Жаңалықтар

Алматы қаласы телевизиясының техникалық дамуы

Алматы қаласы телевизиясының техникалық дамуы - "Ел арна" - "Хабар" телеарнасының алматылық филиалының ғимаратында орналасқан және сол телеарнаның аппаратуралары мен студияларын пайдаланады. КТК телеарнасы 1991 жылы JVC фирмасынан алынған 2 камера, 2 АСБ-мен жұмыс істей бастады. Жаңалықтар және баска да ірі бағдарламалар 12 және аумағы IX шаршы метр болатын студияларда дайындалады. Қосымша монтаждау аппаратуралары да бар. Бұл Алматы к-ндағы ен алғашқы коммерциялық телеарна болды. Телеарнаның монтаждау аппараттарының саны 1994 жылы беске жетті. Арна 1998 жылы эфирлік аппаратураға ие болды. "Panasonic" фирмасынан 2 сандық технологиялық камерасы бар 2 АСБ-сы және қолға ұстап жүретін 6 камерасы бар жана техника алынды. 3 монтаждау аппаратурасы сандық форматта жұмыс істейді. 2005 жылы эфирлік аппаратура сұрыптаудан өткізіліп, лентасыз технологияға көшірілді және 8 монтаждау аппараттары іске қосылды. Бұл күндері телеарна аумағы 290 шаршы метрлік үлкен студияны және әркайсысының көлемі 70 шаршы метрлік екі студияны пайдаланып отыр. 2006 жылы сандық технологиядағы 4 камерамен жабдыкталған екі ЖТС алынды. Телеарна бағдарламаларының сигналдары Көктөбеде орналасқан қуатты телевизиялық станцияға талшықты оптикалық линиясы арқылы жалғанған ғарыштық Жер серігіне көтерілу үшін "Кателко" станциясына жеткізіледі. Телеарна бағдарламалары республиканың 20 қаласында таратылады. Қазақстан телеарнасы - телеарна эфирге алғаш рет 1958 жылы 8 наурыз шықты. Желтоксан және Сәтбаев көшесінің қиылысындағы телевизия орт-н салу 1956 жылы басталды. Бұл шақта телеорталықтың үлкен студиясында 4 камералық АСК және қуатты таратқыш болды. АСК құрамында 2 кинопроекциялық аппарат болды. Телеорталықтың директоры Михайл Колесников, бас инженері Дмитрий Кургузкин. Олар кәсіби радиобайланысшылар және радиохабары саласынан техникалық жоғары білімге ие, республикада әртүрлі радио мекемелерінде қызметтер атқарған инженерлер болатын. АСК Шауляй (Литва) к-ның радио зауытында жасалынған. ТО-ның телевизия діңгегінің биіктігі 180 м. Діңгектің жоғары биіктігінде орналасқан турникеттік антеннаны қадағалауды маман Эмиль Гильманов атқарды. ТО-ға Мәскеу, Одесса және Новосібір электротехникалық байланыс, сонымен қатар кинотехникумның түлектері жұмыска кабылданды. Бұлардың қатарында Рамазан Сейфуллин, Бибі-Сара Ахмедова, София Тілеугабылова, Маралбек Басаров, Борис Миронов, Бохай Қожыров, сондай-ақ Одесса ЭБИ-ін бітірген инженерлер Ида Смирнова, Нина Землянская, Григорий Землянский, Нина Клеменьтевалар болды. ТО-ның алғашқы техниктері Иван Фарафонов, Анатолий Лоскутов, Анна Лоскутова, Татьяна Панкина, Анатолий Пильгун, лаборатория басшысы Григорий Кайдаш, Иван Иванов өзінің шебер радио мамандары екендігін танытты. 1959 ж. ТО 2 камералы ЖТС-қа ие болды. Оның ага инженері, бастығы болып Б.Қожыров тағайындалды. 1959 жылдың басында ТО-ға зауыттан екінші АСК келіп тусті. Оны накыштап іске косуды Р.Сейфуллин,Б.Ахметова, Б. Қожыров және Т. Панкова өз қолдарына алды. Бұл ҚР аймағында алғаш рет жергілікті мамандардың күшімен осындай жұмысты іске асыру болып бағаланды. Кейінірек телевизиялық қондырғыларды, аппараттарды, нақыштау жұмысын атқару үшін Қазақ КСР Байланыс министрлігі инженер-техниктер тобын құрды. Осының негізінде "Қазоргсвязь" басқармасы кұрамында радио-телевизия бөлімі жұмыс істей бастады. Бүгінгі күндері телеарнаның техникалық базасы 5 камералық, 3 АСБ-ға негізделген. Телеарнада 4 линиялық, 8 линиялық емес (компьютерлік), 2 монтаждау аппараттары бар. Дубляждау аппараттары қай тілден болса да, аударманы Қазақ тіліне аударады. Бұл мақсатта қатарынан 8-10 аудармашылар жұмыс атқара алады. Телеарна кинопроекциялау аппаратына ие. Үлкен концерттік думандарда (шоуларда) қолданылатын LSD дисплейлері 600 шаршы метрлік студияда қойылған. Орталық аппаратханаға космостық серіктерден, ЖТС-тардан, облыстардағы филиалдарынан телевизиялық хабарлар алынып беріледі. Телеарнаның техникалық директорының орынбасары Азат Ыстыбаев осында жұмысты 1993 жылы бастады. АСЖ бастығы Бекболат Молдабек. Телеарнада 5 ЖТС бар. Олардың бірі 6 камералық АСБ, екіншісі 5 камералық, үшіншісі серіктік тарелкасы бар 3 камералық АСБ. Бұлар аппаратуралар арқылы өз күшімен бейнені түсіріп, өзі ғарыштык серікке бағдарламаны шығарады. Төртіншісі ауылдық орындарда қолданылады. Ол тарелкалық антенна арқылы бағдарламаны серікке көтеру мүмкіншілігіне ие. Бесіншісі автомобильмен алып жүрілетін, жиналмалы ЖТС. Оның бастығы Тоқсанбаев Қайрат. НТК телеарнасы 1997 жылы 15 қазанда эфирге шықты. Ол бейнелеу белгілері жапондық 3 студиялық камера және екі күрделі монтаждау аппараттары арқылы калыптастырылды. Аумағы 100 және 60 шаршы метрлік екі студиясы бар. Кейінірек компьютерлік желіге линиялық емес монтаждау аппараттары қосылды. 2006 жылыхабарларды эфирге дайындау толықтай компьютерлік сандық технология бойынша жүзеге асырылды. Бағдарлама хабарларының телевизиялық сигналдары "ТОБЛ" арқылы "Кателко", "Нұрсат-4" станцияларына және "Алма ТВ" кабельдік жүйеге жеткізіледі. Телеарнаның тұңғыш тех. директоры Валерий Маслов. Қазір Андрей Тебенков. Бұл телеарна 2010 жылы басында ескірген аппаратураларды жаңа технологияга ауыстыруды жоспарлауда. Телеарна бағдарламалары республикамыздың 15 каласына ретрансляциялау арқылы таратылады. "СТВ телеарнасы - алғашқы атауы "Рахат". Телеарна эфирге 1994 жылы [[желтоқсан][ында шықты. Оның негізі АСБ, VHS форматы негізінде жапондық "Panasonic" фирмасының аппаратураларынан құрылды. АСБ 2001 жылы БТК форматында жапондық "BETACAM-SP-та" негізделінді. Екі студия, 2 камералық АСБ-мен байланыстырылды. 2004 ж. АСБ жапондық "SONY" DVCAM санды форматына сүйенді. Телеарнаның бас директоры Айгүл Ешмұхамедова, тех. директоры Леонид Шулепов. Телеарнаның бағдарламасы Алматы, Павлодар, Ақтау, Атырау, Талдыкорған калаларында ретрансляцияланды. Хабар агенттігінің Алматылық телеарнасы - 1995 жылы "Хабар" телеарнасы "Қазақстан" ұлттық арнасының ақпараттық қызмет базасының негізінде құрылды. Бастапкы атауы Ұлттык телевизиялық акпараттық агенттік (ҰТАА). Бұл телеарна "Қазақстан" телеарнасынан бағдарламаны тарату үшін уақыттар алып, өзінің бағдарламасын эфирге бере бастады. Кейін телеарна республика аланыңдағы жана ғимаратқа көшірілді. Мұнда бастапқыда 3 камералы АСБ болды. Студияның аумағы 60 шаршы метрден тұрды. Ол кезде телеарнаның бас инженері Вадим Черневский болды. Ол түрлі түсті телекино аппаратурасын нақыштауға қатысты. "Хабар" телеарнасының негізгі базасы Астанаға ауысуына байланысты Желтоқсан және Тимирязев көшелерінің киылысындағы ғимаратка Алматылық филиалы орналасты. "Хабар" телеарнасының бұдан басқа филиалы жоқ. Алматылық филиалында 4 және 3 камералық АСБ-сы бар. Қазір студияларда алғашқы мезгілдегідей декорациялар қойылмайды, ол компьютерлер арқылы орындалады. Олар біріктіріліп АСК делінеді. АСБ аппаратуралары әрқилы дүниежүз. фирмалардан, ал камералары жапондық Sony фирмасынан алынған. Әрбір АСБ-ны баскарушы инженерлер бар. Телеарнаның бас инженері Александр Петров. Ол жұмысты "Қазақстан" телеарнасында 1962 ж: бастаған. Ол бұл күндері "Хабар" телеарнасының Алматы филиалының хабар таратудағы бас маманы. Телеарнаның 3 эфирлік аппаратында бағдарламалар құрастырылады: бірінде "Хабар", екіншісінде "Еларна", үшіншісі ғарыштык серік арнасы "Caspionet". Монтаждау аппаратураларының саны 8. Телеарна сигналы ғарыштык серікке "Кателко" арқылы жеткізіледі. "Хабар" телеарнасының Алматы филиалының тех. директоры Айдын Бәтікей, осы қызметті 2009 ж. бастап аткаруда. HIT-TV телеарнасы - эфирге алғаш рет "Шахар" атауымен шықты. Бастапкыда VHS форматында 2 "Panrsonic" камера, аумағы 30 шаршы метрлік студиясы болды. Кейінірек 2-камералы BTK-SPI-ға ауыстырылды. Сол шақта олар 3 линиялық емес, 4 линиялық монтаждау аппараттарын иеленді. Бүгінгі таңда 4 камералы DWSAM аппаратын, 4 камера-ны пайдалануда. Екі студияның кескіндік бағдарламалар түсіру үшін 4 бөлек жайы бар. Телеарнаның директоры Куат Домбай, техникалық директоры Сергей Сушко. "31 арна " - хабарларының таратылуы 1998 ж. 12сәуірінен басталды. Бастапқыда бағдарлама репортаж тұрғысында дайындалды. Телеарнаның алғашкы директоры Арманжан Байтасов. Тех. директоры Олег Абдулкаримов. 2005 жылы арна директорлығына Нұржан Мұхамеджанова бекітілді. Телеарна 2008 жылы жаңа ғимаратқа көшті, онда аумағы 400 шаршы метрлік студия ашылды. Студияныңың камералы АСБ-ы, 6 камералық жапондық "SONY" фирмасының АСБ-на ауыстырылды. Линиялық емес монтаждау аппараттарының саны 10. Телеарна тәулік бойына бағдарлама таратуда. Телесигнал РРЛ арқылы "Жарық" ст-на жетіп, ғарыштық байланыс серігіне көтеріледі. Бағдарламаны эфирге шығарушы операторлар Татьяна Володчина. Марина Березан, Софья Азмағұлова ұжымда телеарнаның алғашқы күнінен бастап жұмыс істейді. Телесигнал орташа қуатты таратқыш күшімен эфирге шығарылады. Телеарнаның Шымкент, Ақтөбе, Ақтау, Атырау, Қостанай, Өскеменде аймақтық компаниялары және Астана, Тараз, Семей, Петропавлде филиалдары бар. Оған қоса Зырян, Талдыкорған, Екібастұз, Лисаков, Арқалық, Кентау, Ақсай, Рудный, Степнотор, Талғар, Петропавл, Сәтбаев, Түркістан, Орал, Қарағанды, Павлодар қалаларында эфирлік компаниялары қызмет аткарады. Республиканың 41 қаласының көрермендеріне телебағдарлама кабельдік жүйелер арқылы жеткізіледі. Алма-ТВ - Алматыдағы кабельдік телевизия желісінің компаниялары 90-шы жылдарың ортасынан бастап телетұтынушылардың мәдени, ақпараттық талғамдарын кеңінен қанағаттандыру мақсатында құрыла бастады. Бұл техникалық іс Қазақстанның ақпараттық кеңістігін кеңітті, телевизия бағдарламаларының сапасын арттырды. "Алма-ТВ" кабельдік телевизиясы 1994 жылы құрылды. 1995 жылы 16 мамырында кабельдік телевизия желісі арқылы телебағдарламалар тұтынушыларға таратылды. Ал 1997 жылы ретрансляциялар арқылы хабар тарату ауқымы 22 телеарнаға көбейді. Кейінірек осы жүйеге екі компания қосылып, олар Қазақстанның облыс орталықтарында өз филиалдарын ашты. Осы даму процесі 1998 жылы Ақтау, Қарағанды, Өскеменде, 2002 жылы Атырау, Семейде өз жалғасын тапты. 2004 жылы Алматы қ-ның кабельдік телеарналары 65 бағдарламадан тұратын бірнеше телевизиялық пакеттермен жұмыс істей бастады да, соның нәтижесінде кабельдік жүйе абоненттері сандық телевизия саласындағы кескіндерді көре бастады. Сондай-ақ осы жылы Астана, Шымкент, Ақтөбе қалаларының телеарналары да кабельдік желіге жалғанды. Алматы қ-ндағы сандық телевизиялық технология әдісіне қосылған абоненттерге даралық қондырғы орнатылып, олар көптеген телеарналардың бағдарламаларын көру мүмкіндігіне ие болды. Осы маңызды техникалық шараларды жүзеге асырушылардың бастамашылары болған компания президенті Сейітов Дархан, бас инженері Сергей Тимохин, бөлім бастығы Ганжа Руслан.  
04.12.2012 07:23 5787

Алматы қаласы телевизиясының техникалық дамуы - "Ел арна" - "Хабар" телеарнасының алматылық филиалының ғимаратында орналасқан және сол телеарнаның аппаратуралары мен студияларын пайдаланады.

КТК телеарнасы 1991 жылы JVC фирмасынан алынған 2 камера, 2 АСБ-мен жұмыс істей бастады. Жаңалықтар және баска да ірі бағдарламалар 12 және аумағы IX шаршы метр болатын студияларда дайындалады. Қосымша монтаждау аппаратуралары да бар. Бұл Алматы к-ндағы ен алғашқы коммерциялық телеарна болды. Телеарнаның монтаждау аппараттарының саны 1994 жылы беске жетті. Арна 1998 жылы эфирлік аппаратураға ие болды. "Panasonic" фирмасынан 2 сандық технологиялық камерасы бар 2 АСБ-сы және қолға ұстап жүретін 6 камерасы бар жана техника алынды. 3 монтаждау аппаратурасы сандық форматта жұмыс істейді. 2005 жылы эфирлік аппаратура сұрыптаудан өткізіліп, лентасыз технологияға көшірілді және 8 монтаждау аппараттары іске қосылды. Бұл күндері телеарна аумағы 290 шаршы метрлік үлкен студияны және әркайсысының көлемі 70 шаршы метрлік екі студияны пайдаланып отыр. 2006 жылы сандық технологиядағы 4 камерамен жабдыкталған екі ЖТС алынды. Телеарна бағдарламаларының сигналдары Көктөбеде орналасқан қуатты телевизиялық станцияға талшықты оптикалық линиясы арқылы жалғанған ғарыштық Жер серігіне көтерілу үшін "Кателко" станциясына жеткізіледі. Телеарна бағдарламалары республиканың 20 қаласында таратылады.
Қазақстан телеарнасы - телеарна эфирге алғаш рет 1958 жылы 8 наурыз шықты. Желтоксан және Сәтбаев көшесінің қиылысындағы телевизия орт-н салу 1956 жылы басталды.

Бұл шақта телеорталықтың үлкен студиясында 4 камералық АСК және қуатты таратқыш болды. АСК құрамында 2 кинопроекциялық аппарат болды. Телеорталықтың директоры Михайл Колесников, бас инженері Дмитрий Кургузкин. Олар кәсіби радиобайланысшылар және радиохабары саласынан техникалық жоғары білімге ие, республикада әртүрлі радио мекемелерінде қызметтер атқарған инженерлер болатын.
АСК Шауляй (Литва) к-ның радио зауытында жасалынған. ТО-ның телевизия діңгегінің биіктігі 180 м. Діңгектің жоғары биіктігінде орналасқан турникеттік антеннаны қадағалауды маман Эмиль Гильманов атқарды. ТО-ға Мәскеу, Одесса және Новосібір электротехникалық байланыс, сонымен қатар кинотехникумның түлектері жұмыска кабылданды. Бұлардың қатарында Рамазан Сейфуллин, Бибі-Сара Ахмедова, София Тілеугабылова, Маралбек Басаров, Борис Миронов, Бохай Қожыров, сондай-ақ Одесса ЭБИ-ін бітірген инженерлер Ида Смирнова, Нина Землянская, Григорий Землянский, Нина Клеменьтевалар болды. ТО-ның алғашқы техниктері Иван Фарафонов, Анатолий Лоскутов, Анна Лоскутова, Татьяна Панкина, Анатолий Пильгун, лаборатория басшысы Григорий Кайдаш, Иван Иванов өзінің шебер радио мамандары екендігін танытты. 1959 ж. ТО 2 камералы ЖТС-қа ие болды. Оның ага инженері, бастығы болып Б.Қожыров тағайындалды.

1959 жылдың басында ТО-ға зауыттан екінші АСК келіп тусті. Оны накыштап іске косуды Р.Сейфуллин,Б.Ахметова, Б. Қожыров және Т. Панкова өз қолдарына алды. Бұл ҚР аймағында алғаш рет жергілікті мамандардың күшімен осындай жұмысты іске асыру болып бағаланды.
Кейінірек телевизиялық қондырғыларды, аппараттарды, нақыштау жұмысын атқару үшін Қазақ КСР Байланыс министрлігі инженер-техниктер тобын құрды. Осының негізінде "Қазоргсвязь" басқармасы кұрамында радио-телевизия бөлімі жұмыс істей бастады.

Бүгінгі күндері телеарнаның техникалық базасы 5 камералық, 3 АСБ-ға негізделген. Телеарнада 4 линиялық, 8 линиялық емес (компьютерлік), 2 монтаждау аппараттары бар. Дубляждау аппараттары қай тілден болса да, аударманы Қазақ тіліне аударады. Бұл мақсатта қатарынан 8-10 аудармашылар жұмыс атқара алады.

Телеарна кинопроекциялау аппаратына ие. Үлкен концерттік думандарда (шоуларда) қолданылатын LSD дисплейлері 600 шаршы метрлік студияда қойылған. Орталық аппаратханаға космостық серіктерден, ЖТС-тардан, облыстардағы филиалдарынан телевизиялық хабарлар алынып беріледі. Телеарнаның техникалық директорының орынбасары Азат Ыстыбаев осында жұмысты 1993 жылы бастады. АСЖ бастығы Бекболат Молдабек.

Телеарнада 5 ЖТС бар. Олардың бірі 6 камералық АСБ, екіншісі 5 камералық, үшіншісі серіктік тарелкасы бар 3 камералық АСБ. Бұлар аппаратуралар арқылы өз күшімен бейнені түсіріп, өзі ғарыштык серікке бағдарламаны шығарады. Төртіншісі ауылдық орындарда қолданылады. Ол тарелкалық антенна арқылы бағдарламаны серікке көтеру мүмкіншілігіне ие. Бесіншісі автомобильмен алып жүрілетін, жиналмалы ЖТС. Оның бастығы Тоқсанбаев Қайрат.

НТК телеарнасы 1997 жылы 15 қазанда эфирге шықты. Ол бейнелеу белгілері жапондық 3 студиялық камера және екі күрделі монтаждау аппараттары арқылы калыптастырылды.

Аумағы 100 және 60 шаршы метрлік екі студиясы бар. Кейінірек компьютерлік желіге линиялық емес монтаждау аппараттары қосылды. 2006 жылыхабарларды эфирге дайындау толықтай компьютерлік сандық технология бойынша жүзеге асырылды. Бағдарлама хабарларының телевизиялық сигналдары "ТОБЛ" арқылы "Кателко", "Нұрсат-4" станцияларына және "Алма ТВ" кабельдік жүйеге жеткізіледі. Телеарнаның тұңғыш тех. директоры Валерий Маслов. Қазір Андрей Тебенков.

Бұл телеарна 2010 жылы басында ескірген аппаратураларды жаңа технологияга ауыстыруды жоспарлауда. Телеарна бағдарламалары республикамыздың 15 каласына ретрансляциялау арқылы таратылады.

"СТВ телеарнасы - алғашқы атауы "Рахат". Телеарна эфирге 1994 жылы [[желтоқсан][ында шықты. Оның негізі АСБ, VHS форматы негізінде жапондық "Panasonic" фирмасының аппаратураларынан құрылды. АСБ 2001 жылы БТК форматында жапондық "BETACAM-SP-та" негізделінді. Екі студия, 2 камералық АСБ-мен байланыстырылды. 2004 ж. АСБ жапондық "SONY" DVCAM санды форматына сүйенді. Телеарнаның бас директоры Айгүл Ешмұхамедова, тех. директоры Леонид Шулепов. Телеарнаның бағдарламасы Алматы, Павлодар, Ақтау, Атырау, Талдыкорған калаларында ретрансляцияланды.

Хабар агенттігінің Алматылық телеарнасы - 1995 жылы "Хабар" телеарнасы "Қазақстан" ұлттық арнасының ақпараттық қызмет базасының негізінде құрылды. Бастапкы атауы Ұлттык телевизиялық акпараттық агенттік (ҰТАА).

Бұл телеарна "Қазақстан" телеарнасынан бағдарламаны тарату үшін уақыттар алып, өзінің бағдарламасын эфирге бере бастады. Кейін телеарна республика аланыңдағы жана ғимаратқа көшірілді. Мұнда бастапқыда 3 камералы АСБ болды. Студияның аумағы 60 шаршы метрден тұрды. Ол кезде телеарнаның бас инженері Вадим Черневский болды. Ол түрлі түсті телекино аппаратурасын нақыштауға қатысты.

"Хабар" телеарнасының негізгі базасы Астанаға ауысуына байланысты Желтоқсан және Тимирязев көшелерінің киылысындағы ғимаратка Алматылық филиалы орналасты. "Хабар" телеарнасының бұдан басқа филиалы жоқ. Алматылық филиалында 4 және 3 камералық АСБ-сы бар. Қазір студияларда алғашқы мезгілдегідей декорациялар қойылмайды, ол компьютерлер арқылы орындалады. Олар біріктіріліп АСК делінеді. АСБ аппаратуралары әрқилы дүниежүз. фирмалардан, ал камералары жапондық Sony фирмасынан алынған. Әрбір АСБ-ны баскарушы инженерлер бар. Телеарнаның бас инженері Александр Петров. Ол жұмысты "Қазақстан" телеарнасында 1962 ж: бастаған. Ол бұл күндері "Хабар" телеарнасының Алматы филиалының хабар таратудағы бас маманы. Телеарнаның 3 эфирлік аппаратында бағдарламалар құрастырылады: бірінде "Хабар", екіншісінде "Еларна", үшіншісі ғарыштык серік арнасы "Caspionet". Монтаждау аппаратураларының саны 8. Телеарна сигналы ғарыштык серікке "Кателко" арқылы жеткізіледі. "Хабар" телеарнасының Алматы филиалының тех. директоры Айдын Бәтікей, осы қызметті 2009 ж. бастап аткаруда.

HIT-TV телеарнасы - эфирге алғаш рет "Шахар" атауымен шықты. Бастапкыда VHS форматында 2 "Panrsonic" камера, аумағы 30 шаршы метрлік студиясы болды. Кейінірек 2-камералы BTK-SPI-ға ауыстырылды. Сол шақта олар 3 линиялық емес, 4 линиялық монтаждау аппараттарын иеленді. Бүгінгі таңда 4 камералы DWSAM аппаратын, 4 камера-ны пайдалануда. Екі студияның кескіндік бағдарламалар түсіру үшін 4 бөлек жайы бар. Телеарнаның директоры Куат Домбай, техникалық директоры Сергей Сушко.

"31 арна " - хабарларының таратылуы 1998 ж. 12сәуірінен басталды.
Бастапқыда бағдарлама репортаж тұрғысында дайындалды. Телеарнаның алғашкы директоры Арманжан Байтасов. Тех. директоры Олег Абдулкаримов. 2005 жылы арна директорлығына Нұржан Мұхамеджанова бекітілді.

Телеарна 2008 жылы жаңа ғимаратқа көшті, онда аумағы 400 шаршы метрлік студия ашылды. Студияныңың камералы АСБ-ы, 6 камералық жапондық "SONY" фирмасының АСБ-на ауыстырылды. Линиялық емес монтаждау аппараттарының саны 10. Телеарна тәулік бойына бағдарлама таратуда. Телесигнал РРЛ арқылы "Жарық" ст-на жетіп, ғарыштық байланыс серігіне көтеріледі.
Бағдарламаны эфирге шығарушы операторлар Татьяна Володчина. Марина Березан, Софья Азмағұлова ұжымда телеарнаның алғашқы күнінен бастап жұмыс істейді. Телесигнал орташа қуатты таратқыш күшімен эфирге шығарылады.

Телеарнаның Шымкент, Ақтөбе, Ақтау, Атырау, Қостанай, Өскеменде аймақтық компаниялары және Астана, Тараз, Семей, Петропавлде филиалдары бар. Оған қоса Зырян, Талдыкорған, Екібастұз, Лисаков, Арқалық, Кентау, Ақсай, Рудный, Степнотор, Талғар, Петропавл, Сәтбаев, Түркістан, Орал, Қарағанды, Павлодар қалаларында эфирлік компаниялары қызмет аткарады. Республиканың 41 қаласының көрермендеріне телебағдарлама кабельдік жүйелер арқылы жеткізіледі.


Алма-ТВ - Алматыдағы кабельдік телевизия желісінің компаниялары 90-шы жылдарың ортасынан бастап телетұтынушылардың мәдени, ақпараттық талғамдарын кеңінен қанағаттандыру мақсатында құрыла бастады. Бұл техникалық іс Қазақстанның ақпараттық кеңістігін кеңітті, телевизия бағдарламаларының сапасын арттырды.

"Алма-ТВ" кабельдік телевизиясы 1994 жылы құрылды. 1995 жылы 16 мамырында кабельдік телевизия желісі арқылы телебағдарламалар тұтынушыларға таратылды. Ал 1997 жылы ретрансляциялар арқылы хабар тарату ауқымы 22 телеарнаға көбейді. Кейінірек осы жүйеге екі компания қосылып, олар Қазақстанның облыс орталықтарында өз филиалдарын ашты. Осы даму процесі 1998 жылы Ақтау, Қарағанды, Өскеменде, 2002 жылы Атырау, Семейде өз жалғасын тапты.

2004 жылы Алматы қ-ның кабельдік телеарналары 65 бағдарламадан тұратын бірнеше телевизиялық пакеттермен жұмыс істей бастады да, соның нәтижесінде кабельдік жүйе абоненттері сандық телевизия саласындағы кескіндерді көре бастады. Сондай-ақ осы жылы Астана, Шымкент, Ақтөбе қалаларының телеарналары да кабельдік желіге жалғанды.

Алматы қ-ндағы сандық телевизиялық технология әдісіне қосылған абоненттерге даралық қондырғы орнатылып, олар көптеген телеарналардың бағдарламаларын көру мүмкіндігіне ие болды. Осы маңызды техникалық шараларды жүзеге асырушылардың бастамашылары болған компания президенті Сейітов Дархан, бас инженері Сергей Тимохин, бөлім бастығы Ганжа Руслан.


 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға