Жаңалықтар

Метеорология

Метеорология (грек. Meteora – атмосфера мен аспан құбылыстары және ...логия) – атмосфера мен оның процестерін зерттейтін ғылым. М. Атмосфераның құрамы мен құрылысын; жылу айналымын, жылу режимін, т.б. Зерттейді. Басты салалары – атмосфера физикасы (атмосферадағы физ. Құбылыстармен айналысады; қ. Атмосфералық акустика, Атмосфералық қысым, Атмосфералық оптика, Атмосфера электрлігі, Аэрология), атмосфера химиясы (ауа қабаттарындағы хим. Құбылыстарды зерттейді), динамик. Метеорология, синоптик. Метеорология, климатология. Метеорол. Зерттеу жұмыстары көне заманда басталған (Аристотель). 17 ғ-дың 1-жартысында Италия ғалымдары Г.Галилей мен Э.Торричеллидің алғашқы метеорол. Аспаптарды – барометр мен термометрді құрастырулары М-ның дамуына әсерін тигізген елеулі жетістік болды. 17 – 18 ғ-ларда атмосф. Процестердің заңдылықтарын анықтауға алғашқы қадамдар жасалды (М.Ломоносов, Б.Франклин). Желдің жылдамдығын, жауын-шашынның мөлшерін, ауаның ылғалдылығын анықтайтын аспаптар шыға бастады, алғашқы метеорол. Ст. Ұйымдастырылды. Метеоролог-ғалымдар атмосфераның жоғ. Қабаттарымен танысу үшін 18 ғ-дың аяғында аэростат, 19 ғ-дың соңғы ширегінде шар-зонд, 20 ғ-дың 20-жылдарында радиозонд аппараттарын ұшырды. 20 ғ-дың ортасында дүниежүз. Актинометрия жүйесі құрылды; атмосферадағы озонның, электрлік элементтердің мөлшерлерін, ауаның хим. Құрамын анықтау тәсілдері белгіленді; климатология қалыптаса бастады, бұған атмосфераның жалпы таралуы, жер шарындағы су айналымы, қардың түсуі, т.б. Құбылыстарды зерттеген орыс ғалымы А.И. Воейков көп еңбек сіңірді. М. Океанологиямен және гидрологиямен тығыз байланысты. Өзара салалас бұл ғылымдар негізінен жердің геогр. Қабығындағы жылу мен ылғал алмасу процесін зерттейді. Сонымен қатар М. Геология-мен, геохимиямен, физикамен де салалас болып келеді. М-ның басты міндеттерінің бірі – ауа райын алдын ала анықтау. Қысқа мезгілдік (жарты тәуліктік, тәуліктік, т.б.) Ауа райы авиацияға, ғыл.-тәжірибелік мекемелерге; апталық, айлық ауа райын болжау а. Ш-на (агрометеорология), төтенше жағдайлар жөніндегі агенттікке өте қажет. Алматы, Ақтөбе, Астана, Өскемен, Балқаш қ-ларында ірі гидрометеорол. Обсерваториялар бар. Ауа райын бақылау және болжау орындары жетілдірілген аспаптармен, компьютерлік техникамен және байланыс жүйелерімен, автоматтық және электрондық қондырғылармен, радиолокаторлармен, т.б. Құралдармен толық жабдықталған. Қазақстан Республикасының Гидрометеорология жөніндегі бас басқармасы – гидрол., метеорол. Ғыл.-зерт. Жұмыстарының басты орт. Болып табылады. Ж. Достай  
04.12.2012 07:36 17525

Метеорология (грек. Meteora – атмосфера мен аспан құбылыстары және ...логия) – атмосфера мен оның процестерін зерттейтін ғылым. М. Атмосфераның құрамы мен құрылысын; жылу айналымын, жылу режимін, т.б. Зерттейді. Басты салалары – атмосфера физикасы (атмосферадағы физ. Құбылыстармен айналысады; қ. Атмосфералық акустика, Атмосфералық қысым, Атмосфералық оптика, Атмосфера электрлігі, Аэрология), атмосфера химиясы (ауа қабаттарындағы хим. Құбылыстарды зерттейді), динамик. Метеорология, синоптик. Метеорология, климатология. Метеорол. Зерттеу жұмыстары көне заманда басталған (Аристотель). 17 ғ-дың 1-жартысында Италия ғалымдары Г.Галилей мен Э.Торричеллидің алғашқы метеорол. Аспаптарды – барометр мен термометрді құрастырулары М-ның дамуына әсерін тигізген елеулі жетістік болды. 17 – 18 ғ-ларда атмосф. Процестердің заңдылықтарын анықтауға алғашқы қадамдар жасалды (М.Ломоносов, Б.Франклин). Желдің жылдамдығын, жауын-шашынның мөлшерін, ауаның ылғалдылығын анықтайтын аспаптар шыға бастады, алғашқы метеорол. Ст. Ұйымдастырылды. Метеоролог-ғалымдар атмосфераның жоғ. Қабаттарымен танысу үшін 18 ғ-дың аяғында аэростат, 19 ғ-дың соңғы ширегінде шар-зонд, 20 ғ-дың 20-жылдарында радиозонд аппараттарын ұшырды. 20 ғ-дың ортасында дүниежүз. Актинометрия жүйесі құрылды; атмосферадағы озонның, электрлік элементтердің мөлшерлерін, ауаның хим. Құрамын анықтау тәсілдері белгіленді; климатология қалыптаса бастады, бұған атмосфераның жалпы таралуы, жер шарындағы су айналымы, қардың түсуі, т.б. Құбылыстарды зерттеген орыс ғалымы А.И. Воейков көп еңбек сіңірді. М. Океанологиямен және гидрологиямен тығыз байланысты. Өзара салалас бұл ғылымдар негізінен жердің геогр. Қабығындағы жылу мен ылғал алмасу процесін зерттейді. Сонымен қатар М. Геология-мен, геохимиямен, физикамен де салалас болып келеді. М-ның басты міндеттерінің бірі – ауа райын алдын ала анықтау. Қысқа мезгілдік (жарты тәуліктік, тәуліктік, т.б.) Ауа райы авиацияға, ғыл.-тәжірибелік мекемелерге; апталық, айлық ауа райын болжау а. Ш-на (агрометеорология), төтенше жағдайлар жөніндегі агенттікке өте қажет. Алматы, Ақтөбе, Астана, Өскемен, Балқаш қ-ларында ірі гидрометеорол. Обсерваториялар бар. Ауа райын бақылау және болжау орындары жетілдірілген аспаптармен, компьютерлік техникамен және байланыс жүйелерімен, автоматтық және электрондық қондырғылармен, радиолокаторлармен, т.б. Құралдармен толық жабдықталған. Қазақстан Республикасының Гидрометеорология жөніндегі бас басқармасы – гидрол., метеорол. Ғыл.-зерт. Жұмыстарының басты орт. Болып табылады.
Ж. Достай
 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға