларды іске асыратын басты институт. Қазіргі уақытта «Самұрық-Қазына» мемлекеттегі ірі компаниялардың басым бөлігінің акционері болып табылады.
Тарихы. Холдинг құрылғанға дейін ол Самұрық және Қазына деген екі бөлек компания болды. Самұрық мемлекеттік активтерді ұстайтын холдинг болса, Қазына тұрақты даму қоры елдің индустрияландырылуына бағытталған жобаларды іске асыруға жауапты болатын. 
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл ауқат қоры» акционерлік қоғамы «Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығына және «Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы №962 қаулысына сәйкес «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамы мен «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі акционерлік қоғамын біріктіру жолымен құрылған. 
Құрылғаннан бері холдинг Астана қаласында локомотивтер құрастыратын зауыт салу, Дайын тоқыма бұйымдарын шығаратын өндіріс және «Қазақтелеком» телекоммуникация желілерін Next Generation Network (NGN) технологиясына көшіру сияқты жобаларды іске асырды. Сонымен қатар холдинг өз штаты мен оған қарасты компанияларда жұмыс тиімділігін арттыруға арналған шаралар жүргізіп жатыр.
«Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасы – Тимур Асқарұлы Құлыбаев
Қордың негізгі мақсаты. Ұзақ мерзімді құндылықтарды күшейту және әлемдік нарықта бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін ұлттық даму институттарының, ұлттық компаниялар мен басқа да заңды тұлғалардың меншікті тиесілі акциялар пакеттерін (қатысу үлестерін) басқару.
Қор қызметінің негізгі қағидаттары:
# Қордың жалғыз акционері ретінде мемлекеттің мүдделерін сақтау ; 
# Қордың және оның компаниялары қызметінің ашықтығы, тиімділігі және икемділігі; 
# шешімдер қабылдауда және оларды іске асыруда жүйелілік және шұғылдық; 
#жауаптылық және есептілікте болу
Қор қызметінің негізгі бағыттары:
# ұлттық экономиканы жаңғыртуға және әртараптандыруға жәрдемдесу; 
# елдің экономикасын тұрақтандыруға жәрдемдесу; 
# компаниялар қызметінің тиімділігін арттыру.
Қордың негізгі міндеттері:
# өңірлік, ұлттық және халықаралық ауқымдағы инвестициялық жобаларды әзірлеу және оның іске асырылуын қамтамасыз ету ; 
# Қордың компаниялары топтарының қолданыстағы активтерін қолдау және жаңғырту ; 
# өңірлерді дамытуға және әлеуметтік жобаларды іске асыруға жәрдемдесу ; 
# отандық тауар өндірушілерді, отандық тауарлар мен қызметтерді қолдау 
Қаралатын міндеттер  шеңберінде  Қор мынадай функцияларды жүзеге асырады:
өздігінен және (немесе) компаниялардың қатысуымен, сондай-ақ жарғылық капиталдарына қатысу және қарыздар беру арқылы стратегиялық және (немесе) отандық инвесторлармен бірлесіп, өңірлік, ұлттық және халықаралық ауқымдардағы, оның ішінде экономиканың шынайы секторындағы инвестициялық жобаларды әзірлеу немесе (және) іске асыру, және (немесе) қаржыландыру; 
«Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» бағдарламасын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша өзге бағдарламалар мен жоспарларды іске асыру жөніндегі оператордың функциясын орындау; 
экономиканың жаңа секторларын игеру және елден және де шетелден экономикалық жағынан тиімді активтер сатып алу;
Қазақстан аумағында жобаларды асырудың негізгі басым бағыты болып табылатын инвестициялық және инновациялық жобаларды компаниялардың іске асыруы кезіндегі үйлестірілген және белсенді инвестициялық саясатты қамтамасыз ету; 
отандық және шетелдік, мемлекеттік және жеке инвестицияларды тарту және экономиканың әртүрлі саласына инновациялар енгізу;
капиталдың дүниежүзілік және отандық нарығында капиталды теңгерімделген қарызға беруді жүзеге асыру;
шағын және орта бизнестің жобаларын қаржыландыру;
компаниялардың топтары шеңберінде қаржы-инвестициялық құралдарының тиімді кешенді жүйесін құру;
өңіраралық экономикалық байланыстарды, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында жобаларды іске асыру арқылы дамыту;
әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар арқылы өңірлерді серпінді дамытуды қамтамасыз ету.
Қор мынадай функцияларды да орындайды:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің тұрақтандыру бағдарламаларына қатысу;
екінші деңгейлі банктерден жарияланған дауыс беруші акцияларды сатып алу;
әлеуметтік-экономкалық дамуды қолдау мақсатында екінші деңгейлі банктерде негіздемелі қаражатты орналастыру, оның ішінде құрылыс объектілерін аяқтау, шағын және орта бизнес субъектілерін және агроөнеркәсіптік кешенді қаржыландыру;
ипотекалық кредит беру нарығын және тұрғын үй құрылыс жинақ ақшасы жүйесін дамытуға жәрдемдесу; 
Қордың және компаниялардың қазақстандық тауар өндірушілерден тауарлар мен қызметтерді сатып алуында отандық маңызын ұлғайту, компаниялар импорттық жабдықты үлкен көлемде сатып алуды жүзеге асырған кезде өндірістің, жинау, жөндеу бойынша жұмыстардың және оларға қызмет көрсетудің Қазақстанда оқшауландыруын қамтамасыз ету бойынша тетіктерді көздейтін Қордың және компаниялардың сатып алуды жүзеге асыру тәртібін анықтау, бекіту және жүзеге асыру;
«Стресті активтер қоры» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін сенімгерлік жүйемен басқаруды жүзеге асыру.
 
Қордың қызметі мынадай принциптерге
1) Қордың жалғыз акционері ретіндегі мемлекеттің мүдделерін сақтауға;
2) Қор мен компаниялар қызметінің ашықтығына, тиімділігіне және икемділігіне;
3) шешімдерді қабылдау мен оларды іске асырудағы жүйелілік пен жеделдікке;
4)жауапкершілік пен есеп берушілікке;
5) заңдылыққа негізделеді
Қордың нормативтік құқықтық базасы:
Ұлттық әл-ауқат қорының қызметі «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен және басқа да бірқатар заңнамалық және заңға тәуелді актілермен реттеледі.
Заңға сәйкес Қор қызметінің негізгі мақсаттары мыналар болып табылады:
1) ел экономикасының орнықты дамуын қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
2) экономиканы жаңғырту мен әртараптандыруға жәрдемдесу;
3) компаниялар қызметінің тиімділігін арттыру.
Заң Қордың алдына мынадай міндеттер қояды: 
1) қазақстандық экономиканы әртараптандыру бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
2) ұлттық, салааралық және өңірлік ауқымдағы инвестициялық стратегиялық жобаларды әзірлеу және іске асыру;
3) Қазақстан Республикасының экономикасына инвести¬циялар тартуға жәрдемдесу;
4) кәсіпкерлік қызметті дамытуға қолайлы жағдайларды мемлекеттік және жекеше мүдделерді шоғырландыру арқылы қамтамасыз етуге қатысу, сондай-ақ тиісті өңірдің әлеуметтік жобаларын іске асыру есебінен халықтың өмір сүру деңгейін өсіруге жәрдемдесу және өңірлердегі іскерлік және инвестициялық белсенділікті өсіруге жәрдемдесу;
5) бәсекелестікке қабілетті қазақстандық тауар өндірушілерді құруға және дамытуға жәрдемдесу; 
6) тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілермен өзара іс-қимыл жасау арқылы қазақстандық үлесті қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
7) компаниялардың бәсекелестікке қабілеттілігін оларды кор¬поративтік басқаруды жетілдіру арқылы арттыру.
Стратегиясы:
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы №827 Жарлығын орындау үшін «Самұрық-Қазына» АҚ 2011-2020 жылдарға арналған даму стратегиясы (бұдан әрі – Даму стратегиясы) әзірленді.
Стратегия Қазақстан Республикасын үдемелі индустриалдық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, Қазақстан Республикасы дамуының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарын, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2010-2015 жылдарға арналған болжамын қоса алғанда, елдің стратегиялық және бағдарламалық құжаттары ескеріле отырып әзірленді.
Қордың Даму стратегиясы Қор Директорлар кеңесінің 2010 жылғы 16 қарашадағы шешімімен мақұлданды, жақын уақытта оны Қордың Жалғыз акционері ретінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуі жоспарлануда.
Даму стратегиясына сәйкес Қордың миссиясы – Қор компанияларының ұзақ мерзімді құнын арттыру арқылы ұлттық әл-ауқаттың өсуіне жәрдемдесу және ұлттық экономиканы әртараптандыруға және жаңғыртуға жәрдемдесу болып табылады.
2020 жылға қарай Қордың көрінісі – Қазақстанның экономикасында негізгі рөл атқаратын, Қордың компанияларынан «ұлттық чемпиондарды» қалыптастырған, елдің тұрақты дамуының негізі болып табылатын және ұқсас салалық бейіндегі аса ірі шетелдік компаниялармен бәсекелесуге қабілетті басқарушы холдинг. 
Өз миссиясын жүзеге асыру үшін Қор мынадай екі стратегиялық бағытты белгіледі:
елдің тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін экономиканы әртараптандыруға және жаңғыртуға жәрдемдесу; 
компаниялар қызметінің тиімділігін арттыру.
Бірінші стратегиялық бағыттың шеңберіндегі мақсат Қордың мақсаты жаңа өндірістік және инфрақұрылымдық активтер жасау және қолданыстағыларын жаңғырту болып табылады.
Осы мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттер іске асырылатын болады:
бар активтерді жаңғырту; 
өнеркәсіптегі қосылған құнды ұлғайтуды қамтамасыз ететін жобаларды қаржыландыру және/немесе іске асыру; 
инфрақұрылымды дамытуды қамтамасыз ететін жобаларды қаржыландыру және/немесе іске асыру.
Екінші стратегиялық бағыттың шеңберіндегі мақсат Қор компаниялары қызметінің тиімділігін арттыру болып табылады.
Осы мақсатты іске асыру үшін мынадай міндеттер орындалатын болады:
активтердің мақсатты құрылымын қалыптастыру; 
Қызмет нәтижелері мониторингінің бірыңғай жүйесін енгізу; 
тәуекелдерді басқарудың және борышты басқарудың бірыңғай жүйесін енгізу; 
бірыңғай технологиялық және инновациялық саясатты іске асыру; 
корпоративтік басқаруды жетілдіру; 
қазақстандық қамтуды арттыру; 
бірыңғай кадр саясатын іске асыру; 
Әр стратегиялық бағыт шеңберінде мақсаттардың мониторингісі мен орындалуын бақылау мақсатында қызметтің негізгі көрсеткіштері анықталды.
Қордың Даму стратегиясын іске асырудағы табыс Қордың компаниялары тобы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің үйлесімді және тиімді өзара іс-қимылына байланысты болады.
Халықаралық ынтымақтастық департаментінің қызметі:
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның халықаралық ынтымақтастық департаменті Қазақстан Республикасы Үкіметі жұмысының басым бағыттарына сәйкес қызмет атқарады. Қордың көптеген шетелдік серіктестермен бірлескен жобалары бар. Ресеймен және ТМД елдерінің көпшілігімен, Үндістанмен, Қытаймен және Азияның басқа да елдерімен, Еуропамен, АҚШ-пен, Канадамен және Парсы шығанағындағы елдермен бірлесіп жұмыс жасайды.
Ресеймен және ТМД елдерімен ынтымақтастығы:
Ресей Федерациясымен (РФ) ынтымақтастығы, ынтымақтастықтың басым бағыттарының бірі бола отырып, келесі негізгі бағыттар бойынша жүргізіледі: мұнай транзиті, құбыр өткізгіштік транспорт, Каспий теңізінің қайраңын игеру, газ саласы, Каспий маңы газ құбырлары құрылысының жобалары, қазіргі газтранспорттық  жүйесін қайта құру және Орталық Азия аймақтарына табиғи газ тасымалдау үшін жаңа күштер тауып қосу. Каспий құбырөткізгіштік консорциумы қазіргі таңда Қазақстан мұнайының экспорттық жеткізілуінің ірі бағыты болып табылады. Республика аумағындағы ірі мұнай-газ жобасының бірі болып табылатын Карачаган жобасы даму үстінде.
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы 2008-2011 жылдардағы экономикалық ынтымақтастық жобасына арналған іс-шаралар жобасына сәйкес қойылған тапсырмаларды іске асыру шеңберінде Қор тарапынан бірлескен еншілес қор жасау бойынша жұмыстар жүргізілді. 
Ресей Федерациясымен екіжақты ынтымақтастық, сонымен қатар коммуникация шеңберінде пошта қызметінде, теміржол қатынасында, энергетикалық және әскери-өнеркәсіптік салалары бойынша жүзеге асырылады.
Азия елдерімен ынтымақтастық:
2009 жылы 23-26 қаңтарда ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Үндістанға ресми іссапармен  барған болатын. Мемлекет басшысының қатысуымен өткен бизнес-форумда қазақстандық және үндістандық компаниялардың арасында келісімге қол қою салтанаты өтіп, үндістандық компанияларды Қазақстан Республикасына инвестиция ретінде тарту жөніндегі мәселелер қаралды. Іссапар барысында энергетика, мұнай және газ, телекоммуникация, өнеркәсіп және әскери-техникалық ынтымақтастық саласында ынтымақтасу мәселелері талқыланды. «Казатомпром» ұлттық компаниясы» АҚ ядролық отын циклінде NPCIL-мен бірге ынтымақтасу туралы Меморандумға қол қоюға ниет танытты, сондай-ақ «Сәтпаев» жобасы бойынша «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мен «ONGC Videsh Limited” арасындағы ұстанымдар туралы келісімге қол қою жоспарлануда.
Қытай Халық Республикасымен серіктестік экономиканың шикізаттық және шикізаттық емес секторы ретінде ынтымақтасу бағдарламасы бойынша жүргізіледі. Инвестициялық жобалар жүйрік пойызға арналған Астана-Алматы теміржол құрылысын, «Кеңқияқ-Құмкөл» аймағындағы екінші кезекті «Қазақстан-Қытай» мұнай құбырларын және «Қазақстан-Қытай» газ құбырларын пайдалануға кірісуді қамтиды.
ҚР-ҚХР ынтымақтастық жобасы аясында «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ және «KEGOC» АҚ 2007 жылдан бастап Қытайдың ТВЕА корпорациясымен бірлескен трансформатор және басқа да электротехникалық өнімдерді Қазақстан инжиниринг зауыттарында өндіруді ұйымдастыру бойынша ынтымақтасады.
АҚШ-пен ынтымақтастығы:
Инвестиция саласы бойынша АҚШ Қазақстан Республикасының басты стратегиялық серіктестерінің бірі болып табылады. Американың Exxon Mobil, Chevron, ConocoPhillips, Halliburton және басқа да компаниялары «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясымен мұнай-газ саласында белсенді түрде ынтымақтасып, «Қашаған», «Блок Н», «Тенгиз», «Қарашығанақ», КТК сынды ірі жобалардың қатысушысы болып саналады.
Microsoft және Cisco компаниялары Астанада ақпараттық технологиялар және ақпараттық технологияларды дамыту саласында Қормен екіжақты ынтымақтастық мүмкіндіктердің презентациясын өткізген. 
Еуропа елдерімен ынтымақтастық:
Қордың Германия Федеративті Республикасымен ынтымақтастығы мұнай газ өнеркәсібі, телекоммуникация, электроэнергетика, агроөнеркәсіп, инновациялық технология, сақтандыру және сауда  бағыттары бойынша даму үстінде. 2009 жылы мемлекет басшысының Германияға іссапары кезінде ұйымдастырылған Германиядағы Қазақстан жылының ашылу салтанаты өткен Қазақстан-герман экономикалық форумына «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ы қатысқан.
Парсы шығанағындағы елдермен ынтымақтастық:
 
Иран Ислам республикасымен ынтымақтастық барлау, мұнай алу және тасымалдау саласы бойынша жүзеге асырылады. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ «Атырау облысында бірінші мұнайхимиялық кешен» жобасы және «КонокоФиллипс» пен «Мубадала Девелопмент Компани» компаниялармен бірлескен «Н» жобасы бойынша қызметтерді іске асырады.
 «Самұрық-Қазына» ұлттық әл ауқат қорының еншілес компаниялары:
«Самұрық-Қазына» холдингіне қырықтан астам ұйым кіреді. Солардың ішіндегі компаниялардың көбісі 1990 жылдары құрылса, басқалары әлемдік қаржылық дағдарысқа байланысты пайда болған. Холдинг 2010 жылдың 4 мамырына қарай келесідей активтерге ие болған:
Назар аударыңыз: Активтер бойынша ақпарат 2008 жылдың аяғына қарай белгілі болған сандар. Сандар мың теңге ретінде көрсетілген. Алайда, "АҚШ доллары" тұрған жерлерде сандар АҚШ доллары бірлігінде көрсетілген.
Жаңа Функциялары:
2009 жылы басталған экономикалық дағдарыс Қазақстан басшылығынан дағдарысқа төтеп беретін бағдарламаны талап етті. Бағдарламаны қабылданғаннан кейін оны орындауды үкіметке емес, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл ауқат қорына орындауға тапсырды. Қазіргі уақытта холдингтің келесідей функциялары бар:
Қаржы секторын тұрақтандыру 
Жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды шешу 
Шағын және орта бизнесті қолдау 
Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту 
Инновациялық, индустриалдық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру 
Сын.
«Самұрық-Қазына» қорына байланысты айтылатын басты сын оның жабықтығы мен жұмысының тиімсіздігі болып табылады. Түрлі бағдарламалар мен жобалардың қабылдануына қарамастан, Қазақстан экономикасындағы диверсификациялау үрдісі әлі де төмен. Қыруар қаржы жіберіліп жатса да, айтарлықтай жетістік көрінбейді. 
Standard & Poor's фондтың ашықтығын 100-ден 24 баллға бағалап, оның жабықтығын дәлелдеп берді. 
Сарапшы клубы.
«Сарапшы» клубы – Қордың қызметіне қатысты барынша маңызды проблемалар мен әлеуметтік-экономикалық үдерістерді талқылауға арналған ақпараттық және талдамалық алаң. 
Клуб «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының төрағасы Тимур Құлыбаевтың бастамасы бойынша құрылған. Пікірталас клубының шеңберінде белгілі саясаттанушы Нұрлан Ерімбетов саясаткерлермен және ғалымдармен, мемлекеттік аппарат өкілдерімен және сарапшылармен, публицисттермен және бизнесмендермен пікір алысады. 
Клуб жұмысының қағидаттары:
*ашықтық, 
*құзыреттілік, 
*әділдік, 
*ақиқатты іздеу, 
*жақындасу
*ымыралық.
Шақырылған бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері көкейтесті мәселелерді тиімді шешуге бағытталған маңызды пікірталастардың куәсі болып қана қоймай, сонымен бірге оған қатысушыларға сұрақтар да бере алады.
 
 
 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға