Жаңалықтар

Метастаз

Метастаз (грек. Metastasіs – орын ауыстыру, ауысу) – ауыру тудыратын ісік клеткаларының, т.б. Бастапқы (бірінші реттік) зақымданған ошақтан қан не лимфа ағынымен бірге орын ауыстырып таралуы нәтижесінде пайда болатын екінші реттік патологиялық ошақ; қатерлі ісік көзінің (түйінінің) екінші бір жерден өніп-өсуі; қатерсіз ісіктердің, яғни дерттің асқынып, одан әрі қарай дамуы. Қатерлі ісіктің бәрі бірдей М. Бермейді. М-дың тарамдалып жайылу жылдамдығы да әр түрлі болады. Ісік аймағына тек ісік түскен орган ғана емес, сонымен бірге органнан тыс жатқан лимфа бездері мен лимфа тамырлары да жатады. Дерт ісік аймағында ғана емес, біртіндеп бүкіл организмге жайылуы мүмкін. Мыс., сүт безіне түскен ісік қолтық бойымен қолтық аймағынан алшақ жатқан тері қабаттарына тарап, қосымша бірнеше ісік көздерінің пайда болуына әсер етеді. Мұны терідегі М-дар немесе лимфоангаит деп атайды. Ісік клеткасының М. Беруінің өзіне тән ерекшелігі – организм М-дың тез қарқынмен өсуін бақылай алмауының нәтижесінде М-дың бастапқы (бірінші) ісік ошағымен қосылып кетуі (қ. Қатерлі ісік). Таралу жолдарына қарай лимфогендік, гематогендік, имплантац., аралас М. (сирек) түрлеріне ажыратылады. Лимфогендік М. – қатерлі ісік клеткаларының ісіктің өсуіне қарай лимфа тамырларына еніп, лимфа ағынымен лимфа түйіндеріне таралуы; гематогендік М. – ісіктің тікелей капилляр қан тамырларында өсуі; имплантациялық М. – кейбір ісіктерді операциямен алып тастау кезінде, ісік клеткаларының басқа органдарға ауысуы. Организмдегі лимфогендік М-дың анатом. Заңдылықтары мен оның таралу жолдарын анықтау үшін, көптеген зерттеулер жүргізілгенмен, оның пайда болуының биол. Заңдылығы осы күнге дейін нақты табылған жоқ. Дегенмен гематогендік (қан арқылы тарайтын) М-дың (өкпе, бауыр, сүйек, кейбір ішкі органдарда) пайда болу жолдарының механизмін зерттеудің нәтижесінде оның мынадай негізгі сатылары бар екені анықталды: 1) алғашқы ісік түйіннен ісік клеткаларының ажырап, қан тамырларының қабырғасын бойлай отырып, қанға өтуі; 2) ісік клеткаларының қандағы циркуляциясы; 3) ісік клеткаларының қан тамыр қабырғаларына жабысып, қан тамыр ішінде жаңа ісік клеткаларының өсуі; 4) қан тамырлар ішіндегі ісік массасының қан тамырларды жарып шығып, ішкі органдарға жайылуы. Организмде М-дың болуы ісіктің жергілікті өсу фазасынан генерализация (ісіктің өсіп жайылуы) фазасына өтуіне бірден-бір дәлел бола алады. М-дың бір ғана түйіннен дамитын жекеше (солитарлы) М. Түрі және тарамдалып жайылып кеткен көпше түрі болады. Біріншісін хирург. Операциямен алып тастайды. Ал екінші түріне кешенді ем (сәулемен емдеу және хим. Терапия) қолданылады. М-дың емнен кейін алғашқы 3 жылы қауіпті деп есептелінеді, себебі осы уақыт аралығында М. Қайта өршуі мүмкін. Ә. Есенқұлов  
04.12.2012 07:32 11808

Метастаз (грек. Metastasіs – орын ауыстыру, ауысу) – ауыру тудыратын ісік клеткаларының, т.б. Бастапқы (бірінші реттік) зақымданған ошақтан қан не лимфа ағынымен бірге орын ауыстырып таралуы нәтижесінде пайда болатын екінші реттік патологиялық ошақ; қатерлі ісік көзінің (түйінінің) екінші бір жерден өніп-өсуі; қатерсіз ісіктердің, яғни дерттің асқынып, одан әрі қарай дамуы. Қатерлі ісіктің бәрі бірдей М. Бермейді. М-дың тарамдалып жайылу жылдамдығы да әр түрлі болады. Ісік аймағына тек ісік түскен орган ғана емес, сонымен бірге органнан тыс жатқан лимфа бездері мен лимфа тамырлары да жатады. Дерт ісік аймағында ғана емес, біртіндеп бүкіл организмге жайылуы мүмкін. Мыс., сүт безіне түскен ісік қолтық бойымен қолтық аймағынан алшақ жатқан тері қабаттарына тарап, қосымша бірнеше ісік көздерінің пайда болуына әсер етеді. Мұны терідегі М-дар немесе лимфоангаит деп атайды. Ісік клеткасының М. Беруінің өзіне тән ерекшелігі – организм М-дың тез қарқынмен өсуін бақылай алмауының нәтижесінде М-дың бастапқы (бірінші) ісік ошағымен қосылып кетуі (қ. Қатерлі ісік). Таралу жолдарына қарай лимфогендік, гематогендік, имплантац., аралас М. (сирек) түрлеріне ажыратылады. Лимфогендік М. – қатерлі ісік клеткаларының ісіктің өсуіне қарай лимфа тамырларына еніп, лимфа ағынымен лимфа түйіндеріне таралуы; гематогендік М. – ісіктің тікелей капилляр қан тамырларында өсуі; имплантациялық М. – кейбір ісіктерді операциямен алып тастау кезінде, ісік клеткаларының басқа органдарға ауысуы. Организмдегі лимфогендік М-дың анатом. Заңдылықтары мен оның таралу жолдарын анықтау үшін, көптеген зерттеулер жүргізілгенмен, оның пайда болуының биол. Заңдылығы осы күнге дейін нақты табылған жоқ. Дегенмен гематогендік (қан арқылы тарайтын) М-дың (өкпе, бауыр, сүйек, кейбір ішкі органдарда) пайда болу жолдарының механизмін зерттеудің нәтижесінде оның мынадай негізгі сатылары бар екені анықталды: 1) алғашқы ісік түйіннен ісік клеткаларының ажырап, қан тамырларының қабырғасын бойлай отырып, қанға өтуі; 2) ісік клеткаларының қандағы циркуляциясы; 3) ісік клеткаларының қан тамыр қабырғаларына жабысып, қан тамыр ішінде жаңа ісік клеткаларының өсуі; 4) қан тамырлар ішіндегі ісік массасының қан тамырларды жарып шығып, ішкі органдарға жайылуы. Организмде М-дың болуы ісіктің жергілікті өсу фазасынан генерализация (ісіктің өсіп жайылуы) фазасына өтуіне бірден-бір дәлел бола алады. М-дың бір ғана түйіннен дамитын жекеше (солитарлы) М. Түрі және тарамдалып жайылып кеткен көпше түрі болады. Біріншісін хирург. Операциямен алып тастайды. Ал екінші түріне кешенді ем (сәулемен емдеу және хим. Терапия) қолданылады. М-дың емнен кейін алғашқы 3 жылы қауіпті деп есептелінеді, себебі осы уақыт аралығында М. Қайта өршуі мүмкін.
Ә. Есенқұлов
 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға