Жаңалықтар

Алматы Халық Университеті

Алматы Халық Университеті, Алматы қалалық қазақ әдебиеті мен өнері халық университеті — 1963 ж. М.Әуезов үйі, ғылыми-мәдени орталығында халыққа ғылыми-көпшілік білім тарату мақсатымен ашылған қоғамдық негіздегі оқу орны (ректоры Қазақстан ҒА-ның мүше-корреспонденті, профессор Рахманқұл Бердібай). Халық ун-тетінде қазақ халқының көрнекті мәдени, әдеби, фольклорлық, тарихи ескерткіштері, аса ірі қайраткерлері туралы 500-ден астам сабақ-дәріс өтті (1998). Ертедегі ғұндар, Түрік қағандығы, оғыз-қыпшақ бірлестігі, Қарахан мемлекеті, Жошы ұлысы, Алтын Орда, Ноғай ордасы, Қазақ хандығы дәуірінің тарихи, мәдени, рухани өміріне қатысты тақырыптар қамтылды.Академик Ә.Марғұлан, Қазақстан ҒА-ның коррының мүшесі А.Машанов, археолог Қ.Ақышев, тілші-ғалым Қ.Өмірәлиев, жазушы-ғалым М.Мағауиннің сабақтары жұртшылық назарын аударды. Домбырашылық өнердің бір арнасы- шертпе күй орындаушыларын тауып, олардың репертуарын халыққа кеңінен таныстыру ісіне еңбек сіңірлі. Ұмыт қалған немесе "жоғалдыға" саналған бірталай музыкалық аспаптар Б.Сарыбаевтың еңбегінің арқасында қайтадан қатарға қосылды. Жұртшылық шаңқобыз, шертер, жетіген, асатаяқ, сыбызғы, дабыл, т.б. аспаптармен танысты. Атилланың (Еділдің) Еуропа елдері әдебиетінде бейнеленуі, Күлтегін, Білге Қаған жазулары, “Оғызнаманың” жанрлық ерекшелігі, Қорқыт ата, Әбу Насыр әл-Фараби мұрасы, Махмұд Қашқари, Жүсіп Баласағұни, Қожа Ахмет Йасауи, Ахмет Иүгінеки еңбектері, ежелгі қыпшақ тіліндегі жазба әдеби ескерткіштер, 15-18 ғасырдағы жыраулар поэзиясы жайында сабақтар өткізілді. Абай, Ыбырай қалыптастырған қазақ классик. поэзиясы, кейінгі кезең әдебиетінің түрлі қырлары көпшілікке жүйелі таныстырылды. Халық университетінің сабақтарын жүргізуге таңдаулы мамандар шақырылды. Академик Ә.Марғұлан “Эпос және тарих”, “Эпос және оның айтушылары”, “Қорқыт туралы аңыздар”, “Эпос тудырған дәуір”, “Жырдың кезеңдігі мен типологиясы”, “Ш.Уәлиханов — қазақ, қырғыз фольклорын зерттеуші”, Қазақстан ҒА-ның мүше-корреспонденті А.Машанов әл-Фарабидің өшпес мұрасы, археолог Қ.Ақышев ежелгі Түркістан, Отырар қалалары және олардың мәдениеті туралы баяндады; тілші, ғалым Қ.Өмірәлиев Орхон жазбаларының тарихи негіздері, көркемдік дәстүрі турасында әңгімеледі. Жүсіп Баласағұнидың “Құтты білігі” туралы А.Егеубаевтың, Қожа Ахмет Йасауидың “Ақыл кітабы” жөнінде М.Жармұхамедовтың, жыраулық поэзия жайында М.Мағауиннің толғамдары жұртшылық назарын аударды. Халық университетінде жыл сайын М.Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы туралы сабақтар өтеді. 70 жылдарға дейін өз өлкесінен әріге көп таныла қоймаған Сыр бойының жыраулық терме дәстүрі халық университеті арқылы Қазақстан көлеміне мәлім болды. Арғы түбі ертедегі Қорқыт дәуірінен жалғасып келе жатқан жыршылық, термешілік дәстүрді қайтадан көтерген К.Рүстембеков, С.Қожағұлов, Б.Жүсіпов есімдері елге танылды. Қарақалпақстандық Х.Иманғалиев “Қарасай — Қазиды”, А.Тасқынбаев “Асау-Барақты” жырлады. Жыршылық дәстүрдің қайта жандануына Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облысытарының өкілдері өз үлестерін қосты. Алматылық қарт ақын М.Байбатыровтың, оңтүстіктік М.Өтебаевтың орындауынан “Қыз Жібек”, “Қобыланды батыр” жырлары грампластинкаға жазылды. Қазақ телевидениесінің “Алатау” бағдарламасы шеңберінде оннан артық қисса-дастан орындалып, жұртшылыққа көрсетілді. Университеттің бастауымен айтыс дәстүрі қайта жанданды. Жыршылық, термешілік дәстүрдің жандануына ғалымдар М.Дүйсенов, М.Байділдаев көп еңбек сіңірді. Домбырашылық өнердің бір арнасы — шертпе күй орындаушыларын тауып, олардың репертуарын халыққа кеңінен таныстыру ісіне де халық университетінің сіңірген еңбегі үлкен. Бұрын шертпе күй шеберлері дегенде Тәттімбет, Тоқа сынды бірен-саран ғана халық композиторларының аты мәлім еді. Алпысыншы, жетпісінші жылдарда университет Байжігіт, Бапыш, Сүгір, Әлшекей, Қыздарбек, Раздық, Бағаналы секілді аса дарынды күйшілердің мұрасымен көпшілікті таныстырды. Жүзден артық шығарма грампластинкаға жазылды, радио, телевидение, филармония концерттерінің бағдарламасына сазы, мәнері өзгеше шертпе күйлер де қосылды; бұл мұралар орта және жоғары музыкалық оқу орындарының бағдарламасына енгізілді. Бір өзі елуге жуық күй шығарған Т.Момбеков сынды (1918 — 1997) аса көрнекті халық композиторының шығармалары жұртшылыққа кеңінен таратылды. Ұмыт қалған немесе “жоғалдыға” саналған бірталай музыкалық аспаптар өнертану ғылымының докторы Б.Сарыбаевтың қажырлы еңбегінің арқасында қайтадан қатарға қосылды. Жұртшылық шаңқобыз, шертер, жетіген, асатаяқ, сыбызғы, дабыл, ысқырақ т.б. аспаптармен танысты. Халық университетінің жұмысына еліміздің белгілі ақын, жазушылары белсене қатысты. Халық университетінің магнитофонға түсірілген дәріс мәтіндері архивтік қымбат қазынаға айналды.  
04.12.2012 07:41 4436

Алматы Халық Университеті, Алматы қалалық қазақ әдебиеті мен өнері халық университеті — 1963 ж. М.Әуезов үйі, ғылыми-мәдени орталығында халыққа ғылыми-көпшілік білім тарату мақсатымен ашылған қоғамдық негіздегі оқу орны (ректоры Қазақстан ҒА-ның мүше-корреспонденті, профессор Рахманқұл Бердібай). Халық ун-тетінде қазақ халқының көрнекті мәдени, әдеби, фольклорлық, тарихи ескерткіштері, аса ірі қайраткерлері туралы 500-ден астам сабақ-дәріс өтті (1998). Ертедегі ғұндар, Түрік қағандығы, оғыз-қыпшақ бірлестігі, Қарахан мемлекеті, Жошы ұлысы, Алтын Орда, Ноғай ордасы, Қазақ хандығы дәуірінің тарихи, мәдени, рухани өміріне қатысты тақырыптар қамтылды.Академик Ә.Марғұлан, Қазақстан ҒА-ның коррының мүшесі А.Машанов, археолог Қ.Ақышев, тілші-ғалым Қ.Өмірәлиев, жазушы-ғалым М.Мағауиннің сабақтары жұртшылық назарын аударды. Домбырашылық өнердің бір арнасы- шертпе күй орындаушыларын тауып, олардың репертуарын халыққа кеңінен таныстыру ісіне еңбек сіңірлі. Ұмыт қалған немесе "жоғалдыға" саналған бірталай музыкалық аспаптар Б.Сарыбаевтың еңбегінің арқасында қайтадан қатарға қосылды. Жұртшылық шаңқобыз, шертер, жетіген, асатаяқ, сыбызғы, дабыл, т.б. аспаптармен танысты. Атилланың (Еділдің) Еуропа елдері әдебиетінде бейнеленуі, Күлтегін, Білге Қаған жазулары, “Оғызнаманың” жанрлық ерекшелігі, Қорқыт ата, Әбу Насыр әл-Фараби мұрасы, Махмұд Қашқари, Жүсіп Баласағұни, Қожа Ахмет Йасауи, Ахмет Иүгінеки еңбектері, ежелгі қыпшақ тіліндегі жазба әдеби ескерткіштер, 15-18 ғасырдағы жыраулар поэзиясы жайында сабақтар өткізілді. Абай, Ыбырай қалыптастырған қазақ классик. поэзиясы, кейінгі кезең әдебиетінің түрлі қырлары көпшілікке жүйелі таныстырылды.

Халық университетінің сабақтарын жүргізуге таңдаулы мамандар шақырылды. Академик Ә.Марғұлан “Эпос және тарих”, “Эпос және оның айтушылары”, “Қорқыт туралы аңыздар”, “Эпос тудырған дәуір”, “Жырдың кезеңдігі мен типологиясы”, “Ш.Уәлиханов — қазақ, қырғыз фольклорын зерттеуші”, Қазақстан ҒА-ның мүше-корреспонденті А.Машанов әл-Фарабидің өшпес мұрасы, археолог Қ.Ақышев ежелгі Түркістан, Отырар қалалары және олардың мәдениеті туралы баяндады; тілші, ғалым Қ.Өмірәлиев Орхон жазбаларының тарихи негіздері, көркемдік дәстүрі турасында әңгімеледі. Жүсіп Баласағұнидың “Құтты білігі” туралы А.Егеубаевтың, Қожа Ахмет Йасауидың “Ақыл кітабы” жөнінде М.Жармұхамедовтың, жыраулық поэзия жайында М.Мағауиннің толғамдары жұртшылық назарын аударды.

Халық университетінде жыл сайын М.Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы туралы сабақтар өтеді. 70 жылдарға дейін өз өлкесінен әріге көп таныла қоймаған Сыр бойының жыраулық терме дәстүрі халық университеті арқылы Қазақстан көлеміне мәлім болды. Арғы түбі ертедегі Қорқыт дәуірінен жалғасып келе жатқан жыршылық, термешілік дәстүрді қайтадан көтерген К.Рүстембеков, С.Қожағұлов, Б.Жүсіпов есімдері елге танылды. Қарақалпақстандық Х.Иманғалиев “Қарасай — Қазиды”, А.Тасқынбаев “Асау-Барақты” жырлады. Жыршылық дәстүрдің қайта жандануына Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облысытарының өкілдері өз үлестерін қосты. Алматылық қарт ақын М.Байбатыровтың, оңтүстіктік М.Өтебаевтың орындауынан “Қыз Жібек”, “Қобыланды батыр” жырлары грампластинкаға жазылды. Қазақ телевидениесінің “Алатау” бағдарламасы шеңберінде оннан артық қисса-дастан орындалып, жұртшылыққа көрсетілді.

Университеттің бастауымен айтыс дәстүрі қайта жанданды. Жыршылық, термешілік дәстүрдің жандануына ғалымдар М.Дүйсенов, М.Байділдаев көп еңбек сіңірді. Домбырашылық өнердің бір арнасы — шертпе күй орындаушыларын тауып, олардың репертуарын халыққа кеңінен таныстыру ісіне де халық университетінің сіңірген еңбегі үлкен. Бұрын шертпе күй шеберлері дегенде Тәттімбет, Тоқа сынды бірен-саран ғана халық композиторларының аты мәлім еді. Алпысыншы, жетпісінші жылдарда университет Байжігіт, Бапыш, Сүгір, Әлшекей, Қыздарбек, Раздық, Бағаналы секілді аса дарынды күйшілердің мұрасымен көпшілікті таныстырды. Жүзден артық шығарма грампластинкаға жазылды, радио, телевидение, филармония концерттерінің бағдарламасына сазы, мәнері өзгеше шертпе күйлер де қосылды; бұл мұралар орта және жоғары музыкалық оқу орындарының бағдарламасына енгізілді. Бір өзі елуге жуық күй шығарған Т.Момбеков сынды (1918 — 1997) аса көрнекті халық композиторының шығармалары жұртшылыққа кеңінен таратылды.
Ұмыт қалған немесе “жоғалдыға” саналған бірталай музыкалық аспаптар өнертану ғылымының докторы Б.Сарыбаевтың қажырлы еңбегінің арқасында қайтадан қатарға қосылды. Жұртшылық шаңқобыз, шертер, жетіген, асатаяқ, сыбызғы, дабыл, ысқырақ т.б. аспаптармен танысты. Халық университетінің жұмысына еліміздің белгілі ақын, жазушылары белсене қатысты. Халық университетінің магнитофонға түсірілген дәріс мәтіндері архивтік қымбат қазынаға айналды.
 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға