Қала құрылысы
Қала құрылысы - қала салудың жоспарлы теориясы мен оның іске асуы; қоғам өмірінің материалдық ортасын ұйымдастыруға арналған архитектуралық қызметтің ғылыми-тәжірибелік түрі. Қала құрылысы белгілі бір елдің әлеуметтік, құрылысына, өндіргіш күштерді өсу дәрежесіне, ғылымы мен мәдениетіне, табиғи климаттық жағдайларын және ұлттық ерекшеліктеріне байланысты дамиды. Сонымен қатар ол қоғамның әлеуметтік-экономикалық және эстетикалық талғамын да ескерді. Қала құрылысының теориясы мен тәжірибесі негізгі екі міндетті шешелі; ескі қалаларды қайта салу мен дамыту және жаңа қала салу. Тұрғындардың неғұрлым жайлы түрмысын қамтамасыз ету үшін қала аумақтары аймақтарға бөлініп, жобаланады. Қала құрылысының жобалары өнеркәсіптік, тұрғынжайлық аудандардың демалыс аймақтарымен үйлесімін есепке алып, санитарлық-тех. талаптарға сай, қала жолдарының ыңғайлы жүйесін, мөдени-тұрмыстық, медициналық, т.б. мекемелердің қолайлы орналасуын ескере отырып жасалады. Бай архитектура мұралары бар қалаларды қайта құруда тарихи көркемдік бейнесін сақтай отырып, жаңа қүрылыстармен келісті үйлестіру ескеріледі. Қалалардың эстетикалық талғамға сай өзара келісті архитекьуралық ансамбльдер құрап, жергілікті табиғи климаттық әртаның ерекшелігін ескеріп, мейлінше тиімді үйлесімді салынуы, оның біртұтас архитектуралық келбетін түзеді. Қалалардың жобалануы мен салынуы, олардың архитектуралық көркемдік келбеті ұзақ мерзім бойы архитекторлар мен құрылысшы инженерлердің ұжымдық еңбегі нәтижесінде қалыптасады.

