Жаңалықтар

Мәуліт

Мәуліт Мәуліт - (араб.: «туған күн»‎ деген мағына береді). Аллаһ Тағаланың ең сүйікті пендесі, Адамнан (а.с.) Исаға (а.с) дейінгі барлық Пайғамбарлардың соңғысы, әрі сардары Мұхаммедтің (с.а.у.) дүниеге келген айына атау етіп қойылған. Мұхаммед Пайғамбардың (с.а.у.) заманында сахабалардың, олардан кейінгі ұрпақта Мәуліт оқыту деген болмады. «Мәуліт оқу», «оқыту» қазір де көп қолданылып жүр. Өкінішке орай, мұны әуелдері Мәуліт оқыту деген түсініктермен қолданғаны рас. Негізі, бұлай айту дұрыс емес. Демек, Мәуліт оқыту деп қолдануға болмайды. Мәуліт болады немесе Мәуліт жасайды деуге болады. Осы күнде Мәуліт оқыту дегеннен адамдар оны түсіне береді. Мәулітте ғибадат емес, ғибрат бар. Мәуліт оқытуды Құран оқытумен теңестіруге болмайды. Сондықтан да әр жылы рабиүл-аууәл айында әз Пайғамбарымыздың (с.а.у.) Мәулітін мерекелеп, Аллаһ Тағала өзінің сүйікті Пайғамбары Мұхаммедтің (с.а.у.) үмметі етіп жаратқанына жамағат болып шүкірлер мен салауаттар айтып, осы айды мереке ететін ғұрпымыз бар. Хадис шәріпте: «Сіздердің ешқайсыларыңыз мені өз балаларынан, ата-анасынан және барлық адамдардан артық көрмейінше, иман келтіре алмайсыздар (имандарың кәміл болмайды)» деген. Сондықтан, өзін мұсылманмын деп санаған әрбір еркек пен әйелге, жас пен кәріге бірдей Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.у.) өмірбаянын, мінез-құлқын дұрыс білуі уәжіп. Бұл Пайғамбарымыздың (с.а.у.) сүннеттері, сипаттары, ахылақтары, ол кісіге қатысты әрбір мағлұматтарды ерекше көңіл қойып, оқумен, ізденумен іске асады. Қазақ тілінде Пайғамбарымыздың (с.а.у.) өмірбаянын бейнелеген кітаптар: «ибн Хишам», «Адамзаттың асыл тәжі», «Мұхаммед Пайғамбар», т.б. Пайғамбарымызды (с.а.у.) үлгі тұтуда сахабалар өзінен кейінгі мұсылмандардың баршасына өнеге көрсетті. Олар Пайғамбарымыздың (с.а.у.) өмірінің әр сәтін, әрбір әрекеті мен шешімін жақсы білген, көзімен көрген. Әуелі Мәуліт жырларын жаттаған топтар Пайғамбарымыздың (с.а.у.) туған күні қарсаңында жамағат білсін деген оймен Мұхаммедтің (с.а.у.) өмір тарихынан хабар беретін салауаттар айтылсын деген ұсыныс болды. Кейінгілер сахабалардан Пайғамбарымыз (с.а.у.) туралы сұрап біліп отырған. Одан кейінгілер Пайғамбарымыз (с.а.у.) туралы кітаптардан оқып, үйренген. Содан үкім шығарып өмір сүрген, оқыған. Білген нәрсесін балаларға айтып, дағуат жасаған. Туба' табиғиндер заманының соңына келгенде Пайғамбарымыздың (с.а.у.) сипаттары, өмірі және тегі, сол сияқты мәліметтерге толы «Сияр ан набия» атты кітаптар өмірге келген. Пайғамбарымыздың (сира) ол кітаптарда тегі, туылуы, балалық шағы, ер жетуі, үйленуі, Пайғамбар болуы, дене пішімі, мінез-құлқы, сол сияқты істеген істері - толық тәртіппен жазылып, ондағы әрбір мәліметті кітап жазған адам қайдан алғанын, кімнен естігенін, оған кім куә болғанын зерттеп, мұқият жауапкершілікпен қағазға түсірген. Сол заманда жазылған кітаптар бүгінге дейін жетті. Мұсылмандар сахабалардан кейінгі дәуірлерде қасиетті Құранның мағынасымен бірге Пайғамбарымыздың (с.а.у.) өмірбаянын да оқып үйренді. Өйткені, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) ғұмырынан хабардар болған адам Құран Кәрім мен хадис-шәріптерді дұрыс амалға асыруды үйренді. Сөйтіп, өткеннен өнеге алады. Пайғамбарымызды (с.а.у.) өзіне үлгі етіп өмір сүреді. Заман өткен сайын, дәуір жаңаланып мұсылмандар көбейді. Арабтардан басқа түрлі дін мен пәлсападағы халықтар да Ислам дінін қабылдады. Сонымен қатар адамдардың өмірі қиындай бастады. Бала-шаға бағу үшін, тіршілік қамы үшін, жақсы өмір сүру үшін еңбек ету еселей артты.
04.12.2012 07:45 4967

Мәуліт

Мәуліт - (араб.: «туған күн»‎ деген мағына береді). Аллаһ Тағаланың ең сүйікті пендесі, Адамнан (а.с.) Исаға (а.с) дейінгі барлық Пайғамбарлардың соңғысы, әрі сардары Мұхаммедтің (с.а.у.) дүниеге келген айына атау етіп қойылған. Мұхаммед Пайғамбардың (с.а.у.) заманында сахабалардың, олардан кейінгі ұрпақта Мәуліт оқыту деген болмады. «Мәуліт оқу», «оқыту» қазір де көп қолданылып жүр. Өкінішке орай, мұны әуелдері Мәуліт оқыту деген түсініктермен қолданғаны рас. Негізі, бұлай айту дұрыс емес. Демек, Мәуліт оқыту деп қолдануға болмайды. Мәуліт болады немесе Мәуліт жасайды деуге болады. Осы күнде Мәуліт оқыту дегеннен адамдар оны түсіне береді. Мәулітте ғибадат емес, ғибрат бар. Мәуліт оқытуды Құран оқытумен теңестіруге болмайды. Сондықтан да әр жылы рабиүл-аууәл айында әз Пайғамбарымыздың (с.а.у.) Мәулітін мерекелеп, Аллаһ Тағала өзінің сүйікті Пайғамбары Мұхаммедтің (с.а.у.) үмметі етіп жаратқанына жамағат болып шүкірлер мен салауаттар айтып, осы айды мереке ететін ғұрпымыз бар.

Хадис шәріпте: «Сіздердің ешқайсыларыңыз мені өз балаларынан, ата-анасынан және барлық адамдардан артық көрмейінше, иман келтіре алмайсыздар (имандарың кәміл болмайды)» деген. Сондықтан, өзін мұсылманмын деп санаған әрбір еркек пен әйелге, жас пен кәріге бірдей Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.у.) өмірбаянын, мінез-құлқын дұрыс білуі уәжіп. Бұл Пайғамбарымыздың (с.а.у.) сүннеттері, сипаттары, ахылақтары, ол кісіге қатысты әрбір мағлұматтарды ерекше көңіл қойып, оқумен, ізденумен іске асады. Қазақ тілінде Пайғамбарымыздың (с.а.у.) өмірбаянын бейнелеген кітаптар: «ибн Хишам», «Адамзаттың асыл тәжі», «Мұхаммед Пайғамбар», т.б.

Пайғамбарымызды (с.а.у.) үлгі тұтуда сахабалар өзінен кейінгі мұсылмандардың баршасына өнеге көрсетті. Олар Пайғамбарымыздың (с.а.у.) өмірінің әр сәтін, әрбір әрекеті мен шешімін жақсы білген, көзімен көрген. Әуелі Мәуліт жырларын жаттаған топтар Пайғамбарымыздың (с.а.у.) туған күні қарсаңында жамағат білсін деген оймен Мұхаммедтің (с.а.у.) өмір тарихынан хабар беретін салауаттар айтылсын деген ұсыныс болды. Кейінгілер сахабалардан Пайғамбарымыз (с.а.у.) туралы сұрап біліп отырған. Одан кейінгілер Пайғамбарымыз (с.а.у.) туралы кітаптардан оқып, үйренген. Содан үкім шығарып өмір сүрген, оқыған. Білген нәрсесін балаларға айтып, дағуат жасаған. Туба' табиғиндер заманының соңына келгенде Пайғамбарымыздың (с.а.у.) сипаттары, өмірі және тегі, сол сияқты мәліметтерге толы «Сияр ан набия» атты кітаптар өмірге келген. Пайғамбарымыздың (сира) ол кітаптарда тегі, туылуы, балалық шағы, ер жетуі, үйленуі, Пайғамбар болуы, дене пішімі, мінез-құлқы, сол сияқты істеген істері - толық тәртіппен жазылып, ондағы әрбір мәліметті кітап жазған адам қайдан алғанын, кімнен естігенін, оған кім куә болғанын зерттеп, мұқият жауапкершілікпен қағазға түсірген. Сол заманда жазылған кітаптар бүгінге дейін жетті. Мұсылмандар сахабалардан кейінгі дәуірлерде қасиетті Құранның мағынасымен бірге Пайғамбарымыздың (с.а.у.) өмірбаянын да оқып үйренді. Өйткені, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) ғұмырынан хабардар болған адам Құран Кәрім мен хадис-шәріптерді дұрыс амалға асыруды үйренді. Сөйтіп, өткеннен өнеге алады. Пайғамбарымызды (с.а.у.) өзіне үлгі етіп өмір сүреді. Заман өткен сайын, дәуір жаңаланып мұсылмандар көбейді. Арабтардан басқа түрлі дін мен пәлсападағы халықтар да Ислам дінін қабылдады. Сонымен қатар адамдардың өмірі қиындай бастады. Бала-шаға бағу үшін, тіршілік қамы үшін, жақсы өмір сүру үшін еңбек ету еселей артты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға