Жаңалықтар

Көсем

Көсем - топ үшін маңызды, елеулі жағдайларда шешім қабылдайтын құқысы бар топ мүшесі, яғни ортақ әрекет жасаудағы шешуші орын алатын және топта қарым-қатынасты реттейтін ең беделді тұлға. Толығырақ Көсем деспоттық, тирандық және шексіз сипаттағы авторитарлық басқару жүйелерінің басшысы. Топтасып өмір сүрген тайпалық бірлестіктерде ең мықты, беделді, дәулетті жетекші көсем атанған. Қоғамдағы әртүрлі әлеуметтік топ өкілдерін, бұқараны ұйымдастыру қабілетін әбден меңгерген жалпы жүртты соңына ерте алатын топ бастаушы көсем атағына ие болған. Саяси тұлға көпшілік халықтың мақсат-мүддесін дөп басып, ойынан шығып, ол мүдделерді мақсатты түрде қажырлылықпен іске асырған жағдайда ғана көсем саналады. Кейбір көсемдердің саяси жетекшілік тұлғасы қоғамдағы қиыншылық кезеңдері мен әлеуметтік шиеленістерді шебер пайдаланып, көптің ең ұсақ, төмен қасиеттерін оятып, соңына ілестіретін тасқында тобырға айналдыру арқылы билікке жетуімен көрінеді. Белгілі бір партияның жетекшісін де көсем деп атайды. Ол сол саяси ұйымның идеологы, рухани жол бастаушысы рөлін атқарады. Көсем ерекше дарындылығымен, жүрт мойын- дайтын беделімен, басқарудағы жан- жақты қабілетімен халықты өзіне бау- рап алып, харизмалық қасиеттерін танытады. Ол қауымның мүддесін шы- найы сезініп, қорғай білетін, көпшілікті әлеуметтік мәселелерді шешуге жұмылдыра алатын қабілеттерімен көзге тү- седі. Ататүрік, Махатма Ганди, Мартин Лютер Кинг, Франклин Рузвельт, т.б. Тарихи тұлғалардың қызметі көсемдіктің әр алуан тұрпатын айғақтайды. Авторитарлық және тоталитарлық мемлекеттерде орын алатын жеке басқа табыну жайттары көсемнің жеке басының рөлін шектен тыс дәріптеуге, әсірелеуге әкеледі. Көпшіліктің санасына көсемнің ұлықтығы сол мемлекет жүргізіп отырған идеоло- гиямен сіңістіріліп, халықтың сол бас- шыға деген құлдық сезімін тудыруға мәжбүр етеді. Көсемнің құдіреттілігі дәріптеліп, оның беделі әркімнің үрейін туғызатын дәрежеге жетеді, халықтың ерікті-еріксіз құлдық ұрған жағымпаз- дығы қалыптасады. Жоғары билікке ие тұлға табынуға негізделген билік қатынастары жол бастаушының жеке басы үстемдігіне негізделген көсемшілдікке айналады. Әдетте, ол қатаң орталықтанған, идеологияға құлдық ұратын қоғамдарда билік мекемелері иерархиясы сипатында орын тебеді. Қазақ дәстүрлі қоғамы мен мәдениетінде көсем - аса құрметті, беделді, халық қамы үшін күресуші қайраткерге сырттай берілетін атақ. Қазақтың билері, ру, тайпа басшылары мен батырлары да көсем мәртебесіне ие болған. Олар халықтың мүң-мұқтажын жоқтап, қоғамның көкейінде жүрген мақсат-мүдделерді, ел ішіндегі күрделі мәселелерді шешуге қызмет еткен. Халық арасында өзін ерекше қабілетімен, дарындылығымен көпшілік сүйіспеншілігіне бөленген тұлға ғана көсем саналған. Қазақтың ұлттық мемлекеттілігі мен тәуелсіздігі үшін күрескен ұлт-азаттық қозғалыс жетекшілері, XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы Алаш қайраткерлері ("ұлт көсемдері") атанған.  
04.12.2012 07:51 15339

Көсем - топ үшін маңызды, елеулі жағдайларда шешім қабылдайтын құқысы бар топ мүшесі, яғни ортақ әрекет жасаудағы шешуші орын алатын және топта қарым-қатынасты реттейтін ең беделді тұлға.
Толығырақ
Көсем деспоттық, тирандық және шексіз сипаттағы авторитарлық басқару жүйелерінің басшысы. Топтасып өмір сүрген тайпалық бірлестіктерде ең мықты, беделді, дәулетті жетекші көсем атанған. Қоғамдағы әртүрлі әлеуметтік топ өкілдерін, бұқараны ұйымдастыру қабілетін әбден меңгерген жалпы жүртты соңына ерте алатын топ бастаушы көсем атағына ие болған.
Саяси тұлға көпшілік халықтың мақсат-мүддесін дөп басып, ойынан шығып, ол мүдделерді мақсатты түрде қажырлылықпен іске асырған жағдайда ғана көсем саналады. Кейбір көсемдердің саяси жетекшілік тұлғасы қоғамдағы қиыншылық кезеңдері мен әлеуметтік шиеленістерді шебер пайдаланып, көптің ең ұсақ, төмен қасиеттерін оятып, соңына ілестіретін тасқында тобырға айналдыру арқылы билікке жетуімен көрінеді. Белгілі бір партияның жетекшісін де көсем деп атайды. Ол сол саяси ұйымның идеологы, рухани жол бастаушысы рөлін атқарады.
Көсем ерекше дарындылығымен, жүрт мойын- дайтын беделімен, басқарудағы жан- жақты қабілетімен халықты өзіне бау- рап алып, харизмалық қасиеттерін танытады. Ол қауымның мүддесін шы- найы сезініп, қорғай білетін, көпшілікті әлеуметтік мәселелерді шешуге жұмылдыра алатын қабілеттерімен көзге тү- седі. Ататүрік, Махатма Ганди, Мартин Лютер Кинг, Франклин Рузвельт, т.б. Тарихи тұлғалардың қызметі көсемдіктің әр алуан тұрпатын айғақтайды. Авторитарлық және тоталитарлық мемлекеттерде орын алатын жеке басқа табыну жайттары көсемнің жеке басының рөлін шектен тыс дәріптеуге, әсірелеуге әкеледі. Көпшіліктің санасына көсемнің ұлықтығы сол мемлекет жүргізіп отырған идеоло- гиямен сіңістіріліп, халықтың сол бас- шыға деген құлдық сезімін тудыруға мәжбүр етеді.
Көсемнің құдіреттілігі дәріптеліп, оның беделі әркімнің үрейін туғызатын дәрежеге жетеді, халықтың ерікті-еріксіз құлдық ұрған жағымпаз- дығы қалыптасады. Жоғары билікке ие тұлға табынуға негізделген билік қатынастары жол бастаушының жеке басы үстемдігіне негізделген көсемшілдікке айналады. Әдетте, ол қатаң орталықтанған, идеологияға құлдық ұратын қоғамдарда билік мекемелері иерархиясы сипатында орын тебеді.
Қазақ дәстүрлі қоғамы мен мәдениетінде көсем - аса құрметті, беделді, халық қамы үшін күресуші қайраткерге сырттай берілетін атақ. Қазақтың билері, ру, тайпа басшылары мен батырлары да көсем мәртебесіне ие болған. Олар халықтың мүң-мұқтажын жоқтап, қоғамның көкейінде жүрген мақсат-мүдделерді, ел ішіндегі күрделі мәселелерді шешуге қызмет еткен.
Халық арасында өзін ерекше қабілетімен, дарындылығымен көпшілік сүйіспеншілігіне бөленген тұлға ғана көсем саналған. Қазақтың ұлттық мемлекеттілігі мен тәуелсіздігі үшін күрескен ұлт-азаттық қозғалыс жетекшілері, XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы Алаш қайраткерлері ("ұлт көсемдері") атанған.
 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға