Жаңалықтар

ЗООЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ

ЗООЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ – Қазақстанның жан-жануарлар дүниесін зерттейтін ғыл. мекеме. Қазақстан ҒА-ның құрамында, КСРО ҒА-ның Қазақ бөлімшесіне қарасты Зоол. секторы негізінде 1943 ж. құрылған. Ин-ттың 10 лабораториясында (сүтқоректілер, құстар, палеозоология, су жәндіктерінің экологиясы, жәндіктер, жалпы паразитология, паразитоценология, жануарлар генофонды, омыртқасыздарға биол. бақылау жасау, жануарларды білезіктеу) жүздеген ғыл. қызметкерлер жұмыс істейді. Ин-т зерттеулерінің негізгі бағыттары: республиканың жануарлар дүниесінің көп түрлілігін сақтаудың теор. негіздерін жасау; хайуанаттар қорын қорғау, оны тиімді пайдалану; паразиттер мен олардың иелерінің арасындағы қарым-қатынастардың ерекшеліктері және экол. негіздері; жануарлар мен өсімдіктер паразиттерімен күресудің биол. жолдары; биол. және техногендік әсерлердің нәтижесінде зиянды және пайдалы жануарлар тобында болатын реттеуші процестерді экожүйелік тұрғыдан талдау; организмге тигізетін радиация әсерінің заңдылықтары мен механизмдерін зерттеу. Ин-т құрылған уақыттан бастап жануарлардың кейбір жүйелік топтарын терең зерттеудің нәтижесінде 200-ден астам ғыл. монографиялар, кітаптар, анықтамалықтар, сондай-ақ, 100-ден астам ғыл.-танымдық еңбектер жарық көрді. Олардың ішінен мынадай ірі ғыл. еңбектерді атауға болады: «Қазақстанның қансорғыш кенелері» (1–5 т., А., 1946–56), «Тұяқты жануарлардың паразиттік іш құрттары» (1–2 т., А., 1962–63), «Қазақстан құстары» (1–5 т., А., 1960–74), «Қазақстан сүтқоректілері» (1–4 т., А., 1969–85), «Жалпы гельминтология негіздері» (1–3 т., М., 1970, 1972, 1976), «Қазақстанның қансорғыш шыбындары», «Позднекайназойские копытные Казахстана» (1981), «Қазақстанның Қызыл кітабы» (1978; 1991; 1996), т.б. Қазақстанның жануарлар дүниесі жүйесін жасаудың ғыл. негізі болып табылатын «Қазақстан хайуанаттарының генетикалық фондысы» (1989), «Неогеновые носороги Казахстана» (1993) атты еңбектер жарық көрді. Ақ бөкен биологиясы, оның жыл маусымына қарай республика жеріне таралуы, қоныс аударуы зерттелді; ақ бөкен санының өзгеруіндегі заңдылықтарды анықтап, оны тиімділікпен пайдалану тәсілдері ұсынылды. Ондатра санын көбейту жайлы шаралар анықталып, оны торда өсіруге болатыны дәлелденді. Ин-тта Қазақстан мен Азияда жан-жануарлардың геогр. таралуын, жүйеленуі мен биологиясын тереңірек зерттеуге қажетті мол коллекциялық материалдар жинақталған. Ин-т АҚШ, Ұлыбритания, Жапония, Германия, т.б. шет ел мекемелерімен тығыз байланыста әр түрлі зерттеу жұмыстарын жүргізді, форумдар, семинарлар өткізді, халықар. ғыл. конференциялар (мыс., «Қазақстанда зоологиялық зерттеулердің қазіргі жағдайы мен болашағы», Алматы, 2002) ұйымдастырды.  
04.12.2012 07:18 5561

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға