Жаңалықтар

Египет

  Египет, Египет Араб Республикасы – Африканың солтүстік-шығыс бөлігі мен Азияның Синай түбегінде орналасқан мемлекет. Жер аумағы 1001,4 мың км2. Халқы 73 млн. адам (2007). Халқының 98%-ы – арабтар. Ресми тілі – араб тілі. Халқы ислам дінін (көпшілігі мұсылман-сунниттер) ұстанады. Астанасы – Каир қаласы (13 млн. шамасында). Бұдан басқа ірі қалалары: Александрия, Порт-Саид, Мансур, т.б. Ел аумағы жиырма жеті мухафазға, олар марказаларға (округ), марказалар нахияларға бөлінеді. Елді президент басқарады. Президент алты жылға сайланады. Қазіргі конституция 1971 ж. он бірінші қыркүйекте қабылданып, 1980 ж. жиырма екінші мамыр күні өткен жалпыхалықтық референдуммен кейбір толықтырулар енгізілген. Заң шығарушы органы – бір палаталы Халық жиналысы бес жыл сайын қайта сайланып отырады. Бұған қоса Консультативтік кеңес те мемлекеттегі ең жоғарғы органның бірі болып табылады. Елдің ақша бірлігі – египет фунты. Ұлттық мерекесі – Революция күні (23 шілде, 1952). Египет, негізінен, тропиктік шөлді аймақта, Сахараның шығыс бөлігін ала орналасқан. Ливия, Арабия, Нубия шөлдері теңіз деңгейінен 300 – 1000 м биіктікте жатыр. Қызыл теңіз бен Суэц каналының маңайындағы тау қыраттары 2187 м-ге дейін жетеді. Ең биік жері Синай түбегіндегі Катерин тауы (2637 м), Ливия және Арабия шөлдерінің арасында Ніл өзені (Египет жеріндегі ұзындығы 1200 км, ені солтүстікте – 25 км, оңтүстікте 1 – 3 км) ағып жатыр. Жерінен фосфор, темір кентастары, мұнай, газ, т.б. өндіріледі. Климаты субтропиктік, кейбір жерлері ауа райы өте тез өзгеретін тропиктік шөл. Қаңтар айындағы орташа температура солтүстікте 11 – 12ӘС, оңтүстікте 15 – 16ӘС, ал шілде айында солтүстік жағында 25 – 26ӘС, оңтүстігінде 30 – 34ӘС. Елдің көпшілік бөлігінде жылдық жауын-шашын мөлшері 100 мм-ден аз. Жерорта теңізіне жақын аймақтарда 200 – 400 мм. Жер асты суларына бай. Жері шөл болғандықтан, көбінесе, бұталы өсімдіктер жиі кездеседі. Египет – адамзат өркениетінің алғашқы бесіктерінің бірі. 395 жылдан бастап қазіргі Египет жері Византияның қол астына қарады. 640 – 41 ж. халифат әскерлері Византия армиясына күйрете соққы беріп, гректер сол кездегі ел астанасы Александриядан (Искандария) кетуге мәжбүр болды. 854 жылдан бастап үкімет билігі түркі тектес әскери басшылардың қолына өтті. Осы кезеңде (8 – 10 ғасырлар) ауыл шаруашылығы қатты дамып, жаңа дақыл түрлері (мақта, қант қамысы, күріш) өсіріле бастады. Құм астында қалған Суэц каналы қайтадан іске қосылды. 706 жылдан ресми тіл араб тілі болды. 969 ж. Фатима әулетінен шыққан қолбасшы Жаухар Египетті басып алды. Фатима әулеті 11 ғасырда күшейіп, Ливияны, Сирияны, Палестинаны, Батыс Арабияны, Мальта, Сицилия, Сардиния, Корсика аралдарын жаулап алады, әрі Бағдаттағы Аббас әулетімен бәсекеге түсті. Крестшілер жорығы елге көп зиян келтірді. 1171 ж. түріктер Фатима әулетін биліктен тайдырып, Египетте Салах әд-Дин бастаған Айюб әулеті (1171 – 1250) үкімет басына келді. Бұдан кейін елді мәмлүк қыпшақтары (1250 – 1517) басқарды. Түркі билеушілері, әсіресе, сұлтан Бейбарыс (1260 – 77) крестшілерге күйрете соққы беріп, Палестина мен Сирия жерлерін азат етті. Бұған қоса Бейбарыс Шыңғыс хан ұрпақтары шабуылын тойтарып, елдің тәулсіздігін сақтап қалды. Мәмлүк сұлтандары алыстағы қыпшақ мемлекеті Алтын Ордамен елшілер алмасып тұрды. Осы кезеңде елдегі мәдениет те жоғары дәрежеге жетіп, тіл білімі, әдебиет, философия, тарих, математика, астрономия, география, т.б. ғылымдар дамыды. 15 ғасырдың бас кезінде мәмлүк сұлтандары Әмір Темірдің шабуылын тойтарды. 15 ғасырдың аяқ кезінен бастап Египетке Осман сұлтандығы қауіп төндіріп, 1516 – 17 ж. елді жаулап алды. 1718 – 98 ж. мәмлүктер ішкі билікті өз қолдарына алып, Стамбұлға ресми түрде ғана бағынды. Ал 1780 – 90 ж. түрік сұлтандарына бағынудан бас тартты. 1798 ж. елге Наполеон әскерлері басып кірді. көтерілісшілер түрік және ағылшын әскерлерінің көмегімен 1801 ж. француздарды елден қуып шықты. Ел ішіндегі ішкі тартыстар тоқтамай, 1805 ж. албан жасақтарының қолбасшысы Мұхаммед али өзін уәли деп жариялап, түріктер мен жергілікті мәмлүктерді жеңіп, іс жүзінде тәуелсіз Египет мемлекетін құрды. Ол Францияға сүйеніп, елде реформа (жер, әскер, өндіріс, ағарту ісі, сауда, т.б. салаларда) жүргізді. Еуропалық үлгідегі тұрақты әскер мен теңіз флоты, орта және жоғары оқу орындары, өндіріс орындары ашылып, Египет қайтадан дами бастады. Мұхаммед али 1820 – 30 ж. Арабияны, Суданды, Палестинаны, Сирияны, Крит аралын, Кіші Азияның бір бөлігін түріктерден тартып алды. Бұл соғыста оны Ресей, Англия, Франция мемлекеттері қолдады. Бірақ 1821 – 29 ж. болған грек көтерілісін басуға түрік сұлтанына көмектескені үшін аталған мемлекеттер Мұхаммед алидің теңіз флотын талқандап, әскерін Грекиядан шығаруға мәжбүр етті. Кейіннен ол Батыстың көмегімен түрік сұлтанымен соғысты әрі қарай жалғастырды да, жеңіліске ұшырап, 1840 ж. Суданнан басқа жерлердің бәрінен айырылды. Елдің әскери күштері қысқартылды, шет ел саудагерлеріне жеңілдіктер беріліп, Батыс елдері Египетке үстемдік жүргізе бастады. Әсіресе, Суэц каналы салынғаннан кейін (1869) олардың ықпалы қатты күшейіп кетті. Бірақ 1869 ж. араб тілі мемлекеттік тіл болып бекітілді. 1-дүниежүзілік соғыс басталғанда ағылшындар Египетке билеуші етіп Хусеин Камилді отырғызып, оған сұлтан деген лауазым берді. Соғыс қажетіне қара жұмысқа бір миллон Египет тұрғындары алынды. 1936 ж. тамызда жаңадан ағылшын-египет шарты жасалынып, елдің тәуелсіздігі нығайтылды және Египет Ұлттар Лигасына қабылданды. 2-дүниежүзілік соғыс басталғаннан кейін Англияның ықпалынан шығу үшін кейбір топтар Германиямен жақындаса бастады. Осыған байланысты үкімет елде әскери тәртіп орнатты. Көп ұзамай, Италия және Германия әскерлері Египетке басып кірді, бірақ 1942 ж. қазан – қараша айларында ағылшындар оларға әл-Алемейн түбінде күйрете соққы беріп, Ливияға шегіндірді. 1945 ж. ақпанда Египет Германияға соғыс жариялап, наурыз айында Египет үкіметінің ұйымдастыруымен Араб мемлекеттері лигасы құрылды. 1945 ж. шілдеде Египет БҰҰ-ның мүшелігіне өтті. Соғыстан кейін 1948 – 49 ж. басқа да араб мемлекеттерімен одақтасқан Египет Израильге соғыс жариялап, жеңіліске ұшырады. 1956 ж. ағылшын әскерлері Египет жерінен шығарылды да, жиырма үшінші маусым күні жаңа конституция қабылданды. Египет Суэц каналын мемлекет меншігіне алды. Англия, Франция, Израиль үштігі Египетке соғыс ашып, тәуелсіздігіне қауіп төндірді. КСРО, басқа да социалистік елдер Египетті қолдап, Азия мен Африканың халықтары ынтымақтастық білдірді. Үштіктің шабуылы сәтсіздікке ұшырады. Бұдан кейін Египет социалистік елдермен тығыз қарым-қатынас орнатып, КСРО Асуан бөгеті мен электр стансасын, басқа да кәсіпорындар салуға көмек берді. 1967 ж. бесінші маусым күні Израильдің шабуылына тап болған Египет, Сирия, Иордания алты күн ішінде тас-талқан болып жеңіліп, біраз жерлерінен айырылды. Синай түбегін Израиль басып алды, Суэц каналы қиратылып, 1975 жылға дейін жабылды. 1973 ж. алтыншы – жиырма екінші қазан аралығында Египет әскерлері шабуылға шығып, Суэц каналының шығыс жағалауын қайтарып алды. 1978 ж. Кэмп-Дэвид келісімі, 1979 ж. наурызда Египет – Израиль бейбіт келісімі жасалынды. Египет пен Қазақстан Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынастар 1992 ж. орнаған. Жерінің 5%-ға жуығы ауыл шаруашылығына жарамды жерлер. Азық-түлік тауарларымен халық 40% ғана қамтамасыз етілген. Қалғаны сырттан әкелінеді. Жоғары сапалы мақта шығарудан Египет дүние жүзінде бірінші орын алады. Ауыл шаруашылығында бұдан басқа бидай, жүгері, күріш, ет өндіріледі. 1997 жылдан шөл даланы игеру жүзеге асырылуда. Өнеркәсібінің негізгі салалары: мұнай шығару, мұнай өңдеу, тамақ, тоқыма өнеркәсібі, металлургия.        
04.12.2012 07:28 28432

 

Египет, Египет Араб Республикасы – Африканың солтүстік-шығыс бөлігі мен Азияның Синай түбегінде орналасқан мемлекет. Жер аумағы 1001,4 мың км2. Халқы 73 млн. адам (2007). Халқының 98%-ы – арабтар. Ресми тілі – араб тілі. Халқы ислам дінін (көпшілігі мұсылман-сунниттер) ұстанады. Астанасы – Каир қаласы (13 млн. шамасында). Бұдан басқа ірі қалалары: Александрия, Порт-Саид, Мансур, т.б. Ел аумағы жиырма жеті мухафазға, олар марказаларға (округ), марказалар нахияларға бөлінеді. Елді президент басқарады. Президент алты жылға сайланады. Қазіргі конституция 1971 ж. он бірінші қыркүйекте қабылданып, 1980 ж. жиырма екінші мамыр күні өткен жалпыхалықтық референдуммен кейбір толықтырулар енгізілген. Заң шығарушы органы – бір палаталы Халық жиналысы бес жыл сайын қайта сайланып отырады. Бұған қоса Консультативтік кеңес те мемлекеттегі ең жоғарғы органның бірі болып табылады. Елдің ақша бірлігі – египет фунты. Ұлттық мерекесі – Революция күні (23 шілде, 1952).

Египет, негізінен, тропиктік шөлді аймақта, Сахараның шығыс бөлігін ала орналасқан. Ливия, Арабия, Нубия шөлдері теңіз деңгейінен 300 – 1000 м биіктікте жатыр. Қызыл теңіз бен Суэц каналының маңайындағы тау қыраттары 2187 м-ге дейін жетеді. Ең биік жері Синай түбегіндегі Катерин тауы (2637 м), Ливия және Арабия шөлдерінің арасында Ніл өзені (Египет жеріндегі ұзындығы 1200 км, ені солтүстікте – 25 км, оңтүстікте 1 – 3 км) ағып жатыр. Жерінен фосфор, темір кентастары, мұнай, газ, т.б. өндіріледі. Климаты субтропиктік, кейбір жерлері ауа райы өте тез өзгеретін тропиктік шөл. Қаңтар айындағы орташа температура солтүстікте 11 – 12ӘС, оңтүстікте 15 – 16ӘС, ал шілде айында солтүстік жағында 25 – 26ӘС, оңтүстігінде 30 – 34ӘС. Елдің көпшілік бөлігінде жылдық жауын-шашын мөлшері 100 мм-ден аз. Жерорта теңізіне жақын аймақтарда 200 – 400 мм. Жер асты суларына бай. Жері шөл болғандықтан, көбінесе, бұталы өсімдіктер жиі кездеседі.

Египет – адамзат өркениетінің алғашқы бесіктерінің бірі. 395 жылдан бастап қазіргі Египет жері Византияның қол астына қарады. 640 – 41 ж. халифат әскерлері Византия армиясына күйрете соққы беріп, гректер сол кездегі ел астанасы Александриядан (Искандария) кетуге мәжбүр болды. 854 жылдан бастап үкімет билігі түркі тектес әскери басшылардың қолына өтті. Осы кезеңде (8 – 10 ғасырлар) ауыл шаруашылығы қатты дамып, жаңа дақыл түрлері (мақта, қант қамысы, күріш) өсіріле бастады. Құм астында қалған Суэц каналы қайтадан іске қосылды. 706 жылдан ресми тіл араб тілі болды.

969 ж. Фатима әулетінен шыққан қолбасшы Жаухар Египетті басып алды. Фатима әулеті 11 ғасырда күшейіп, Ливияны, Сирияны, Палестинаны, Батыс Арабияны, Мальта, Сицилия, Сардиния, Корсика аралдарын жаулап алады, әрі Бағдаттағы Аббас әулетімен бәсекеге түсті. Крестшілер жорығы елге көп зиян келтірді. 1171 ж. түріктер Фатима әулетін биліктен тайдырып, Египетте Салах әд-Дин бастаған Айюб әулеті (1171 – 1250) үкімет басына келді. Бұдан кейін елді мәмлүк қыпшақтары (1250 – 1517) басқарды. Түркі билеушілері, әсіресе, сұлтан Бейбарыс (1260 – 77) крестшілерге күйрете соққы беріп, Палестина мен Сирия жерлерін азат етті. Бұған қоса Бейбарыс Шыңғыс хан ұрпақтары шабуылын тойтарып, елдің тәулсіздігін сақтап қалды. Мәмлүк сұлтандары алыстағы қыпшақ мемлекеті Алтын Ордамен елшілер алмасып тұрды. Осы кезеңде елдегі мәдениет те жоғары дәрежеге жетіп, тіл білімі, әдебиет, философия, тарих, математика, астрономия, география, т.б. ғылымдар дамыды.

15 ғасырдың бас кезінде мәмлүк сұлтандары Әмір Темірдің шабуылын тойтарды. 15 ғасырдың аяқ кезінен бастап Египетке Осман сұлтандығы қауіп төндіріп, 1516 – 17 ж. елді жаулап алды. 1718 – 98 ж. мәмлүктер ішкі билікті өз қолдарына алып, Стамбұлға ресми түрде ғана бағынды. Ал 1780 – 90 ж. түрік сұлтандарына бағынудан бас тартты. 1798 ж. елге Наполеон әскерлері басып кірді. көтерілісшілер түрік және ағылшын әскерлерінің көмегімен 1801 ж. француздарды елден қуып шықты. Ел ішіндегі ішкі тартыстар тоқтамай, 1805 ж. албан жасақтарының қолбасшысы Мұхаммед али өзін уәли деп жариялап, түріктер мен жергілікті мәмлүктерді жеңіп, іс жүзінде тәуелсіз Египет мемлекетін құрды. Ол Францияға сүйеніп, елде реформа (жер, әскер, өндіріс, ағарту ісі, сауда, т.б. салаларда) жүргізді. Еуропалық үлгідегі тұрақты әскер мен теңіз флоты, орта және жоғары оқу орындары, өндіріс орындары ашылып, Египет қайтадан дами бастады. Мұхаммед али 1820 – 30 ж. Арабияны, Суданды, Палестинаны, Сирияны, Крит аралын, Кіші Азияның бір бөлігін түріктерден тартып алды. Бұл соғыста оны Ресей, Англия, Франция мемлекеттері қолдады. Бірақ 1821 – 29 ж. болған грек көтерілісін басуға түрік сұлтанына көмектескені үшін аталған мемлекеттер Мұхаммед алидің теңіз флотын талқандап, әскерін Грекиядан шығаруға мәжбүр етті. Кейіннен ол Батыстың көмегімен түрік сұлтанымен соғысты әрі қарай жалғастырды да, жеңіліске ұшырап, 1840 ж. Суданнан басқа жерлердің бәрінен айырылды. Елдің әскери күштері қысқартылды, шет ел саудагерлеріне жеңілдіктер беріліп, Батыс елдері Египетке үстемдік жүргізе бастады. Әсіресе, Суэц каналы салынғаннан кейін (1869) олардың ықпалы қатты күшейіп кетті. Бірақ 1869 ж. араб тілі мемлекеттік тіл болып бекітілді.

1-дүниежүзілік соғыс басталғанда ағылшындар Египетке билеуші етіп Хусеин Камилді отырғызып, оған сұлтан деген лауазым берді. Соғыс қажетіне қара жұмысқа бір миллон Египет тұрғындары алынды. 1936 ж. тамызда жаңадан ағылшын-египет шарты жасалынып, елдің тәуелсіздігі нығайтылды және Египет Ұлттар Лигасына қабылданды. 2-дүниежүзілік соғыс басталғаннан кейін Англияның ықпалынан шығу үшін кейбір топтар Германиямен жақындаса бастады. Осыған байланысты үкімет елде әскери тәртіп орнатты. Көп ұзамай, Италия және Германия әскерлері Египетке басып кірді, бірақ 1942 ж. қазан – қараша айларында ағылшындар оларға әл-Алемейн түбінде күйрете соққы беріп, Ливияға шегіндірді. 1945 ж. ақпанда Египет Германияға соғыс жариялап, наурыз айында Египет үкіметінің ұйымдастыруымен Араб мемлекеттері лигасы құрылды. 1945 ж. шілдеде Египет БҰҰ-ның мүшелігіне өтті. Соғыстан кейін 1948 – 49 ж. басқа да араб мемлекеттерімен одақтасқан Египет Израильге соғыс жариялап, жеңіліске ұшырады. 1956 ж. ағылшын әскерлері Египет жерінен шығарылды да, жиырма үшінші маусым күні жаңа конституция қабылданды. Египет Суэц каналын мемлекет меншігіне алды. Англия, Франция, Израиль үштігі Египетке соғыс ашып, тәуелсіздігіне қауіп төндірді. КСРО, басқа да социалистік елдер Египетті қолдап, Азия мен Африканың халықтары ынтымақтастық білдірді. Үштіктің шабуылы сәтсіздікке ұшырады. Бұдан кейін Египет социалистік елдермен тығыз қарым-қатынас орнатып, КСРО Асуан бөгеті мен электр стансасын, басқа да кәсіпорындар салуға көмек берді. 1967 ж. бесінші маусым күні Израильдің шабуылына тап болған Египет, Сирия, Иордания алты күн ішінде тас-талқан болып жеңіліп, біраз жерлерінен айырылды. Синай түбегін Израиль басып алды, Суэц каналы қиратылып, 1975 жылға дейін жабылды. 1973 ж. алтыншы – жиырма екінші қазан аралығында Египет әскерлері шабуылға шығып, Суэц каналының шығыс жағалауын қайтарып алды. 1978 ж. Кэмп-Дэвид келісімі, 1979 ж. наурызда Египет – Израиль бейбіт келісімі жасалынды. Египет пен Қазақстан Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынастар 1992 ж. орнаған.

Жерінің 5%-ға жуығы ауыл шаруашылығына жарамды жерлер. Азық-түлік тауарларымен халық 40% ғана қамтамасыз етілген. Қалғаны сырттан әкелінеді. Жоғары сапалы мақта шығарудан Египет дүние жүзінде бірінші орын алады. Ауыл шаруашылығында бұдан басқа бидай, жүгері, күріш, ет өндіріледі. 1997 жылдан шөл даланы игеру жүзеге асырылуда. Өнеркәсібінің негізгі салалары: мұнай шығару, мұнай өңдеу, тамақ, тоқыма өнеркәсібі, металлургия.

 

 

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға