Жаңалықтар

«Мен халық академиясын бітіріп едім»

  БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ (мақала) «Қазақ әдебиеті», 13 декабрь, 1985 жыл «Мен халық академиясын бітіріп едім» СӨЗ САРАСЫ Мен әдебиетке соғыстың буксирінде отырып келдім. *** Ерлік бағасы алтында емес, абыройлы атақта. *** Атақтың тіреуі - ар. *** ...Ақындық алдымен мида, одан кейін ойда, жүректе. Ұйқасқа құл болғандар ақын емес. Ақын болу үшін алдымен терең ой керек, тебіренетін жүрек керек. *** Барлық жер тегіс бола бермейді. Соғыс майданында да көпірте сөйлеу, бояп лепірте мақтау, «жоғалған пышақты алтын сапты» ете салу сияқты өтіріктер атам заманнан бергі келе жатқан емі жоқ аурудың бірі. Мен солардан сау болғым келеді. Өтірік мақтану - қиянат. Қиянатпен елді алдап, қылмысты болғым келмейді. Елге ер туралы шын айтсам, шынды сыр етіп шынықтыра айтсам деген ниет ойда. Елсіз ер болмайды, ерсіз ел болмайды. Ел атағын ер шығарады. Ел қадірін - ер біледі, ер қадірін - ел біледі. Мен халық академиясын бітіріп едім. Көпке менің пайдам аз тиді. Көптің қорынан, халық қазынасынан мен мол пайдаландым. Мені адам етіп, атымды шығарған - көпшілік. Сын айту үшін шын айт. Арлы адам - ардақты. Ар - ардақтың анасы. Намысты нанға сатпа. Ердің туы - намыс. Сергек ой - ер серігі Ел дегенде еміреніп, Жұрт дегенде жүгініп, Қызмет ет. Ана тілін білмеген - Ана сүтін татпаған. Жүрегі тазаның өрісі кең. Адам танысаң адал танығын. Философиясыз - поэзия жоқ. Психологиясыз - адам мен адамның арасындағы қарым - қатынас ешбір мүмкін емес.   Адам мен адамның арасындағы қарым - қатынассыз еңбекте болсын, соғыста болсын ешқандай психология болуы мүмкін емес. Психологияның қат - қабат мәні де осында. Біздер, әдебиет пен өнер қайраткерлері, осыны жақсы ұғуымыз керек. Еңбекте болсын, соғыста болсын барын салып, өнеге көрсетіп жүретін нағыз саналы ердің сан қырлы бейнесін сомдауға мұның тигізер пайдасы өлшеусіз.   Еңбегі кемсоқтар, соғыстағы қорқақтар, әдебиеттегі, өнер мен ғылымдағы шорқақтар бізге, мейлінше, жиіркенішті, мейлінше, жат. Мен жазушымын. Менің барлық творчестволық жоспарым, бір сөзбен айтқанда, ата - бабаларымыздың батылдық, табандылық, ерлік дәстүрін дәріптеу, жас ұрпаққа әскери - патриоттық тәрбие беруге атсалысу. Ерлік жасалған сәтте ер ойында ескерткіш те, кітап та болған емес. Біз өзіміздің кітаптарымызды соғыс жылдарында да, қазірде де, болашақта да соғысты дәріптеу мақсатында емес, еліміздің ерлігін жасөспірім ұрпақтарға айтып қалдыру, ата - бабамыздан қалған советтік патриотизм дәстүрін өркендету, жас ұрпақты ол қай жерде болсын, қай жағдайда болсын, Отан алдында, еліміздің алдында жауапкершілік - азамат сезімінде тәрбиелеу мақсатында ақ ниетпен жаздық, жазамыз, жаза да береміз. Біз оз кітаптарымызда, еліміздің келгенінше, бейбітшілік пен достықты насихаттаймыз. Ал, бүгінде қазақ тілі - осы заманғы «ультратерминдердің» ешқайсысынан да қорықпайтын, күрт дамуға, жаңа жағдайға, қарыштаған экономикаға бейімделген, халықаралық сөздерді батыл қолданатын, икемді тіл. Өзінің бұрынғы ұлттық бояуының үстіне осы заманның бояуын қосқан, көркем әдеби тіл болып қала беретін орамды тіл. Көркем аударманың ең басты мақсаты - түпнұсқа тілін білмейтін басқа жұрттың оқушысына автордың шығармасын неғұрлым дәл, айқын, көркем жеткізу. Аударылған тілдің оқушысы оны төл туындыдай қабылдауы керек. Кейбір шығармалардың тынысы тар, құлашы қысқа, бұларда күрделі өмірді терең қамтып көрсететіндей кең өрісті оқиға жоқ, авторлар пулемет ұяларының, окоптар мен траншеялардың маңында айналсоқтап, әріге ұзап шыға алмайды. Мұның себебі - бұл авторларда әскери мәдениет жетіспейді, өмірді тайыз біледі. Жазушы өмір құбылыстарын, әр алуан көріністерді құлағынан тізе бермей, бұларды жинақтап, қорытып, өз ойымен үстеп, көркейтіп алғанда ғана шығарма өресі биік болмақ. Әр іс - әрекеттің тууына түрткі болар себеп бар. Адамның әр қарекетінен оның жан дүниесінің сыры аңғарылады. Біздің қайсыбір шығармаларда іс - әрекет көрсетіледі де, соны тудырған себеп терең ашылмайды, адамның жан - күйінің толғаныстары, сезім сырлары терең бейнеленбейді. Бұл жағына келгенде көбіміздің қаламымыз маймақ тартып кетеді. Бұл - үлкен мін. Кітап кейіпкер үшін емес, оқырман үшін жазылады. Оқырманды арзанқол дүниемен алаңдатпау керек. Оның талап - талғамымен санасуға, одан қаймығуға керек. Өйткені, шығарманың басты көрінісі - сол. Ерлік дегеніміз - табиғат тарту етер сый емес, табанды ұзақ тәрбиенің нәтижесі. Адам бірден сақа азамат болып туа қалмайтыны секілді, ерлік те оқыстан пайда болмайды. Жас ұрпақты ерлік көрсетуге әрқашан дайын тұруға баулу керек. Біздің кейбір жазушыларымыз соғыс адамына қалай қарайды? Оны тек сыртқы әскери формасынан ғана таниды, ал, сол совет адамының ішкі мазмұны қандай екенін жете білмейді. Жауынгер алдымен адам болмаса қайдан беделді жауынгер болар еді деген мәселені шешпестен жауынгердің тұлғасын әдебиет жүзінде толық сырлы, маңызды көрсету қиын. Кейбір шығармаларда біздің жауларымыздың соншалық дәрменсіз көрсетілетіндігі және бір төзгісіз факт. Мұның дұрыс еместігі былай тұрсын, бұл - зиянды нәрсе. Егер біздің жауларымыз соншалық әлсіз болса, Отан соғысын төрт жылға созбай - ақ, жеңіске оп - оңай жеткен болар едік. Демек, біздің шығармаларымызда жаулар өз сипаттарымен, өздеріне тән күнгей - көлеңкелі жақтарымен тұтас көрсетілсін. Жаулар карикатураға, ойыншыққа немесе қуыршаққа айналдырылмауы керек. Мұны көрсету, сайып келгенде, жаудың емес, өзіміздің бағалы қасиеттерімізді көрсету балып табылады.  
04.12.2012 08:15 4159

 

БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ

(мақала)

«Қазақ әдебиеті»,

13 декабрь, 1985 жыл

«Мен халық академиясын бітіріп едім»

СӨЗ САРАСЫ

Мен әдебиетке соғыстың буксирінде отырып келдім.

***

Ерлік бағасы алтында емес, абыройлы атақта.

***

Атақтың тіреуі - ар.

***

...Ақындық алдымен мида, одан кейін ойда, жүректе. Ұйқасқа құл болғандар ақын емес. Ақын болу үшін алдымен терең ой керек, тебіренетін жүрек керек.

***

Барлық жер тегіс бола бермейді. Соғыс майданында да көпірте сөйлеу, бояп лепірте мақтау, «жоғалған пышақты алтын сапты» ете салу сияқты өтіріктер атам заманнан бергі келе жатқан емі жоқ аурудың бірі. Мен солардан сау болғым келеді. Өтірік мақтану - қиянат. Қиянатпен елді алдап, қылмысты болғым келмейді. Елге ер туралы шын айтсам, шынды сыр етіп шынықтыра айтсам деген ниет ойда.

Елсіз ер болмайды, ерсіз ел болмайды. Ел атағын ер шығарады. Ел қадірін - ер біледі, ер қадірін - ел біледі.

Мен халық академиясын бітіріп едім.

Көпке менің пайдам аз тиді. Көптің қорынан, халық қазынасынан мен мол пайдаландым. Мені адам етіп, атымды шығарған - көпшілік.

Сын айту үшін шын айт.

Арлы адам - ардақты.

Ар - ардақтың анасы.

Намысты нанға сатпа.

Ердің туы - намыс.

Сергек ой - ер серігі

Ел дегенде еміреніп,

Жұрт дегенде жүгініп,

Қызмет ет.

Ана тілін білмеген -

Ана сүтін татпаған.

Жүрегі тазаның өрісі кең.

Адам танысаң адал танығын.

Философиясыз - поэзия жоқ.

Психологиясыз - адам мен адамның арасындағы қарым - қатынас ешбір мүмкін емес.

 

Адам мен адамның арасындағы қарым - қатынассыз еңбекте болсын, соғыста болсын ешқандай психология болуы мүмкін емес. Психологияның қат - қабат мәні де осында. Біздер, әдебиет пен өнер қайраткерлері, осыны жақсы ұғуымыз керек. Еңбекте болсын, соғыста болсын барын салып, өнеге көрсетіп жүретін нағыз саналы ердің сан қырлы бейнесін сомдауға мұның тигізер пайдасы өлшеусіз.

 

Еңбегі кемсоқтар, соғыстағы қорқақтар, әдебиеттегі, өнер мен ғылымдағы шорқақтар бізге, мейлінше, жиіркенішті, мейлінше, жат.

Мен жазушымын. Менің барлық творчестволық жоспарым, бір сөзбен айтқанда, ата - бабаларымыздың батылдық, табандылық, ерлік дәстүрін дәріптеу, жас ұрпаққа әскери - патриоттық тәрбие беруге атсалысу.

Ерлік жасалған сәтте ер ойында ескерткіш те, кітап та болған емес.

Біз өзіміздің кітаптарымызды соғыс жылдарында да, қазірде де, болашақта да соғысты дәріптеу мақсатында емес, еліміздің ерлігін жасөспірім ұрпақтарға айтып қалдыру, ата - бабамыздан қалған советтік патриотизм дәстүрін өркендету, жас ұрпақты ол қай жерде болсын, қай жағдайда болсын, Отан алдында, еліміздің алдында жауапкершілік - азамат сезімінде тәрбиелеу мақсатында ақ ниетпен жаздық, жазамыз, жаза да береміз. Біз оз кітаптарымызда, еліміздің келгенінше, бейбітшілік пен достықты насихаттаймыз.

Ал, бүгінде қазақ тілі - осы заманғы «ультратерминдердің» ешқайсысынан да қорықпайтын, күрт дамуға, жаңа жағдайға, қарыштаған экономикаға бейімделген, халықаралық сөздерді батыл қолданатын, икемді тіл. Өзінің бұрынғы ұлттық бояуының үстіне осы заманның бояуын қосқан, көркем әдеби тіл болып қала беретін орамды тіл.

Көркем аударманың ең басты мақсаты - түпнұсқа тілін білмейтін басқа жұрттың оқушысына автордың шығармасын неғұрлым дәл, айқын, көркем жеткізу. Аударылған тілдің оқушысы оны төл туындыдай қабылдауы керек.

Кейбір шығармалардың тынысы тар, құлашы қысқа, бұларда күрделі өмірді терең қамтып көрсететіндей кең өрісті оқиға жоқ, авторлар пулемет ұяларының, окоптар мен траншеялардың маңында айналсоқтап, әріге ұзап шыға алмайды. Мұның себебі - бұл авторларда әскери мәдениет жетіспейді, өмірді тайыз біледі. Жазушы өмір құбылыстарын, әр алуан көріністерді құлағынан тізе бермей, бұларды жинақтап, қорытып, өз ойымен үстеп, көркейтіп алғанда ғана шығарма өресі биік болмақ.

Әр іс - әрекеттің тууына түрткі болар себеп бар. Адамның әр қарекетінен оның жан дүниесінің сыры аңғарылады. Біздің қайсыбір шығармаларда іс - әрекет көрсетіледі де, соны тудырған себеп терең ашылмайды, адамның жан - күйінің толғаныстары, сезім сырлары терең бейнеленбейді. Бұл жағына келгенде көбіміздің қаламымыз маймақ тартып кетеді. Бұл - үлкен мін.

Кітап кейіпкер үшін емес, оқырман үшін жазылады. Оқырманды арзанқол дүниемен алаңдатпау керек. Оның талап - талғамымен санасуға, одан қаймығуға керек. Өйткені, шығарманың басты көрінісі - сол.

Ерлік дегеніміз - табиғат тарту етер сый емес, табанды ұзақ тәрбиенің нәтижесі. Адам бірден сақа азамат болып туа қалмайтыны секілді, ерлік те оқыстан пайда болмайды. Жас ұрпақты ерлік көрсетуге әрқашан дайын тұруға баулу керек.

Біздің кейбір жазушыларымыз соғыс адамына қалай қарайды? Оны тек сыртқы әскери формасынан ғана таниды, ал, сол совет адамының ішкі мазмұны қандай екенін жете білмейді. Жауынгер алдымен адам болмаса қайдан беделді жауынгер болар еді деген мәселені шешпестен жауынгердің тұлғасын әдебиет жүзінде толық сырлы, маңызды көрсету қиын.

Кейбір шығармаларда біздің жауларымыздың соншалық дәрменсіз көрсетілетіндігі және бір төзгісіз факт. Мұның дұрыс еместігі былай тұрсын, бұл - зиянды нәрсе. Егер біздің жауларымыз соншалық әлсіз болса, Отан соғысын төрт жылға созбай - ақ, жеңіске оп - оңай жеткен болар едік. Демек, біздің шығармаларымызда жаулар өз сипаттарымен, өздеріне тән күнгей - көлеңкелі жақтарымен тұтас көрсетілсін. Жаулар карикатураға, ойыншыққа немесе қуыршаққа айналдырылмауы керек. Мұны көрсету, сайып келгенде, жаудың емес, өзіміздің бағалы қасиеттерімізді көрсету балып табылады.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға