Жаңалықтар

Қасиетті парыз

  Қасиетті парыз Халықаралық мереке — Бірінші Май күні әрбір ойы түзу адамның қоғамдық болмысының ең игілікті, абыройлы жақтарын еске алу табиғи нәрсе. Осыған орай интернационалдық достық, интернационалдық парыз сезімі туралы, халықтар арасындағы ынтымақ, қадір-құрмет туралы айтпасқа болмайды. Адам баласы білімінің, еңбегінің, ой-қиялы мен творчествосының интернационалдық парызды ұстанбайтын саласы болмақ емес. Бұл әрбір ғалымның, художниктің, әрбір қайраткердің ұдайы алдында тұратын міндет. Қалам қызметкері ретінде, Бірінші Май күнгі сөзімді осы қасиетті парыз турасында айтқым келеді. Бұл парыз бүгін ғана пайда болып отырған жоқ. Әріден келе жатыр. Қайсы ғасырдан, қайсы тілден келіп қосса да, халықтар арасындағы бауырмалдыққа баулитын ұлы дәстүрлердің бәрі бізге қымбат. Біз, жиырмасыншы ғасырдың орта шенінде өмір сүрген әдебиетшілер, бүкіл дүниелік прогресшіл әдебиетті мұра тұтынамыз. Сол күллі әлемдік гуманистік озат дәстүр шын мәнісіндегі көркем әдебиет халықтардың өзара бытырасуын көздемей, жуықтасуын көздейтінін, жауласуын тілемей, достасуын тілейтінін, бәсекелесуін уағыздамай, ауызбірлігін, тізе қосып қарыштауын уағыздайтынын көрсетеді. Жер жүзінің ең озық, ең жоғары идеялы әдебиеттерінің бірі — совет әдебиеті өзінің дүниеге келген күнінен бастап творчествода интернационалдық ынтымақтың туын биікке көтеріп келеді. Бұл — мәңгі жығылмайтын, өшпейтін ұлы ту. Біздің ғасырда өмір құбылыстарын нәсілшілдіктің, отаршылдықтың, буржуазияшыл ұлтшылдықтың, күні өтіп бара жатқан әр түрлі кертартпалық пен керенаулықтың тұрғысынан түсіндіргісі келетін әдебиетшілер кейбір елдерде әлі бар. Бірақ олардың өмірі қысқа, қадамы құтсыз болмақ. Біздің совет әдебиеті даңқты, абыройлы, қасиетті, нұрлы жолмен келеді. Сол әдебиеттің идеалдарына шексіз берілген біздер, туысқан әдебиеттердің өкілдері, бір жайды ерекше есте тұтамыз. Бізді баулыған, тәрбиелеген, қанаттандырған социалистік революция болды. Өміршіл, ұлы революция арқасында біздің халықтарымыздың арасында сенім, достық, сүйіспеншілік орнады. Бұл дүние жүзінің бейбітшіл халықтарының арасында да түгел тарап отыр. Өз творчествомдағы совет оқушысының азды-көпті ілтипатына татитын нәрселердің бәрін Коммунистік партияның бүкіл интернационалдық тәрбиесінің жемісі деп санаймын. Маркстік-лениндік ілім совет художниктерін интернационалдық рухта тәрбиелейді. Біз бұны мақтаныш етеміз. Және бұған өмір бойы берік боламыз. Жазушы үшін халықтар достығынан, халықтар ұрпағының достығынан қымбат сезім болмаса керек. Адам рухының ең үлкен қасиеті осы сезімнен байқалмақ. Біз үшін халықтар достығынан артық идеал болмақ емес. Бұл идеалға барлық күш-жігерімізбен, ізденуімізбен, табысымызбен қызмет ету — әрқайсымыздың игілікті, абыройлы, қасиетті парызымыз. Мұхтар Әуезов    
04.12.2012 08:08 3416

 

Қасиетті парыз

Халықаралық мереке — Бірінші Май күні әрбір ойы түзу адамның қоғамдық болмысының ең игілікті, абыройлы жақтарын еске алу табиғи нәрсе. Осыған орай интернационалдық достық, интернационалдық парыз сезімі туралы, халықтар арасындағы ынтымақ, қадір-құрмет туралы айтпасқа болмайды.

Адам баласы білімінің, еңбегінің, ой-қиялы мен творчествосының интернационалдық парызды ұстанбайтын саласы болмақ емес. Бұл әрбір ғалымның, художниктің, әрбір қайраткердің ұдайы алдында тұратын міндет. Қалам қызметкері ретінде, Бірінші Май күнгі сөзімді осы қасиетті парыз турасында айтқым келеді.

Бұл парыз бүгін ғана пайда болып отырған жоқ. Әріден келе жатыр. Қайсы ғасырдан, қайсы тілден келіп қосса да, халықтар арасындағы бауырмалдыққа баулитын ұлы дәстүрлердің бәрі бізге қымбат. Біз, жиырмасыншы ғасырдың орта шенінде өмір сүрген әдебиетшілер, бүкіл дүниелік прогресшіл әдебиетті мұра тұтынамыз.

Сол күллі әлемдік гуманистік озат дәстүр шын мәнісіндегі көркем әдебиет халықтардың өзара бытырасуын көздемей, жуықтасуын көздейтінін, жауласуын тілемей, достасуын тілейтінін, бәсекелесуін уағыздамай, ауызбірлігін, тізе қосып қарыштауын уағыздайтынын көрсетеді.

Жер жүзінің ең озық, ең жоғары идеялы әдебиеттерінің бірі — совет әдебиеті өзінің дүниеге келген күнінен бастап творчествода интернационалдық ынтымақтың туын биікке көтеріп келеді. Бұл — мәңгі жығылмайтын, өшпейтін ұлы ту.

Біздің ғасырда өмір құбылыстарын нәсілшілдіктің, отаршылдықтың, буржуазияшыл ұлтшылдықтың, күні өтіп бара жатқан әр түрлі кертартпалық пен керенаулықтың тұрғысынан түсіндіргісі келетін әдебиетшілер кейбір елдерде әлі бар. Бірақ олардың өмірі қысқа, қадамы құтсыз болмақ. Біздің совет әдебиеті даңқты, абыройлы, қасиетті, нұрлы жолмен келеді.

Сол әдебиеттің идеалдарына шексіз берілген біздер, туысқан әдебиеттердің өкілдері, бір жайды ерекше есте тұтамыз. Бізді баулыған, тәрбиелеген, қанаттандырған социалистік революция болды. Өміршіл, ұлы революция арқасында біздің халықтарымыздың арасында сенім, достық, сүйіспеншілік орнады. Бұл дүние жүзінің бейбітшіл халықтарының арасында да түгел тарап отыр.

Өз творчествомдағы совет оқушысының азды-көпті ілтипатына татитын нәрселердің бәрін Коммунистік партияның бүкіл интернационалдық тәрбиесінің жемісі деп санаймын. Маркстік-лениндік ілім совет художниктерін интернационалдық рухта тәрбиелейді. Біз бұны мақтаныш етеміз. Және бұған өмір бойы берік боламыз. Жазушы үшін халықтар достығынан, халықтар ұрпағының достығынан қымбат сезім болмаса керек. Адам рухының ең үлкен қасиеті осы сезімнен байқалмақ. Біз үшін халықтар достығынан артық идеал болмақ емес.

Бұл идеалға барлық күш-жігерімізбен, ізденуімізбен, табысымызбен қызмет ету — әрқайсымыздың игілікті, абыройлы, қасиетті парызымыз.

Мұхтар Әуезов

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға