Жаңалықтар

Менің өркенім

  ҒАБИДЕН МҰСТАФИН Менің өркенім Мен ауыл баласы едім. Совет өкіметі біздің жерге келгенде он жеті жастамын. Қолыма қалам алғанда көңілімде тек ауыл тұратын. Бала шақта көңілге мықты орнаған ауыл бейнесі, жігіт шағымда ылғи өзгеріп жатты: бір шеті— тіпті көңілсіз, тозығы жетіп құлап барады; бір шеті — тіпті көңілді, жаңадан жасалып барады. Ауыл екі жік — ескі, жаңа. Адамдар да екі жік — ескішіл, жаңашыл. Менің алғашқы очерк, әңгімелерімді осы сезімдер биледі. Бейтарап қалуға еш мүмкін емес еді. Мен де қала алмадым. Бертін келе коллективизация ауыл көркін мүлде өзгертіп жіберді. Бұл өзгерістерді әдебиетте кеңірек, тереңірек көрсетуге толғанып, ізденіп жүргенімде Шығанақ Берсиев оқиғасы кездесті. Қазақтық қарапайым шалы тары егісінен жүйемелете-жүйемелете төрт дүркін жер жүзілік рекорд жасады. Бұл рекордтар ең озық ғылымның болжауынан да асып кетті. Алпыстағы Шығанақтың бұл өнері бұрын қайда қалғaн? Енді оны қайдан, қалай тапқан? «Шығанақ Берсиев» романында мен бұл жұмбақты шешкен тәріздімін. Бірақ, жаңа ауылдың бейнесін көрсеткенде қапы кеткен жерлерім болыпты. Сондықтан ауыл тақырыбына іле-шала қайта оралдым. «Миллионер» романын жазарда барды ғана емес, таяудағы болашақты да қамтыды; жазармын деген едім, жұртшылықтың берген бағасына қарағанда ол мақсатым бірсыпыра орындалған сияқты еді. «Миллионер» жазылғалы үш – төрт жыл өтті. Байқасам, сол «Миллоннер» колхоз өміріне ере алмай барады. Социалистік қарқын соншалық шапшаң, бүгін жаңалық деп бастағаным жазып бітіргенше дағдылы көрініске айналды. Өндіріс тақырыбына — Отанымыздың үшінші көмір алыбы Қарағандыға оңай келгем жоқ. Ой арнасы кеңіген кезде, бірсыпыра тәжірибелер бастан кешіп, қалам төселген кезде келдім. Қарағанды маған бала күнімнен таныс. Біздің ауыл сол маңда болатын. Үстінде қара шоқпыт, иығында қайла, жүрісі ауыр қап-қара адамдар тісін ақситып, көздерін алайта қарайтыны әлі есімде. Мен оларды әмән бір қара үңгірден шығып, екінші қара үңгірге бара жатқандай көрем. Үңгірдің бірі — шахта, екіншісі — солардың тұрғын үйлері. Ескі шахтерлердің осы түріне түршіге қарайтын едім, ер жеткенде де есімде қалып қойыпты. Шахтер сыры маған жұмбақ болып жүрген кезде Қарағандыны бүкіл - одақтық үшінші кочегар жасау туралы Орталық партия Комитетінің қаулысы шықты. 1930 жыл май айында Қарағандыға келсем, қаулыны орындауға кірісе бастапты жұрт. Бұзылған төрт-бес барақ түтінсіз жалғыз труба бар екен. Бұлар ағылшындардан қалған мұра. Ескі шахтер Боранбай Қонысбаев бірнеше ескі жұмысшыларды ертіп алып, белдің бір жерін тескен де, шелектеп көмір шығарып тұрған. Донбастан жиырма шақты маман жұмысшылар, болашақ үлкен Қарағандының басшысы да келіп қалыпты. Болашақ механикалық мастерскойдың бастығы механик Козлов мені жұмысқа алды. Сонда егеуді қалай ұстауды да білмеймін. —Үйретеміз, үйренуге ықылас болсын,— деді ол маған. Айтқандай-ақ, бір айдың ішінде болат сымнан арқан тоқуды үйретіп, бригадир қойды мені. Екі жетінің ішінде машинист етіп шығарды. Үш айда токарьлікке үйретіп, қолыма станок берді де: —Аз уақытта сен меңгерген мамандықтарды ескі Донбаста он-он бес жыл бойы меңгере алмайтын жұмысшылар,— деп, менің болғаныма өзі болғандай гүл-гүл жайнап тұрды. Бүкіл Қазақстаннан, бүкіл Совет Одағынан Қарағандыға құйылып жатты халық. Солардың ішінде менің ауылдастарым, жерлестерім қанша! Өмірі өндіріс көрмеген сауатсыз малшы қазақтар жыл айналмай жатып-ақ маманданып, өндірістің бір тұтқасын ұстап кетті. Бірінші бесжылдықтың орта шенінде қолға алынған Совет Қарағандысы сол бесжылдықтың аяқ шенінде-ақ орыс, ағылшын байларының елу-алпыс жыл бойы берген көмірін беріп тастады. Мен жұмысшы болып қалғамын жоқ, екі-үш жылдан кейін әдебиет қызметіне қайта ауыстым. Бірақ, дамыл-дамыл келіп жүрдім Қарағандыға. Өндірісті қаланың, оның адамдарының шапшаң өскені сонша, мұндай өсуді ел аузындағы аңыз да, кәрі тарих та білмейді әлі. Осындай өз көзіммен көргендерім, сүйсіне сезгендерім «Қарағанды» романын қоймастан жаздырды. Романдағы адам аттарының бәрі жасанды. Бірақ, бірде-бірінің образын жоқтан жасағам жоқ, әрқайсысының сондағы болған адамдармен ұқсасы бар.    
04.12.2012 08:17 3602

 

ҒАБИДЕН МҰСТАФИН

Менің өркенім

Мен ауыл баласы едім. Совет өкіметі біздің жерге келгенде он жеті жастамын. Қолыма қалам алғанда көңілімде тек ауыл тұратын. Бала шақта көңілге мықты орнаған ауыл бейнесі, жігіт шағымда ылғи өзгеріп жатты: бір шеті— тіпті көңілсіз, тозығы жетіп құлап барады; бір шеті — тіпті көңілді, жаңадан жасалып барады. Ауыл екі жік — ескі, жаңа. Адамдар да екі жік — ескішіл, жаңашыл. Менің алғашқы очерк, әңгімелерімді осы сезімдер биледі. Бейтарап қалуға еш мүмкін емес еді. Мен де қала алмадым.

Бертін келе коллективизация ауыл көркін мүлде өзгертіп жіберді. Бұл өзгерістерді әдебиетте кеңірек, тереңірек көрсетуге толғанып, ізденіп жүргенімде Шығанақ Берсиев оқиғасы кездесті. Қазақтық қарапайым шалы тары егісінен жүйемелете-жүйемелете төрт дүркін жер жүзілік рекорд жасады. Бұл рекордтар ең озық ғылымның болжауынан да асып кетті.

Алпыстағы Шығанақтың бұл өнері бұрын қайда қалғaн? Енді оны қайдан, қалай тапқан? «Шығанақ Берсиев» романында мен бұл жұмбақты шешкен тәріздімін. Бірақ, жаңа ауылдың бейнесін көрсеткенде қапы кеткен жерлерім болыпты. Сондықтан ауыл тақырыбына іле-шала қайта оралдым.

«Миллионер» романын жазарда барды ғана емес, таяудағы болашақты да қамтыды; жазармын деген едім, жұртшылықтың берген бағасына қарағанда ол мақсатым бірсыпыра орындалған сияқты еді. «Миллионер» жазылғалы үш – төрт жыл өтті. Байқасам, сол «Миллоннер» колхоз өміріне ере алмай барады. Социалистік қарқын соншалық шапшаң, бүгін жаңалық деп бастағаным жазып бітіргенше дағдылы көрініске айналды.

Өндіріс тақырыбына — Отанымыздың үшінші көмір алыбы Қарағандыға оңай келгем жоқ. Ой арнасы кеңіген кезде, бірсыпыра тәжірибелер бастан кешіп, қалам төселген кезде келдім. Қарағанды маған бала күнімнен таныс. Біздің ауыл сол маңда болатын. Үстінде қара шоқпыт, иығында қайла, жүрісі ауыр қап-қара адамдар тісін ақситып, көздерін алайта қарайтыны әлі есімде. Мен оларды әмән бір қара үңгірден шығып, екінші қара үңгірге бара жатқандай көрем. Үңгірдің бірі — шахта, екіншісі — солардың тұрғын үйлері. Ескі шахтерлердің осы түріне түршіге қарайтын едім, ер жеткенде де есімде қалып қойыпты. Шахтер сыры маған жұмбақ болып жүрген кезде Қарағандыны бүкіл - одақтық үшінші кочегар жасау туралы Орталық партия Комитетінің қаулысы шықты.

1930 жыл май айында Қарағандыға келсем, қаулыны орындауға кірісе бастапты жұрт. Бұзылған төрт-бес барақ түтінсіз жалғыз труба бар екен. Бұлар ағылшындардан қалған мұра. Ескі шахтер Боранбай Қонысбаев бірнеше ескі жұмысшыларды ертіп алып, белдің бір жерін тескен де, шелектеп көмір шығарып тұрған. Донбастан жиырма шақты маман жұмысшылар, болашақ үлкен Қарағандының басшысы да келіп қалыпты.

Болашақ механикалық мастерскойдың бастығы механик Козлов мені жұмысқа алды. Сонда егеуді қалай ұстауды да білмеймін.

—Үйретеміз, үйренуге ықылас болсын,— деді ол маған. Айтқандай-ақ, бір айдың ішінде болат сымнан арқан тоқуды үйретіп, бригадир қойды мені. Екі жетінің ішінде машинист етіп шығарды. Үш айда токарьлікке үйретіп, қолыма станок берді де:

—Аз уақытта сен меңгерген мамандықтарды ескі Донбаста он-он бес жыл бойы меңгере алмайтын жұмысшылар,— деп, менің болғаныма өзі болғандай гүл-гүл жайнап тұрды.

Бүкіл Қазақстаннан, бүкіл Совет Одағынан Қарағандыға құйылып жатты халық. Солардың ішінде менің ауылдастарым, жерлестерім қанша! Өмірі өндіріс көрмеген сауатсыз малшы қазақтар жыл айналмай жатып-ақ маманданып, өндірістің бір тұтқасын ұстап кетті.

Бірінші бесжылдықтың орта шенінде қолға алынған Совет Қарағандысы сол бесжылдықтың аяқ шенінде-ақ орыс, ағылшын байларының елу-алпыс жыл бойы берген көмірін беріп тастады.

Мен жұмысшы болып қалғамын жоқ, екі-үш жылдан кейін әдебиет қызметіне қайта ауыстым. Бірақ, дамыл-дамыл келіп жүрдім Қарағандыға. Өндірісті қаланың, оның адамдарының шапшаң өскені сонша, мұндай өсуді ел аузындағы аңыз да, кәрі тарих та білмейді әлі.

Осындай өз көзіммен көргендерім, сүйсіне сезгендерім «Қарағанды» романын қоймастан жаздырды. Романдағы адам аттарының бәрі жасанды. Бірақ, бірде-бірінің образын жоқтан жасағам жоқ, әрқайсысының сондағы болған адамдармен ұқсасы бар.

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға