Жаңалықтар

Қош келдіңіздер!

  ҒАБИДЕН МҰСТАФИН Қош келдіңіздер! Ардақты ағайын, қаламдас дос, қадірлі қонақ, татар бауырлар! Татар халқының өскелең өнері мен аршынды әдебиетінің аптасын өткізуге келген өнерпаз достар! Дарынды, өнерлі, өнегелі халықтың жан қазынасын жасаушы татар мәдениетінің қайраткерлері! Ежелден төскейде малы, төсекте басы өздеріңмен бірге болған қазақ халқы бүгін мынау астанасы Алматыда, Абай күмбезінде: «Қош келдің, бауырым, қонағым! Төрдің төбесіне шық!»—деп, қазақша құшақ жайып қарсы алады. Қазақтың Октябрьден бұрынғы озық ойлы ақындарының бірі Сұлтанмахмұт татар мәдениетін қазақ халқына үлгі-өнеге етіп көрсеткен-ді: «Анау қырда татар тұр, Басқалармен қатар тұр...» деген болатын. Ұлы Октябрь қайта туғызған халықтар санында шаруасы шалқып, өнері өркен тауып, мәдениеті марқайған татар, қазақ халықтары бұл күнде жаңа сапалы дос, жаңа сапалы туыс. Татар халқы да, қазақ халқы да бұл күнде совет халықтарының мәңгі достық ұйымының терезесі тең, санатты, сапалы мүшелері; бұл күнде бұл екі туысқан халықтың өнерлік қазынасы бүкіл Советстан мәдениетінің ұлы мұхитына құятын Еділ мен Ертіс сияқты. Халықтар арасындағы достық пен бірлікті нығайта берер, табыстыра, жымдастыра, кіріктіре берер мықты дәнекер де осы әдебиеттер, көркемөнерлер достығы, тұтастығы, жарастығы. Қазақ халқы татар халқының Ғабдолла Тоқай, Мәжит Ғафури, Ғалимжан Ибраһимов, Мұса Жәлил, Ахмат Ерикәй, Шайхи Мәннұр, Ахмет Файзи, Нажми сияқты марқұм жазушыларын және қазіргі Ғұмар Баширов, Хасан Туфан, Абдрахман Әбсәлямов, Нақи Исәнбәт, Заки Нури, Сибғат Хаким, Нури Арыслановтарды ана тілінде жақсы көріп оқиды. Сол сияқты қазақ романдары мен дастандарын, өлеңдері мен әңгімелерін татар халқы да сүйсіне, сүйіне оқиды. Сондықтан да біз әрбір совет жазушысын тек өз ұлтының ғана жазушысы ғана емес, бүкіл совет халықтарының жазушысы деп білеміз. Осының өзі туысқан халықтардың арасындағы шын достықтың айқын бір көрінісі сияқты. Осы астанада, Алматыда, Абай театрында мәжілісі ашылып, мәмілесі басталып отырған татар әдебиеті мен көркемөнерінің Қазақстандағы аптасы сол ұлы достықтың, мәңгі бірліктің, туыстықтың бір нышаны, совет халықтарының арасында туған жаңа рәсім, жақсы дәстүр, жарқын салт. Өзара танысу-табысу, сырласу, ақыл қосу, өнер өсіру салты. Ырысты — ауыс, өнерді — жұғыс етер салт. Сол салт бойынша елімізге келген татар әдебиеті мен өнерінің мерекесі құтты болсын! Қаламдастар достығы — халықтар достығы! Сол достық жасасын! 1962        
04.12.2012 07:53 6025

 

ҒАБИДЕН МҰСТАФИН

Қош келдіңіздер!

Ардақты ағайын, қаламдас дос, қадірлі қонақ, татар бауырлар!

Татар халқының өскелең өнері мен аршынды әдебиетінің аптасын өткізуге келген өнерпаз достар!

Дарынды, өнерлі, өнегелі халықтың жан қазынасын жасаушы татар мәдениетінің қайраткерлері!

Ежелден төскейде малы, төсекте басы өздеріңмен бірге болған қазақ халқы бүгін мынау астанасы Алматыда, Абай күмбезінде: «Қош келдің, бауырым, қонағым! Төрдің төбесіне шық!»—деп, қазақша құшақ жайып қарсы алады.

Қазақтың Октябрьден бұрынғы озық ойлы ақындарының бірі Сұлтанмахмұт татар мәдениетін қазақ халқына үлгі-өнеге етіп көрсеткен-ді:

«Анау қырда татар тұр,

Басқалармен қатар тұр...» деген болатын.

Ұлы Октябрь қайта туғызған халықтар санында шаруасы шалқып, өнері өркен тауып, мәдениеті марқайған татар, қазақ халықтары бұл күнде жаңа сапалы дос, жаңа сапалы туыс. Татар халқы да, қазақ халқы да бұл күнде совет халықтарының мәңгі достық ұйымының терезесі тең, санатты, сапалы мүшелері; бұл күнде бұл екі туысқан халықтың өнерлік қазынасы бүкіл Советстан мәдениетінің ұлы мұхитына құятын Еділ мен Ертіс сияқты. Халықтар арасындағы достық пен бірлікті нығайта берер, табыстыра, жымдастыра, кіріктіре берер мықты дәнекер де осы әдебиеттер, көркемөнерлер достығы, тұтастығы, жарастығы.

Қазақ халқы татар халқының Ғабдолла Тоқай, Мәжит Ғафури, Ғалимжан Ибраһимов, Мұса Жәлил, Ахмат Ерикәй, Шайхи Мәннұр, Ахмет Файзи, Нажми сияқты марқұм жазушыларын және қазіргі Ғұмар Баширов, Хасан Туфан, Абдрахман Әбсәлямов, Нақи Исәнбәт, Заки Нури, Сибғат Хаким, Нури Арыслановтарды ана тілінде жақсы көріп оқиды. Сол сияқты қазақ романдары мен дастандарын, өлеңдері мен әңгімелерін татар халқы да сүйсіне, сүйіне оқиды. Сондықтан да біз әрбір совет жазушысын тек өз ұлтының ғана жазушысы ғана емес, бүкіл совет халықтарының жазушысы деп білеміз. Осының өзі туысқан халықтардың арасындағы шын достықтың айқын бір көрінісі сияқты.

Осы астанада, Алматыда, Абай театрында мәжілісі ашылып, мәмілесі басталып отырған татар әдебиеті мен көркемөнерінің Қазақстандағы аптасы сол ұлы достықтың, мәңгі бірліктің, туыстықтың бір нышаны, совет халықтарының арасында туған жаңа рәсім, жақсы дәстүр, жарқын салт. Өзара танысу-табысу, сырласу, ақыл қосу, өнер өсіру салты. Ырысты — ауыс, өнерді — жұғыс етер салт.

Сол салт бойынша елімізге келген татар әдебиеті мен өнерінің мерекесі құтты болсын!

Қаламдастар достығы — халықтар достығы!

Сол достық жасасын!

1962

 

 

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға