Жаңалықтар

Өрелі міндеттер, биік мақсаттар

  ҒАБИДЕН МҰСТАФИН Өрелі міндеттер, биік мақсаттар Жуырда болып өткен совет жазушыларының Екінші съезі он күнге созылды, төрт баяндама, жеті қосымша баяндама тыңдалды, жүз қырықтан аса адам сөйледі, еліміздегі барлық ұлт әдебиеттерінің уәкілдері қатынасумен қатар, демократиялық, капиталистік елдерден де көп әдебиет уәкілдері қатынасты. Сөйтіп, алуан түрлі, алып денелі совет әдебиетінің жиырма жылдық өміріне қорытынды жасады. Басқа ешбір елдің тарихында болып көрмеген әдебиеттік мұнша зор жиынның ісін бір мақалада айтып бітіруге мүмкіндік жоқ. Екінші съезд совет әдебиетшілері үшін ғана зор уақиға болып қоймады, бүкіл халқымыздың мәдени өміріндегі, тек біздің совет халқының ғана емес, бүкіл прогресшіл адамзат өміріндегі зор уақиғаға айналды. Бұның айқын бір белгісі — съезге тынымсыз құйылып жатқан жалынды құттықтаулар еді. Ол құттықтаулар ұлан-байтақ социалистік еліміздің ғана емес, достар сыртқы елдердің де, капиталистік елдердің ішіндегі достардың да совет әдебиетіне сенімді, махаббаты күшті екенін көрсетті. Съезді ең алдымен Совет Одағы Коммунистік партиясының Орталық Комитеті құттықтады. Бұл құттықтау әдебиетіміздің бойындағы ұлы қасиеттерді, жеке кемшіліктерді дәл айтып берді де, бұдан әрі асар белін, мынау, деп болашаққа тура жөн сілтеді. «Совет жазушылары өздерінің творчестволық жұмысында,— делінген құттықтауда,— коммунизм Жолындағы халық бұқарасының шын мәнісіндегі бостандығы мен бақыты жолындағы, адамды адамның езушілігі мен қанаушылығының қандайына болса да қарсы күрестің ұлы идеяларымен рухтанып келеді. Әдебиеттің қоғамнан «тәуелсіздігі» жайындағы жалған және екіжүзді буржуазиялық ұранға, «Өнер — өнер үшін» дейтін жасанды концепцияларға біздің жазушыларымыз еңбекшілердің мүдделеріне, халықтың мүдделеріне қызмет ететін өздерінің жоғары идеялық позицияларын мақтаныш сезіммен қарама-қарсы қойып келеді». Екінші съезд аса маңызды творчестволық мәселелерді кең түрде талқылады. Бірінші съезден бергі жиырма жылда совет әдебиеті үлкен сындардан өткенін, халқымыздың еңбек майданындағы, Отан соғысы майданындағы қаһармандық ерлігін көрсететін көптеген көркем шығармалар жасалғанын съезд өзінің үнімен бүкіл әлемге естірте айтты. Бірінші съезде шешуді күтетін теориялық тың мәселе ретінде, міндет есебінде совет әдебиетшілерінің алдына Горький қойған социалистік реализм әдісін игеру — бұл сөзімізде шешілген мәселе есебінде сөйленді. Партиямыздың Орталық Комитеті өзінің құттықтауында осы жағдайды атап көрсетті. «Орыстың және дүние жүзінің классикалық әдебиетінің игі жақсы дәстүрлерін дамыта отырып, совет жазушылары пролетариаттың ұлы жазушысы Максим Горький негізін қалап берген социалистік реализм әдісін творчестволық жолмен өркендетіп келеді, Владимир Маяковскийдің жауынгерлік поэзиясының дәстүрлерін ұстап келеді» деді. Сонымен қатар, Орталық Комитет бізге әмән социалист реализм міндеттерінің дәрежесінде болуды ескертті. Бұл, жазушыдан білімді, байыпты болуды, өмірден, ғылымнан көз жазбай әмән бақылап, үйреніп отыруды тілейді. Совет адамының, өмірін бейнелегенде біз жұмысшы табы мен бүкіл совет халқының елімізде құрылған социалистік қоғамды онан әрі нығайту жолындағы күресін, коммунизмнің жеңісі жолындағы ұлы күресін ойдағыдай түсіне отырып бейнелеу керек екенін ешқашан да естен шығармауымыз керек. Көп ұлтты бір мақсатты совет әдебиетінің қарыштап ескенін, бүкіл еңбекші адам баласының бостандық жолындағы күресіне дем беретін, алға, жарыққа бастайтын биік идеялы, озық ойлы әдебиет дәрежесіне жеткенін съезге қатынасқан елуге тарта ұлттардың әдебиет өкілдері әрқайсысы мақтан ете сөйледі. Совет Одағында көркем әдебиет ұлылы-кішілі 70 тілде шығып тұрады. Оның ішінде 19 ұлттың революцияға шейін жазу-сызу мәдениеті мүлде болмаған. 1940 жылғымен салыстырғанда туысқан халықтар жазушылары шығармаларының тиражы 1953 жылы төрт есеге жуық өсті. Осы екі фактінің өзінен-ақ көп нәрсені аңғаруға болады. Ұлы орыс халқының классикалық әдебиетінің, Максим Горький, Владимир Маяковский бастаған совет әдебиетінің ұлт әдебиеттеріне тигізген жақсы әсері, олардың жазушыларын өсірудегі жәрдемі бұл съезде тағы да аса бір ыстық сүйіспеншілік сезіммен айтылды. Ұлт әдебиеттері өзінің, ұлттық тар шеңберінен шығып, бүкіл одақ жұртшылығына танылды. Бірсыпыра ұлт әдебиеттері, оның ішінде біздің қазақ әдебиеті бүкіл жер жүзіне белгілі әдебиет болды. Съезд — совет әдебиетінің дүние жүзінде беделі артқанын, теңдесі жоқ озық ойлы әдебиет дәрежесіне жеткенін, көркем сөз өнерінің, әлемдік шыңына өрлеп бара жатқан әдебиет екенін айқын көрсетті. Совет әдебиетінің халықаралық беделі өскенін айқындай түсетін кейбір фактілерді осы арада келтірудің артықшылығы болмас деп ойлаймын. 1945 жыл мен 1953 жылдың арасында 900 совет жазушысының шығармалары шетелдерде — 44 тілде басылып шығуын айтсақ та жетіп жатыр. Горькийдің, Маяковскийдің, және басқа алдыңғы қатарлы совет жазушыларының шығармалары шетелдердегі бостандық күрескерлерінің қолдан түсірмей оқитын сүйікті кітаптары болды. Тегінде, адамзаттың игі арманын, ойы мен күресін бейнелеген совет жазушыларының кітаптары үшін ешбір мемлекеттік шекара, көк жойқын теңіз, полиция тұзақтары бөгет бола алмайды. Мұндай шығармалар қандай қамалды болса да бұзып өтіп, ізгі ниетті адамдардың жүрегіне жол тауып бара алады. Октябрь революциясына шейін жер бетінде қазақ деген ел бар екенін білмеген талай шетелдердің тілінде бүгінгі белгілі қазақ жазушыларының таңдаулы шығармалары басылып шығуы, поэзия алыбы — қарт Жамбылдың есімі бүкіл планетамызға мәлім болуы — советтік құрылыстың арқасы, ұлы орыс халқының ағалық жәрдемінің жемісі, деп білуіміз керек. Адамзат тарихындағы ең озат, революцияшыл және гуманитарлық мәдениеттің дамуындағы аса көрнекті оқиға болған бұл съездің жұмысына бүкіл жұртшылығымыз назар салып отырды. Мектеп есігін биыл ғана ашқан жеті жасар пионерден бастап, көп жасаған ақ шашты академикке шейін, Отанымыздың түстік шетіндегі Памир тауларының қойнау-салаларындағы малшы-бағбандардан бастап, сонау Мұз мұхитын талмай зерттеп жүрген қаһарман полярниктерге шейін съезге өздерінің жалынды сәлемдерін жолдады, талап-тілектерін айтты. Жат елдің көк жойқын теңізінде — туған елден аулақта сапар шегіп бара жатқан теңізшілер де біздің съезімізді есінен шығарған жоқ. Совет Армиясының өкілдері, жұмысшы табының жеткіншектері — еңбек резерзтерінің жас ұландары бірінен соң бірі трибунаға шығып, совет әдебиетіне деген сүйіспеншілік сезімдерін білдірумен қатар, үлкен үміт, өскелең талаптарын да алдымызға тартты. Сайып келгенде, бәрінің талап-тілегі бір арнаға келіп құйып жатыр: қол жеткенге масайрап, тоқырап қалмаңдар, ұлы совет заманына сай тамаша көркем шығарма жасаңдар, совет адамының өмірі мен ісін шынайы суреттеңдер — деген игі тілек, зор мақсат... Осының бәрі біздің көп тілді, бір мақсатты әдебиетіміз, дүние жүзілік әдебиеттің көркем сөз мәдениетін бойына сіңірген, ленинизмнің мәңгі-бақи өшпейтін идеяларымен, партияның идеяларымен рухтанған, халқымызбен біте қайнасқан әдебиет екенін көрсетеді. Халықтың мұндай сүйіспеншілігіне бөленген әдебиет бұрын-соңды тарихта болған емес. Тілек-талабы өскен, барға місе тұтып, жоққа салауат деп отыра беруді сүймейтін совет адамдары әдебиетімізге айтар қатал сынын да естен шығарған жоқ. Бірқатар шығармаларда өмір шындығы әлі бір жақты көрсетіліп жүр, қайшылықтар мен есу жолында кездесетін қиыншылықтар жеңіл көрсетіліп жүр. Әдебиетіміз шапшаң өсіп бара жатқан советтік өмірден, саяси және мәдени дәрежесі өскелең оқушысының тілек-талаптарынан кейде кейін қалып қояды. Оқушыны тартпайтын суық, солғын шығармалар бар. Өмірдегі ең басты, бағалы құбылыстар мен фактілерді таңдап ала білмейтін, ұсақ-түйектердің айналасында жүрген жазушылар бар. «Соңғы уақытта милллиондаған оқушылар үшін рухтандырушы, өнеге болатындай жарқын және көркемдік жағынан тартымды суреттелген образдар аз жасалады»— деп партиямыздың Орталық Комитеті өзінің съезге арнаған құттықтауында атап көрсетті. Сонымен қатар, жаңа адамдарды тәрбиелеуде, совет қоғамның моральдық-саяси бірлігін нығайтуда, елімізде коммунизм орнату жолындағы ұлы күресте совет әдебиетінің өлшеусіз зор қызмет атқарып отырғанын партиямызбен халқымыз жоғары бағалады. Совет әдебиеті өзінің туысында, табиғатында барынша партиялық, халықтық әдебиет. Совет әдебиеті социалистік реализм әдісіне сүйене отырып, өмірді, қоғамдағы күрделі құбылыстар мен процестерді шынайы суреттеумен ғана тынбайды; ол — өмірді жасауға, революциялық жолмен ілгері дамытуға қолма-қол болысып, көмектесіп отырады. Совет әдебиеті — өмірде жасалып жатқан ұлы істерді сырттан самарқау қалыпта бақылап, фактілерді тізіп отырмайды; елімізде жасалып жатқан ұлы істерге белсене қатынасып, халқымыздың күресі мен жеңісіне мидай араласып отырады. Сондықтан да, совет жазушылары өздерін жер жүзі империализмімен күрестің алдыңғы сапындағы солдатымыз, деп біледі; совет халқының коммунизм орнату жолындағы ұлы күресінің белсенді жауынгерлеріміз, деп біледі. «Халықтардың хауіпсіздік мүдделері үшін барлық бейбітшіл күштерді топтастыру жолындағы күрестің туын бұрынғыдан да жоғары көтеру, дүние жүзілік жаңа соғыс бастау қатерін төндіріп отырған империалисттердің қылмысты жоспарларын әшкерелеп масқаралау — совет жазушыларының борышы» деді Орталық Комитет. Съезде қаралған мәселелерді бұл жерде тізіп айтып жату артық қой деп санаймын. Менің ерекше тоқтай кетейін деген бір мәселем — Жазушылар одағының өзгертілген уставы жайында. Өздеріңізге мәлім, одақтың уставы бұдан 20 жыл бұрын, совет жазушыларының бірінші съезінде қабылданған еді. Бұл уставта совет Жазушылары одағының саяси және әдеби-творчестволық мақсат-міндеттері айқын көрсетілген болатын. Өткен жиырма жылда Совет Одағының өмірінде үлкен-үлкен өзгерістер болды. Еліміз социализм орнатып, коммунизмге бірте-бірте өту дәуіріне кірді. Одақтың уставын жаңа талап-тілектерге Жақындату, сәйкестендіру міндеті қойылды. Уставтың кейбір ескірген жерлерін өзгертуге тура келді. Совет жазушыларының коммунистік қоғам орнату жағдайындағы ұлы міндеттері өзгертілген уставта кеңінен көрсетілді. Совет әдебиеті коммунизм идеясының ұлылығы мен әсем сипатын көркем сөз арқылы терең суреттеуге тиісті, капитализмнің адам санасындағы сарқын» шағымен белсене күресуге тиісті. Сонымен қатар, совет адамдарының образын жасағанда, олардың сан алуан еңбек қызметін, қоғамдағы және семьядағы істерін барлық жағынан түйіндеп суреттеп беруге міндетті. Өмірде кездесетін қайшылықтар мен конфликтілерді батыл көрсетуге міндетті. Совет әдебиетінің осы қасиетті міндеттері жаңа уставта айқын көрсетілді. Уставта совет жазушыларының халықаралық міндеттері де кең қамтылды. Жаңа устав бойынша одаққа алынатын мүшеге қойылатын талап күшейтілді. Одаққа мүше болу үшін баспада жарияланған, көркемдік сапасы жоғары шығарма беру шарты қойылып отыр. Бұрынғы «кандидаттық» басқыш жойылып, жұртшылық таныған көркем шығармалары бар жазушылар тікелей мүшелікке алынатын тәртіп белгіленді. Мүшелікке алынатын жазушы, оған кепілдеме берген жазушылар президиум мәжілісіне қатысуы шарт, мүшелік билет салтанатты жағдайда президиум мәжілісінде тапсырылатын болсын,— деп уставқа жазылуы Одақ мүшелеріне жоғары талап қойылатынын аңғартады. Уставтың ұйымдастыру мәселелеріне арналған бөлімінде Одақ жұмысын келешекте жақсарту мақсаты көзделген. Жаңа устав совет өміріне енген коммунизм жаңалықтарына, совет адамдарының жаңа ой мүдделеріне сәйкес әдебиеттік жаңа міндеттер қояды алға. Жаңа устав совет әдебиетінің ықпалын, көркем сөздің қадірін бұрынғыдан әрі күшейте беру мақсатын, бұған не нәрсе бөгет болса, соған соққы беру мақсатын көздейді. Әдебиеттің, көркем сөзді беделін тек жаман жазылған шығармалар ғана түсірмейді, жазушылардың жаман қылық, мінездері де түсіреді. Жазушы деген өте ардақты ат. Әдебиетті сүйген адам жазушыны сүймей қоя алмайды. Осыған қарамастан надандығымен, өмірден артта қалғандығымен немесе баққұмарлығымен. жүкқұмарлығымен немесе маскүнемдігі, ұятсыздығымен өзінің ұйымын, жазушы атын былғап жүретін жазушылар арамызда жоқ дей алмаймыз. Бұлар микроб тәрізді, қапелімде жай көзге көріне қоймайды, ұя салып алған соң ұйымды бүлдіріп тынады. Сондықтан, оларды кезінде көре білу, күресе білу керек. Жаңа устав бұл күресте де біздің қолымыздағы күшті құрал. Кремльде басталып, Кремльде аяқталған Екінші съезд совет әдебиеті табыстарының ұлы мерекесі бола тұра, сол әдебиетті бұдан әрі нығайту, көркейту қамын көп көздеді. Съезден қайтқан делегаттар съезде алған қойны толы қуаныштарын, жаңа ой, міндеттерін жер-жерде оқушы көптің алдына салып жатыр. Біздің қазақ делегаттары да ауылда, қалада бірнеше кездесулер өткізді, әлі де өткізбек. Съезден кейінгі барлық көпшілік, ұйымдастыру, творчестволық жұмыстарымыздың арқауы — Орталық партия Комитетінің құттықтауы, оған съездің қайырған жауабы болуға тиісті. Бұл екі документ съезде он екі күн бойы сөйленген сөздердің жиынтығы, алдағы іс-әрекеттеріміздің программасы. Бұл документтер кездесулерде, баспасөз бетінде, өзіміздің ішкі жиналыстарымызда әрдайым көңіл төрінен орын алып отыруы керек. Осыған байланысты бір фактіге соға кеткім келеді. Таяуда Хамит Ерғалиевтің «Съезден кейінгі ойлар» деген мақаласы «Социалистік Қазақстан» газетінде басылып шықты. Автор съезден алған әсерін біраз дұрыс айтып келеді де, бұзылады: қазақ әдебиетінің табыстары съезде айтылмай қалды, деп қынжылады. Менімше Ерғалиев жолдас бекер қынжылады, газет оқушыларына теріс түсінік беруге бекер тырысады. Съезд қазақ әдебиетінің ғана емес, үлкен совет әдебиетінің табыстары қатарында Мұхтар Әуезовтің, Сәбит Мұқановтың, Ғабит Мүсіреповтың, Ғабиден Мұстафиннің романдарын, Жамбылдың, Тайыр Жароковтың, Қасым Аманжоловтың өлеңдерін атады. Орыс пен украинды былай қойғанда, Одақтық басқа республикалардың ешқайсысы жеті жазушысын бірден, әсіресе прозаиктерін бізше алдыңғы сапқа қоя алған жоқ. Қазақтың бес жазушысы бірден басқармаға сайланды. Бұл да қазақ әдебиетіне берілген үлкен сыбаға. Съезден кейінгі ойлар съезд жүктеген әдебиеттік үлкен міндеттер жайында болсын. Осы тұрғыдан қарағанда қазақ әдебиетінің біраз олқы жерлері көзге түседі. Былтырдан бері біздің далада әдеттен тыс орасан өзгерістер болып жатыр. Миллиондаған гектар тың және тыңайған жерлер жыртылды. Үстіміздегі, алдымыздағы жылдарда әлі де талай миллион гектарлар жыртылмақ. Бұл ұшан-теңіз жаңа егін жайларда жүздеп совхоз құрылып, мыңдаған адам жаңа тұрмыс жасап жатыр. Ғасырлар бойы пайдаға аса алмаған ең байлық енді асты, халық байлығына, коммунизм байлығына айналды. Халық өміріндегі осы орасаң өзгерістің бейнесі біздің әдебиетімізде әзір жасалған жоқ, тек ұшқыны, әсері ғана бар. Былтырдан бері бір ғана очерктер жинағын шығардық, оның өзі де көркемдік жағынан онша емес. Қазақ жеріндегі бұл зор оқиғаны, халықтық зор қозғалысты алдымен қазақ әдебиеті көрсетуге міндетті. Ол үшін прозаның, поэзияның, драматургияның ұсақ түрлері, жанрлары шапшаң өріп, шабуылдың ең алдына түсуі керек. Тың игеруге көмектеспеген бір де бір прозашы, бір де бір ақын, бір де бір драматург қалмасын!— деген ұранымыз болсын. Сонда ғана әдебиеттің кенже қалып келе жатқан ұсақ түрлерін тез жетілдіреміз, сонда халықтық ұлы іске күрделі көмек етеміз. Қазақстанда жер кәсібінің мәні қанша зорайса, мал шаруашылығының мәні сонша зорайды. Қазақ жерінің кеңдігі, техника күшімен ол жердің беріп жатқан өнімі социалистік мал шаруашылығын қазіргіден әлдеқайда күшті, құнарлы етуге мүмкіндік туғызып отыр. Мал күтімін, малшылар тұрмысын жақсартуға партия мен үкімет ерекше көңіл бөліп, төтенше шаралар қолданып жатыр. Мал сапасы, мал күту әдісі, малшылардың қулық - мінезі мүлде өзгеріп барады. Біз мал баққан елдің баласы бола тұра, малшылар өміріндегі осы жаңалықтарды әдебиетке елеулі түрде енгізе алмай келеміз. Өнеге етерлік әлі күнге бір малшы образ жасадық па екен? Ал ондай малшылар әр колхоздан, әр совхоздан табылады. Тың көтерушілерді, мал бағушыларды көрсетудегі кемшілігімізді мойындай отырып, ол кемшіліктердің себебін табалық. Менімше ең бас себеп — олардың өмірін жақсы білмейміз, білмейтініміз олармен кеп араласпаймыз, жете зерттемейміз. Атын атамай-ақ қояйын, Алматының бір суретшісі бір кітаптың сыртына шахтердің суретін салыпты. Шахтердің маңдайында бір фонарь, алдындағы көмір қабырғасында бір фонарь, екі фонарьмен істеп тұрған тәрізді. Шынында бір ғана фонарьмен істеп тұр. Анау қабырғадағы фонарь ескіріп, шахтадан қалғалы 15—20 жыл өткен. Суретші бұл арада шахтерден қанша кейін қалса, малшыдан сонша кейін қалған жазушы біздің арамыздан да табылады. Өмір материалдарын аз білген жазушы, қолы, ойы күрмеліп жаза алмайды, жазса құлайды. Сондықтан, тыңға, малға бару керек жолдастар! Әрине, барысымен роман, повестер, үлкен пьеса, сценарийлер туа алмас. Әуелі очерк, әңгіме, өлең, фельетон, шағын пьесалар жазылса, солар кейін үлкен шығарма жазу үшін үлкен дайындық болып қалады. Қысқасы биылғы жыл біздер үшін ауыл шаруашылығы тақырыбына мықтап бет бұрған жыл болуға тиісті. Қазақ әдебиетінде ауыл шаруашылығының аз, әлсіз көрсетілген бұл екі саласын баса айтқанда, жалпы социалиста әдебиеттің жаңа өмір жасауға жәрдемші болып келген жақсы дәстүрін сақтау үшін, оны дамыта беруі үшін айттым. Осы жақсы дәстүрді сақтауға байланысты тағы да бірер пікір айта кетуге тура келеді. Біз әдебиеттегі лакировкаға қарсымыз. Бұған қарап өмірдегі көркем нәрсенің көркін көмескі көрсетуге болмайды. Біз өмірді күрессіз, қиындықсыз көрсетуге қарсымыз. Бұған қарап жалған күрес, жалған қиындықтар жасауға болмайды. Социалистік реализм әдісінің негізі — шындық. Шындықтың қазіргісі, келешегі бар. Қазіргісін көрсеткенде келешегін ешқашан естен шығармау керек. Оның бер жағында, шындық дегеннің бәрі бірдей салған жерден көңілге қона қоймайды. Оны нанымды етіп көрсету керек. Көрсету мен жай айтудың арасында үлкен айырма бар. Біздің бірсыпыра жазушылар мұны әлі байқамай отыр. Көрсетудің орнына көбінесе мылжың баяндауға, жалаң үгітке салынады. Көркемдік пен идея ет пен тері тәрізді, бірімен бірі жабысып жатыр, айыруға болмайды. Көркем әдебиеттің күші — көрсетуде. Қазір үлкен сөз болып жүрген осы көрсету шеберлігі, жағымды герой, типичность, конфликт мәселелері совет әдебиетіне тосын кездесіп отырған жоқ. Совет әдебиетінде, соның ішінде қазақ әдебиетінде де бұл мәселелерді дұрыс шешкен, үлгі етерлік шығармалар, жақсы дәстүрлер бар. Қоғамның даму жолындағы кезеңдерден асарда, халықтық жаңа тілектерді орындарда, сөз жоқ, әдебиетімізге өзгерістер, жаңалықтар еніп отырады .Бірақ, оның бір де бірі қол жеткен табыстарымызды, жақсы дәстүрлерімізді жоюмен келмей, соларды нығайту, дамыту негізінде келеді. Біздің кейбір әдебиетшілер әдебиеттегі бүгінгі бір жаңалықты мақтау үшін, бүгінгі тұрғыдан қарап, әдебиеттің өткен бір табысын кемітіп әуре болады. Ұмытпалық: совет әдебиетінің түрлі-түрлі кезеңдері болды, әр кезеңде озып шыққан шығармалары болды. Бүгінгі табысымыз аспаннан түсе қалған жоқ, солардың жалғасы. Жазушылардың Қазақстандық III съезі, Бүкілодақтық екінші съезд творчестволық жұмыстарымызды болсын, ұйымдастыру жұмыстарымызды болсын, қайта қарап, жаңа сатыға көтеруді міндеттеді. Бұл жиналыстың мақсаты — қайткенде қазіргіден жақсы істейміз, қайткенде халық тілегіне сай шығармалар береміз — соны кеңесу. Кеңес, ең алдымен біздің секциялардың, консультанттардың, біздің екі журналдың, бір газетіміздің жұмыстарын жақсарту жайында, президиумының оларға басшылығын жақсарту жайында болу керек. Секциялар туралы баспасөз бетінде, жиналыстарда одақ көлемінде сөз болып келді. Өйтсе қайтеді, бүйтсе қайтеді, деген түрлі пікірлер айтылды. Бірақ, қайтсе де біздің секциялардың, консультанттардың алдына бұлжымай тұратын бірнеше міндет бар. Ол міндеттер түскен қолжазбаларға жауап беруден басталады. Жауап, мүмкіндігі бойынша зарықтырмай, тез берілуі керек. Былай қарағанда, бұл өзі айтуға тұрмайтын ұсақ нәрсе тәрізді. Ал, автор жазушылар ұйымының іскерлігін дәл осыдан бастап аңғарады. Жауаптар кезінде берілумен қатар, авторға жәрдем етерлік, дұрыс бағыт берерлік дәрежеде болсын. Стандарт жауаптар жауап емес. Жақсы-жамандығына, үлкен-кішілігіне қарамастан әрбір шығарма — қолжазба өзіне лайық жауап күтеді. Тек сол жауап берілуі керек. Біздің секция басшыларының, консультанттардың бұл екеуі жеке атқаратын міндеттері болса, ең күрделі, коллектив түрде атқаратын міндеті — творчестволық талқылаулар. Творчестволық талқылаулар дегеніміз, шын мәнісінде — творчестволық лаборатория. Бұл дәрежеге әлі көтеріле алғамыз жоқ. Менің байқауымша көтерілуге жібермей келе жатқан екі үлкен кедергі бар. Бірінші — секция басшылары талқылауды көбінесе дайындықсыз өткізеді. Соның салдарынан пікір айту үшін шығарманы күні бұрын оқып, ойланып келетіндер аз, көбі пікірді көш-жөнекей айтады, қайсыбірі тіпті оқымай-ақ айта салады. Бұндай талқылаулардың тек айтарға болмаса авторға берер пайдасы шамалы. Екінші кедергі — шығарманы тек автордың мүлкі деп қарау. Рас, шығарма автордың мүлкі, сонымен қабат халықтың, мемлекеттің мүлкі. Осы сана билеген әдебиетші ғана шығармаға әділ пікір айта алады. Бірақ бұл сана әдебиетшілердің бәрін билеп болған жоқ әлі. Шығарманың кемшілігін көре тұра көңілге қарап айтпай қалу — бұғып тұрып таспен атқанмен тең. Авторды құлату үшін жақсы шығарманы құлатуға тырысу — әдебиет дұшпанына көмектесумен тең. Еркіне жіберсе біздің арамызда осыны істеушілер табылар еді. Сондықтан творчестволық талқылауларды тек жоғары сана, озық ойлар басқару керек. Секциялардың ең қиын, өте ардақты жұмысы әдебиет бірлестіктерінде жатыр. Болашақ жазушылар сол бірлестіктерде қаулап өсіп келе жатқан жастардың ішінде жүр. Біз әлі оларды танымаймыз. Олар бізді түгіл, өздерін де танып болған жоқ. Танысу, тәрбиелеу жолында оларға әрдайым әкелік қамқорлық керек. Әрбір әке баласының дұрыс өсуіне қамқор. Әдебиетке жаңа келе жатқан әрбір жас талант жазушының жақсы баласы. Өйткені, жазушының арқасындағы халықтық ауыр жүкті сол көтеріседі, жазушының орнын ертең сол басады. Біздің секциялар осылай сезінсе ғана әдебиет бірлестіктеріне құнарлы көмек береді. Әрбір секция басшылары өзіне бөліп берілген облыстарда қанша бірлестік, ол бірлестіктерде қанша адам барын білумен қатар, сол адамдарды бас-басына білуге тиісті. Ол үшін хат байланысын үзбей отырып, жылында кемі бір рет солардың ортасында болып, көпшілік, творчестволық жұмыстар жүргізіп қайту керек. Біз әлі бұның бірін істегеніміз жоқ. Істесек шала-шарпы істедік. Бұдан былай тиянақты, жоспарлы түрде істейік. Секция басшыларының әдебиет бірлестігі басшыларының президиумда баяндамасын тыңдап отыратын болайық. Совет жазушыларының Бүкілодақтық екінші съезі Совет Одағының Коммунистік партиясының Орталық Комитетіне жазған хатында былай деген еді: «...Жазушылар өздерінің Жазушылар одағының жұмысын түбірінен жақсартуға, өз қатарында өзара сынды күшейтуге, тоқмейілсушілік пен дандайсушылықтық барлық көріністерін жоюға, суреткерлік шеберлікке жоғары талап қою үшін күресуге берік бел байлап отыр. Жазушылар социалистік реализмнен ауа жайылушылықтың барлық әрекеттеріне қарсы, буржуазиялық-ұлтшылдық және космополиттік жат идеологияның көріністеріне қарсы, буржуазиялық натурализм мен формализмнің ықпалдарына қарсы үнемі күрес жүргізе беруге берік бел байлап отыр». Қазақстан жазушыларының айтар сөзі, істер ісі осы кішкентай үзіндіде толық қамтылған. Бүгінгі сол сөзді біз қайталап айтамыз. Бекіте түсеміз. 1955    
04.12.2012 08:33 4942

 

ҒАБИДЕН МҰСТАФИН

Өрелі міндеттер, биік мақсаттар

Жуырда болып өткен совет жазушыларының Екінші съезі он күнге созылды, төрт баяндама, жеті қосымша баяндама тыңдалды, жүз қырықтан аса адам сөйледі, еліміздегі барлық ұлт әдебиеттерінің уәкілдері қатынасумен қатар, демократиялық, капиталистік елдерден де көп әдебиет уәкілдері қатынасты. Сөйтіп, алуан түрлі, алып денелі совет әдебиетінің жиырма жылдық өміріне қорытынды жасады.

Басқа ешбір елдің тарихында болып көрмеген әдебиеттік мұнша зор жиынның ісін бір мақалада айтып бітіруге мүмкіндік жоқ. Екінші съезд совет әдебиетшілері үшін ғана зор уақиға болып қоймады, бүкіл халқымыздың мәдени өміріндегі, тек біздің совет халқының ғана емес, бүкіл прогресшіл адамзат өміріндегі зор уақиғаға айналды. Бұның айқын бір белгісі — съезге тынымсыз құйылып жатқан жалынды құттықтаулар еді. Ол құттықтаулар ұлан-байтақ социалистік еліміздің ғана емес, достар сыртқы елдердің де, капиталистік елдердің ішіндегі достардың да совет әдебиетіне сенімді, махаббаты күшті екенін көрсетті.

Съезді ең алдымен Совет Одағы Коммунистік партиясының Орталық Комитеті құттықтады. Бұл құттықтау әдебиетіміздің бойындағы ұлы қасиеттерді, жеке кемшіліктерді дәл айтып берді де, бұдан әрі асар белін, мынау, деп болашаққа тура жөн сілтеді.

«Совет жазушылары өздерінің творчестволық жұмысында,— делінген құттықтауда,— коммунизм Жолындағы халық бұқарасының шын мәнісіндегі бостандығы мен бақыты жолындағы, адамды адамның езушілігі мен қанаушылығының қандайына болса да қарсы күрестің ұлы идеяларымен рухтанып келеді. Әдебиеттің қоғамнан «тәуелсіздігі» жайындағы жалған және екіжүзді буржуазиялық ұранға, «Өнер — өнер үшін» дейтін жасанды концепцияларға біздің жазушыларымыз еңбекшілердің мүдделеріне, халықтың мүдделеріне қызмет ететін өздерінің жоғары идеялық позицияларын мақтаныш сезіммен қарама-қарсы қойып келеді».

Екінші съезд аса маңызды творчестволық мәселелерді кең түрде талқылады. Бірінші съезден бергі жиырма жылда совет әдебиеті үлкен сындардан өткенін, халқымыздың еңбек майданындағы, Отан соғысы майданындағы қаһармандық ерлігін көрсететін көптеген көркем шығармалар жасалғанын съезд өзінің үнімен бүкіл әлемге естірте айтты.

Бірінші съезде шешуді күтетін теориялық тың мәселе ретінде, міндет есебінде совет әдебиетшілерінің алдына Горький қойған социалистік реализм әдісін игеру — бұл сөзімізде шешілген мәселе есебінде сөйленді.

Партиямыздың Орталық Комитеті өзінің құттықтауында осы жағдайды атап көрсетті. «Орыстың және дүние жүзінің классикалық әдебиетінің игі жақсы дәстүрлерін дамыта отырып, совет жазушылары пролетариаттың ұлы жазушысы Максим Горький негізін қалап берген социалистік реализм әдісін творчестволық жолмен өркендетіп келеді, Владимир Маяковскийдің жауынгерлік поэзиясының дәстүрлерін ұстап келеді» деді.

Сонымен қатар, Орталық Комитет бізге әмән социалист реализм міндеттерінің дәрежесінде болуды ескертті.

Бұл, жазушыдан білімді, байыпты болуды, өмірден, ғылымнан көз жазбай әмән бақылап, үйреніп отыруды тілейді.

Совет адамының, өмірін бейнелегенде біз жұмысшы табы мен бүкіл совет халқының елімізде құрылған социалистік қоғамды онан әрі нығайту жолындағы күресін, коммунизмнің жеңісі жолындағы ұлы күресін ойдағыдай түсіне отырып бейнелеу керек екенін ешқашан да естен шығармауымыз керек.

Көп ұлтты бір мақсатты совет әдебиетінің қарыштап ескенін, бүкіл еңбекші адам баласының бостандық жолындағы күресіне дем беретін, алға, жарыққа бастайтын биік идеялы, озық ойлы әдебиет дәрежесіне жеткенін съезге қатынасқан елуге тарта ұлттардың әдебиет өкілдері әрқайсысы мақтан ете сөйледі.

Совет Одағында көркем әдебиет ұлылы-кішілі 70 тілде шығып тұрады. Оның ішінде 19 ұлттың революцияға шейін жазу-сызу мәдениеті мүлде болмаған. 1940 жылғымен салыстырғанда туысқан халықтар жазушылары шығармаларының тиражы 1953 жылы төрт есеге жуық өсті. Осы екі фактінің өзінен-ақ көп нәрсені аңғаруға болады.

Ұлы орыс халқының классикалық әдебиетінің, Максим Горький, Владимир Маяковский бастаған совет әдебиетінің ұлт әдебиеттеріне тигізген жақсы әсері, олардың жазушыларын өсірудегі жәрдемі бұл съезде тағы да аса бір ыстық сүйіспеншілік сезіммен айтылды.

Ұлт әдебиеттері өзінің, ұлттық тар шеңберінен шығып, бүкіл одақ жұртшылығына танылды. Бірсыпыра ұлт әдебиеттері, оның ішінде біздің қазақ әдебиеті бүкіл жер жүзіне белгілі әдебиет болды.

Съезд — совет әдебиетінің дүние жүзінде беделі артқанын, теңдесі жоқ озық ойлы әдебиет дәрежесіне жеткенін, көркем сөз өнерінің, әлемдік шыңына өрлеп бара жатқан әдебиет екенін айқын көрсетті.

Совет әдебиетінің халықаралық беделі өскенін айқындай түсетін кейбір фактілерді осы арада келтірудің артықшылығы болмас деп ойлаймын. 1945 жыл мен 1953 жылдың арасында 900 совет жазушысының шығармалары шетелдерде — 44 тілде басылып шығуын айтсақ та жетіп жатыр. Горькийдің, Маяковскийдің, және басқа алдыңғы қатарлы совет жазушыларының шығармалары шетелдердегі бостандық күрескерлерінің қолдан түсірмей оқитын сүйікті кітаптары болды. Тегінде, адамзаттың игі арманын, ойы мен күресін бейнелеген совет жазушыларының кітаптары үшін ешбір мемлекеттік шекара, көк жойқын теңіз, полиция тұзақтары бөгет бола алмайды. Мұндай шығармалар қандай қамалды болса да бұзып өтіп, ізгі ниетті адамдардың жүрегіне жол тауып бара алады.

Октябрь революциясына шейін жер бетінде қазақ деген ел бар екенін білмеген талай шетелдердің тілінде бүгінгі белгілі қазақ жазушыларының таңдаулы шығармалары басылып шығуы, поэзия алыбы — қарт Жамбылдың есімі бүкіл планетамызға мәлім болуы — советтік құрылыстың арқасы, ұлы орыс халқының ағалық жәрдемінің жемісі, деп білуіміз керек.

Адамзат тарихындағы ең озат, революцияшыл және гуманитарлық мәдениеттің дамуындағы аса көрнекті оқиға болған бұл съездің жұмысына бүкіл жұртшылығымыз назар салып отырды. Мектеп есігін биыл ғана ашқан жеті жасар пионерден бастап, көп жасаған ақ шашты академикке шейін, Отанымыздың түстік шетіндегі Памир тауларының қойнау-салаларындағы малшы-бағбандардан бастап, сонау Мұз мұхитын талмай зерттеп жүрген қаһарман полярниктерге шейін съезге өздерінің жалынды сәлемдерін жолдады, талап-тілектерін айтты. Жат елдің көк жойқын теңізінде — туған елден аулақта сапар шегіп бара жатқан теңізшілер де біздің съезімізді есінен шығарған жоқ. Совет Армиясының өкілдері, жұмысшы табының жеткіншектері — еңбек резерзтерінің жас ұландары бірінен соң бірі трибунаға шығып, совет әдебиетіне деген сүйіспеншілік сезімдерін білдірумен қатар, үлкен үміт, өскелең талаптарын да алдымызға тартты. Сайып келгенде, бәрінің талап-тілегі бір арнаға келіп құйып жатыр: қол жеткенге масайрап, тоқырап қалмаңдар, ұлы совет заманына сай тамаша көркем шығарма жасаңдар, совет адамының өмірі мен ісін шынайы суреттеңдер — деген игі тілек, зор мақсат...

Осының бәрі біздің көп тілді, бір мақсатты әдебиетіміз, дүние жүзілік әдебиеттің көркем сөз мәдениетін бойына сіңірген, ленинизмнің мәңгі-бақи өшпейтін идеяларымен, партияның идеяларымен рухтанған, халқымызбен біте қайнасқан әдебиет екенін көрсетеді. Халықтың мұндай сүйіспеншілігіне бөленген әдебиет бұрын-соңды тарихта болған емес.

Тілек-талабы өскен, барға місе тұтып, жоққа салауат деп отыра беруді сүймейтін совет адамдары әдебиетімізге айтар қатал сынын да естен шығарған жоқ. Бірқатар шығармаларда өмір шындығы әлі бір жақты көрсетіліп жүр, қайшылықтар мен есу жолында кездесетін қиыншылықтар жеңіл көрсетіліп жүр. Әдебиетіміз шапшаң өсіп бара жатқан советтік өмірден, саяси және мәдени дәрежесі өскелең оқушысының тілек-талаптарынан кейде кейін қалып қояды. Оқушыны тартпайтын суық, солғын шығармалар бар. Өмірдегі ең басты, бағалы құбылыстар мен фактілерді таңдап ала білмейтін, ұсақ-түйектердің айналасында жүрген жазушылар бар.

«Соңғы уақытта милллиондаған оқушылар үшін рухтандырушы, өнеге болатындай жарқын және көркемдік жағынан тартымды суреттелген образдар аз жасалады»— деп партиямыздың Орталық Комитеті өзінің съезге арнаған құттықтауында атап көрсетті.

Сонымен қатар, жаңа адамдарды тәрбиелеуде, совет қоғамның моральдық-саяси бірлігін нығайтуда, елімізде коммунизм орнату жолындағы ұлы күресте совет әдебиетінің өлшеусіз зор қызмет атқарып отырғанын партиямызбен халқымыз жоғары бағалады.

Совет әдебиеті өзінің туысында, табиғатында барынша партиялық, халықтық әдебиет. Совет әдебиеті социалистік реализм әдісіне сүйене отырып, өмірді, қоғамдағы күрделі құбылыстар мен процестерді шынайы суреттеумен ғана тынбайды; ол — өмірді жасауға, революциялық жолмен ілгері дамытуға қолма-қол болысып, көмектесіп отырады. Совет әдебиеті — өмірде жасалып жатқан ұлы істерді сырттан самарқау қалыпта бақылап, фактілерді тізіп отырмайды; елімізде жасалып жатқан ұлы істерге белсене қатынасып, халқымыздың күресі мен жеңісіне мидай араласып отырады. Сондықтан да, совет жазушылары өздерін жер жүзі империализмімен күрестің алдыңғы сапындағы солдатымыз, деп біледі; совет халқының коммунизм орнату жолындағы ұлы күресінің белсенді жауынгерлеріміз, деп біледі.

«Халықтардың хауіпсіздік мүдделері үшін барлық бейбітшіл күштерді топтастыру жолындағы күрестің туын бұрынғыдан да жоғары көтеру, дүние жүзілік жаңа соғыс бастау қатерін төндіріп отырған империалисттердің қылмысты жоспарларын әшкерелеп масқаралау — совет жазушыларының борышы» деді Орталық Комитет.

Съезде қаралған мәселелерді бұл жерде тізіп айтып жату артық қой деп санаймын. Менің ерекше тоқтай кетейін деген бір мәселем — Жазушылар одағының өзгертілген уставы жайында.

Өздеріңізге мәлім, одақтың уставы бұдан 20 жыл бұрын, совет жазушыларының бірінші съезінде қабылданған еді. Бұл уставта совет Жазушылары одағының саяси және әдеби-творчестволық мақсат-міндеттері айқын көрсетілген болатын. Өткен жиырма жылда Совет Одағының өмірінде үлкен-үлкен өзгерістер болды. Еліміз социализм орнатып, коммунизмге бірте-бірте өту дәуіріне кірді. Одақтың уставын жаңа талап-тілектерге Жақындату, сәйкестендіру міндеті қойылды. Уставтың кейбір ескірген жерлерін өзгертуге тура келді. Совет жазушыларының коммунистік қоғам орнату жағдайындағы ұлы міндеттері өзгертілген уставта кеңінен көрсетілді. Совет әдебиеті коммунизм идеясының ұлылығы мен әсем сипатын көркем сөз арқылы терең суреттеуге тиісті, капитализмнің адам санасындағы сарқын» шағымен белсене күресуге тиісті. Сонымен қатар, совет адамдарының образын жасағанда, олардың сан алуан еңбек қызметін, қоғамдағы және семьядағы істерін барлық жағынан түйіндеп суреттеп беруге міндетті. Өмірде кездесетін қайшылықтар мен конфликтілерді батыл көрсетуге міндетті. Совет әдебиетінің осы қасиетті міндеттері жаңа уставта айқын көрсетілді. Уставта совет жазушыларының халықаралық міндеттері де кең қамтылды. Жаңа устав бойынша одаққа алынатын мүшеге қойылатын талап күшейтілді. Одаққа мүше болу үшін баспада жарияланған, көркемдік сапасы жоғары шығарма беру шарты қойылып отыр. Бұрынғы «кандидаттық» басқыш жойылып, жұртшылық таныған көркем шығармалары бар жазушылар тікелей мүшелікке алынатын тәртіп белгіленді. Мүшелікке алынатын жазушы, оған кепілдеме берген жазушылар президиум мәжілісіне қатысуы шарт, мүшелік билет салтанатты жағдайда президиум мәжілісінде тапсырылатын болсын,— деп уставқа жазылуы Одақ мүшелеріне жоғары талап қойылатынын аңғартады. Уставтың ұйымдастыру мәселелеріне арналған бөлімінде Одақ жұмысын келешекте жақсарту мақсаты көзделген.

Жаңа устав совет өміріне енген коммунизм жаңалықтарына, совет адамдарының жаңа ой мүдделеріне сәйкес әдебиеттік жаңа міндеттер қояды алға. Жаңа устав совет әдебиетінің ықпалын, көркем сөздің қадірін бұрынғыдан әрі күшейте беру мақсатын, бұған не нәрсе бөгет болса, соған соққы беру мақсатын көздейді.

Әдебиеттің, көркем сөзді беделін тек жаман жазылған шығармалар ғана түсірмейді, жазушылардың жаман қылық, мінездері де түсіреді. Жазушы деген өте ардақты ат. Әдебиетті сүйген адам жазушыны сүймей қоя алмайды. Осыған қарамастан надандығымен, өмірден артта қалғандығымен немесе баққұмарлығымен. жүкқұмарлығымен немесе маскүнемдігі, ұятсыздығымен өзінің ұйымын, жазушы атын былғап жүретін жазушылар арамызда жоқ дей алмаймыз. Бұлар микроб тәрізді, қапелімде жай көзге көріне қоймайды, ұя салып алған соң ұйымды бүлдіріп тынады. Сондықтан, оларды кезінде көре білу, күресе білу керек. Жаңа устав бұл күресте де біздің қолымыздағы күшті құрал.

Кремльде басталып, Кремльде аяқталған Екінші съезд совет әдебиеті табыстарының ұлы мерекесі бола тұра, сол әдебиетті бұдан әрі нығайту, көркейту қамын көп көздеді. Съезден қайтқан делегаттар съезде алған қойны толы қуаныштарын, жаңа ой, міндеттерін жер-жерде оқушы көптің алдына салып жатыр. Біздің қазақ делегаттары да ауылда, қалада бірнеше кездесулер өткізді, әлі де өткізбек.

Съезден кейінгі барлық көпшілік, ұйымдастыру, творчестволық жұмыстарымыздың арқауы — Орталық партия Комитетінің құттықтауы, оған съездің қайырған жауабы болуға тиісті. Бұл екі документ съезде он екі күн бойы сөйленген сөздердің жиынтығы, алдағы іс-әрекеттеріміздің программасы. Бұл документтер кездесулерде, баспасөз бетінде, өзіміздің ішкі жиналыстарымызда әрдайым көңіл төрінен орын алып отыруы керек. Осыған байланысты бір фактіге соға кеткім келеді.

Таяуда Хамит Ерғалиевтің «Съезден кейінгі ойлар» деген мақаласы «Социалистік Қазақстан» газетінде басылып шықты. Автор съезден алған әсерін біраз дұрыс айтып келеді де, бұзылады: қазақ әдебиетінің табыстары съезде айтылмай қалды, деп қынжылады. Менімше Ерғалиев жолдас бекер қынжылады, газет оқушыларына теріс түсінік беруге бекер тырысады. Съезд қазақ әдебиетінің ғана емес, үлкен совет әдебиетінің табыстары қатарында Мұхтар Әуезовтің, Сәбит Мұқановтың, Ғабит Мүсіреповтың, Ғабиден Мұстафиннің романдарын, Жамбылдың, Тайыр Жароковтың, Қасым Аманжоловтың өлеңдерін атады. Орыс пен украинды былай қойғанда, Одақтық басқа республикалардың ешқайсысы жеті жазушысын бірден, әсіресе прозаиктерін бізше алдыңғы сапқа қоя алған жоқ. Қазақтың бес жазушысы бірден басқармаға сайланды. Бұл да қазақ әдебиетіне берілген үлкен сыбаға.

Съезден кейінгі ойлар съезд жүктеген әдебиеттік үлкен міндеттер жайында болсын. Осы тұрғыдан қарағанда қазақ әдебиетінің біраз олқы жерлері көзге түседі.

Былтырдан бері біздің далада әдеттен тыс орасан өзгерістер болып жатыр. Миллиондаған гектар тың және тыңайған жерлер жыртылды. Үстіміздегі, алдымыздағы жылдарда әлі де талай миллион гектарлар жыртылмақ. Бұл ұшан-теңіз жаңа егін жайларда жүздеп совхоз құрылып, мыңдаған адам жаңа тұрмыс жасап жатыр. Ғасырлар бойы пайдаға аса алмаған ең байлық енді асты, халық байлығына, коммунизм байлығына айналды. Халық өміріндегі осы орасаң өзгерістің бейнесі біздің әдебиетімізде әзір жасалған жоқ, тек ұшқыны, әсері ғана бар. Былтырдан бері бір ғана очерктер жинағын шығардық, оның өзі де көркемдік жағынан онша емес. Қазақ жеріндегі бұл зор оқиғаны, халықтық зор қозғалысты алдымен қазақ әдебиеті көрсетуге міндетті. Ол үшін прозаның, поэзияның, драматургияның ұсақ түрлері, жанрлары шапшаң өріп, шабуылдың ең алдына түсуі керек. Тың игеруге көмектеспеген бір де бір прозашы, бір де бір ақын, бір де бір драматург қалмасын!— деген ұранымыз болсын. Сонда ғана әдебиеттің кенже қалып келе жатқан ұсақ түрлерін тез жетілдіреміз, сонда халықтық ұлы іске күрделі көмек етеміз.

Қазақстанда жер кәсібінің мәні қанша зорайса, мал шаруашылығының мәні сонша зорайды. Қазақ жерінің кеңдігі, техника күшімен ол жердің беріп жатқан өнімі социалистік мал шаруашылығын қазіргіден әлдеқайда күшті, құнарлы етуге мүмкіндік туғызып отыр.

Мал күтімін, малшылар тұрмысын жақсартуға партия мен үкімет ерекше көңіл бөліп, төтенше шаралар қолданып жатыр. Мал сапасы, мал күту әдісі, малшылардың қулық - мінезі мүлде өзгеріп барады. Біз мал баққан елдің баласы бола тұра, малшылар өміріндегі осы жаңалықтарды әдебиетке елеулі түрде енгізе алмай келеміз. Өнеге етерлік әлі күнге бір малшы образ жасадық па екен? Ал ондай малшылар әр колхоздан, әр совхоздан табылады.

Тың көтерушілерді, мал бағушыларды көрсетудегі кемшілігімізді мойындай отырып, ол кемшіліктердің себебін табалық. Менімше ең бас себеп — олардың өмірін жақсы білмейміз, білмейтініміз олармен кеп араласпаймыз, жете зерттемейміз.

Атын атамай-ақ қояйын, Алматының бір суретшісі бір кітаптың сыртына шахтердің суретін салыпты. Шахтердің маңдайында бір фонарь, алдындағы көмір қабырғасында бір фонарь, екі фонарьмен істеп тұрған тәрізді. Шынында бір ғана фонарьмен істеп тұр. Анау қабырғадағы фонарь ескіріп, шахтадан қалғалы 15—20 жыл өткен. Суретші бұл арада шахтерден қанша кейін қалса, малшыдан сонша кейін қалған жазушы біздің арамыздан да табылады. Өмір материалдарын аз білген жазушы, қолы, ойы күрмеліп жаза алмайды, жазса құлайды. Сондықтан, тыңға, малға бару керек жолдастар! Әрине, барысымен роман, повестер, үлкен пьеса, сценарийлер туа алмас. Әуелі очерк, әңгіме, өлең, фельетон, шағын пьесалар жазылса, солар кейін үлкен шығарма жазу үшін үлкен дайындық болып қалады. Қысқасы биылғы жыл біздер үшін ауыл шаруашылығы тақырыбына мықтап бет бұрған жыл болуға тиісті.

Қазақ әдебиетінде ауыл шаруашылығының аз, әлсіз көрсетілген бұл екі саласын баса айтқанда, жалпы социалиста әдебиеттің жаңа өмір жасауға жәрдемші болып келген жақсы дәстүрін сақтау үшін, оны дамыта беруі үшін айттым. Осы жақсы дәстүрді сақтауға байланысты тағы да бірер пікір айта кетуге тура келеді.

Біз әдебиеттегі лакировкаға қарсымыз. Бұған қарап өмірдегі көркем нәрсенің көркін көмескі көрсетуге болмайды. Біз өмірді күрессіз, қиындықсыз көрсетуге қарсымыз. Бұған қарап жалған күрес, жалған қиындықтар жасауға болмайды. Социалистік реализм әдісінің негізі — шындық. Шындықтың қазіргісі, келешегі бар. Қазіргісін көрсеткенде келешегін ешқашан естен шығармау керек. Оның бер жағында, шындық дегеннің бәрі бірдей салған жерден көңілге қона қоймайды. Оны нанымды етіп көрсету керек. Көрсету мен жай айтудың арасында үлкен айырма бар. Біздің бірсыпыра жазушылар мұны әлі байқамай отыр. Көрсетудің орнына көбінесе мылжың баяндауға, жалаң үгітке салынады. Көркемдік пен идея ет пен тері тәрізді, бірімен бірі жабысып жатыр, айыруға болмайды. Көркем әдебиеттің күші — көрсетуде. Қазір үлкен сөз болып жүрген осы көрсету шеберлігі, жағымды герой, типичность, конфликт мәселелері совет әдебиетіне тосын кездесіп отырған жоқ. Совет әдебиетінде, соның ішінде қазақ әдебиетінде де бұл мәселелерді дұрыс шешкен, үлгі етерлік шығармалар, жақсы дәстүрлер бар. Қоғамның даму жолындағы кезеңдерден асарда, халықтық жаңа тілектерді орындарда, сөз жоқ, әдебиетімізге өзгерістер, жаңалықтар еніп отырады .Бірақ, оның бір де бірі қол жеткен табыстарымызды, жақсы дәстүрлерімізді жоюмен келмей, соларды нығайту, дамыту негізінде келеді. Біздің кейбір әдебиетшілер әдебиеттегі бүгінгі бір жаңалықты мақтау үшін, бүгінгі тұрғыдан қарап, әдебиеттің өткен бір табысын кемітіп әуре болады. Ұмытпалық: совет әдебиетінің түрлі-түрлі кезеңдері болды, әр кезеңде озып шыққан шығармалары болды. Бүгінгі табысымыз аспаннан түсе қалған жоқ, солардың жалғасы.

Жазушылардың Қазақстандық III съезі, Бүкілодақтық екінші съезд творчестволық жұмыстарымызды болсын, ұйымдастыру жұмыстарымызды болсын, қайта қарап, жаңа сатыға көтеруді міндеттеді. Бұл жиналыстың мақсаты — қайткенде қазіргіден жақсы істейміз, қайткенде халық тілегіне сай шығармалар береміз — соны кеңесу. Кеңес, ең алдымен біздің секциялардың, консультанттардың, біздің екі журналдың, бір газетіміздің жұмыстарын жақсарту жайында, президиумының оларға басшылығын жақсарту жайында болу керек.

Секциялар туралы баспасөз бетінде, жиналыстарда одақ көлемінде сөз болып келді. Өйтсе қайтеді, бүйтсе қайтеді, деген түрлі пікірлер айтылды. Бірақ, қайтсе де біздің секциялардың, консультанттардың алдына бұлжымай тұратын бірнеше міндет бар. Ол міндеттер түскен қолжазбаларға жауап беруден басталады. Жауап, мүмкіндігі бойынша зарықтырмай, тез берілуі керек. Былай қарағанда, бұл өзі айтуға тұрмайтын ұсақ нәрсе тәрізді. Ал, автор жазушылар ұйымының іскерлігін дәл осыдан бастап аңғарады.

Жауаптар кезінде берілумен қатар, авторға жәрдем етерлік, дұрыс бағыт берерлік дәрежеде болсын. Стандарт жауаптар жауап емес. Жақсы-жамандығына, үлкен-кішілігіне қарамастан әрбір шығарма — қолжазба өзіне лайық жауап күтеді. Тек сол жауап берілуі керек.

Біздің секция басшыларының, консультанттардың бұл екеуі жеке атқаратын міндеттері болса, ең күрделі, коллектив түрде атқаратын міндеті — творчестволық талқылаулар. Творчестволық талқылаулар дегеніміз, шын мәнісінде — творчестволық лаборатория. Бұл дәрежеге әлі көтеріле алғамыз жоқ. Менің байқауымша көтерілуге жібермей келе жатқан екі үлкен кедергі бар. Бірінші — секция басшылары талқылауды көбінесе дайындықсыз өткізеді. Соның салдарынан пікір айту үшін шығарманы күні бұрын оқып, ойланып келетіндер аз, көбі пікірді көш-жөнекей айтады, қайсыбірі тіпті оқымай-ақ айта салады. Бұндай талқылаулардың тек айтарға болмаса авторға берер пайдасы шамалы.

Екінші кедергі — шығарманы тек автордың мүлкі деп қарау. Рас, шығарма автордың мүлкі, сонымен қабат халықтың, мемлекеттің мүлкі. Осы сана билеген әдебиетші ғана шығармаға әділ пікір айта алады. Бірақ бұл сана әдебиетшілердің бәрін билеп болған жоқ әлі. Шығарманың кемшілігін көре тұра көңілге қарап айтпай қалу — бұғып тұрып таспен атқанмен тең. Авторды құлату үшін жақсы шығарманы құлатуға тырысу — әдебиет дұшпанына көмектесумен тең. Еркіне жіберсе біздің арамызда осыны істеушілер табылар еді. Сондықтан творчестволық талқылауларды тек жоғары сана, озық ойлар басқару керек.

Секциялардың ең қиын, өте ардақты жұмысы әдебиет бірлестіктерінде жатыр. Болашақ жазушылар сол бірлестіктерде қаулап өсіп келе жатқан жастардың ішінде жүр. Біз әлі оларды танымаймыз. Олар бізді түгіл, өздерін де танып болған жоқ. Танысу, тәрбиелеу жолында оларға әрдайым әкелік қамқорлық керек. Әрбір әке баласының дұрыс өсуіне қамқор. Әдебиетке жаңа келе жатқан әрбір жас талант жазушының жақсы баласы. Өйткені, жазушының арқасындағы халықтық ауыр жүкті сол көтеріседі, жазушының орнын ертең сол басады. Біздің секциялар осылай сезінсе ғана әдебиет бірлестіктеріне құнарлы көмек береді.

Әрбір секция басшылары өзіне бөліп берілген облыстарда қанша бірлестік, ол бірлестіктерде қанша адам барын білумен қатар, сол адамдарды бас-басына білуге тиісті. Ол үшін хат байланысын үзбей отырып, жылында кемі бір рет солардың ортасында болып, көпшілік, творчестволық жұмыстар жүргізіп қайту керек. Біз әлі бұның бірін істегеніміз жоқ. Істесек шала-шарпы істедік. Бұдан былай тиянақты, жоспарлы түрде істейік. Секция басшыларының әдебиет бірлестігі басшыларының президиумда баяндамасын тыңдап отыратын болайық.

Совет жазушыларының Бүкілодақтық екінші съезі Совет Одағының Коммунистік партиясының Орталық Комитетіне жазған хатында былай деген еді: «...Жазушылар өздерінің Жазушылар одағының жұмысын түбірінен жақсартуға, өз қатарында өзара сынды күшейтуге, тоқмейілсушілік пен дандайсушылықтық барлық көріністерін жоюға, суреткерлік шеберлікке жоғары талап қою үшін күресуге берік бел байлап отыр. Жазушылар социалистік реализмнен ауа жайылушылықтың барлық әрекеттеріне қарсы, буржуазиялық-ұлтшылдық және космополиттік жат идеологияның көріністеріне қарсы, буржуазиялық натурализм мен формализмнің ықпалдарына қарсы үнемі күрес жүргізе беруге берік бел байлап отыр».

Қазақстан жазушыларының айтар сөзі, істер ісі осы кішкентай үзіндіде толық қамтылған. Бүгінгі сол сөзді біз қайталап айтамыз. Бекіте түсеміз.

1955

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға