Жаңалықтар

Көтергіш кран

Көтергіш кран – жүкті көтеру және жылжыту (тасымалдау) процесін циклмен атқаратын жүк көтергіш машина. Көтергіш кран көпір, ферма, мұнара, платформа, діңгек, жебе не таған тәрізді металл құралымдардан; шығыр, тельфер, шток, рычаг сияқты көтергіш механизмнен; ілгек, траверса (көлденең тірек), қысқыш не шөміш секілді жүк қармағыш жабдықтардан тұрады. Құралымдық ерекшеліктеріне сай көтергіш кран бұлардан басқа қосымша қондырғылармен және механизмдермен жабдықталады. Бумен жұмыс істейтін алғашқы жүк көтергіш кран Ұлыбританияда 1830 ж., гидравликалық жүк көтергіш кран да осы елде 1847 ж. жасалды. Құралымы мен іс-қимылына қарай бұрылмалы және бұрылмайтын болып ажыратылады. Бұрылмалы көтергіш кранға жүріс аппараты дөңгелекті немесе шынжыртабанды болып келетін пневматикалық-дөңгелекті кран мен шынжыртабанды кран, автомобиль шассиіне орнатылған автокран, рельспен жүретін темір жол краны, құрылыста қолданылатын мұнаралы кран, сондай-ақ үйдің қабырғасына бекітіп қоятын қабырғалық-консольдік кран, үйдің төбесінде тұратын шатыр краны, өзен-теңіз портының порталды краны, понтон мен кемеге орнатылған жүзбе кран мен кеме краны жатады. Бұрылмайтын көтергіш кранға көпір краны, мосы краны, кабельді кран секілді моторлы шығыры ұзын аралықта жүріп тұратын крандар кіреді. Бұлардың ішінде көп тарағаны – көпір краны. Оның жүк көтергіштігі 5 тоннадан 600 тоннаға, жүкті көтеру жылдамдығы 60 м/мин-қа дейін жетеді. Мұндай көтергіш кран металлургиялық және машина жасау зауыттарында, т.б. орындарда қолданылады. Порттарда жүк тиеу-түсіру және ірі су техникалық құрылыстарында құрылыс материалдарын тасымалдау жұмыстары порталды көтергіш кранмен жүзеге асырылады. Бұл кран портал деп аталатын биік тірекке орнатылады да, рельс үстімен жылжиды. Жартылай порталды көтергіш кранның портал рамасының астыңғы жағы рельс үстімен жылжитын тірекке, ал жоғарғы жағы үйдің қабырғасына немесе арнаулы эстакадаға бекітілген рельс үстімен қозғалатын арбаға бекітіледі. Кеме жасау верфтерінде кеменің машина агрегаттарын орнату, т.б. жұмыстарға балға тәрізді көтергіш кран пайдаланылады. Ол қозғалмайтын тіректік бағанға орнатылған, көтеру механизмі мен жүк қармағыш құрылғылармен жабдықталған, жылжымалы арбасы бар екі консольдан тұрады. Суда жүзіп көтеру-тасымалдау жұмыстарын атқаратын, арнаулы кемеге (понтонға) орнатылған кран жүзбе кран деп аталады. Ірі құрылыстарда, ашық тау-кен жұмыстарында және ағаш дайындау жұмыстарында кабельдік кран пайдаланылады. Ол қозғалмайтын немесе жылжымалы болып жасалған екі тірек мұнарадан тұрады. Мұнаралар арасына болат арқан тартылған. Онымен жүк арбашасы қозғалады. Жүк арбасы жылжымалы немесе жылжымайтын консоль үстімен қозғалатын кран консольді көтергіш кран деп аталады.      
04.12.2012 07:59 18222

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға