Жаңалықтар

Зубдат Әл-Асар

“Зубдат әл-асар” (“Жылнамалар қаймағы”) – ортағасырлық тарихи шығарма. Толық атауы – “Тарих-и зубдат әл-асар” (“Жылнамалар қаймағы аталған тарих”). Авторы – АбдаллаҺ бин Мұхаммед бин Әли НасраллаҺи, қысқаша АбдаллаҺ Балхи. Ол Балх қаласының білімді адамдарының бірі болған. Хорасанды Мұхаммед Шайбани жаулап алғанға дейін (1507) Әмір Темір әулетінен шыққан билеушілер сарайында қызмет атқарған. Кейін Мұхаммед Шайбани сарайына қызметке алынған. Мұхаммед Шайбани Сефеви әулеті билеушілерімен болған шайқаста қаза тапқан соң (1510), АбдаллаҺ Балхи өзбектермен бірге Түркістан аймағына қашып келіп, Ташкенттің билеушісі Сүйінішқожа ханды паналайды, ханның кіші ұлы Мұхаммед сұлтанның (Келді Мұхаммед ханның, 1533 жылы қайтыс болған) қызметіне кіреді. Дәл осы кезеңде Мұхаммед сұлтан ордасында әйгілі “Бадай әл-Уақай” шығармасының авторы Зайн әд-Дин Васифи де қызмет еткен. Бірақ автор Васифи туралы өз шығармасында ештеңе айтпайды. “Зубдат әл-асар” Мұхаммед сұлтанның жеке тапсырмасымен 1525 жылдан кейін шағатай тілінде жазылған. Қолжазба еңбектің 3 нұсқасы Санкт-Петербургте, Ташкентте (бұл екі қолжазба да тақырыпсыз), Лондонда сақталған. Шығармада дүниенің жаратылысынан бастап, Сүйінішқожа хан қайтыс болған 1925 жылға дейінгі автордың өзі білген Шайбани әулетінің тарихына қатысты оқиғалар баяндалады. “Зубдат әл-асарды” ғылыми айналымға енгізген В.В. Бартольдтың айтуынша, шығарма “Тамам ат-тауарих” деп те аталады. “Зубдат әл-асарда” Шамс әд-Дин Әбу Абдоллах Мұхаммед әл-Мұқаддаси, Әбу Жафар Мұхаммед ат-Табари, Ала әд-Дин Ата Мәлік Жуайни, Рашид әд-Дин, Абд әр-Раззақ Самарқанди, т.б-дың еңбектері пайдаланылған. Шығарманың Шайбани әулетіне арналған тарауында қазақ халқының тарихына қатысты деректер кездеседі. Автор өзі баяндаған оқиғалардың куәсі болған. 16 ғасырдың алғашқы ширегіндегі Қазақ хандығы мен Шайбани әулеті билеушілері қарым-қатынасының әскери және саяси жағынан шиеленіскені турасында мәліметтер келтірілген. Әсіресе, 1510 жылы Мұхаммед Шайбани ханның қазақ ханы Қасымның иелігіне жасаған жорығы, нәтижесінде өзбектердің тас-талқан болып жеңілуі, кейін 1513 жылы Қасым ханның Ташкентке жасаған жорығы туралы, т.б. мағлұматтар Қазақстан тарихын зерттеуде құнды дерек көзі болып табылады.  
04.12.2012 07:32 4645

“Зубдат әл-асар” (“Жылнамалар қаймағы”) – ортағасырлық тарихи шығарма. Толық атауы – “Тарих-и зубдат әл-асар” (“Жылнамалар қаймағы аталған тарих”).
Авторы – АбдаллаҺ бин Мұхаммед бин Әли НасраллаҺи, қысқаша АбдаллаҺ Балхи. Ол Балх қаласының білімді адамдарының бірі болған. Хорасанды Мұхаммед Шайбани жаулап алғанға дейін (1507) Әмір Темір әулетінен шыққан билеушілер сарайында қызмет атқарған. Кейін Мұхаммед Шайбани сарайына қызметке алынған. Мұхаммед Шайбани Сефеви әулеті билеушілерімен болған шайқаста қаза тапқан соң (1510), АбдаллаҺ Балхи өзбектермен бірге Түркістан аймағына қашып келіп, Ташкенттің билеушісі Сүйінішқожа ханды паналайды, ханның кіші ұлы Мұхаммед сұлтанның (Келді Мұхаммед ханның, 1533 жылы қайтыс болған) қызметіне кіреді. Дәл осы кезеңде Мұхаммед сұлтан ордасында әйгілі “Бадай әл-Уақай” шығармасының авторы Зайн әд-Дин Васифи де қызмет еткен. Бірақ автор Васифи туралы өз шығармасында ештеңе айтпайды. “Зубдат әл-асар” Мұхаммед сұлтанның жеке тапсырмасымен 1525 жылдан кейін шағатай тілінде жазылған. Қолжазба еңбектің 3 нұсқасы Санкт-Петербургте, Ташкентте (бұл екі қолжазба да тақырыпсыз), Лондонда сақталған. Шығармада дүниенің жаратылысынан бастап, Сүйінішқожа хан қайтыс болған 1925 жылға дейінгі автордың өзі білген Шайбани әулетінің тарихына қатысты оқиғалар баяндалады. “Зубдат әл-асарды” ғылыми айналымға енгізген В.В. Бартольдтың айтуынша, шығарма “Тамам ат-тауарих” деп те аталады. “Зубдат әл-асарда” Шамс әд-Дин Әбу Абдоллах Мұхаммед әл-Мұқаддаси, Әбу Жафар Мұхаммед ат-Табари, Ала әд-Дин Ата Мәлік Жуайни, Рашид әд-Дин, Абд әр-Раззақ Самарқанди, т.б-дың еңбектері пайдаланылған. Шығарманың Шайбани әулетіне арналған тарауында қазақ халқының тарихына қатысты деректер кездеседі. Автор өзі баяндаған оқиғалардың куәсі болған. 16 ғасырдың алғашқы ширегіндегі Қазақ хандығы мен Шайбани әулеті билеушілері қарым-қатынасының әскери және саяси жағынан шиеленіскені турасында мәліметтер келтірілген. Әсіресе, 1510 жылы Мұхаммед Шайбани ханның қазақ ханы Қасымның иелігіне жасаған жорығы, нәтижесінде өзбектердің тас-талқан болып жеңілуі, кейін 1513 жылы Қасым ханның Ташкентке жасаған жорығы туралы, т.б. мағлұматтар Қазақстан тарихын зерттеуде құнды дерек көзі болып табылады.
 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға