Жаңалықтар

Методология

Методология (грек. Metodos – таным жолы, logos – ілім) – 1) белгілі бір ғылымда қолданылатын танымдық әдіс-тәсілдердің жиынтығы; 2) танымның принципін, формасы мен әдіс-тәсілін құру жөніндегі ілім. М. Адамның теор. Және тәжірибелік қызметін ұйымдастыру мен түзудің түпкілікті принциптері мен тәсілдерін жүйелі түрде сұрыптап, жан-жақты талдап, олардың қолдану аясын, мүмкіндіктерін, өзара байланысын, шындықтың өз қасиеттері мен заңдылықтарына сәйкестігін анықтап, филос.-логик., танымдық-теор. Тұрғыдан негіздеп, таным мен қоғамдық тәжірибенің әрі қарай дамуына жол ашады. Философия тарихында М-лық мәселелер мәдениет дамуының деңгейіне сай шешіліп отырды. Ертедегі филос. Жүйелерде М-ның негізі салынды. Аристотель ашқан ойлаудың формалары мен заңдылықтары барлық ғыл. Зерттеулер мен ғыл. Жүйенің құрылысы үшін аса маңызды болды. Жаңа дәуір философиясында жаратылыстану ғылымының қарқынды дамуына байланысты М. Теор. Ойлаудың негізіне айналды. Ағылшын философы Ф.Бэкон материяны және оның әр түрлі формаларын материалистік философия принциптері негізінде жан-жақты зерттей отырып, байқау мен экспериментке сүйенетін М-ны ең негізгі, тиімді әдіс деп есептеді. Р.Декарттың “Әдіс туралы ойлауында” Бэконның эмпиризміне қарсы қойған рационалистік әдісі де белгілі бір филос. Принциптердің салдары болды. Бұл дәуірдегі методол. Ғылым ретіндегі философия математиканың филос. Құрылысын үлгі ретінде ала отырып, табиғи ғыл. Жүйелілікке және дәлдікке ұмтылды. 17 – 18 ғ-ларда дәл ғылымдардың философияға әсерінің ұлғаюы жаратылыстанудың М. Ретіндегі мех. Материализмнің кеңінен таралуына септігін тигізді. И.Кант “Таза ақыл” жүйесінің формальды шарттарын ашуға тиіс трансценденталды М. Идеясын ұсына отырып, философияны М-ға айналдыруға ұмтылды. Кант одан кейін Г.Гегель қарапайым әдісті кез келген ғылым (механика немесе математика) үшін даму принципі етіп алғысы келмеді. 20 ғ-да ғылым мен техниканың зор жетістіктері, қоғам өміріндегі күрделі өзгерістер, жаһандық мәселелердің туындауы М-ның ілгері дамуына, білімнің ерекше саласы ретінде бөлініп шығуына әкелді. М-ның 3 деңгейі бар: филос., жалпы-ғыл. Және жеке-ғыл. Филос. М. – жалпы әмбебап әдіс туралы ілім, таным мен тәжірибенің жалпылама принциптері мен әдіс-тәсілдерінің жүйесі. Жалпы-ғыл. М. Ғыл. Танымға ортақ жүйелілік, модельдеу, құрылымдық-функционалдық талдау, ықтималдылық секілді әдістерді зерттейді. Жеке-ғыл. М. Жекелеген ғылымдар саласында қолданылатын әдістерді, принциптерді ғыл. Танымның деңгейлеріне қатынасында қарастырады. М-ның деңгейлері бір-бірімен тығыз байланысып, филос.-методол. Принциптер мен тұжырымдарды нақтылайды, сондай-ақ терең негізделіп, сұрыпталып, өзінің қолдану аясын, мүмкіндіктерін анықтайды. М. Сәбит  
04.12.2012 07:38 26770

Методология (грек. Metodos – таным жолы, logos – ілім) – 1) белгілі бір ғылымда қолданылатын танымдық әдіс-тәсілдердің жиынтығы; 2) танымның принципін, формасы мен әдіс-тәсілін құру жөніндегі ілім. М. Адамның теор. Және тәжірибелік қызметін ұйымдастыру мен түзудің түпкілікті принциптері мен тәсілдерін жүйелі түрде сұрыптап, жан-жақты талдап, олардың қолдану аясын, мүмкіндіктерін, өзара байланысын, шындықтың өз қасиеттері мен заңдылықтарына сәйкестігін анықтап, филос.-логик., танымдық-теор. Тұрғыдан негіздеп, таным мен қоғамдық тәжірибенің әрі қарай дамуына жол ашады. Философия тарихында М-лық мәселелер мәдениет дамуының деңгейіне сай шешіліп отырды. Ертедегі филос. Жүйелерде М-ның негізі салынды. Аристотель ашқан ойлаудың формалары мен заңдылықтары барлық ғыл. Зерттеулер мен ғыл. Жүйенің құрылысы үшін аса маңызды болды. Жаңа дәуір философиясында жаратылыстану ғылымының қарқынды дамуына байланысты М. Теор. Ойлаудың негізіне айналды. Ағылшын философы Ф.Бэкон материяны және оның әр түрлі формаларын материалистік философия принциптері негізінде жан-жақты зерттей отырып, байқау мен экспериментке сүйенетін М-ны ең негізгі, тиімді әдіс деп есептеді. Р.Декарттың “Әдіс туралы ойлауында” Бэконның эмпиризміне қарсы қойған рационалистік әдісі де белгілі бір филос. Принциптердің салдары болды. Бұл дәуірдегі методол. Ғылым ретіндегі философия математиканың филос. Құрылысын үлгі ретінде ала отырып, табиғи ғыл. Жүйелілікке және дәлдікке ұмтылды. 17 – 18 ғ-ларда дәл ғылымдардың философияға әсерінің ұлғаюы жаратылыстанудың М. Ретіндегі мех. Материализмнің кеңінен таралуына септігін тигізді. И.Кант “Таза ақыл” жүйесінің формальды шарттарын ашуға тиіс трансценденталды М. Идеясын ұсына отырып, философияны М-ға айналдыруға ұмтылды. Кант одан кейін Г.Гегель қарапайым әдісті кез келген ғылым (механика немесе математика) үшін даму принципі етіп алғысы келмеді. 20 ғ-да ғылым мен техниканың зор жетістіктері, қоғам өміріндегі күрделі өзгерістер, жаһандық мәселелердің туындауы М-ның ілгері дамуына, білімнің ерекше саласы ретінде бөлініп шығуына әкелді. М-ның 3 деңгейі бар: филос., жалпы-ғыл. Және жеке-ғыл. Филос. М. – жалпы әмбебап әдіс туралы ілім, таным мен тәжірибенің жалпылама принциптері мен әдіс-тәсілдерінің жүйесі. Жалпы-ғыл. М. Ғыл. Танымға ортақ жүйелілік, модельдеу, құрылымдық-функционалдық талдау, ықтималдылық секілді әдістерді зерттейді. Жеке-ғыл. М. Жекелеген ғылымдар саласында қолданылатын әдістерді, принциптерді ғыл. Танымның деңгейлеріне қатынасында қарастырады. М-ның деңгейлері бір-бірімен тығыз байланысып, филос.-методол. Принциптер мен тұжырымдарды нақтылайды, сондай-ақ терең негізделіп, сұрыпталып, өзінің қолдану аясын, мүмкіндіктерін анықтайды.
М. Сәбит
 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға