Жаңалықтар

Көп балалы отбасы

Көп балалы отбасы Көп балалы отбасы – бес және одан да көп баласы бар отбасы. Жекелеген шаңырақтардағы балалар саны бірқатар жалпы және жеке себептерге, атап айтқанда, елдің экон. даму деңгейіне, халықтың тұрмыс деңгейіне, оның біліміне, әйелдердің өндіріске тартылуына, отбасының әлеум. қамсыздандырылуына байланысты аз не көп болады. Демогр. деректер бойынша – аграрлы елдерге қарағанда өнеркәсібі дамыған елдерде адамдарының сәбилі болу деңгейі төмен; халықтың материалдық жағынан неғұрлым қамтамасыз етілген және білімді жіктеріндегі балалар саны нашар қамсыздандырылған және білімі төмен жіктеріндегіден гөрі аздау. Ұлттық құндылыққа бағдарланған дәстүрлі қоғамдар, сондай-ақ діни канондар, әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлерді (мыс., ислам конфессиясын) ұстанатын этностар балаларының көп болуын қалайды. Мұнда этн. ортаның да, аға ұрпақ өкілдерінің де ықпалы сезіледі. К. б. о. туралы түсінік және қоғамдағы оған деген көзқарас отбасы және оның функцияларының дамуымен, әйелдің отбасы мен қоғамдағы рөлінің өзгеруімен бірге белгілі бір эволюцияға ұшырап отырады. Мыс., 2-дүниежүз. соғыстан кейінгі жылдары Қазақстан мен КСРО-да дүниеге ұрпақ әкелу жасындағы ер адамдар санының күрт азаюынан туындаған елеулі демогр. мәселелерге байланысты аналар мен балаларды қорғаудың және отбасын нығайтудың маңызды мақсаттары қатарында көп бала табуды көтермелейтін арнаулы жарлық қабылданды. Осыған орай үшінші баладан бастап бір жолғы жәрдемақы төлемі, төртінші баладан бастап балаларға төрт жыл бойына ай сайын жәрдемақы төлемі белгіленді. Қазақстанда егемендік пен тәуелсіздік алғаннан кейін, 20 ғ-дың 90-жылдарынан бастап К. б. о-ларға (қалада – 4 баласы, ауылдық жерлерде – 6 баласы барларға), басқа да отбасыларына әр бала дүниеге келгенде бір жолғы жәрдемақы төленеді, сондай-ақ тиісті жағдайларда 1,5 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға ай сайынғы жәрдемақы тағайындалады. Жұмыс істейтін ана-әйелдерге зейнет жасына келуіне байланысты зейнетақы тағайындау кезінде басқа да жеңілдіктер беріледі, сондай-ақ, көп балалы аналар бала санына қарай “Алтын алқа”, “Күміс алқа”, т.б. орден, медальдармен марапатталады. Қазақстанда К. б. о-лар, негізінен, қазақтар көп тұратын оңт. облыстарда, сондай-ақ түркі ұлыстары немесе ислам дінін ұстанатын басқа да ұлыстар көбірек қоныстанған бірқатар басқа да дара этн. аудандардың ауылдық жерлерінде басым болып келеді.
04.12.2012 07:29 13135

Көп балалы отбасы

Көп балалы отбасы – бес және одан да көп баласы бар отбасы. Жекелеген шаңырақтардағы балалар саны бірқатар жалпы және жеке себептерге, атап айтқанда, елдің экон. даму деңгейіне, халықтың тұрмыс деңгейіне, оның біліміне, әйелдердің өндіріске тартылуына, отбасының әлеум. қамсыздандырылуына байланысты аз не көп болады. Демогр. деректер бойынша – аграрлы елдерге қарағанда өнеркәсібі дамыған елдерде адамдарының сәбилі болу деңгейі төмен; халықтың материалдық жағынан неғұрлым қамтамасыз етілген және білімді жіктеріндегі балалар саны нашар қамсыздандырылған және білімі төмен жіктеріндегіден гөрі аздау. Ұлттық құндылыққа бағдарланған дәстүрлі қоғамдар, сондай-ақ діни канондар, әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлерді (мыс., ислам конфессиясын) ұстанатын этностар балаларының көп болуын қалайды. Мұнда этн. ортаның да, аға ұрпақ өкілдерінің де ықпалы сезіледі. К. б. о. туралы түсінік және қоғамдағы оған деген көзқарас отбасы және оның функцияларының дамуымен, әйелдің отбасы мен қоғамдағы рөлінің өзгеруімен бірге белгілі бір эволюцияға ұшырап отырады. Мыс., 2-дүниежүз. соғыстан кейінгі жылдары Қазақстан мен КСРО-да дүниеге ұрпақ әкелу жасындағы ер адамдар санының күрт азаюынан туындаған елеулі демогр. мәселелерге байланысты аналар мен балаларды қорғаудың және отбасын нығайтудың маңызды мақсаттары қатарында көп бала табуды көтермелейтін арнаулы жарлық қабылданды. Осыған орай үшінші баладан бастап бір жолғы жәрдемақы төлемі, төртінші баладан бастап балаларға төрт жыл бойына ай сайын жәрдемақы төлемі белгіленді. Қазақстанда егемендік пен тәуелсіздік алғаннан кейін, 20 ғ-дың 90-жылдарынан бастап К. б. о-ларға (қалада – 4 баласы, ауылдық жерлерде – 6 баласы барларға), басқа да отбасыларына әр бала дүниеге келгенде бір жолғы жәрдемақы төленеді, сондай-ақ тиісті жағдайларда 1,5 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға ай сайынғы жәрдемақы тағайындалады. Жұмыс істейтін ана-әйелдерге зейнет жасына келуіне байланысты зейнетақы тағайындау кезінде басқа да жеңілдіктер беріледі, сондай-ақ, көп балалы аналар бала санына қарай “Алтын алқа”, “Күміс алқа”, т.б. орден, медальдармен марапатталады. Қазақстанда К. б. о-лар, негізінен, қазақтар көп тұратын оңт. облыстарда, сондай-ақ түркі ұлыстары немесе ислам дінін ұстанатын басқа да ұлыстар көбірек қоныстанған бірқатар басқа да дара этн. аудандардың ауылдық жерлерінде басым болып келеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға