Жаңалықтар

Алтай Республикасы

  Алтай Республикасы – Ресей Федерациясының құрамындағы ұлттық-мемлекеттік құрылым. Жоғары заң шығарушы органы – Эл құрұлтай, ол 4 жыл мерзімге сайланатын 27 депутаттан тұрады. Жоғары атқарушы органы – Үкімет, оны төраға басқарады. А. Р. Қазақстан, Қытай, Моңғолия жерімен, сондай-ақ Ресей Федерациясының Тыва, Хакасия республикаларымен, Кемеров облысымен, Алтай өлкесімен шектеседі. Орт. – Горно-Алтайск қ. Жер аум. – 92902 км2, халқы – 201,6 мың адам (1996). Батысынан шығысына дейін – 360 км, оңт-нен солт-ке дейін – 480 км. Ресми тілі – орыс және алтай тілдері. Жергілікті халқы алтайлықтар, барлық тұрғындардың 31%-ын (62 мыңнан астам адам) құрайды; қалған халықтың 62%-ын орыстар, қазақтар – 5%, украиндар – 1%, немістер 0,4%. Әкімш. бөлінісі – 10 аудан, 1 қала, 86 ауыл мен 2 кент. Валютасы – Ресей рублі. А. Р. қазақ даласына, Моңғолия шөлейті мен Сібір тайгасына ұласып жатқан Алтай тауларының оңт. бөлігінде орналасқан. Ең биік шыңы – Мұзтау (4506 м). Жер бедері әркелкі: биік тау жоталарының (Қатун, Солт. және Оңт. Шуй) арасын “дала” деп аталатын жазықтық не ауқымды қазан шұңқырлар (Абай, Уймон, Шуй) бөліп жатыр. Климаты континенттік: қаңтар айының орташа темп-расы –12 – 31,8°С, шілдеде 9 – 18°С. Жылдық жауын-шашын мөлшері тауаралық қазан шұңқырларда – 100 мм-ге, солт-батыс бөлігінде 1000 мм-ге жетеді. Ең ірі көлі – Алтынкөл, оның көлемі – 230,8 км, тереңдігі – 325 м. Өзендері энергия қорына өте бай. Республиканың солт.-батыс жағындағы беткейлер мен аңғарлар – қара топырақты, қалған жерлері таулық күлгін топырақты келеді. Жерінің 25%-ын орман (балқарағай, самырсын, шырша, қайың) алып жатыр. Өсімдіктердің 212 түрі кездеседі. Дала мен шөлейттің аң-құстары: зерен елік, қарсақ, суыр, манул мысығы, зорман, қосаяқ, бозторғай, құзғын мен бүркіт; биік таулы аудандарға тән жануарлар: арғалы (тау қойы), бун (тауешкі), барс (ірбіс) пен бүркіт мекендейді. Қазба байлықтары: темір, алтын, вольфрам, қалайы, жез, т.б. Талдыдүрген кен орнынан қоңыр көмірдің (шамамен 68 млн. т) қоры табылған. Алтай жері әсіресе асыл тастарға бай. Құрылыс материалдары мәрмәрдің, саздың, құмның, әктастың, кесек тастың қоры мол. Алтай жерін адамдар ерте замандарда – төм. және жоғ. палеолит дәуірінен қоныстанған. Б.з.б. 3 ғ-дың соңы мен 2 ғ-дың басында Алтай тауларын түркі тайпаларының арғы атасы – ғұндар жайлап, жергілікті ұлыстардың көбісін өзіне бағындырды. Б.з. 4 – 6 ғ-ларында қазіргі алтайлықтар мен басқа да түркі халықтарының арғы тегі – көк түркілер осы аймақта тұрды, 552 ж. Алтай түркілері өз мемлекетін құрып, астанасын Орхон өз-не көшірді. Үлкен Хинганнан Кавказға дейінгі аралықта үстемдік жүргізген түркілердің солт. шекарасы Байкалға дейін созылып, Енесай (Енисей) мен Таулы Алтайды қамтыды, оңт. шекарасы Ұлы Қытай қорғанына, Тибет жеріне тірелді. 581 ж. қағанат екіге: Шығыс және Батыс қағандықтарға бөлінді. Қазіргі А. Р-н қамтыған Шығыс Түрік қағандығы қытай шеріктерімен, араб сарбаздарымен, т.б. ұлыс-тайпалармен арадағы үздіксіз соғыстардың салдарынан 8 ғ-да күйреп тынды. Одан көптеген тарихи-мәдени ескерткіштер: балбалдар, жан-жануар кейпіндегі шекіме бұйымдар, әшекейлер, былғары киім жұрнақтары, алтын белдіктер, сондай-ақ түркі әліпбиімен ойылған жазба мұрағаттар сақталып жеткен. 9 – 12 ғ-лар аралығында бұл өңірде Енесей қырғыздары, қидандар, моңғолдар, т.б. кезек-кезек билік құрды. 13 ғ-дан бастап алтайлықтар Шыңғыс хан негізін қалаған түркі-моңғол ұлыстарының құрамына кірді. 17 – 18 ғ-ларда олардың негізгі бөлігі жоңғар хандығына бағынды. 18 ғ-дың басында кейбір тайпалар орыс бодандығын қабылдай бастады. Бұл процесс 1755 – 57 ж. болған Қытай мен Жоңғарияның арасындағы жойқын соғыстан кейін күшейе түсті. Қырғыннан қашқан алтайлықтар Ресей өкіметіне бағынды. Бір бөлігі Қытайдың қол астында қалып қойды. Жалпы, алтайлық сөзі Таулы Алтайдағы және ішінара Кузнецк Алатауындағы түркі тайпаларының жиынтық атауы. Солт. алтайлықтарға (“қара татарларға”) Бия өз-нің солт. жағалауы мен Телес к-нің солт.-батыс жағалауын мекендеген тобалар (тубалар), челкандар, лебединдер (Лебедь өз-нің аңғары) және құмандындар (Бия өз-нің орта ағысы) жатады. “Ақ қалмақтар”, “алтайлықтар”, “таулық”, “биліктер”, т.б. аталатын оңт. алтайлықтарға алтай кижалар, төлеңгіттер (теленгит), телестер мен телеуіттер жатады. 19 ғ-да алтайлықтар Ресей империясының отарлық езгісінде болды. Шұрайлы жерлер тартып алынып, Ішкі Ресейден келген орыс шаруалары қо-ныстандырылды. Жерінен айрылған, зорлап шоқындырудан қашқан жергілікті халық тауға қашты және тайганы паналады. 1918 – 22 ж. аралығында Таулы Алтай жеріне Кеңес өкіметі орнады. 1922 ж. 1 маусымда РКФСР құрамында Ойрат автоном. обл. құрылды. Ол 1948 ж. 7 қаңтарда РКФСР-дың Алтай өлкесіндегі “Таулы Алтай автономиялық облысы” деп аталды. Астанасы 1928 жылға дейін – Ұлала а., кейін – Ойрат-Тура, 1948 жылдан бастап – Горно-Алтайск қ. болды. 1990 ж. 25 қазанда Таулы Алтай халық депутаттарының обл. кеңесі Таулы Алтай АКСР-інің мемл. тәуелсіздігін жариялады және ол Алтай өлкесінің құрамынан бөлініп шықты. 1993 ж. қазанда елдің жоғары заң шығарушы органы – Эл Құрұлтай (мемл. жиналыс) мемл. рәміздеменің қажетті атрибуттарын – жалау мен гербті қабылдап, республиканың қазіргі ресми атауын заң жүзінде бекітті. А. Р-нда мал ш. экономиканың жетекші саласы саналып, ел аумағының шамамен 75%-ы жайылым болды. Бірақ 1991 – 95 ж. аралығында республикада мал басы күрт кеміді. 1996 жылдан бастап мемл. сектордағы мал ш. базасының орнына жеке шаруа қожалықтары пайда бола бастады. Әсіресе, әлемдік пиасада жоғары сұранысқа ие тауар – марал мен теңбіл бұғы пантасын өндіруге сұраныс күшейді. Өнеркәсібі нашар дамыған, өндіріс ауқымы жөнінен а. ш-нан кейін қалып келеді. Өнеркәсіп салаларының арасында құрылыс индустриясы мен жергілікті шикізаттан экзот. дәрілік препараттар өндірісі ғана тиімді қызмет атқарып, пайда түсіруде. Республика көлемінде жергілікті индустрияның шикізаттық сипатынан дайын өнім шығаруға көшіп, кен өндіруші саланы (алтын мен молибден, полиметалл, күміс) дамытуға басымдық беру, табиғи құрылыс материалдарын (ағаш, тас, мәрмәр, гранит) жете өңдеу, сондай-ақ елдің туристік желісін жетілдіру арқылы экономиканы өркендету шаралары белгіленген. Негізгі көлік магистралы – Таулы Алтай – Шуй автомобиль жолы (ұз. 621 км) Бийск мен Моңғолия шекарасын жалғап жатыр. Алтайлықтардың бай ауыз әдебиеті бар. Оны ертегішілер (кайчы) мен жыршылар (қожанчы) жаттап алып, ұрпақтан ұрпаққа таратып келді. Ауыз әдебиеті нұсқалары 19 ғ-дың 2-жартысынан қағаз бетіне түсіріле бастады. Эпос үлгілерінің 7 томы – “Алтай батырлары” жарық көрді. 20 ғ-дың бас кезінде М.В. Мундус-Эдоков “Келін” (1927), “Бұрын және қазір” (1928) аталатын алғашқы пьесалар жазды. Алтай тұрғындарының тағдыры, бастан өткерген тарихи кезеңдері П.А. Чагат-Строевтың “Дана батыр” (1926), “Қара Қорум” (1929) поэмаларында, П.В. Кучияковтың “Күрес” (1932) пъесасында, “Шайтан аңғары” (1945) повесінде, С.Сұразақовтың “Тау қожасы” (1962) жинағында, Л.Қоқышевтың “Арина” (1959) романында шынайы бейнеленген. Алтайлықтар сан ғасырлар бойы киіз үйде тұрып келді. Дәстүрлі сән өнері – сырмақ басу, басқұр өру, алаша, кілем тоқу, тері илеп, зерлеу, кесте тігу кәсібі әлі ұмытылмаған. Алтайлықтар тілінде “Алтайдың чолмоны” (“Алтай жұлдызы”, 1922 жылдан) респ. газет, т.б. басылымдар шығады.
04.12.2012 07:59 8671

 

Алтай Республикасы – Ресей Федерациясының құрамындағы ұлттық-мемлекеттік құрылым. Жоғары заң шығарушы органы – Эл құрұлтай, ол 4 жыл мерзімге сайланатын 27 депутаттан тұрады. Жоғары атқарушы органы – Үкімет, оны төраға басқарады. А. Р. Қазақстан, Қытай, Моңғолия жерімен, сондай-ақ Ресей Федерациясының Тыва, Хакасия республикаларымен, Кемеров облысымен, Алтай өлкесімен шектеседі. Орт. – Горно-Алтайск қ. Жер аум. – 92902 км2, халқы – 201,6 мың адам (1996). Батысынан шығысына дейін – 360 км, оңт-нен солт-ке дейін – 480 км. Ресми тілі – орыс және алтай тілдері. Жергілікті халқы алтайлықтар, барлық тұрғындардың 31%-ын (62 мыңнан астам адам) құрайды; қалған халықтың 62%-ын орыстар, қазақтар – 5%, украиндар – 1%, немістер 0,4%. Әкімш. бөлінісі – 10 аудан, 1 қала, 86 ауыл мен 2 кент. Валютасы – Ресей рублі.

А. Р. қазақ даласына, Моңғолия шөлейті мен Сібір тайгасына ұласып жатқан Алтай тауларының оңт. бөлігінде орналасқан. Ең биік шыңы – Мұзтау (4506 м). Жер бедері әркелкі: биік тау жоталарының (Қатун, Солт. және Оңт. Шуй) арасын “дала” деп аталатын жазықтық не ауқымды қазан шұңқырлар (Абай, Уймон, Шуй) бөліп жатыр. Климаты континенттік: қаңтар айының орташа темп-расы –12 – 31,8°С, шілдеде 9 – 18°С. Жылдық жауын-шашын мөлшері тауаралық қазан шұңқырларда – 100 мм-ге, солт-батыс бөлігінде 1000 мм-ге жетеді. Ең ірі көлі – Алтынкөл, оның көлемі – 230,8 км, тереңдігі – 325 м. Өзендері энергия қорына өте бай. Республиканың солт.-батыс жағындағы беткейлер мен аңғарлар – қара топырақты, қалған жерлері таулық күлгін топырақты келеді. Жерінің 25%-ын орман (балқарағай, самырсын, шырша, қайың) алып жатыр. Өсімдіктердің 212 түрі кездеседі. Дала мен шөлейттің аң-құстары: зерен елік, қарсақ, суыр, манул мысығы, зорман, қосаяқ, бозторғай, құзғын мен бүркіт; биік таулы аудандарға тән жануарлар: арғалы (тау қойы), бун (тауешкі), барс (ірбіс) пен бүркіт мекендейді. Қазба байлықтары: темір, алтын, вольфрам, қалайы, жез, т.б. Талдыдүрген кен орнынан қоңыр көмірдің (шамамен 68 млн. т) қоры табылған. Алтай жері әсіресе асыл тастарға бай. Құрылыс материалдары мәрмәрдің, саздың, құмның, әктастың, кесек тастың қоры мол.

Алтай жерін адамдар ерте замандарда – төм. және жоғ. палеолит дәуірінен қоныстанған. Б.з.б. 3 ғ-дың соңы мен 2 ғ-дың басында Алтай тауларын түркі тайпаларының арғы атасы – ғұндар жайлап, жергілікті ұлыстардың көбісін өзіне бағындырды. Б.з. 4 – 6 ғ-ларында қазіргі алтайлықтар мен басқа да түркі халықтарының арғы тегі – көк түркілер осы аймақта тұрды, 552 ж. Алтай түркілері өз мемлекетін құрып, астанасын Орхон өз-не көшірді. Үлкен Хинганнан Кавказға дейінгі аралықта үстемдік жүргізген түркілердің солт. шекарасы Байкалға дейін созылып, Енесай (Енисей) мен Таулы Алтайды қамтыды, оңт. шекарасы Ұлы Қытай қорғанына, Тибет жеріне тірелді. 581 ж. қағанат екіге: Шығыс және Батыс қағандықтарға бөлінді. Қазіргі А. Р-н қамтыған Шығыс Түрік қағандығы қытай шеріктерімен, араб сарбаздарымен, т.б. ұлыс-тайпалармен арадағы үздіксіз соғыстардың салдарынан 8 ғ-да күйреп тынды. Одан көптеген тарихи-мәдени ескерткіштер: балбалдар, жан-жануар кейпіндегі шекіме бұйымдар, әшекейлер, былғары киім жұрнақтары, алтын белдіктер, сондай-ақ түркі әліпбиімен ойылған жазба мұрағаттар сақталып жеткен. 9 – 12 ғ-лар аралығында бұл өңірде Енесей қырғыздары, қидандар, моңғолдар, т.б. кезек-кезек билік құрды. 13 ғ-дан бастап алтайлықтар Шыңғыс хан негізін қалаған түркі-моңғол ұлыстарының құрамына кірді. 17 – 18 ғ-ларда олардың негізгі бөлігі жоңғар хандығына бағынды. 18 ғ-дың басында кейбір тайпалар орыс бодандығын қабылдай бастады. Бұл процесс 1755 – 57 ж. болған Қытай мен Жоңғарияның арасындағы жойқын соғыстан кейін күшейе түсті. Қырғыннан қашқан алтайлықтар Ресей өкіметіне бағынды. Бір бөлігі Қытайдың қол астында қалып қойды. Жалпы, алтайлық сөзі Таулы Алтайдағы және ішінара Кузнецк Алатауындағы түркі тайпаларының жиынтық атауы. Солт. алтайлықтарға (“қара татарларға”) Бия өз-нің солт. жағалауы мен Телес к-нің солт.-батыс жағалауын мекендеген тобалар (тубалар), челкандар, лебединдер (Лебедь өз-нің аңғары) және құмандындар (Бия өз-нің орта ағысы) жатады. “Ақ қалмақтар”, “алтайлықтар”, “таулық”, “биліктер”, т.б. аталатын оңт. алтайлықтарға алтай кижалар, төлеңгіттер (теленгит), телестер мен телеуіттер жатады. 19 ғ-да алтайлықтар Ресей империясының отарлық езгісінде болды. Шұрайлы жерлер тартып алынып, Ішкі Ресейден келген орыс шаруалары қо-ныстандырылды. Жерінен айрылған, зорлап шоқындырудан қашқан жергілікті халық тауға қашты және тайганы паналады. 1918 – 22 ж. аралығында Таулы Алтай жеріне Кеңес өкіметі орнады. 1922 ж. 1 маусымда РКФСР құрамында Ойрат автоном. обл. құрылды. Ол 1948 ж. 7 қаңтарда РКФСР-дың Алтай өлкесіндегі “Таулы Алтай автономиялық облысы” деп аталды. Астанасы 1928 жылға дейін – Ұлала а., кейін – Ойрат-Тура, 1948 жылдан бастап – Горно-Алтайск қ. болды. 1990 ж. 25 қазанда Таулы Алтай халық депутаттарының обл. кеңесі Таулы Алтай АКСР-інің мемл. тәуелсіздігін жариялады және ол Алтай өлкесінің құрамынан бөлініп шықты. 1993 ж. қазанда елдің жоғары заң шығарушы органы – Эл Құрұлтай (мемл. жиналыс) мемл. рәміздеменің қажетті атрибуттарын – жалау мен гербті қабылдап, республиканың қазіргі ресми атауын заң жүзінде бекітті.

А. Р-нда мал ш. экономиканың жетекші саласы саналып, ел аумағының шамамен 75%-ы жайылым болды. Бірақ 1991 – 95 ж. аралығында республикада мал басы күрт кеміді. 1996 жылдан бастап мемл. сектордағы мал ш. базасының орнына жеке шаруа қожалықтары пайда бола бастады. Әсіресе, әлемдік пиасада жоғары сұранысқа ие тауар – марал мен теңбіл бұғы пантасын өндіруге сұраныс күшейді. Өнеркәсібі нашар дамыған, өндіріс ауқымы жөнінен а. ш-нан кейін қалып келеді. Өнеркәсіп салаларының арасында құрылыс индустриясы мен жергілікті шикізаттан экзот. дәрілік препараттар өндірісі ғана тиімді қызмет атқарып, пайда түсіруде. Республика көлемінде жергілікті индустрияның шикізаттық сипатынан дайын өнім шығаруға көшіп, кен өндіруші саланы (алтын мен молибден, полиметалл, күміс) дамытуға басымдық беру, табиғи құрылыс материалдарын (ағаш, тас, мәрмәр, гранит) жете өңдеу, сондай-ақ елдің туристік желісін жетілдіру арқылы экономиканы өркендету шаралары белгіленген. Негізгі көлік магистралы – Таулы Алтай – Шуй автомобиль жолы (ұз. 621 км) Бийск мен Моңғолия шекарасын жалғап жатыр.

Алтайлықтардың бай ауыз әдебиеті бар. Оны ертегішілер (кайчы) мен жыршылар (қожанчы) жаттап алып, ұрпақтан ұрпаққа таратып келді. Ауыз әдебиеті нұсқалары 19 ғ-дың 2-жартысынан қағаз бетіне түсіріле бастады. Эпос үлгілерінің 7 томы – “Алтай батырлары” жарық көрді. 20 ғ-дың бас кезінде М.В. Мундус-Эдоков “Келін” (1927), “Бұрын және қазір” (1928) аталатын алғашқы пьесалар жазды. Алтай тұрғындарының тағдыры, бастан өткерген тарихи кезеңдері П.А. Чагат-Строевтың “Дана батыр” (1926), “Қара Қорум” (1929) поэмаларында, П.В. Кучияковтың “Күрес” (1932) пъесасында, “Шайтан аңғары” (1945) повесінде, С.Сұразақовтың “Тау қожасы” (1962) жинағында, Л.Қоқышевтың “Арина” (1959) романында шынайы бейнеленген. Алтайлықтар сан ғасырлар бойы киіз үйде тұрып келді. Дәстүрлі сән өнері – сырмақ басу, басқұр өру, алаша, кілем тоқу, тері илеп, зерлеу, кесте тігу кәсібі әлі ұмытылмаған. Алтайлықтар тілінде “Алтайдың чолмоны” (“Алтай жұлдызы”, 1922 жылдан) респ. газет, т.б. басылымдар шығады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға