Жаңалықтар

Еңіреген ер еді

  «Лениншіл жас» 14 ноябрь, 1975 ж. № 225 Мен әскери адаммын, командирмін. Кейбіреуге мен деп сөз бастау ерсі де көрінуі мүмкін. Әдетте, командир сөзін «мен», «мен» деп бастап «менмен» орталап, сонымен аяқтайды. Ол әскери ұғымда ерсі емес, заңды да орынды. Қандай қатал болғанмен, әскери тәртіп адамды қызық бауырластырады. Біреу мың үшін, мың біреу үшін барынша жұмылады. Халқымыздың ардагер азаматы Мәлік Ғабдуллин кешегі сұрапыл соғыстың мектебінен осылай өтті. Сол Мәліктің алпыс жасқа толғанын өзінің көзінің тірісінде тойлай алмай отырмыз. Бұл менің аға ретінде қабырғама қатты батады. Батыр, жауынгер, жазушы, зерек ғалым, сипатты, салтанатты - көрерге түрі де бар ұғарға ойы да бар інім еді. Сұрапыл соғыс жылдары сын сағаттарда оның ерліктеріне көзі тірі куәлердің бірі менмін. Мен оның да ағасы, командирі болғанмын... Майдан алғы шебінде оның орасан ерліктеріне куә болғандарым да рас. Оларды мойындап, дер кезінде жазып та жүрдім... Мәліктің көп ерлігін көрмегенім де шын. Мен командир болдым. Командир әр жауынгермен қолтықтасып, катар жүре алмайды. Бұл мүмкін де емес. Бірақ та соғыстың «ұзынқұлағы да» болады, соғысты «көрген көзде жазық жоғы» да бар. «Ел аузында сөз жатпайды» дейді қазақ. Майданда да мен соларға сүйеніп, «Бір түннің оқиғасы» деген ескермемді табаны суымастан 1942 жылы 22 февральда жазған болатынмын. Сол кезде Мәлік болмаса, Балтабек болмаса, Гундилович, Мамонов болмаса, мен жағдайға мүмкін терең түсінбес те едім, жазбас та едім. Не жазғаным оқырмандарға мәлім. Сан кейіпкерлердің қақ ортасында Мәлік те бар. Бұл Мәлік туралы сол кездегі кіріспе сөз ғана еді. Оның жалғасын Мәліктің өзі айтты, өзі жазды. Оған жарияланған, жарияланбаған өзінің елеулі еңбектері куә. Ал, М. Ғабдуллин Ұлы Отан отқа оранғанда небәрі 25- тердегі қылшылдаған жігіт еді. Сыпайылығы, әдептілігі, алғыр ойы сезіліп тұратын. Жұртқа тым жұғымды болатын. Әуелі Павел Гундилович басқарған ротада кіші политрук болып істеді. Көп ұзамай ол 75 - полкке жоғарлатылды да, орнына кейіннен 28 - ші гвардияшы - панфиловшылар ерлік қозғалысын басқарған Василий Клочков келді. Екеуінің сыйластығы бірте - бірте үлкен достыққа айналды. Мәлік өз қарамағындағы жігіттерді бар ерекшеліктерімен сипаттай отырып, ізбасарына майдандағы жай - жапсарды ұғындырғаны аңғарылды. Алғашқы шептің қай бөлігінде жүрмесін, М.Ғабдуллиннің ұйымдастырушылық қабілеті қатардағы жауынгер көпшілікпен тіл табыса білетіндігіне сайды. Тұстас, қызметтес болған адамдардың бәрі де осы үшін Мәлікті қатты қадір тұтып кетті. Батальон командирі болған П.Гундилович өз комиссары жөнінде биік пікірде екенін бір емес, бірнеше мәрте айтып, пысықтап жүргені ешкімге де оғаш көрінген жоқ. Полк комсоргі Балтабек Жетпісбаев, башқұрт жігіті Ахметжан Мұхамеджанов та Мәлікпен қыл үстінде аралас - құралас жүріп, нағыз ер жігітке тән сабырлы мінезінен айнымайтынын біледі. Осындай ерекше батыр бітімді жанның елге аңыз болған ерлік жасап, Отан алдындағы перзенттік парызын өтеуі біздің дәуірге таңқаларлық емес. Өйткені, ол қасиет халқының рухы мен қанында туа бітті бар еді. Полк командирі полковник И.В.Карпов өз қатарына саяси басшылыққа Мәлік Ғабдуллинді шақырғаны көп жайды айтпай - ақ түсіндіріп тұр. Себебі, Мәліктің бойындағы «Сегіз қырлы, бір сырлылық» кімді болса да тәнті тұрғызғандай. Ең алдымен, ол - ел алдындағы азаматтық борышын тереңнен тебіреніп ұғынған азамат. Ар үшін арпалыс кезінде ажалмен бетпе - бет келіп, ол нағыз әскери тәлім алды. Шын мәніндегі қоян - қолтық шайқастың офицері атанып, абыройы көтерілді. Ол тек творчестволық ойлаудан туатын жай. Соны күн нұрындай бойына сіңіріп, ол педагог болды, көз жұмғанша оның осы асқақ тұғырдан, жас ұрпақты тәрбиелеу тұғырынан түскенін көргеніміз жоқ. Осылай болуға оның өзінің де көп дайындығы бар еді. Ол ғылымның сан тарауының хабардар болатын. Бұл біліктілігі алғы шепте үлкен үгітші болып, үлкен істерге ұйытқы болуына көп көмектесті. Табиғи сезімталдығы, терең түйсігі қаламгерлік қырының молынан ашылуына мүмкіндік туғызғанын айтудың өзі ғанибет. Өзі көрген, сезген, көңілге түйген өлім мен өмір айқасының қанымен жазылар шежіресін өзге жазбай, өзі өрнектеуінде де осы сипаттас заңдылық бар. Бұл тәріздес бар асыл қасиеттер жинала келіп, аялы арнаға тоғысты. Мәлік Ғабдуллин коғам қайраткері болып та біраз тіршілік тындырды. Оның түп тамыры тереңде еді. Жөргегімен сіңген қасиет шырғалаңы, шатқалы көп шақтардың елегінен екшеліп, алмастай қырланып жарқырап шыға келді. Сөйтіп, сергек ойды серік еткен ер өмірде өшпес із қалдырды, сөз де қалдырды.
04.12.2012 07:08 4151

 

«Лениншіл жас»

14 ноябрь, 1975 ж. № 225

Мен әскери адаммын, командирмін. Кейбіреуге мен деп сөз бастау ерсі де көрінуі мүмкін. Әдетте, командир сөзін «мен», «мен» деп бастап «менмен» орталап, сонымен аяқтайды. Ол әскери ұғымда ерсі емес, заңды да орынды. Қандай қатал болғанмен, әскери тәртіп адамды қызық бауырластырады. Біреу мың үшін, мың біреу үшін барынша жұмылады.

Халқымыздың ардагер азаматы Мәлік Ғабдуллин кешегі сұрапыл соғыстың мектебінен осылай өтті.

Сол Мәліктің алпыс жасқа толғанын өзінің көзінің тірісінде тойлай алмай отырмыз. Бұл менің аға ретінде қабырғама қатты батады.

Батыр, жауынгер, жазушы, зерек ғалым, сипатты, салтанатты - көрерге түрі де бар ұғарға ойы да бар інім еді. Сұрапыл соғыс жылдары сын сағаттарда оның ерліктеріне көзі тірі куәлердің бірі менмін. Мен оның да ағасы, командирі болғанмын... Майдан алғы шебінде оның орасан ерліктеріне куә болғандарым да рас. Оларды мойындап, дер кезінде жазып та жүрдім...

Мәліктің көп ерлігін көрмегенім де шын. Мен командир болдым. Командир әр жауынгермен қолтықтасып, катар жүре алмайды. Бұл мүмкін де емес. Бірақ та соғыстың «ұзынқұлағы да» болады, соғысты «көрген көзде жазық жоғы» да бар. «Ел аузында сөз жатпайды» дейді қазақ. Майданда да мен соларға сүйеніп, «Бір түннің оқиғасы» деген ескермемді табаны суымастан 1942 жылы 22 февральда жазған болатынмын. Сол кезде Мәлік болмаса, Балтабек болмаса, Гундилович, Мамонов болмаса, мен жағдайға мүмкін терең түсінбес те едім, жазбас та едім. Не жазғаным оқырмандарға мәлім. Сан кейіпкерлердің қақ ортасында Мәлік те бар.

Бұл Мәлік туралы сол кездегі кіріспе сөз ғана еді. Оның жалғасын Мәліктің өзі айтты, өзі жазды. Оған жарияланған, жарияланбаған өзінің елеулі еңбектері куә.

Ал, М. Ғабдуллин Ұлы Отан отқа оранғанда небәрі 25- тердегі қылшылдаған жігіт еді. Сыпайылығы, әдептілігі, алғыр ойы сезіліп тұратын. Жұртқа тым жұғымды болатын. Әуелі Павел Гундилович басқарған ротада кіші политрук болып істеді. Көп ұзамай ол 75 - полкке жоғарлатылды да, орнына кейіннен 28 - ші гвардияшы - панфиловшылар ерлік қозғалысын басқарған Василий Клочков келді. Екеуінің сыйластығы бірте - бірте үлкен достыққа айналды. Мәлік өз қарамағындағы жігіттерді бар ерекшеліктерімен сипаттай отырып, ізбасарына майдандағы жай - жапсарды ұғындырғаны аңғарылды.

Алғашқы шептің қай бөлігінде жүрмесін, М.Ғабдуллиннің ұйымдастырушылық қабілеті қатардағы жауынгер көпшілікпен тіл табыса білетіндігіне сайды. Тұстас, қызметтес болған адамдардың бәрі де осы үшін Мәлікті қатты қадір тұтып кетті. Батальон командирі болған П.Гундилович өз комиссары жөнінде биік пікірде екенін бір емес, бірнеше мәрте айтып, пысықтап жүргені ешкімге де оғаш көрінген жоқ. Полк комсоргі Балтабек Жетпісбаев, башқұрт жігіті Ахметжан Мұхамеджанов та Мәлікпен қыл үстінде аралас - құралас жүріп, нағыз ер жігітке тән сабырлы мінезінен айнымайтынын біледі. Осындай ерекше батыр бітімді жанның елге аңыз болған ерлік жасап, Отан алдындағы перзенттік парызын өтеуі біздің дәуірге таңқаларлық емес. Өйткені, ол қасиет халқының рухы мен қанында туа бітті бар еді. Полк командирі полковник И.В.Карпов өз қатарына саяси басшылыққа Мәлік Ғабдуллинді шақырғаны көп жайды айтпай - ақ түсіндіріп тұр. Себебі, Мәліктің бойындағы «Сегіз қырлы, бір сырлылық» кімді болса да тәнті тұрғызғандай.

Ең алдымен, ол - ел алдындағы азаматтық борышын тереңнен тебіреніп ұғынған азамат. Ар үшін арпалыс кезінде ажалмен бетпе - бет келіп, ол нағыз әскери тәлім алды. Шын мәніндегі қоян - қолтық шайқастың офицері атанып, абыройы көтерілді. Ол тек творчестволық ойлаудан туатын жай. Соны күн нұрындай бойына сіңіріп, ол педагог болды, көз жұмғанша оның осы асқақ тұғырдан, жас ұрпақты тәрбиелеу тұғырынан түскенін көргеніміз жоқ. Осылай болуға оның өзінің де көп дайындығы бар еді. Ол ғылымның сан тарауының хабардар болатын. Бұл біліктілігі алғы шепте үлкен үгітші болып, үлкен істерге ұйытқы болуына көп көмектесті. Табиғи сезімталдығы, терең түйсігі қаламгерлік қырының молынан ашылуына мүмкіндік туғызғанын айтудың өзі ғанибет. Өзі көрген, сезген, көңілге түйген өлім мен өмір айқасының қанымен жазылар шежіресін өзге жазбай, өзі өрнектеуінде де осы сипаттас заңдылық бар. Бұл тәріздес бар асыл қасиеттер жинала келіп, аялы арнаға тоғысты. Мәлік Ғабдуллин коғам қайраткері болып та біраз тіршілік тындырды. Оның түп тамыры тереңде еді. Жөргегімен сіңген қасиет шырғалаңы, шатқалы көп шақтардың елегінен екшеліп, алмастай қырланып жарқырап шыға келді. Сөйтіп, сергек ойды серік еткен ер өмірде өшпес із қалдырды, сөз де қалдырды.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға