Жаңалықтар

Құрметті жолдастар! Жақын-жарандар!

  ҒАБИДЕН МҰСТАФИН Құрметті жолдастар! Жақын-жарандар! Менің ішімде қазір ғажап өзгерістер болып жатыр. Толқыған ойды, бойды билеген қуанышты толық айтуға толымды сөз таппай тұрмын. Япыр-ау, емес пе едім кеше бала, Асыппын тең ортадан мына қара! Қысылған соң өлең де шығып кетті ауыздан. Заман шіркін зымырап барады. Біреулер оның шаңына тұншығып қалып жатса, біреулер үзеңгі қағысып тайталасып барады. Менің алпысымды осынша әйгілеп, мейрамдауларыңыз жай емесін әбден білемін. Гәп алпысқа келуде емес, қалай келуде ғой. Алпыстың биігіне шығып алып, артыма көз жіберсем алты айлық жолды алты-ақ аттап жетіппін. Жалғыз жеткенім жоқ. Бәріңмен бірге, халықпен бірге жетіппін. Маған қазір өмір — теңіз, халық — кеме. партия — капитан болып елестейді. Аман-есен, олжалы етіп мені осы шаққа келтірген сол халық, сол партия. Олай болса, маған арнаған сый-құрмет, игі тілектеріңіздің бәрін бірін қалдырмастан мен партияма, халқыма арнадым. «Жақсы сөз жан азығы». Жан жасай білсе, азық жеткілікті болған сияқты. Бірақ, көңілде бір түйткіл тұр. Алмақтың салмағы бар. Оны екінің бірі көтере бермейді. Көтерсем деген талап таудай. Таудай талап кейде титтей төмпешікке сүрініп те құлай салады. Ондай сәтсіздікке ұшырай қалса cөгe көрмеңіздер. Менен бұрын бұл үйде талай ағайлардың 60 жылдық мерекесі өтті. Олар осы мінбеден «алпыс, деген немене тәйірі!» деп еді. Дегізген әрине, қуаныш. Мені де қуаныш кернеп тұр. Әйтсе де, алпысты оңай дей алмаймын. Өйткені, жаңағы ағайлар дері десе де, буындары қазір сыртылдап жүр. Буын неліктен сыртылдайтыны белгілі. Мен тек барымды аямасқа уәде етем. Нағыз жазушылық еңбек инемен құдық қазғанмен бірдей. Сол құдықтан сәті түсіп фонтан атқыса көпсінбеймін. Тамшылап, жылымшылап ақса Сіздер азсынбаңыздар. Маған көрсеткен құрметтеріңіз әдебиетке көрсеткен құрмет. Халыққа рухани азық болған әдебиетіміздің ләззаты, нәрі күннен-күнге арта берсін! Оны жасаушылардың тауы шағылмай, қаламы мұқалмай алпыс түгілі, жүзге жете берсін! 1962 Іске сәт! Кеше кешке, Алматы аэровокзалында, жарқыраған электр нұрының астында екі халықтың үлкен тобы тағы да бір күлімдесе, шұрқыраса құшақтасты. Ыстық жүректен шыққан ең қымбатты сөздерімен бір-біріне шашу шашты. Ұлы орыс әдебиеті мен көркемөнерінің Қазақстандағы онкүндігінің бастамасы еді бұл. Көркемөнершілер өз сөздерін өздері айтар. Ал, әдебиет дүниесінде осы онкүндік бүгін біздер үшін, ертең тарих үшін үлкен оқиға, халықтар достығының айқын бір көрінісі. Әдебиет достығы берік достық. Адам өнерінің ішінде ең ұзақ жасайтындарының бірі әдебиет. Ғасырлар өтеді, өмірге талай ұрпақтар келіп, талай ұрпақтар кетіп алмасып жатады. Нағыз әдебиет сонда да қалып қояды. Өмірдің шежіресін кейінгі ұрпақ, жаңа қауым әдеби мұралардан көріп отырады, жақсысына сүйсінсе, жаманына ренжіп отырады. Партия, халықтық совет әдебиеті өз заманын жырлаумен қатар, сол заманның бейнесін кейінгілерге, қазіргі сыртқы елдерге көрсететін нағыз құдіретті әдебиет. Совет әдебиетінің түрі, сыры, тілі көп. Солардың ішінде осы орыс әдебиеті үлкен арна. Бәрі соған құяды. Ол арнадан сусындамайтын совет жерінде ешбір халық жоқ. Әрі сусындайды, әрі толтырады осы арнаны. Бір кезде ойдағы орыстың Татьянасы мен қырдағы қазақтың Қыз Жібегі үн қосқан, ежелден сыбайлас, мұңдас екі ел бүгін әдебиет пен көркемөнердің салтанатты мерекесін өткізіп жатыр. Бұл мереке әдебиетіміз бен көркемөнерімізді бір жаңа белеске көтеріп тастайтынына күмән жоқ. Іске сәт, жолдастар! 1964              
04.12.2012 08:07 3545

 

ҒАБИДЕН МҰСТАФИН

Құрметті жолдастар!

Жақын-жарандар!

Менің ішімде қазір ғажап өзгерістер болып жатыр. Толқыған ойды, бойды билеген қуанышты толық айтуға толымды сөз таппай тұрмын.

Япыр-ау, емес пе едім кеше бала,

Асыппын тең ортадан мына қара!

Қысылған соң өлең де шығып кетті ауыздан.

Заман шіркін зымырап барады. Біреулер оның шаңына тұншығып қалып жатса, біреулер үзеңгі қағысып тайталасып барады. Менің алпысымды осынша әйгілеп, мейрамдауларыңыз жай емесін әбден білемін. Гәп алпысқа келуде емес, қалай келуде ғой. Алпыстың биігіне шығып алып, артыма көз жіберсем алты айлық жолды алты-ақ аттап жетіппін. Жалғыз жеткенім жоқ. Бәріңмен бірге, халықпен бірге жетіппін. Маған қазір өмір — теңіз, халық — кеме. партия — капитан болып елестейді. Аман-есен, олжалы етіп мені осы шаққа келтірген сол халық, сол партия. Олай болса, маған арнаған сый-құрмет, игі тілектеріңіздің бәрін бірін қалдырмастан мен партияма, халқыма арнадым.

«Жақсы сөз жан азығы». Жан жасай білсе, азық жеткілікті болған сияқты. Бірақ, көңілде бір түйткіл тұр. Алмақтың салмағы бар. Оны екінің бірі көтере бермейді. Көтерсем деген талап таудай. Таудай талап кейде титтей төмпешікке сүрініп те құлай салады. Ондай сәтсіздікке ұшырай қалса cөгe көрмеңіздер.

Менен бұрын бұл үйде талай ағайлардың 60 жылдық мерекесі өтті. Олар осы мінбеден «алпыс, деген немене тәйірі!» деп еді. Дегізген әрине, қуаныш. Мені де қуаныш кернеп тұр. Әйтсе де, алпысты оңай дей алмаймын. Өйткені, жаңағы ағайлар дері десе де, буындары қазір сыртылдап жүр. Буын неліктен сыртылдайтыны белгілі. Мен тек барымды аямасқа уәде етем. Нағыз жазушылық еңбек инемен құдық қазғанмен бірдей. Сол құдықтан сәті түсіп фонтан атқыса көпсінбеймін. Тамшылап, жылымшылап ақса Сіздер азсынбаңыздар.

Маған көрсеткен құрметтеріңіз әдебиетке көрсеткен құрмет. Халыққа рухани азық болған әдебиетіміздің ләззаты, нәрі күннен-күнге арта берсін! Оны жасаушылардың тауы шағылмай, қаламы мұқалмай алпыс түгілі, жүзге жете берсін!

1962

Іске сәт!

Кеше кешке, Алматы аэровокзалында, жарқыраған электр нұрының астында екі халықтың үлкен тобы тағы да бір күлімдесе, шұрқыраса құшақтасты. Ыстық жүректен шыққан ең қымбатты сөздерімен бір-біріне шашу шашты. Ұлы орыс әдебиеті мен көркемөнерінің Қазақстандағы онкүндігінің бастамасы еді бұл. Көркемөнершілер өз сөздерін өздері айтар. Ал, әдебиет дүниесінде осы онкүндік бүгін біздер үшін, ертең тарих үшін үлкен оқиға, халықтар достығының айқын бір көрінісі.

Әдебиет достығы берік достық. Адам өнерінің ішінде ең ұзақ жасайтындарының бірі әдебиет. Ғасырлар өтеді, өмірге талай ұрпақтар келіп, талай ұрпақтар кетіп алмасып жатады. Нағыз әдебиет сонда да қалып қояды. Өмірдің шежіресін кейінгі ұрпақ, жаңа қауым әдеби мұралардан көріп отырады, жақсысына сүйсінсе, жаманына ренжіп отырады.

Партия, халықтық совет әдебиеті өз заманын жырлаумен қатар, сол заманның бейнесін кейінгілерге, қазіргі сыртқы елдерге көрсететін нағыз құдіретті әдебиет.

Совет әдебиетінің түрі, сыры, тілі көп. Солардың ішінде осы орыс әдебиеті үлкен арна. Бәрі соған құяды. Ол арнадан сусындамайтын совет жерінде ешбір халық жоқ. Әрі сусындайды, әрі толтырады осы арнаны.

Бір кезде ойдағы орыстың Татьянасы мен қырдағы қазақтың Қыз Жібегі үн қосқан, ежелден сыбайлас, мұңдас екі ел бүгін әдебиет пен көркемөнердің салтанатты мерекесін өткізіп жатыр. Бұл мереке әдебиетіміз бен көркемөнерімізді бір жаңа белеске көтеріп тастайтынына күмән жоқ. Іске сәт, жолдастар!

1964

 

 

 

 

 

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға