Жаңалықтар

Сефеви әулеті

Сефеви Әулеті — Ирандағы қызылбастар мемлекетін билеушілер (1502 — 1736). Сефеви Әулеті мемлекетін 16 ғасырдың басында Иран мен Әзербайжанның түркі тілді тайпалары Аққойлы мемлекеті мен оның одақтастарын жеңгеннен кейін құрды. Мемлекет атауы оның тұңғыш билеушісі шах Исмаил І-нің мұсылман дінінің сопылық бағытын ұстанған Ардабели шейхы Сефи әд-Дин ұрпақтарының бірі болғандығымен байланысты. Алайда Сефеви Әулеті билеушілерінің негізгі күші түркі тілдес тайпалар шииттердің 12 имамының құрметіне бастарына 12 қызыл жолақты шалма орағандықтан, бұл мемлекет тарихи шығармаларда көбінесе қызылбастар мемлекеті деп аталды. Сефеви Әулеті мемлекетінің құрамына Иран, Әзербайжан, Арменияның бір бөлігі, қазіргі Ауғанстан жерінің дені, кей кездерде Ирак жерлері енді. Сефеви Әулетінің белгілі өкілдері — Исмаил І, Тахмасп І (1524 — 76), Аббас І (1587 — 1629). Сефеви Әулеті мемлекетінің орт. алғашында Тебриз (1555 жылға дейін), 1555 — 1597/98 ж. Казвини, 1597/98 жылдан Исфаһан) болды. Исмаил шах құзырындағылардың көпшілігі сүннит болғандығына қарамастан, мемл. дін ретінде исламның шиит тармағын жариялады.    Шах Исмаил I Сефеви Әулеті көп жылдар бойы Осман сұлтандығы мен Орта Азия хандарына қарсы соғыс жүргізді. Тахмасп І-ден кейін басталған өзара тартыстар іс жүзінде мемлекеттің әлсіреуіне әкеліп соқты. Осман сұлтандығы Сефеви Әулеті мемлекетінің солт.-батыс аймақтарын, ал өзбек хандары Хорасанды жаулап алды, Аббас шах тұсында Сефеви Әулеті мемлекеті түрлі реформалар (салық, әкімш., әскери, т.б.) жүргізудің нәтижесінде нығайып, экономикасы біршама көтерілді. Аббас түріктер мен өзбектерге қарсы соғыста бірнеше рет жеңіске жетіп, Әзербайжанды, Хорасанды, уақытша Иракты қайтарып алды. Сефеви Әулеті Ресей және басқа да елдермен дипломат., сауда қатынастарын жүргізді. 18 ғасырдың басында тақ таласы мен халық наразылығы Сефеви Әулетінің саяси жағдайын әлсіретті. Көтеріліске шыққан ауған тайпалары 1722 ж. Исфаһанды жаулап алып, Осман сұлтандығы Сыртқы Кавказ және Иранда өз үстемдігін орнатты. Тахмасп шах ІІ (1722 —32) Сефеви Әулеті мемлекетінің Каспий маңындағы аймақтарын Ресейге беруге мәжбүр болды. Қалыптасқан ахуалды сәтті пайдаланған Сефеви Әулетінің қолбасшысы Надир шах Афшар Сефеви Әулетін биліктен кетіріп, өзінің жеке билігін орнатты. Ортағасырлық тарихи шығармаларда Сефеви Әулеті мемлекетінің 16 — 17 ғасырларда қазақ хандығымен қарым-қатынасы жайлы деректер бар. Қазақтың батырлар жырында да қызылбастармен болған соғыстар жиі айтылады.  
04.12.2012 08:08 6755

Сефеви Әулеті — Ирандағы қызылбастар мемлекетін билеушілер (1502 — 1736). Сефеви Әулеті мемлекетін 16 ғасырдың басында Иран мен Әзербайжанның түркі тілді тайпалары Аққойлы мемлекеті мен оның одақтастарын жеңгеннен кейін құрды. Мемлекет атауы оның тұңғыш билеушісі шах Исмаил І-нің мұсылман дінінің сопылық бағытын ұстанған Ардабели шейхы Сефи әд-Дин ұрпақтарының бірі болғандығымен байланысты. Алайда Сефеви Әулеті билеушілерінің негізгі күші түркі тілдес тайпалар шииттердің 12 имамының құрметіне бастарына 12 қызыл жолақты шалма орағандықтан, бұл мемлекет тарихи шығармаларда көбінесе қызылбастар мемлекеті деп аталды. Сефеви Әулеті мемлекетінің құрамына Иран, Әзербайжан, Арменияның бір бөлігі, қазіргі Ауғанстан жерінің дені, кей кездерде Ирак жерлері енді. Сефеви Әулетінің белгілі өкілдері — Исмаил І, Тахмасп І (1524 — 76), Аббас І (1587 — 1629). Сефеви Әулеті мемлекетінің орт. алғашында Тебриз (1555 жылға дейін), 1555 — 1597/98 ж. Казвини, 1597/98 жылдан Исфаһан) болды. Исмаил шах құзырындағылардың көпшілігі сүннит болғандығына қарамастан, мемл. дін ретінде исламның шиит тармағын жариялады.
 
 Шах Исмаил I

Сефеви Әулеті көп жылдар бойы Осман сұлтандығы мен Орта Азия хандарына қарсы соғыс жүргізді. Тахмасп І-ден кейін басталған өзара тартыстар іс жүзінде мемлекеттің әлсіреуіне әкеліп соқты. Осман сұлтандығы Сефеви Әулеті мемлекетінің солт.-батыс аймақтарын, ал өзбек хандары Хорасанды жаулап алды, Аббас шах тұсында Сефеви Әулеті мемлекеті түрлі реформалар (салық, әкімш., әскери, т.б.) жүргізудің нәтижесінде нығайып, экономикасы біршама көтерілді. Аббас түріктер мен өзбектерге қарсы соғыста бірнеше рет жеңіске жетіп, Әзербайжанды, Хорасанды, уақытша Иракты қайтарып алды. Сефеви Әулеті Ресей және басқа да елдермен дипломат., сауда қатынастарын жүргізді. 18 ғасырдың басында тақ таласы мен халық наразылығы Сефеви Әулетінің саяси жағдайын әлсіретті. Көтеріліске шыққан ауған тайпалары 1722 ж. Исфаһанды жаулап алып, Осман сұлтандығы Сыртқы Кавказ және Иранда өз үстемдігін орнатты. Тахмасп шах ІІ (1722 —32) Сефеви Әулеті мемлекетінің Каспий маңындағы аймақтарын Ресейге беруге мәжбүр болды. Қалыптасқан ахуалды сәтті пайдаланған Сефеви Әулетінің қолбасшысы Надир шах Афшар Сефеви Әулетін биліктен кетіріп, өзінің жеке билігін орнатты. Ортағасырлық тарихи шығармаларда Сефеви Әулеті мемлекетінің 16 — 17 ғасырларда қазақ хандығымен қарым-қатынасы жайлы деректер бар. Қазақтың батырлар жырында да қызылбастармен болған соғыстар жиі айтылады.
 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға