АҚШ монетасы
04.12.2012 08:36
3058
АҚШ монетасы – АҚШ-тың Теңге сарайында соғылған монеталар. 1792 жылдан бастап қазірге дейін шығарылады. 2010 жылдың екінші жартысында кең айналымдағы монеталардың көрсетілген бағасы
1 цент (1 ¢) – күнделікті тұрмыстағы атауы пенни (англ. penny)
5 цент (5 ¢) – күнделікті тұрмыстағы атауы никель (англ. nickel);
10 цент (10 ¢) – монета күнделікті тұрмыста да, номиналды белгісінде де дайм (англ. dime — француз тілінен келген disme сөзі, мағынасы ондық бөлік, он тиын) деп атайды.
25 цент (25 ¢) – күнделікті тұрмыста да, номиналды белгісінде де квотер(англ. quarter — рус. Четверть) деп атайды.
1 доллар (1$) — күнделікті тұрмыстағы атауы бак (англ. buck).
50 центтік монеталар (күнделікті тұрмыста да, номиналды белгісінде де хаф (англ. half — рус. половина;) деп аталады) шағын таралыммен, негізінен коллекция жинау үшін шығарылады. Тек аз ғана бөлігі айналымға түседі.
Сонымен қатар ескерткіштік, мерейтойлық және инвестициялық монеталар да соғылады.
Монеталар және ақша жүйесі.
1792 жылғы монета акті АҚШ-та ақша жасау туралы заң негізінде биметалдық айналымның ақша жүйесіне енген. Заң 1-дің 15-ке сияқты алтын бағасының күміске арақатынасын бекіткен. Кез келген адам Теңге сарайына кесек алтын немесе кесек күміс алып келіп, жеткенше монета соқтыра алған.
Биметаллизм нарықтық айырбас талаптарына сай бола алмады. Мемлекеттің бекіткен алтын және күміс бағаларының қатаң арақатынасы әрқашан қызмет барысында сәйкесе бермейтін. Алтынның күміске шаққандағы бағасының ауытқуы ақша айналымының тұрақсыздығын тудырған. «Ең нашар ақша ең мықты айналымнан ығыстырылып шығарылады» деген Грешем заңы жарамсыз болып қалады. Осылайша алғыр, пысық адамдар айналымнан алтын монеталарды шығара бастайды. Кейін оларды балқытып, күміс кесектерге ауыстырып алады. Сонан соң тағы да күміс монеталар санына сәйкес көрсетілген баға бойынша алтынға айырбастайды. Күміске баға артқан кезде күнделікті қолданыстан күміс монеталар ығыстырылады.
Алтынның күміске шаққан бағасы кезеңімен қайта қарастырылады. 1834 жылғы монеталық актіге сәйкес алтынның күміске шаққан бағасы 1-ден 16 деңгейіне тұрақталды. 1853 жылы 1-ден 15,5 деңгейін құраған. Курстың ауытқуы жаңа түрдегі монеталардың пайда болуына әкелді. Дизайндегі өзгерісі көптеген монеталардың әрбір өзгерісінде болып отырған.
1873 жылы қабылданған монета акті тарихқа «1873 жылдың қылмысы» (англ. The Crime of 1873) деген атпен енген болатын. Де-факто АҚШ-тағы биметаллизмнің тоқтауына нүкте қойған. 1792 жылдан бастап қолданылып келген ақша жүйесі алтын монеталы стандартпен алмастырылды. Өткен ақша жүйесінен бас тарту бойынша күміс тауардың өз маңызына айналады. Доллар алтынның 90 пайызы болатын 1,67 грамына жеңіл әрі еркін айырбасталатын. Жаңа ақша жүйесіне ауысу кезеңі ауыртпалықсыз болмады. Алтынның күміске шаққандағы бағаның өсуі макроэкономикалық процестер қатары – дефляцияны, жұмыссыздар санының артуын (1894 жылы 18 пайызға дейін) тудырған болатын. Биметаллизмге қайта оралуы Уильям Брайанның 1896 жылы өткен сайлау алдындағы бағдарламасының негізгі бөлімдердің бірі болатын. Кейіннен ол сайлауда жеңіліс тапқан үміткерлердің қатарына қосылған.
1933 жылы «Ұлы Депрессия» аталған экономикалық дағдарыс көрінісінде президент Рузвельттің жарлығы алтын монеталы стандартын аяқталуына негіз болған. 1933 жылдан бастап АҚШ айналымға арналған алтын монеталарды соғуды тоқтатқан.
1965 жылы президент Линдон Джонсонның монеталық акті күміс монеталар соғуды шектеді. 1971 жылдан бастап айналымға арналған бағалы металды монеталар шығарылмады. АҚШ 2010 жылы алтыннан, күмістен және ақ алтыннан жасалатын тек инвестициялық және мерейтойлық монеталарды коллекция жиюшыларға арнап шығарады.
Теңге сарайы
Күні бүгінге дейін АҚШ монеталары Филадельфиияда, Денверде, Сан-Францискода и Вест-Пойнтте (Нью-Йорк) орналасқан 4 теңге сарайында шығарылып келген.
Филадельфииядағы теңге сарайы ең ежелгісі (алғашқы монета 1792 жылы соғылған) және ең үлкені. Ол жерде 30 минут ішінде миллион монета шығаруға мүмкіндік болған. Денвер және Сан-Франциско теңге сарайлары күші жағынан едәуір аз болған. Вест-Пойнтте бағалы металдардан инвестициялық монеталар соғады.
Белгілі бір сарайда соғылған монеталарда балқытылып шағын әріп орналастырады. Ол әріп монетаның қай теңге сарайына тән екендігін білдірген. АҚШ монеталарының шығарылу кезеңдері келесі теңге сарайларында жүзеге асырылған:
Филадельфия — лишь с 1980 года на отчеканенных в Филадельфии монетах (кроме 1 цента) появилась буква P;
Денвер — D (с 1906 года);
Сан-Франциско — S (с 1854 года по сегодняшний день с перерывами);
Вест-Пойнт — W (с 1976 года);
Карсон-Сити — CC (с 1870 по 1893 год)[;
Шарлотт — C (с 1838 по 1861 год);
Далонега, Джорджия — D (с 1838 по 1861 год);
Новый Орлеан — O (с 1838 по 1909 год с перерывами).
Алтын монеталар.
Тарихы. 1792 жылы АҚШ конгресінде қабылданған монеталық актіге сәйкес алтын монета шығару мүмкін болады. Соған сәйкес теңге сарайы 2,5$, 5$ және 10$ номиналды алтын монеталарды шығара алған. Алғашқы алтын монета з жылдан соң 1795 жылы шығарылған. Сонымен қатар актіде монета салмағы, 91,67 пайыздық алтын монетаның сапасы, содай-ақ дизайннің міндетті болған элементтері көрсетілген. Ол элементтер:
Аверсте (монетаның беткі жағы) азаттықты бейнелейтін сурет және «LIBERTY» жазуы бар болуға тиіс;
Алтын және күміс монеталардың реверсінде (монетаның сырт жағы) АҚШ-тың геральдикалық белгісі – ақ басты бүркіттің суреті және «UNITED STATES OF AMERICA» деген жазуы болуы тиіс.
Актіге сәйкес монета салмағы құраған көрсеткіш
17,5 г —10$;
8,75 г —5$;
4,37 г —2,5$
1792 жылғы монеталық актіге сәйкес алтын мен күміс арақатынасындағы баға 1-ден 15 болған. Алайда Еуропадағы жағдайға байланысты алтынның күміске шаққандағы бағасы өсіп кетеді. Нәтижесінде осы типтегі алтын монеталардың көбі алыпсатарлық мақсатта қайта соғылады.
1834 жылы қабылданған актіде алтын және күміс монеталарының құрамы қайта қаралған. Соған сәйкес алтынның күміске шаққандағы бағасы 1-ден 16 деңгейінде тұрақтанады. Монетадағы алтынның құрамы 91,67 пайыздан 89,92 пайызға дейін төмендеген.
Монета салмағы төмендегідей көрсеткішті құраған:
16,7 г —10 $;
8,36 г —5 $;
4,18 г —2,5 $.
1 және 20 номиналды екі жаңа алтын монеталардың шығуына Калифорниядағы бай алтын кенінің ашылуы себеп болады. 1849 жылы осы монеталарды шығару туралы монеталық акт қабылданды.
1853 жылы 3 долларлық монеталар шығарыла бастады. Оның алғышарты пошталық маркада 3 центке дейінгі ақшаның құлдырауы болады. Сенаторлардың бірі3 центтік күміс және 3 долларлық номиналмен алтын монеталарды шығаруды ұсынады. 1853 жылы 21 ақпанда қабылданған монеталық акті бойынша 3 долларлы алтын монеталарды шығару рұқсат етіледі.
АҚШ-тағы Азаматтық соғыс соңында жақындарынан айырылған және әскери айырылудан қажыған көптеген американдықтардың шиеленіскен діни сезімдеріне байланысты 1865 жылы 3 наурызда заң қабылданып, заңға сәйкес 10 центтен аса барлық күміс монеталар және 3 доллардан жоғары алтын монеталарда «IN GOD WE TRUST» деген ұранды қамтылуы қажет. 1866 жылдан бастап монетаның реверсіне жазылған ұранмен монеталар шығарыла бастады.
1889 жылы құны 3 цент және 3 доллар тұратын монеталар, сондай-ақ алтын доллар шығарылымы тоқтатылды. 1933 жылы «Ұлы Депрессия» атауына ие болған экономикалық дағдарысқа байланысты АҚШ алтын монеталы стандарттан бас тартуға мәжбүр болады. Алтын монеталар айналымнан шығарылып, қайта балқытуға жіберіледі. 1986 жылы ұзақ үзілістен кейін троя унциясына сай 1/10, 1/4, ½ және 1 салмақтағы алтын монеталар қайта шығарыла бастайды. Алайда айналымға емес, инвестиция үшін еді. Осы монетадағы алтынның бағасы олардың номиналын едәуір арттырған болатын.
Монетаның түрлері және дизайні. Алғашқы монетада оюшы Роберт Скот Бостандық көрінісі үшін үлгі ретінде әйгілі суретші Гилберт Стюарт салған АҚШ тұңғыш банкі президентінің қызы, АҚШ-тың ең сұлу әйелдерінің бірі саналатын Анна Виллинг Бинхемнің портретін қолданған. Осыған орай, күміс монеталардан ерекшеленіп, алтын Бостандық сол кезеңде АҚШ-та сәнге айналған. Әйелдер шляпасын бейнелеген бұл монета англ. Turban Head атауына ие болған. Президент Томас Джефферсонның кезінде ескі үлгідегі монета алмастырылып шығарылған. Жаңа сериялы монетаға оюшы ретінде неміс иммигранты Джон Райх таңдалған. Оның жасаған монета дизайні сәтті болып шығады. Бүркіт бейнесі монетаның реверсінде, ал аверсінде оюшы көңілдесі бейнеленген.
1834 жылы монета құрамының өзгерісі оның жаңа дизайнге қажеттілігін көрсетеді. Жаңа дизайнді Вильям Книссо дайындаған. Бостандықты бейнелеген әйел суреті антикалық барельефті еске салады. Бұл біршама наразылық тудырады. Осыған байланысты монета 5 жыл ғана шығарылған. Кейіннен оюшы Кристиан Гобрехтом жасаған монетаның жаңа үлгісі шығарылады.
Келесі өзгеріс президент Теодор Рузвельттің кезінде және оның келісімімен жасалған.
Күміс монеталар. Тарихы. 1792 жылғы монеталық актіде 1$, 50¢, 25¢, 10¢ («дайсм» деп аталған) және 5¢ (жарты дайсм) номиналды бірнеше күміс монеталар шығару қарастырылды.
Алғашқы күміс монеталардың салмағы:
* 27 г — 1 доллар
* 13,5 г — 50 цент
* 6,74 г — 25 цент
* 2,7 г — 10 цент
* 1,35 г — 5 цент
Монета соғу кезінде 89,24%-тік күміс қолданылған.
1830 жылдары 90%-тік күміс пайдаланыла бастады.
Биметаллизм кезіндегі күмістің алтынға шаққандағы бағаның нарықтық ауытқуы монета құрамындағы бағалы металдарды қайта қарауға әкелді. 1853 жылы 1-ден 16 деңгейіндегі алтынның күміске қатынасы 1-ден 15,5 деңгейіне түскен. 1873 жылы күміс монеталардың салмағы биметаллизмнен алтын монеталы стандартқа ауысу кезінде қайта қаралады.
Аз уақытта АҚШ-тың (күміс монета) 3 центтік (1851—1873) және АҚШ-тың 20 центтік күміс монеталарын шығарған.
1965 жылы Линдон Джонсон өзінің жарлығымен күнделікті қолданысқа арналған күміс монета шығаруды (50 центтен басқа) тоқтатқан.
Қазіргі таңда күміс монеталар айналымға емес, коллекция жинаушыларға ғана арналып шығарылады.
Монеталық түрі және дизайні. АҚШ-тың ең бірінші шығарылған 5 центтік күміс монетаның таралымы небәрі 1500 дана болған.
ХХ ғасырдың бірінші жартысына дейін аверсте Бостандықтың символы – әйел көрінісі бейнеленген. 1932 жылы ғана Бостандық символы 25 центте Джордж Вашингтонның (туғанына 200 жыл болғанда), 1946 жылы 10 центте Франклин Рузвельттің, 1948 жылы 50 центте Бенджамин Франклиннің бейнесімен алмастырылды.
1794-1795 жылдардағы монета дизайні сәтсіз деп танылып, сын туғызған.
1796 жылдан 1807 жылға дейін Анна Виллинг Бинхемің алтын монетадағы портреті секілді күміс монетада да Бостандық соның мүсінімен әсемделген.
Морган долларының (оюшының есіміне қойылған) өз алдына жеке тарихы бар. 1873 жылдан бастап долларлы монета алтыннан шығарыла бастады. 1873 жылға монета актісінен кейін күміс ақша баламасы болуды тоқтатады. 1878 жылғы Бленд-Эллисон актісіне (en. Bland-Allison Act) сәйкес, теңге сарайы күміс топтамасын ақша өндірісіне жоғары бағамен алып, нәтижесінде тағы да долларлық күміс монеталар шығаруға мәжбүр болады.
1873 жылдан бастап 3 және 5 центтік күміс монеталар шығару тоқтатылған.
Отырған жанды бейнелеген Бостандық символы бар монеталар айналымда 50 жылдан аса қолданылған. Осыған байланысты төмен сапалы, суреті өшуге жақын болған монеталар көптеп жиналып қалған.бұл жағдай 1892 жылы жаңа үлгідегі монетаның шығуына түрткі болған.
1916 жылы Бірінші дүниежүзілік соғыстың қызған кезінде патриоттық символ бейнеленген 10, 25 және 50 центтік күміс монеталар шығарылды.
Бірінші дүниежүзілік соғыстағы жеңіс құрметіне жаңа долларлы монеталар шығарылады.
«Ұлы Депрессия» кезінде АҚШ-тағы экономикалық жағдай құлдырап және жұмыссыздық саны артып, халықтың өмір сүру деңгейі төмендеп кетеді. Джордж Вашингтонның туғанына 200 жыл толғанын атап өту қарсаңында халықтың көңіл-күйі мен патриоттық сезімін көтеру үшін жаңа үлгідегі 25 центтік монета жасап шығарған. Бұл монетадағы Бостандық символына ретінде Вашингтон бейнеленген. Кейіннен Бостандық басқа да монеталарда алмастырылды.
Күміс монетаның соңғы өзгерісі 1964 жылы болған.
1985 жылғы монета актісінде инвестициялық алтын монеталарды шығаруға рұқсат етілген. 1933 жылы алтын монеталарды шығару тоқтатылғаннан кейін араға 50 жыл салып, 1986 жылы қайта шығарыла бастады.
1986 жылдан бастап 91,67%-дық алтынмен 5$, 10$, 25$ және 50$ номиналды монеталар жыл сайын шығарылып тұрады. Олардың беткі жағында 1907-1933 жылдарда күнделікті тұрмыста болған Сент-Годенстың 20 долларының аверсі бейнеленген. Реверсінде бүркіттің суреті бар.
2006 жылы 50$ номиналды монета 99,99%-дық алтынмен шығарыла бастады. Оның дизайні тұтастай үндіс суреті бейнеленген 5 центтің дизайнімен бірдей. Бұл монетаны да жыл сайын шығарады. 2008 жылы 50$ монетасынның салмағына ұқсас 5$, 10$, және 25$ долларлы монеталар жасалынған.
Аталмыш монеталар айналымға емес, тек инвестицияға арналатындықтан оның салмағы тұтастай емес, тек құрамындағы алтын салмағымен өлшенді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Микробиология және вирусология институты