Жаңалықтар

Көп тілді сөздік

     Көп тілді сөздік – үш немесе төрт тілді сөздіктер. К. т. с. бүтіндей бір халықтың өмір сүрген тілдік ортасы, әлеум., экон., мәдени өмірдегі халықар. қатынастардың өрбуі секілді факторларға қатысты түзіліп, жарық көреді. 14 ғ. ескерткіші «Кодекс-Куманикус» көп тілді сөздіктің көне үлгілерінің бірі. Бұл кітапта үш бағана етіп латынша-парсыша-куманша (қыпшақша) сөздік берілген. Сол кездегі еуропалықтар үшін латын тілінің орны қандай болса, Азия халықтары үшін куман (қыпшақ) тілінің орны сондай болған. 1787–89 жылдары П.С.Палластың редакциялауымен басылып шыққан, барлығы 272 тілді қамтитын «Сравнительные словари всех языков и наречий» атты сөздігі Ресейде 18 ғ-да бастама алған салыстырмалы-тарихи тіл білімі идеясының көрінісі болды. К. т. с. басқа сөздіктер секілді әліпби тәртібімен беріледі. К. т. с., негізінен, халықтық құрамы біртекті емес, көп ұлтты елдерде жасалады. Қазақстан Республикасында К. т. с-те әуелі мемл. тіл қазақ тілі, содан кейін орыс тілі алдымен келіп, әлемде кең тараған үшінші бір тілдегі аудармасы қоса беріледі. Мыс., қазақша-орысша-ағылшынша сөздік, қазақша-орысша-немісше сөздік, қазақша-орысша-қытайша сөздік, қазақша-орысша-французша сөздік, қазақша-орысша-арабша сөздік, т.б. К. т. с-тің көлемі үлкен емес, оған тілдегі ең жиі қолданылатын сөздер мен сөз тіркестері ғана алынады. Сондықтан көп жағдайда К. т. с. тілашар түрінде беріледі. Мыс., қазақша-орысша-ағылшынша тілашар, қазақша-орысша-түрікше тілашар, т.б. К. т. с. тіл білімінің белгілі бір саласына ғана қатысты болуы мүмкін. Мыс., түрік, әзербайжан, башқұрт, қазақ, қырғыз, өзбек, татар, ұйғыр және орыс тілдеріндегі салыстырмалы сөздік («Салыстырмалы түркі тілдері сөздігі», Анкара, 1992) бар. Бұдан басқа қазақша-орысша-ағылшынша терминологиялық сөздік, қазақша-орысша-ағылшынша экон. атаулар сөздігі, қазақша-орысша-ағылшынша фразеол. тіркестер сөздіктері бар. К. т. с-те сөз тіркестері көп алынбай, сөздің білдірер негізгі лексикалық мағыналары ғана салыстырылып тәржімаланады. Сөздің қосымша мағыналары көп ескеріле бермейді. К. т. с. халықтардың мәдени, экон. қарым-қатынасын арттыруда маңызды рөл атқарып, әлеум. функцияның қажетін өтейді.  
04.12.2012 07:32 12676

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға