Жаңалықтар

Микеланджело Буонарроти

Микеланджело Буонарроти, Микеланьоло ди Лодовико ди Лио-нардо ди Буонаррото Симони (6.3.1475, қазіргі Капрезе-Микеланджело, Тоскана – 18.2.1564, Рим) – италиялық мүсінші, кескіндемеші, сәулетші әрі ақын. М. Ақсүйек отбасында туған. Кескіндемеші Гирландайо мен мүсінші Бертольдо ди Джованниден (1488 – 90) дәріс алды. Сондай-ақ суретші шығарм-ның кемелденуіне Джотто ди Бондоне (1266/67 – 1337), Донателло (1386 – 1466), Мазаччо (1401 – 1428), Якопо делла Кверча (1374 – 1438) шығармалары мен көне заман пластикасының ықпалы зор болды. Еуропаның 16 ғ-дағы және онан кейінгі өнерінің даму жолдарын көрсеткен М. Шығармаларында Қайта өркендеу дәуірінің ерлік әуенге толы адамгершілік мұраттары, кейінгі мәдениетке (Қайта өркендеу дәуірінің соңғы кезеңіне) тән таным дағдарысының қайғылы сырлары да бейнеленді. Жас кезіндегі шығармаларынан-ақ (“Баспалдақ қасындағы Мадонна”, “Кентаврлар шайқасы” атты бедерлі мәрмәр, 1490 – 92 ж. Ш.) Монументтік, пластик. Қуат пен образдың драм. Бояуға қанықтығы, адам сұлулығын паш ету сияқты М. Шығарм-ның басты белгілері айқын аңғарылды. Римде М. “Вакх” мүсінін (1496 – 97, Флоренция, өлттық мұражай) жасап, көне заман ескерткіштері қызықтыратынын аңғартты. 1501 ж. М. Флоренцияға оралып, Медичи озбырлығына қарсы тұрған республика азаматтарының ерлігін бейнелейтін шығармалар жасады. Ол сомдаған Давид мүсіні (1501 – 04, Флоренция, Көркемсурет академиясының галереясы) құдіретті күш, ерлік, жігерлілікті паш етеді. 1505 ж. Папа Юлий ІІ М-ны Римге шақырып, оған құлпытас жасауды тапсырады. Құлпытасқа арнап М. Бірнеше мүсіндер жасады: “Моисей” (1516 – 16, Рим, Сан-Пьетро ин Винколи шіркеуі), “Көтеріліске шыққан құл” және “Хал үстіндегі құл” (екеуі де 1513 – 16, Париж, Лувр). Бұлардан М-ның жұмыс әдісі айқын байқалады: мүсінші тасты жан-жағынан бірдей қашамай, белгілі бір жерлерін ғана өңдеп отырған. Мыс., Ватикандағы Сикстин капелласы шаңырағының жазбалары (1508 – 12), т.б. Әрбір фигура мен жеке көріністер мөлдір айқындығымен ерекшеленеді, сондай-ақ кең көлемді жазбалардың біртұтастығы анық байқалады. М. 1534 ж. Римге біржола көшіп келді. Мұнда ол “Аяусыз жаза” атты орасан зор фреска (1536 – 41) жасады. Өмірінің соңғы 30 жылында М. Мүсін мен кескіндемеден бірте-бірте алшақтап, негізінен сәулет өнерімен және поэзиямен айналысты. Ол бейнелеу өнерінен гөрі құрылыс жұмыстарымен көп шұғылданды. 1523 – 34 ж. М. Флоренцияда Лауренциана кітапханасының ғимаратын тұрғызды. 1546 жылдан өмірінің соңына дейін М. Римдегі әулие Петр соборы мен Капитолий ансамблін салды (екеуі де автор қайтыс болғаннан кейін аяқталды). М. Қартайған шағында да поэзиядан қол үзбеді. Оның лирикасы терең, асқақ, трагизмге толы болды. Ақын адамзаттың ғұмыр бойы сұлулық пен жарасымдылыққа ұмтылатыны туралы, жалғыздық жөнінде, озбырлықтың салтанат құрғанын көргенде жанының жай таппайтыны жайында жырлады. М. Мадригал мен сонет жанрында жырлады. Өлеңдері алғаш 1623 ж. Басылды. М. Адамзаттың бір-біріне деген махаббатын, сезімнің ұлылығы мен сұлулығына деген шексіз сенімді жырлап өтті. Әдеб.: Ротенберг Е.И. Микеланджело, М., 1976; Микеланджело и его время, Сб. Под ред. Е.И. Ротенберга и Н.М. Чегодаевой, М., 1978. С. Бекқұлова
04.12.2012 08:28 6547

Микеланджело Буонарроти, Микеланьоло ди Лодовико ди Лио-нардо ди Буонаррото Симони (6.3.1475, қазіргі Капрезе-Микеланджело, Тоскана – 18.2.1564, Рим) – италиялық мүсінші, кескіндемеші, сәулетші әрі ақын. М. Ақсүйек отбасында туған. Кескіндемеші Гирландайо мен мүсінші Бертольдо ди Джованниден (1488 – 90) дәріс алды. Сондай-ақ суретші шығарм-ның кемелденуіне Джотто ди Бондоне (1266/67 – 1337), Донателло (1386 – 1466), Мазаччо (1401 – 1428), Якопо делла Кверча (1374 – 1438) шығармалары мен көне заман пластикасының ықпалы зор болды. Еуропаның 16 ғ-дағы және онан кейінгі өнерінің даму жолдарын көрсеткен М. Шығармаларында Қайта өркендеу дәуірінің ерлік әуенге толы адамгершілік мұраттары, кейінгі мәдениетке (Қайта өркендеу дәуірінің соңғы кезеңіне) тән таным дағдарысының қайғылы сырлары да бейнеленді. Жас кезіндегі шығармаларынан-ақ (“Баспалдақ қасындағы Мадонна”, “Кентаврлар шайқасы” атты бедерлі мәрмәр, 1490 – 92 ж. Ш.) Монументтік, пластик. Қуат пен образдың драм. Бояуға қанықтығы, адам сұлулығын паш ету сияқты М. Шығарм-ның басты белгілері айқын аңғарылды. Римде М. “Вакх” мүсінін (1496 – 97, Флоренция, өлттық мұражай) жасап, көне заман ескерткіштері қызықтыратынын аңғартты. 1501 ж. М. Флоренцияға оралып, Медичи озбырлығына қарсы тұрған республика азаматтарының ерлігін бейнелейтін шығармалар жасады. Ол сомдаған Давид мүсіні (1501 – 04, Флоренция, Көркемсурет академиясының галереясы) құдіретті күш, ерлік, жігерлілікті паш етеді. 1505 ж. Папа Юлий ІІ М-ны Римге шақырып, оған құлпытас жасауды тапсырады. Құлпытасқа арнап М. Бірнеше мүсіндер жасады: “Моисей” (1516 – 16, Рим, Сан-Пьетро ин Винколи шіркеуі), “Көтеріліске шыққан құл” және “Хал үстіндегі құл” (екеуі де 1513 – 16, Париж, Лувр). Бұлардан М-ның жұмыс әдісі айқын байқалады: мүсінші тасты жан-жағынан бірдей қашамай, белгілі бір жерлерін ғана өңдеп отырған. Мыс., Ватикандағы Сикстин капелласы шаңырағының жазбалары (1508 – 12), т.б. Әрбір фигура мен жеке көріністер мөлдір айқындығымен ерекшеленеді, сондай-ақ кең көлемді жазбалардың біртұтастығы анық байқалады. М. 1534 ж. Римге біржола көшіп келді. Мұнда ол “Аяусыз жаза” атты орасан зор фреска (1536 – 41) жасады. Өмірінің соңғы 30 жылында М. Мүсін мен кескіндемеден бірте-бірте алшақтап, негізінен сәулет өнерімен және поэзиямен айналысты. Ол бейнелеу өнерінен гөрі құрылыс жұмыстарымен көп шұғылданды. 1523 – 34 ж. М. Флоренцияда Лауренциана кітапханасының ғимаратын тұрғызды. 1546 жылдан өмірінің соңына дейін М. Римдегі әулие Петр соборы мен Капитолий ансамблін салды (екеуі де автор қайтыс болғаннан кейін аяқталды).
М. Қартайған шағында да поэзиядан қол үзбеді. Оның лирикасы терең, асқақ, трагизмге толы болды. Ақын адамзаттың ғұмыр бойы сұлулық пен жарасымдылыққа ұмтылатыны туралы, жалғыздық жөнінде, озбырлықтың салтанат құрғанын көргенде жанының жай таппайтыны жайында жырлады. М. Мадригал мен сонет жанрында жырлады. Өлеңдері алғаш 1623 ж. Басылды. М. Адамзаттың бір-біріне деген махаббатын, сезімнің ұлылығы мен сұлулығына деген шексіз сенімді жырлап өтті.
Әдеб.: Ротенберг Е.И. Микеланджело, М., 1976; Микеланджело и его время, Сб. Под ред. Е.И. Ротенберга и Н.М. Чегодаевой, М., 1978.
С. Бекқұлова

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға