Жаңалықтар

Едіге

  ЕДІГЕ, Ер Едіге (1352, кейбір деректерде 1360 – 1419/23) – Алтын Орданың әмірі, қолбасшы. Кейбір деректерде Е. «Керей тоғайы» деген қоныста (кейіннен Омбы қорғаны салынған) дүниеге келген деп жазылады. Екінші бір деректе Е-нің балалық шағы Солт. Қаратау баурайында өткен делінеді. 1376 ж. Орыс ханның қудалауынан қашып, Әмір Темір сарайына келіп, Тоқтамыс ханмен болған ұрыстарға қатысады. 1396 ж. Волга мен Орал аралығындағы елдерді басқарып, Ноғай ордасын құрады. Тоқтамыс хан жеңілгеннен кейін Әмір Темір Алтын орданың әміршісі етіп Орыс ханның немересі Темір Құтлықты қояды. 1397 ж. Е. Алтын Орда әскерінің бас әмірі, қолбасшысы болып тағайындалады. 1399 ж. Ворскл өз. маңында Темір Құтлық пен Е. литва князі Витовта мен Тоқтамыстың біріккен әскерін жеңеді. Сол жылы Темір Құтлық қайтыс болып, Е. сарай ханы етіп Шәдібекті сайлайды. Е-нің бұрынғы Алтын Орда хандарының иелігінде болған жерлерге билігі күшейеді. 1406 ж. Е. мен Шәдібек Түменге жақын жерде Тоқтамысқа қарсы шайқасып, Тоқтамыс қаза табады. Мемлекеттің батыс жағының қорғанысын күшейткен Е. шығысқа қарай жылжып, Хорезмді басып алады. 1407 ж. Е. Бұлғардағы Жалел әд-Динге қарсы жорық жасайды. Бұл кезде сарайда Шәдібек Е-ге қарсы шығып, Е. оралған соң ол Дербентке қашуға мәжбүр болады. 1408 ж. Е. сарайдағы хандық билікке Болатты сайлайды. 1408 ж. орыстардың бірқатар қалаларын (Серпухов, Дмитров, Ростов, Төм. Новгород) бағындырып, Мәскеуді қоршауға алады. Осы тұста сарайдағы Болат ханға Литвадан Жалел әд-Дин шапқыншылық жасап, Е. тез арада князь Владимир Андреевичпен бітім жасасып, сарайға оралуға мәжбүр болады. Е. 14 жыл басшылық жасай отырып, Алтын Орданың бірнеше ханын ауыстырды (өзі Шыңғыс ұрпағынан болмағандықтан хан бола алмады). 1411 ж. Е. Болат ханның орнына Темір Құтлықтың баласы Темірді хан сайлап, оған қызын ұзатады. Темірдің екі рет ойсырай жеңілгенінен және өзара тоқтаусыз жүргізілген ұрыстардан кейін мемлекеттің экон. және әскери жағдайы күрт нашарлап кетеді. Е. Алтын Орданың бұрынғы қуатты күшін қалпына келтіре алмады. Темір көп ұзамай Е-ге қарсы шығып, Е. Хорезмге кетуге мәжбүр болады. Онда Хорасан билеушісі Темір әулетінен шыққан Шаhрухпен одақтасуды көздеп, оның баласына қызын ұзатады. Сол жылы Темір ханнан билікті тартып алған Жалел әд-Диннің Е. отырған Үргенішке жасаған жорығы сәтсіз болады. Шаhрух әскерінен қысым көрген Е. 1414 ж. өзінің ұлысы Сарайшыққа оралады. Е. хан етіп сайлаған Шыңғыс оғлан 1416 ж. Тоқтамыстың баласы Жаппарбердінің қолынан қаза табады. Келесі жылы Жаппарберді Қырымға қуылып, Е. оның орнына соңғы хан Дәруішті отырғызады. 1417 ж. Е. әскері Жаппарбердінің соңына түсіп, Қырымға жорық жасайды, бірақ оның қаза тапқанына көз жеткізген соң Еділ бойына оралады. 1419 ж. Сарайшық маңында Тоқтамыстың кіші баласы Қадырбердімен (кейбір деректерде Келімберді) шайқаста ауыр жараланған Е. Қадырбердінің адамдарының қолынан қаза табады. Қадырберді де осы шайқаста жараланып, көп ұзамай қайтыс болады. Осылайша Алтын Орда мемлекеті құлап, бірнеше ұсақ хандықтарға бөлініп кетеді.  
04.12.2012 07:50 4283

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға