Жаңалықтар

Ибн Баз

Әбдуль-Азиз ибн Абдуллаһ ибн Әбдуррахман ибн Мұхаммед ибн Абдуллаһ ибн Баз (араб.: عبد العزيز ابن عبد الله ابن عبد الرحمن ابن محمد ابن عبد الله ابن باز‎) — (21.10.1910 - 13.05.1999) атақты мұсылман ғалымы, шариғат ғылымдарының маманы; Ислами білім мен тәрбиені таратумен айналысып, өзінен кейінгі көптеген мұсылман әлемінің ғалымдарына әсер еткен тұлға. Жастайынан білімі мен діндарлығымен көзге түсіп, кейіннен Сауд Арабиясының мүфтиі қызметін атқарған адам. Дүниеге келуі Шейх Ибн Баз эр-Рияд қаласында 1910 ж. қазан айының 21-ші жұлдызында дүниеге келеді. Оның отбасы білімге деген құштарлығымен және ғалым болған ата-бабаларымен танымал еді. Шейхтің көру қабілеті 16 жасар кезінде нашарлай бастап, 20 жасқа жеткенде толығымен соқыр болып қалады. Жастық шағы мен білім жолындағы ізденісі Шейх кәмелеттік жасқа жетпей тұрып Құранды толығымен жаттап, шейх Абдуллаһ ибн Муфайриджге тапсырады. Эр-Рияд қаласының көптеген ғұламаларында оқиды[1]. Олардың ең атақтылары: Шейх Мұхаммед ибн Әбдуль-Латыф ибн Әбдуррахман ибн Мұхаммед ибн Абдуль-Уәһһаб — эр-Риядтың қазысы. Шейх Салих ибн Әбдуль-Азиз ибн Әбдуррахман ибн Хасан ибн Мұхаммед ибн Әбдуль-Уәһһаб Шейх Сағд ибн Хамд ибн Атиқ Шейх Хамд ибн Фарис — эр-Риядтың қазынасының өкілі. Шейх Мұхаммед ибн Ибраһим ибн Әбдуль-Латыф Әли-Шейх — Сауд арабиясының мүфтиі болған. Шейх Ибн Баз одан білімді шамамен 10 жыл бойы алып, көптеген пәндерден сабақ алған. Мұхаммед Әмин әш-Шинқити — одан логика ғылымына арналған "Шарх Сулләм әл-Ахдари" кітабын оқып, Пайғамбар мешітіндегі сабақтарына қатысады. Әбдурраззақ әл-Афифи Мансапттары мен қызметтері   Һиджри 1350 жылдан бастап қазы ретінде қызметін бастайды. Һиджри 1372 ж. эр-Риядтағы ғылыми институтта сабақ бере бастайды. 1373 ж. Шариғат факультеті құрылғаннан кейін онда фиқһ, хадис және таухид пәндерінен сабақ береді. Һиджри 1381-ші жылы Медине Ислам университетінің директор орынбасары қызметін атқара бастайды. Һиджри 1390-1395 жылдар аралығында Медине Ислам университетінің директоры болады. Үлкен Ғалымдар комитетінің мүшесі. "Ғылыми ізденіс және пәтуа беру" Тұрақты Комитетінің төрағасы. Медине Ислам университетінің Үлкен Мәжілісінің мүшесі. Қайтыс болуы Шейх Ибн Баз 1999 жылдың 13-ші мамыр күні таңертеңгісін өмірден озды. Оның жаназасы Қасиетті Мекке қаласында, әл-Харам мешітінде оқылып, әл-Әдл зиратында көміледі. Жаназа намазына шейх Әбдуль-Азиз Әли-Шейх, шейх Әбдуль-Мухсин әл-Аббад, шейх Абдуллаһ ибн Қууд, шейх Әбдуррахман әл-Баррак, шейх Абдуллаһ ибн Әбдуль-Мухсин әт-Турки (бұрынғы Ислам істерінің министрі), шейх Салих Әли-Шейх (қазіргі Ислам істерінің министрі), шейх Әбдурраззақ әл-Бадр, шейх Әбдуль-Азиз ибн Ибраһим әл-Қасим, Сауд Арабиясының патшасы Фаһд, әмір Абдуллаһ, әмір Сұлтан, Ішкі Істер министрі Наиф ибн Әбдуль-Азиз, әмір Салман және т.б. әмірлер мен ғалымдар қатысты. Шәкірттері   Шейх Ибн Баздың жүздеген шәкірттері мен оқушылары болды. Олардың ең атақтылары: Шейх Әбдуррахман ибн Насыр әл-Баррак Шейх Салих ибн Фаузан әл-Фаузан Шейх Бәкір ибн Абдуллаһ Әбу Зәйд Шейх Әбдуль-Азиз ибн Абдуллаһ Әли-Шейх (Сауд Арабиясының қазіргі мүфтиі) Шейх Мұхаммед әл-Усәймин Шейх Абдуллаһ әл-Ғудаян Еңбектері мен шығармалары   Шейх Ибн Баз көптеген пәтуалар, ғылыми еңбектер мен шығармалар қалдырды.[2] Олардың кейбірі: Дурус әл-муһимма ли амматиль-умма (Барлық үмметке маңызды сабақтар) Бәян мағна кәлима "Лә иләһә илл-Аллаһ" ("Лә иләһә илл-Аллаһ" сөзінің мағынасы) Әт-тахзир мин әл-бидәғ (Діндегі жаңалықтардан сақтандыру) Әл-ақида әс-сахиха уа мә ийудаддуһа (Дұрыс ақида мен оның терісі) Әд-дағуату иля-Ллаһ уа ахләқ әд-дуғат (Аллаһқа шақыру және шақырушылардың мінез-құлығы) Әт-тахқиқ уәл-идах ли кәсир мин мәсәил әл-хадж уәл-умра уә-ззияра (Қажылық, ұмра мен зияраттың көптеген мәселелерін анықау мен түсіндіру)
04.12.2012 07:57 7195

Әбдуль-Азиз ибн Абдуллаһ ибн Әбдуррахман ибн Мұхаммед ибн Абдуллаһ ибн Баз (араб.: عبد العزيز ابن عبد الله ابن عبد الرحمن ابن محمد ابن عبد الله ابن باز‎) — (21.10.1910 - 13.05.1999) атақты мұсылман ғалымы, шариғат ғылымдарының маманы; Ислами білім мен тәрбиені таратумен айналысып, өзінен кейінгі көптеген мұсылман әлемінің ғалымдарына әсер еткен тұлға. Жастайынан білімі мен діндарлығымен көзге түсіп, кейіннен Сауд Арабиясының мүфтиі қызметін атқарған адам.

Дүниеге келуі

Шейх Ибн Баз эр-Рияд қаласында 1910 ж. қазан айының 21-ші жұлдызында дүниеге келеді. Оның отбасы білімге деген құштарлығымен және ғалым болған ата-бабаларымен танымал еді. Шейхтің көру қабілеті 16 жасар кезінде нашарлай бастап, 20 жасқа жеткенде толығымен соқыр болып қалады.

Жастық шағы мен білім жолындағы ізденісі

Шейх кәмелеттік жасқа жетпей тұрып Құранды толығымен жаттап, шейх Абдуллаһ ибн Муфайриджге тапсырады. Эр-Рияд қаласының көптеген ғұламаларында оқиды[1]. Олардың ең атақтылары:

Шейх Мұхаммед ибн Әбдуль-Латыф ибн Әбдуррахман ибн Мұхаммед ибн Абдуль-Уәһһаб — эр-Риядтың қазысы.

Шейх Салих ибн Әбдуль-Азиз ибн Әбдуррахман ибн Хасан ибн Мұхаммед ибн Әбдуль-Уәһһаб

Шейх Сағд ибн Хамд ибн Атиқ

Шейх Хамд ибн Фарис — эр-Риядтың қазынасының өкілі.

Шейх Мұхаммед ибн Ибраһим ибн Әбдуль-Латыф Әли-Шейх — Сауд арабиясының мүфтиі болған. Шейх Ибн Баз одан білімді шамамен 10 жыл бойы алып, көптеген пәндерден сабақ алған.

Мұхаммед Әмин әш-Шинқити — одан логика ғылымына арналған "Шарх Сулләм әл-Ахдари" кітабын оқып, Пайғамбар мешітіндегі сабақтарына қатысады.

Әбдурраззақ әл-Афифи

Мансапттары мен қызметтері

 

Һиджри 1350 жылдан бастап қазы ретінде қызметін бастайды.

Һиджри 1372 ж. эр-Риядтағы ғылыми институтта сабақ бере бастайды. 1373 ж. Шариғат факультеті құрылғаннан кейін онда фиқһ, хадис және таухид пәндерінен сабақ береді.

Һиджри 1381-ші жылы Медине Ислам университетінің директор орынбасары қызметін атқара бастайды.

Һиджри 1390-1395 жылдар аралығында Медине Ислам университетінің директоры болады.

Үлкен Ғалымдар комитетінің мүшесі.

"Ғылыми ізденіс және пәтуа беру" Тұрақты Комитетінің төрағасы.

Медине Ислам университетінің Үлкен Мәжілісінің мүшесі.

Қайтыс болуы

Шейх Ибн Баз 1999 жылдың 13-ші мамыр күні таңертеңгісін өмірден озды. Оның жаназасы Қасиетті Мекке қаласында, әл-Харам мешітінде оқылып, әл-Әдл зиратында көміледі. Жаназа намазына шейх Әбдуль-Азиз Әли-Шейх, шейх Әбдуль-Мухсин әл-Аббад, шейх Абдуллаһ ибн Қууд, шейх Әбдуррахман әл-Баррак, шейх Абдуллаһ ибн Әбдуль-Мухсин әт-Турки (бұрынғы Ислам істерінің министрі), шейх Салих Әли-Шейх (қазіргі Ислам істерінің министрі), шейх Әбдурраззақ әл-Бадр, шейх Әбдуль-Азиз ибн Ибраһим әл-Қасим, Сауд Арабиясының патшасы Фаһд, әмір Абдуллаһ, әмір Сұлтан, Ішкі Істер министрі Наиф ибн Әбдуль-Азиз, әмір Салман және т.б. әмірлер мен ғалымдар қатысты.

Шәкірттері

 

Шейх Ибн Баздың жүздеген шәкірттері мен оқушылары болды. Олардың ең атақтылары:

Шейх Әбдуррахман ибн Насыр әл-Баррак

Шейх Салих ибн Фаузан әл-Фаузан

Шейх Бәкір ибн Абдуллаһ Әбу Зәйд

Шейх Әбдуль-Азиз ибн Абдуллаһ Әли-Шейх (Сауд Арабиясының қазіргі мүфтиі)

Шейх Мұхаммед әл-Усәймин

Шейх Абдуллаһ әл-Ғудаян

Еңбектері мен шығармалары

 

Шейх Ибн Баз көптеген пәтуалар, ғылыми еңбектер мен шығармалар қалдырды.[2] Олардың кейбірі:

Дурус әл-муһимма ли амматиль-умма (Барлық үмметке маңызды сабақтар)

Бәян мағна кәлима "Лә иләһә илл-Аллаһ" ("Лә иләһә илл-Аллаһ" сөзінің мағынасы)

Әт-тахзир мин әл-бидәғ (Діндегі жаңалықтардан сақтандыру)

Әл-ақида әс-сахиха уа мә ийудаддуһа (Дұрыс ақида мен оның терісі)

Әд-дағуату иля-Ллаһ уа ахләқ әд-дуғат (Аллаһқа шақыру және шақырушылардың мінез-құлығы)

Әт-тахқиқ уәл-идах ли кәсир мин мәсәил әл-хадж уәл-умра уә-ззияра (Қажылық, ұмра мен зияраттың көптеген мәселелерін анықау мен түсіндіру)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға