Жаңалықтар

Микронезия

Микронезия, Микронезия Федеративтік Штаттары – Тынық мұхиттың батыс бөлігінде, Каролин аралдарында орналасқан мемлекет. Жер аум. 700 км2. Астанасы – Паликир қ. Халқы 133 мың (2000). Ресми тілі – ағылшын, жергілікті халықтардың тілдері де кең тараған. Топарал халқы микронезиялық және полинезиялық аталатын этн. топтардан құрылған. Тұрғындарының басым көпшілігі – протестанттар, қалғандары – католиктер. Мемлекет және үкімет басшысы – президент. Жоғ. заң шығарушы билік бір палаталы парламент – өлттық конгреске жүктелген. Әкімш. жағынан 4 штатқа (Трук, Костраэ, Понапе, Иап) бөлінеді. өлттық мейрамы – Тәуелсіздік күні – 10 мамыр (1979). 1991 жылдан Бөө-ға мүше. Ақша бірлігі – АҚШ долл. Табиғаты. М. аралдары геол. түзілу тегі жағынан әр түрлі: жанартаулық таулы аралдардан бастап, маржанды аралдарға дейін кездеседі. Кейбір аралдарда әрекеттегі жанартаулар бар. Олардың жағалауларында мәңгі жасыл бұталар, бамбук өссе, маржанды аралдарда кокос пальмалары басым. Топаралдың жануарлар дүниесі түрі жағынан да, саны жағынан да тым кедей. Жарқанат, кептерлер, қарлығаш тектес ұзын қанатты құстар кездеседі. Топаралдың батыс бөлігінің климаты – экваторлық және субэкваторлық, ал шығыс бөлігінде – тропиктік пассаттық. Айлық орташа темп-ра 25 – 30ӘС шамасында. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. 1500 – 4000 мм. Шығыстағы аралдарда нөсер жауындар жиі жауады. Негізгі табиғи қорлары: ағаш, фосфорит, теңіз өнімдері. Тарихы. М. аймағын адамдар б.з. 1-мыңжылдығында қоныстана бастады. М. аралдарының бірқатарын (оның ішінде Каролин аралдары да бар) 1525 ж. португалдар ашты. Бірақ 1528 – 29 ж. А.Сааведраның экспед-нан кейін испандар аралдарды басып ала бастады. Аралдар 16 ғ-дың ортасынан бастап 1899 жылға дейін испандықтардың отарлық иеліктері болып келді. 1899 ж. Германия М-ны Испаниядан сатып алды. 1914 ж. елді Жапония басып алып, 1919 – 45 ж. мандаттық жүйе арқылы бас-қарды. 2-дүниежүз. соғыста Жапонияның жеңіліске ұшырауына байланысты аралдар Бөө-ның қамқорлығына өтіп, 1947 ж. АҚШ-тың басқаруына берілді. 1979 ж. 10 мамырда М. Федеративтік штаттар болып жарияланды да, аралдарға өзін-өзі басқару құқығы берілді. Ал 1991 ж. тәуелсіз мемлекетке айналды. Экономикасының негізгі саласы – балық аулау. М. өз жағалауларында басқа мемлекеттерге балық аулау құқығын беретін лицензиялар сатудан да елеулі пайда табады. Қажетті инфрақұрылымның жоқтығынан туризм нашар дамыған. Экспортқа копра, бұрыш, балық пен кокос майын шығарады. өлттық табыстың жан басына шаққандағы мөлш. 1910 АҚШ долл. (1997). Негізгі сауда серіктестері: АҚШ, Жапония, Австралия, Оңт. Корея. Әдеб.: Невский В.В., Нильсон О.А., Океания, М., 1971; Страны мира, Полный универсальный информационный справочник, М., 2004. Н. Әшіров
04.12.2012 08:44 7644

Микронезия, Микронезия Федеративтік Штаттары – Тынық мұхиттың батыс бөлігінде, Каролин аралдарында орналасқан мемлекет. Жер аум. 700 км2. Астанасы – Паликир қ. Халқы 133 мың (2000). Ресми тілі – ағылшын, жергілікті халықтардың тілдері де кең тараған. Топарал халқы микронезиялық және полинезиялық аталатын этн. топтардан құрылған. Тұрғындарының басым көпшілігі – протестанттар, қалғандары – католиктер. Мемлекет және үкімет басшысы – президент. Жоғ. заң шығарушы билік бір палаталы парламент – өлттық конгреске жүктелген. Әкімш. жағынан 4 штатқа (Трук, Костраэ, Понапе, Иап) бөлінеді. өлттық мейрамы – Тәуелсіздік күні – 10 мамыр (1979). 1991 жылдан Бөө-ға мүше. Ақша бірлігі – АҚШ долл.
Табиғаты. М. аралдары геол. түзілу тегі жағынан әр түрлі: жанартаулық таулы аралдардан бастап, маржанды аралдарға дейін кездеседі. Кейбір аралдарда әрекеттегі жанартаулар бар. Олардың жағалауларында мәңгі жасыл бұталар, бамбук өссе, маржанды аралдарда кокос пальмалары басым. Топаралдың жануарлар дүниесі түрі жағынан да, саны жағынан да тым кедей. Жарқанат, кептерлер, қарлығаш тектес ұзын қанатты құстар кездеседі. Топаралдың батыс бөлігінің климаты – экваторлық және субэкваторлық, ал шығыс бөлігінде – тропиктік пассаттық. Айлық орташа темп-ра 25 – 30ӘС шамасында. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. 1500 – 4000 мм. Шығыстағы аралдарда нөсер жауындар жиі жауады. Негізгі табиғи қорлары: ағаш, фосфорит, теңіз өнімдері.
Тарихы. М. аймағын адамдар б.з. 1-мыңжылдығында қоныстана бастады. М. аралдарының бірқатарын (оның ішінде Каролин аралдары да бар) 1525 ж. португалдар ашты. Бірақ 1528 – 29 ж. А.Сааведраның экспед-нан кейін испандар аралдарды басып ала бастады. Аралдар 16 ғ-дың ортасынан бастап 1899 жылға дейін испандықтардың отарлық иеліктері болып келді. 1899 ж. Германия М-ны Испаниядан сатып алды. 1914 ж. елді Жапония басып алып, 1919 – 45 ж. мандаттық жүйе арқылы бас-қарды. 2-дүниежүз. соғыста Жапонияның жеңіліске ұшырауына байланысты аралдар Бөө-ның қамқорлығына өтіп, 1947 ж. АҚШ-тың басқаруына берілді. 1979 ж. 10 мамырда М. Федеративтік штаттар болып жарияланды да, аралдарға өзін-өзі басқару құқығы берілді. Ал 1991 ж. тәуелсіз мемлекетке айналды.
Экономикасының негізгі саласы – балық аулау. М. өз жағалауларында басқа мемлекеттерге балық аулау құқығын беретін лицензиялар сатудан да елеулі пайда табады. Қажетті инфрақұрылымның жоқтығынан туризм нашар дамыған. Экспортқа копра, бұрыш, балық пен кокос майын шығарады. өлттық табыстың жан басына шаққандағы мөлш. 1910 АҚШ долл. (1997). Негізгі сауда серіктестері: АҚШ, Жапония, Австралия, Оңт. Корея.
Әдеб.: Невский В.В., Нильсон О.А., Океания, М., 1971; Страны мира, Полный универсальный информационный справочник, М., 2004.
Н. Әшіров

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға