Жаңалықтар

Иасы

Иасы – Түркістан қаласының ежелгі заманғы және орта ғасырлардағы атауы. Археологтар ертедегі Иасының орны қазіргі Күлтөбеге сәйкес келетінін дәлелдеп отыр. 7 – 12 ғасырларда Иасы төңірегі Шауғар өңірі атанған. Бұл өңір Түрік қағанатына қарады. 9 ғасырда қарлұқтар мен оғыздардың қол астында болды. Бұл өңірге 809 – 819 жылдары Хорасан билеушісі әл-Манун, 10 ғасырдың соңында Самани әулетінің билеуші Наср жаулаушылық жорықтар жасаған. 12 ғасырдың 1-ширегінде қидандар шабуылынан Шауғар құлағаннан кейін, Иасы өлкенің орталығына айналды. Қожа Ахмет Иасауи осында келіп қоныс тепкен кезде, Иасы атақ-даңққа бөленді. Қожа Ахмет Иасауи қайтыс болғаннан кейін оның қабірі басына мазар тұрғызылды. Ол қасиетті орын деген атқа ие болды. Қаланың Ұлы жібек жолының бойында, Дешті Қыпшақ пен Орта Азияның аралығында болуы, географилық жағдайдың қолайлылығы, сонымен бірге адамдардың мазарға тәуәп етуі, сауданың қызу жүруі елді мекеннің өркендеуіне ықпал етті. Деректер Иасы туралы деректер 13 ғасырда жарық көрген Киракос Гандзакенцидің “Армения тарихы” атты еңбегінде кездеседі. Бұл еңбекте Иасы Асон деген атаумен берілген. Иасы атауы 14 ғасырдан бастап тарихи шығармалардың беттерінде жиі көріне бастады. Шараф әд-Дин Әли Йездидің хабарларына қарағанда, 1388 жылы Иасыны Тоқтамыстың әскерлері талқандап, түрік тайпаларының қасиетті мекеніне айналған Қожа Ахмет Иасауи мазарын тонайды. Әмір Темір Тоқтамысты талқандағаннан кейін жаулап алған олжаның бір бөлігін Қожа Ахмет Иасауи кесенесін салуға жұмсайды. Иасы орта ғасырларда Орта Азия ғимараттары үрдісі бойынша дамыды: қамал, шаҺристан, рабад қалыптасты. 15 ғасырдың 1-жартысында Шараф әд-Дин Әли Йезди Иасыны шағын елді мекен болды деп атап көрсетсе, ал 16 ғасырда Рузбехан Исфахани “Михманнаме-и Бұхари” атты шығармасында Иасыны былайша суреттейді: “Аса қасиетті Қожаның сағанасы орналасқан Иасы қаласы өрісі кең әрі құнарлы жер, Түркістан аймағының орталығы. Иасы қаласына тауарлар мен қымбат бағалы заттар жеткізіледі де, сол жерде оларды сату басталады. Сондықтан ол көпестердің тең-тең жүктерін шешіп, саяхатшылар тобын әр елге аттандыратын орын болды”. 15 – 17 ғасырларда зираттың төңірегіне ақсүйектер күмбездері салынып, олардың ішінде Рабиға Сұлтан Бегім (15 ғ.), Есім хан (17 ғ.) күмбездері ерекше маңызды болды. 1579 жылы Иасы Ақназар ханның иелігіне айналды, Есім ханнан бастап Қазақ хандығының орталығы болды. Сол кезден бастап Иасы Түркістан деп атала бастады.  
04.12.2012 07:54 6332

Иасы – Түркістан қаласының ежелгі заманғы және орта ғасырлардағы атауы.
Археологтар ертедегі Иасының орны қазіргі Күлтөбеге сәйкес келетінін дәлелдеп отыр. 7 – 12 ғасырларда Иасы төңірегі Шауғар өңірі атанған. Бұл өңір Түрік қағанатына қарады. 9 ғасырда қарлұқтар мен оғыздардың қол астында болды. Бұл өңірге 809 – 819 жылдары Хорасан билеушісі әл-Манун, 10 ғасырдың соңында Самани әулетінің билеуші Наср жаулаушылық жорықтар жасаған. 12 ғасырдың 1-ширегінде қидандар шабуылынан Шауғар құлағаннан кейін, Иасы өлкенің орталығына айналды. Қожа Ахмет Иасауи осында келіп қоныс тепкен кезде, Иасы атақ-даңққа бөленді. Қожа Ахмет Иасауи қайтыс болғаннан кейін оның қабірі басына мазар тұрғызылды. Ол қасиетті орын деген атқа ие болды. Қаланың Ұлы жібек жолының бойында, Дешті Қыпшақ пен Орта Азияның аралығында болуы, географилық жағдайдың қолайлылығы, сонымен бірге адамдардың мазарға тәуәп етуі, сауданың қызу жүруі елді мекеннің өркендеуіне ықпал етті.
Деректер
Иасы туралы деректер 13 ғасырда жарық көрген Киракос Гандзакенцидің “Армения тарихы” атты еңбегінде кездеседі. Бұл еңбекте Иасы Асон деген атаумен берілген. Иасы атауы 14 ғасырдан бастап тарихи шығармалардың беттерінде жиі көріне бастады. Шараф әд-Дин Әли Йездидің хабарларына қарағанда, 1388 жылы Иасыны Тоқтамыстың әскерлері талқандап, түрік тайпаларының қасиетті мекеніне айналған Қожа Ахмет Иасауи мазарын тонайды. Әмір Темір Тоқтамысты талқандағаннан кейін жаулап алған олжаның бір бөлігін Қожа Ахмет Иасауи кесенесін салуға жұмсайды. Иасы орта ғасырларда Орта Азия ғимараттары үрдісі бойынша дамыды: қамал, шаҺристан, рабад қалыптасты. 15 ғасырдың 1-жартысында Шараф әд-Дин Әли Йезди Иасыны шағын елді мекен болды деп атап көрсетсе, ал 16 ғасырда Рузбехан Исфахани “Михманнаме-и Бұхари” атты шығармасында Иасыны былайша суреттейді: “Аса қасиетті Қожаның сағанасы орналасқан Иасы қаласы өрісі кең әрі құнарлы жер, Түркістан аймағының орталығы. Иасы қаласына тауарлар мен қымбат бағалы заттар жеткізіледі де, сол жерде оларды сату басталады. Сондықтан ол көпестердің тең-тең жүктерін шешіп, саяхатшылар тобын әр елге аттандыратын орын болды”. 15 – 17 ғасырларда зираттың төңірегіне ақсүйектер күмбездері салынып, олардың ішінде Рабиға Сұлтан Бегім (15 ғ.), Есім хан (17 ғ.) күмбездері ерекше маңызды болды. 1579 жылы Иасы Ақназар ханның иелігіне айналды, Есім ханнан бастап Қазақ хандығының орталығы болды. Сол кезден бастап Иасы Түркістан деп атала бастады.
 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға